|
|
|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбір мәселелерi (2024.23.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 18 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінiң «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса берілiп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереже; 2) ҚР Үкіметінің 2007.02.03. № 164 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 3) ҚР Үкіметінің 2013.13.03. № 237 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 4) ҚР Үкіметінің 2007.28.10. № 995 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5) ҚР Үкіметінің 2013.13.03. № 237 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 6) ҚР Үкіметінің 2013.13.03. № 237 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 7) ҚР Үкіметінің 2007.28.10. № 995 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 8) ҚР Үкіметінің 2013.13.03. № 237 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 9) ҚР Үкіметінің 2013.13.03. № 237 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 10) ҚР Үкіметінің 2007.28.10. № 995 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 11) ҚР Үкіметінің 2013.13.03. № 237 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 12) ҚР Үкіметінің 2013.13.03. № 237 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 13) ҚР Үкіметінің 2007.28.10. № 995 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2. ҚР Үкіметінің 2007.28.10. № 995 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. ҚР Үкіметінің 2019.20.03. № 131 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 5 қазандағы заңдарына сәйкес 2019 жылғы 11 сәуірде қолданысқа енгізілетін Ереженің 16-тармағындағы орталық аппарат функцияларының 434-28), 434-39), 434-40), 434-41), 434-42), 434-43), 434-44) және 434-45) тармақшаларын және 17-тармағының 364) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2007.28.10. № 995 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.13.03. № 237 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2022.23.06. № 418 Қаулысымен (бұр.ред.қара) ереже жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2022.29.12. № 1101 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2023.04.10. № 863 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2024.05.02. № 68 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі: 1) агроөнеркәсіптік кешен; 2) суармалы егіншілік және агромелиорация; 3) жер ресурстары; 4) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, сондай-ақ акваөсіру; 5) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген балықтар мен басқа да су жануарларының түрлерін сақтау және өсімін молайту бөлігінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар; 6) заңнамада көзделген шекте өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. ҚР Үкіметінің 2024.05.02. № 68 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар: 1) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі; 2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті» мемлекеттік мекемесі; 3) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі. 4) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі. 3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері мен өзінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі атауы жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 6. Министрліктің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған уәкілеттік берілсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 7. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі. ҚР Үкіметінің 2022.19.10. № 834 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 14 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9. Министрліктің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, № 3 кіреберіс. 10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады. 11. Министрліктің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. 12. Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің міндеттері мен өкілеттіктері
ҚР Үкіметінің 2024.05.02. № 68 Қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 13. Міндеттері: 1) мемлекеттің аграрлық саясатын, реттелетін салаларда даму жоспарларын, ұлттық жобаларды қалыптастыру; 2) бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы тауарының өндірісін құру негіздерін қалыптастыру, Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін және жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету; 3) агроөнеркәсіптік кешенді ақпараттық-консультациялық қамтамасыз ету; 4) реттелетін салаларда салааралық үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру; 5) өз құзыреті шегінде өзге мемлекеттік органдардың қызметіне әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру; 6) жер ресурстарын ұтымды және тиімді басқаруды қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру; 7) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, сондай-ақ акваөсіру саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру; 8) өз құзыреті шегінде Министрлікке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру. 1) құқықтары: мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпаратты және материалдарды заңнамада белгіленген тәртіппен сұрату және алу; Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы қолдану жөнінде түсіндірмелер мен түсініктемелер беру; Министрлік қызметкерлерінің біліктілігі мен даярлығын арттыруды жүзеге асыру; Еңбек кодексінде және мемлекеттік қызмет туралы заңнамада көзделген жағдайда және тәртіппен жұмыскерлерді көтермелеу, оларға тәртіптік жаза қолдану, жұмыскерлерді материалдық жауаптылыққа тарту; құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысу; Министрліктің құзыретіне кіретін қызмет саласындағы халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысу; ведомстволардың аумақтық бөлімшелеріне орындауға міндетті нұсқаулар беру; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Министрліктің құқықтары мен мүддесін қорғау мақсатында сотқа жүгіну, талап арыздар беру; Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген жағдайларда өз құзыреті шегінде әкімшілік органдарға, лауазымды адамдарға жәрдем көрсету; Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша әкімшілік рәсімге қатысушының құқықтарын іске асырудан бас тарту; қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру; 2) міндеттері: өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау; Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын, арыздары мен шағымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарау; жолданымдарды қабылдау және тіркеу, оларды және оларға қоса берілген құжаттарды ресімдеуге жәрдемдесу, формалды қателерді жоюға және қоса берілетін құжаттарды толықтыруға мүмкіндік беру; әкімшілік рәсімге қатысушыға оның әкімшілік рәсімді жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша құқықтары мен міндеттерін түсіндіру; әкімшілік рәсімге қатысушыны өткізілетін тыңдау орны мен уақыты туралы күні бұрын хабардар ету; Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, әкімшілік рәсім бойынша шешім қабылдау алдында әкімшілік рәсімге қатысушыны тыңдау; әкімшілік актіні Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік рәсімге қатысушының не оның өкілдерінің назарына жеткізу; ведомстволардың, олардың аумақтық органдарының, сондай-ақ Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін үйлестіруді және бақылауды жүзеге асыру; Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті жылдарға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарларын уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету; қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру. ҚР Үкіметінің 2022.26.10. № 850 Қаулысымен (2022 ж. 8 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.19.10. № 834 Қаулысымен (2022 ж. 14 қарашадан, 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.15.11. № 903 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.22.09. № 729 Қаулысымен (2022 ж. 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 1101 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2023.16.03. № 222 Қаулысымен (2023 ж. 31 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.11.05. № 361 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2023.12.06. № 459 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2023.17.07. № 598 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2023.26.09. № 835 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2023.04.10. № 863 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2024.05.02. № 68 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2024.23.04. № 317 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 15-тармақ өзгертілді 15. Функциялары: 1) мынадай салаларда мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді: астықты өндіруді және оларды жүзеге асыруды ұйымдастыруды мемлекеттік қолдау; агроөнеркәсіптік кешен саласындағы техникалық саясат; 2) мынадай салаларда халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады: өсімдіктер карантині; өсімдіктерді қорғау; селекция және тұқым шаруашылығы; ветеринария; балара шаруашылығы; жайылымдарды пайдалану және қорғау; балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, сондай-ақ акваөсіру; 2-1) Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен өсімдіктер карантині саласындағы өзара қарым-қатынасын дамытуды қамтамасыз етеді; 2-2) агроөнеркәсіптік кешен және ауылдық аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастырады; 3) ҚР Үкіметінің 2023.17.07. № 598 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3-1) агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми қамтамасыз ету және кадрлар даярлау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады, оның ішінде ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарын, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-эксперименттік ұйымдарды дамыту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады; 3-2) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; 4) мынадай салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады: жайылымдарды басқару, суландыру, пайдалану және оларды жүзеге асыруды ұйымдастыру; машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі; агроөнеркәсіптік кешенді дамыту; тұқым шаруашылығы; балара шаруашылығы; ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі; өсімдіктер карантині; өсімдіктерді қорғау; ветеринария; асыл тұқымды мал шаруашылығы; органикалық өнім өндірісі және оны жүзеге асыруды ұйымдастыру; биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу және қолдау; балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, сондай-ақ акваөсіру; 4-1) азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды, жолданымдарда, хабарларда, үн қатуларда, ұсыныстарда, сұраныстарда халық көтеретін жүйелі проблемаларды уақтылы және толық қарауды, талдауды, мониторингтеуді және анықтауды, олар бойынша шешімдер қабылдауды жүзеге асырады; 5) ауыл шаруашылығы өнiмiнің нақты түрлерiн өндiру үшiн ауыл шаруашылығы алқаптарын оңтайлы пайдалану бойынша өңiрлердi мамандандырудың ұсынылатын схемаларын әзiрлейді және бекiтеді; 6) ауыл шаруашылығы дақылдары егіс алаңдарының құрылымын әртараптандыру мәселесі жөніндегі келісімнің (меморандумның) үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді; 7) ауыл шаруашылығы дақылдары егіс алаңдарының құрылымын әртараптандыру мәселесі жөнінде келісім (меморандум) жасайды; 8) ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 9) агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мемлекетаралық экономикалық байланыстардың басым бағыттарын тұжырымдайды, өз құзыретi шегiнде агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы халықаралық жобаларды iске асырады; 10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ветеринария, өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi жөніндегi мемлекеттiк iс-шараларды ұйымдастырады; 11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды, карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды, фитосанитариялық бақылауды жүзеге асырады; 12) қарсы күрес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдердің тізбесін және фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді; 13) мыналардың: агроөнеркәсiптiк кешендi дамытудың; азық-түлік тауарларының бағалары мен нарықтарының; азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингін жүргізеді; 14) өңірлер бойынша азық-түлік тауарларының қорларын есепке алу нысандарын және есептілікті ұсыну тәртібін әзiрлейдi және бекітеді; 15) агроөнеркәсіптiк кешен субъектiлеріне өтеусiз негізде берілуге жататын ақпарат пен көрсетiлетiн қызметтердің тiзбесiн әзiрлейді; 15-1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің өзара іс-қимылының оңтайлы нысандарын дамыту үшін агроөнеркәсіптік кешен салаларын айқындайды; 15-2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешенде және ауылдық аумақтарда қалыптасатын жер қатынастарын реттейді; 15-3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардың тізбесін бекітеді; 15-4) Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланудағы мүліктің жекелеген түрлері туралы заңдарына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша жалпы пайдаланудағы мүлікті пайдалану қағидаларын бекітеді; 15-5) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады; 16) өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді; 17) кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді; 18) нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, баға, техника, кеден, салық, кредит, сақтандыру қызметi, сондай-ақ агроөнеркәсіптiк кешен саласындағы техникалық реттеу және мемлекеттің саясаты саласындағы мәселелер бойынша ұсыныстар енгiзеді; 19) агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерін техникалық жарақтандыру және ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту жөніндегі іс-шараларды әзірлейді; 20) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 20-1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру кезінде комиссияның бір бөлігін және қарыздарын сақтандыру кезінде сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігін өтеуді қамтамасыз етеді; 21) инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді; 21-1) инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 22) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді; 23) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді; 24) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткізу қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді; 25) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді; 26) топырақты агрохимиялық зерттеп-қарауды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 27) Қазақстан Республикасында суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйінің мониторингі мен оны бағалауды және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің мелиорациялық жай-күйі туралы ақпараттық деректер банкін мемлекеттік жүргізу қағидалары мен тәртібін әзірлейді және бекітеді; 28) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсетудің заттай нормаларын әзiрлейдi және бекітеді; 29) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша: суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізуге арналған заттай нормаларды; суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін бағалау жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде пайдалану шығындарына арналған материалдар шығыстарының заттай нормаларын әзірлейді және бекітеді; 30) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің агрохимиялық жай-күйі туралы ақпараттық деректер банкін құру және жүргізу қағидаларын бекітеді; 31) ауыл шаруашылығы өнімдерінің және оны өңдеуден алынған өнімдердің табиғи кему, кебу, азаю, бұзылу нормаларын әзiрлейдi және бекітеді; 32) агроөнеркәсiптiк кешенді ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз етуді ұйымдастырады; 33) климаттың өзгеруіне осалдықты бағалауды өз құзыреті шегінде жүргізеді; 34) климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі басымдықтар мен шараларды өз құзыреті шегінде айқындайды; 35) климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шараларды өз құзыреті шегінде жүзеге асырады; 36) өз құзыреті шегінде айқындалған, климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шаралардың тиімділігіне мониторинг пен бағалауды жүзеге асыру және мониторинг пен бағалау нәтижелері негізінде осы шараларды түзетеді; 37) ауылдық елді мекендерге тартылатын агроөнеркәсіптік кешен мамандары лауазымдарының тізбесін әзірлейді және бекітеді; 38) реттелетін салаларда жергілікті атқарушы органдарды үйлестіреді және оларға әдістемелік басшылық жасайды; 39) нарыққа реттеушілік ықпал жасау үшін мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтар шығару туралы және мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға қатысушы ұйымдардың тізбесі, шығарылатын материалдық құндылықтың көлемі мен бағалары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізеді; 40) агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің тауар қозғалысы жүйесін ұйымдастырады; 41) салалық көтермелеу жүйесін әзірлейді және бекітеді; 42) «Агроөнеркәсіптік кешендегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 43) агроөнеркәсіптік кешен өнімінің республикалық көрмелерін, жәрмеңкелерін ұйымдастырады; 44) субсидияларды алушы міндеттемесінің нысанын әзiрлейдi және бекітеді; 45) мамандандырылған мемлекеттiк мекемелердiң суармалы жерлердiң мелиорациялық жай-күйiнің мониторингi мен оны бағалауды жүргiзуін ұйымдастырады; 46) ҚР Үкіметінің 2023.17.07. № 598 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 47) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 48) ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету үшін азық-түлік астығын өткізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның шеккен шығыстарын өтеуді субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 49) ауылдық жерлерде микрокредит беру жүйесін дамыту мониторингін жүзеге асырады; 49-1) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру, сондай-ақ ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру және лизинг қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 50) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеменің ақылы қызмет түрлерін көрсету қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 51) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеме көрсететін ақылы қызмет түрлеріне арналған тарифтерді әзірлейді және бекітеді; 52) мыналарды: мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды; асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды; акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіру шаруашылығын дамытуды; өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды; ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын; ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын; отандық ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу үлесін ұлғайтуды; агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін; ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды; агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін; облигациялар бойынша купондық сыйақыны; ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды әзірлеуге және ендіруге арналған шығындардың құнын субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 53) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |