|
|
|
Кедейлiкті азайту мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру ҚР Үкіметінің 29.01.04 ж. № 108 қаулысымен күші жойылды Бұрынғы редакцияларды қара ҚР Үкіметінің 11.12.01 ж. № 1618; 03.04.02 ж. № 397; 19.05.03 ж. № 459 (бұр. ред. қара) қаулыларымен кіріспе өзгертілді Қазақстан Республикасында кедейлiктi азайту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны iске асыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: ҚР Үкіметінің 03.04.02 ж. № 397 қаулысымен 1-тармақ өзгерді 1. Қосымшаға сәйкес құрамда Кедейлiкті азайту мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын. ҚР Үкіметінің 03.04.02 ж. № 397 қаулысымен 2-тармақ өзгерді 2. Қоса берiлiп отырған Кедейлiкті азайту мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсiн. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 28 ақпандағы № 305 қаулысына қосымша Кедейлiкті азайту мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамы ҚР Үкіметінің 11.12.01 ж. № 1618; 03.04.02 ж. № 397; 19.05.03 ж. № 459 (бұр. ред. қара); 17.10.03 ж. № 1061 қаулыларымен құрам өзгертілді Павлов - Қазақстан Республикасы Александр Сергеевич Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Исаев - Қазақстан Республикасының Экономика Батырхан Арысбекұлы және бюджеттік жоспарлау вице-министрi, төрағаның орынбасары Амангелдиев - Қазақстан Республикасының Экономика Ардақ Амангелдiұлы және бюджеттік жоспарлау министрлігі Аймақтық саясат және бюджетаралық қатынастар департаментiнiң директоры Комиссия мүшелерi: Ысқақова - Қазақстан Республикасының Президентi Саида Қуанқызы жанындағы Отбасы және әйелдер iстерi жөніндегі ұлттық комиссия хатшылығының меңгерушiсi (келісiм бойынша) Қынатов - Қазақстан Республикасының Қоршаған Марат Полатұлы ортаны қорғау министрлiгі Заң департаментінiң директоры Нәубетова - Қазақстан Республикасының Президентi Рашида Аронқызы жанындағы Отбасы және әйелдер iстерi жөніндегі ұлттық комиссия хатшылығының сектор меңгерушiсi (келісім бойынша) Байсеркин - Қазақстан Республикасы Денсаулық Бауыржан Сәтжанұлы сақтау министрлігінiң Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi төрағасының орынбасары; Көшенов - Қазақстан Республикасының Қоршаған Ахметжан Рақымбайұлы ортаны қорғау министрлігі Экологиялық саясат және тұрақты даму департаментiнiң директоры; Мисников - Қазақстан Республикасының Владимир Андреевич Индустрия және сауда министрлігі Шағын бизнестi қолдау жөніндегі комитетiнiң төрағасы; Құсайынов - Қазақстан Республикасының Марат Әпсеметұлы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Аймақтық саясат және бюджетаралық қатынастар департаментiнiң директоры, хатшы; Қадыров Наджат Худжатович - "Қазақстан Республикасының Жұмыс берушiлер конфедерациясы" қауымдастығының атқарушы директоры (келісім бойынша) Молдажанов Ризахмет - Қазақстан Республикасының Құрманғазыұлы Кәсiподақтар федерациясы одағы төрағасының орынбасары (келісім бойынша) Сиврюкова Валентина Андреевна - "Қазақстан Үкiметтік емес ұйымдарының конфедерациясы" қауымдастығының президентi (келісім бойынша) Нұрғожаева - Қазақстан Республикасының Татьяна Александровна Білім және ғылым министрлігі Бюджет, жоспарлау және қаржы департаментінің директоры Шокаманов - Қазақстан Республикасының Статистика Юрий Камирович жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Хамзина - Қазақстан Республикасының Нұргүл Қалиқызы Денсаулық сақтау министрлігі Медицина ғылымы және білiм беру департаментiнiң директоры Соломин - "Қазақстанның Бiрыңғай кәсiптiк Леонид Зиновьевич орталығын құру жөніндегі ұйымдастыру комитетiнiң тең төрағасы" (келісім бойынша)"; Ақымбеков - "Аз қамтылған азаматтарды қолдау Серiк Шаяхметұлы жөніндегі жалпы ұлттық қор" қоғамдық қорының атқарушы директоры (келісім бойынша) Әбсатиров - Қазақстан Республикасының Индустрия Кеңес Ғарапұлы және сауда министрлігі Шағын кәсiпкерлiктi қолдау жөніндегі комитетiнiң төрағасы Григорьева - Қазақстан Республикасының Табиғи Светлана Петровна монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгi Энергетикалық секторды реттеу жөніндегі департаментiнiң директоры Дүйсенова - Қазақстан Республикасының Еңбек және Тамара Босымбекқызы халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi Жұмағұлов - Қазақстан Республикасы Премьер- Бақытжан Тұрсынұлы Министрінің Кеңсесi Әлеуметтік-мәдени даму бөлiмiнiң меңгерушiсi Манабаева - Қазақстан Республикасының Еңбек және Ғайни Алдабергенқызы халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі Әлеуметтiк қамтамасыз ету және қаржыландыру департаментiнiң директоры Нүгербеков - Қазақстан Республикасының Көлiк және Серiк Нүгербекұлы коммуникациялар министрлігі Қаржылық реттеу департаментiнiң директоры Рахымбеков - Қазақстан Республикасының Ауыл Төлеутай Сатайұлы шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсiптiк кешендi дамытуды және ауылдық аумақтарды мемлекеттік реттеу департаментiнiң директоры Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 28 ақпандағы № 305 қаулысымен бекітілген Кедейлiкті азайту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ЕРЕЖЕ ҚР Үкіметінің 03.04.02 ж. № 397 қаулысымен тақырыбы, 1-тарау өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.05.03 ж. № 459 қаулысымен (бұр. ред. қара) 1-бөлім өзгертілді 1. Жалпы ережелер Кедейлiкті азайту мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасында кедейлiктi азайту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны iске асыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мақсатында құрылды. Комиссия Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі кесiмдерiн, өзге нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. ҚР Үкіметінің 19.05.03 ж. № 459 қаулысымен (бұр. ред. қара) 2-бөлім жаңа редакцияда 2. Комиссияның мiндеттерi мен функциялары Комиссияның негізгі мiндеттерi мен функциялары: 1) Қазақстан Республикасында кедейлiктi азайту жөніндегi 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны iске асыру; 2) елдегі кедейліктің айрықша аспектiлерін зерделеу (қала құрайтын кәсiпорындар төңiрегіндегi шағын қалалар проблемалары, ауылдық жердегі кедейлiк және тағысын тағылар); 3) еңбек рыногындағы сұраныс пен ұсыныс құрылымын ескере отырып, жұмыспен қамту және жұмыссыздық деңгейiн төмендету саласындағы проблемалар; 4) кедейлiк проблемасын шешу контексiнде халықаралық көмектi тиімді пайдалану; 5) аз қамтылған азаматтарды қолдау жөніндегі қолданыстағы бағдарламалардың тиімділігі; 6) кедейлiктi азайту жөніндегі мiндеттердi ескеретiн және тұрғындардың кедей бөлiгiнің мүдделерiн ескере отырып, жергіліктi бюджеттi түзу жөнiндегі, кедейлiк, кедейлiк мониторингi тетiгiн енгізу жөнiндегі жұмыстарды ұйымдастыру проблемаларын шешуге байланысты жергiлiктi атқарушы органдардың басқару қызметiн жетiлдiру, кедейлiк проблемаларын шешуге байланысты жергiлiктi атқарушы органдардың басқару қызметiн бағалау өлшемдерiн жетiлдiру, ақпараттық тәжiрибе алмасуға ықпал ету жөніндегі ұсынымдарды қамтитын жоспарлау тетiктерiн аймақтық деңгейде енгізу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу болып табылады. Комиссияның мынадай құқықтары бар: 1) Қазақстан Республикасы Үкіметіне халықтық әлеуметтік қорғау жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныс енгізу; 2) әлеуметтiк қызметтердi жетiлдiру және кедейлiк деңгейiн төмендету жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу және енгізу үшiн мүдделi мемлекеттік органдар мамандарын тарта отырып, жеке мәселелер бойынша жұмыс топтарын құру; 3) Комиссия құзыретiне кіретін мәселелердi шешу үшiн ғылыми-зерттеу ұйымдарының, жоғарғы оқу орындарының ғалымдарын және жоғары біліктi мамандарын тарту; 4) Комиссия құзыретiне жататын мәселелер бойынша белгiленген тәртiппен заңды тұлғалардан қажетті ақпарат сұратуға; 5) Комиссия құзыретiне жататын мәселелер бойынша Комиссия мүшелерi отырыстарында мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың жауапты өкілдерiн тыңдау; 6) белгiленген тәртiппен Комиссия құрамын өзгерту туралы ұсыныс енгізу; 7) Комиссия құрамына кiрмеген мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың өкiлдерiн Комиссия құзыретiне жататын мәселелердi шешу бойынша тартуға. ҚР Үкіметінің 19.05.03 ж. № 459 қаулысымен (бұр. ред. қара) 4-бөлім өзгертілді 4. Комиссия қызметiн ұйымдастыру Комиссияны Төраға басқарады. Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажеттi құжаттарды, материалдарды дайындауды және ол өткiзiлгеннен кейiн хаттамасын рәсiмдеудi Комиссия хатшысы жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады. Комиссияның отырыстары қажеттiлiгi бойынша тоқсанына кемiнде бiр рет өткiзiледi. Отырыстардың күн тәртібiн, сондай-ақ олардың өткiзiлетiн орны мен уақытын Комиссия мүшелерiмен келісім бойынша Комиссия Төрағасы айқындайды және нақтылайды. Комиссия шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларға Комиссия мүшелерi жалпы санының көпшiлiк дауысы берiлсе, қабылданды деп есептеледi. Дауыстар тең болған жағдайда Төраға жақтап дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi. Комиссия шешiмi хаттамамен ресiмделедi және ұсынымдық сипатта болады. 5. Комиссия қызметiнiң тоқтатылуы Комиссия қызметін тоқтатудың негiздерi: 1) Комиссияның қызмет мерзiмiнiң аяқталуы; 2) Комиссияға жүктелген мiндеттердiң орындалуы; 3) бұрын Комиссияға жүктелген мiндеттердi жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың немесе өзге комиссияның құрылуы; 4) Комиссия мiндеттерi орындалмайтын не олардың орындалуы тиiмсiз өзге мән-жағдайлар. Осы тармақта көрсетiлген мән-жағдайлар туындаған жағдайда, Комиссияның жұмыс органы болып табылатын министрлiк Комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша, Қазақстан Республикасының Үкіметі Регламентiмен белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы Үкіметі шешiмiнiң тиiстi жобасын енгiзедi. Осы тармақта көрсетiлген тәртiп Комиссия құрамына немесе функциясына өзгерістер енгізу қажеттiгi жағдайында да қолданылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |