Басқарушылар кеңестерiндегі Қазақстан Республикасының өкiлдерiн тағайындау және Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкімен байланыс арнасын айқындау туралы (2018.16.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2019 жылғы 5 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2018.08.02. № 44 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2018.08.02. № 44 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне, Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкіне мүшелiгi туралы» 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 3 және 5-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. № 1041; 20.03.03 ж. № 275 (бұр. ред. қара); 19.06.03 ж. № 576; 02.07.03 ж. № 643; 12.11.03 ж. № 1132; 05.03.04 ж. № 281а (бұр. ред. қара); 15.04.04 ж. № 418; 27.09.04 ж. № 986 (бұр. ред. қара); 2005.22.04. № 382 (бұр. ред. қара); 2006.20.03. № 190 (бұр.ред.қара); 2006.20.06. № 564 (бұр.ред.қара); 2007.26.02. № 145 (бұр.ред.қара); 2007.26.09 № 838 (бұр. ред. қара); 2008.25.01. № 66 (бұр.ред.қара); 2008.16.05. № 462 (бұр. ред. қара); 2008.28.11. № 1105 (бұр.ред.қара); 2009.20.03 № 377 (бұр.ред.қара); 2009.07.05 № 664 (бұр.ред.қара); 2010.31.08. № 851 (бұр.ред.қара); 2011.19.09. № 1074 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 353 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.19.12. № 1615 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.08.05. № 470 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.23.12. № 1384 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.09.10. № 1079 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.29.08. № 488 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.25.01. № 14 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.24.03. № 130 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.08.02. № 44 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.16.11. № 760 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Мыналардың Басқарушылар кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкiлдерi болып: 1) Халықаралық Валюта Қорының: Басқарушы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Талғатұлы Ақышев (келісім бойынша), Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Руслан Ерболатұлы Дәленов; 2) Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің: Басқарушы - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Тимур Мұратұлы Сүлейменов, Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Мәдина Серікқызы Жүнісбекова; 3) Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің: Басқарушы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Әлихан Асханұлы Смайылов; Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Әсет Арманұлы Ерғалиев; 4) Азия Даму Банкiнiң: Басқарушы - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Тимур Мұратұлы Сүлейменов, Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Руслан Ерболатұлы Дәленов; 4-1) Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкінің (бұдан әрі - АИИБ): Басқарушы - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Тимур Мұратұлы Сүлейменов, Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Кенжетайұлы Қабыкенов; 5) Ислам Даму Банкiнiң: Басқарушы - «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Нематұлы Келімбетов (келісім бойынша), Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Руслан Ерболатұлы Дәленов тағайындалсын. ҚР Үкіметінің 2018.08.02. № 44 Қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды 1-1. Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі Келісімінің Баптарын іске асыруға байланысты барлық мәселелер бойынша АИИБ-мен байланыста болу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі ресми орган болып айқындалсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
|