Басқарушылар кеңестерiндегі Қазақстан Республикасының өкiлдерiн тағайындау және Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкімен байланыс арнасын айқындау туралы (2019.27.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2020 жылғы 26 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2018.08.02. № 44 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2018.08.02. № 44 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне, Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкіне мүшелiгi туралы» 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 3 және 5-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. № 1041; 20.03.03 ж. № 275 (бұр. ред. қара); 19.06.03 ж. № 576; 02.07.03 ж. № 643; 12.11.03 ж. № 1132; 05.03.04 ж. № 281а (бұр. ред. қара); 15.04.04 ж. № 418; 27.09.04 ж. № 986 (бұр. ред. қара); 2005.22.04. № 382 (бұр. ред. қара); 2006.20.03. № 190 (бұр.ред.қара); 2006.20.06. № 564 (бұр.ред.қара); 2007.26.02. № 145 (бұр.ред.қара); 2007.26.09 № 838 (бұр. ред. қара); 2008.25.01. № 66 (бұр.ред.қара); 2008.16.05. № 462 (бұр. ред. қара); 2008.28.11. № 1105 (бұр.ред.қара); 2009.20.03 № 377 (бұр.ред.қара); 2009.07.05 № 664 (бұр.ред.қара); 2010.31.08. № 851 (бұр.ред.қара); 2011.19.09. № 1074 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 353 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.19.12. № 1615 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.08.05. № 470 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.23.12. № 1384 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.09.10. № 1079 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.29.08. № 488 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.25.01. № 14 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.24.03. № 130 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.08.02. № 44 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.16.11. № 760 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.05.04. № 163 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.27.09. № 719 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Мыналардың Басқарушылар кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкiлдерi болып: 1) Халықаралық Валюта Қорының: Басқарушы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Ерболат Асқарбекұлы Досаев (келісім бойынша), Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Руслан Ерболатұлы Дәленов; 2) Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің: Басқарушы - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Руслан Ерболатұлы Дәленов, Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Әсет Арманұлы Ерғалиев; 3) Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің: Басқарушы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Әлихан Асханұлы Смайылов, Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Мәдиев Жаслан Хасенұлы; 4) Азия Даму Банкiнiң: Басқарушы - Қазақстан Республикасыныц Ұлттық экономика министрі Руслан Ерболатұлы Дәленов, Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Руслан Ерболатұлы Дәленов; 4-1) Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкінің (бұдан әрі - АИИБ): Басқарушы - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Руслан Ерболатұлы Дәленов, Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және инфракұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Қасымұлы Ержанов; 5) Ислам Даму Банкiнiң: Басқарушы - «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Нематұлы Келімбетов (келісім бойынша), Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Руслан Ерболатұлы Дәленов тағайындалсын. ҚР Үкіметінің 2018.08.02. № 44 Қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды 1-1. Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі Келісімінің Баптарын іске асыруға байланысты барлық мәселелер бойынша АИИБ-мен байланыста болу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі ресми орган болып айқындалсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
|