|
|
|
Басқарушылар кеңестерiндегі Қазақстан Республикасының өкiлдерiн тағайындау және Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкімен байланыс арнасын айқындау туралы (2024.31.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2018.08.02. № 44 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2018.08.02. № 44 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне, Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкіне мүшелiгi туралы» 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 3 және 5-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. № 1041; 20.03.03 ж. № 275 (бұр. ред. қара); 19.06.03 ж. № 576; 02.07.03 ж. № 643; 12.11.03 ж. № 1132; 05.03.04 ж. № 281а (бұр. ред. қара); 15.04.04 ж. № 418; 27.09.04 ж. № 986 (бұр. ред. қара); 2005.22.04. № 382 (бұр. ред. қара); 2006.20.03. № 190 (бұр.ред.қара); 2006.20.06. № 564 (бұр.ред.қара); 2007.26.02. № 145 (бұр.ред.қара); 2007.26.09 № 838 (бұр. ред. қара); 2008.25.01. № 66 (бұр.ред.қара); 2008.16.05. № 462 (бұр. ред. қара); 2008.28.11. № 1105 (бұр.ред.қара); 2009.20.03 № 377 (бұр.ред.қара); 2009.07.05 № 664 (бұр.ред.қара); 2010.31.08. № 851 (бұр.ред.қара); 2011.19.09. № 1074 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 353 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.19.12. № 1615 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.08.05. № 470 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.23.12. № 1384 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.09.10. № 1079 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.29.08. № 488 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.25.01. № 14 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.24.03. № 130 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.08.02. № 44 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.16.11. № 760 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.05.04. № 163 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.27.09. № 719 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.26.06. № 407 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2021.22.04. № 262 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.28.01. № 34 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2022.31.03. № 181 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.27.04. № 251 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2023.18.05. № 383 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2024.17.04. № 291 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2024.31.07. № 615 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Мыналар Басқарушылар кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкілдері болып тағайындалсын: 1) Халықаралық Валюта Қоры: Басқарушы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Тимур Мұратұлы Сүлейменов (келісу бойынша), Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәурен Маратұлы Кеңбейіл; 2) Халықаралық Қайта құру және Даму банкі: Басқарушы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Нұрлан Серікұлы Байбазаров, Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Арман Бақытжанұлы Қасенов; 3) Еуропа Қайта құру және Даму банкі: Басқарушы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Төкешұлы Такиев, Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәурен Маратұлы Кеңбейіл; 4) Азия Даму Банкі: Басқарушы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Нұрлан Серікұлы Байбазаров, Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәурен Маратұлы Кеңбейіл; 5) Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі: Басқарушы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Нұрлан Серікұлы Байбазаров, Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Сәтжан Әйтенұлы Аблалиев; 6) Ислам Даму Банкі: Басқарушы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Нұрлан Серікұлы Байбазаров, Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәурен Маратұлы Кеңбейіл. ҚР Үкіметінің 2018.08.02. № 44 Қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды 1-1. Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі Келісімінің Баптарын іске асыруға байланысты барлық мәселелер бойынша АИИБ-мен байланыста болу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі ресми орган болып айқындалсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |