|
|
|
"Қазақтелеком" акционерлік қоғамының 2004-2006 жылдарға арналған даму "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтік жоспарларын әзiрлеудiң ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 14 маусымдағы № 647 қаулысын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған: 1) "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының 2004-2006 жылдарға арналған даму жоспары; 2) "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының 2004 жылға арналған дамуының аса маңызды көрсеткiштерi бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 маусымдағы № 690 қаулысымен бекітілген "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының 2004-2006 жылдарға арналған даму жоспары Астана, 2004 жыл 1-бөлiм. Ұлттық компанияның жағдайы және даму перспективасы туралы баяндама 1. Кiрiспе "Қазақтелеком" ұлттық акционерлік компаниясы Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына кең көлемдегі байланыс қызметiн ұсынатын, ұлттық ауқымда құрылатын акционерлік қоғамның жарғылық қорына мемлекеттік аймақтық және мамандандырылған телекоммуникациялар кәсiпорындарының мүлкiн табыстау жолымен "Қазақтелеком" ұлттық акционерлік компаниясын (бұдан әрi - ҰАҚ) құру туралы" 1994 жылғы 17 маусымдағы № 666 Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысына сәйкес құрылды. 1996 жылғы наурызда мөлшерi 12,1 млрд. теңгенi құраған жарғылық қор шамасында акциялардың бастапқы эмиссиясы тiркелдi. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң талаптарына сәйкес "Қазақтелеком" ҰАҚ Жарғысына өзгерістер енгiзiлдi, Қазақстан Республикасының әдiлет органдары "Қазақтелеком" ҰАҚ "Қазақтелеком" ашық акционерлік қоғамы ретiнде қайта тiркеуден (заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тiркеу туралы 1997 жылғы 20 ақпандағы сериясы А № 084256 куәлiгi) өткiздi. "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес акционерлік қоғам ретiнде (бұдан әрi - "Қазақтелеком" АҚ) қайта тiркеу жүргiзiлдi. Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тiркеу туралы 2004 жылғы 1 сәуірдегі № 6924-901-АҚ куәлiктi Астана қаласының Әдiлет департаментi бердi. "Қазақтелеком" АҚ Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланудағы бiртұтас телекоммуникациялар желісінiң ұлттық операторы болып табылады. Оның мақсаты: Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жеке және заңды тұлғаларға байланыстың жалпыға бiрдей қол жетiмдi қызметтерiн ұсыну; экономиканың барлық субъектiлерiнiң, қоғамның және Қазақстанның мемлекеттік билiк органдарының ақпарат алмасудағы қажеттілiктерiн қазiргi заманға сай телекоммуникациялық технологиялар негізiнде қанағаттандыру. "Қазақтелеком" АҚ мынадай негiзгі қызметтердi: жергiлiктi, қалааралық, халықаралық телефон байланысы; телеграф, телекс, деректер беру; спутниктiк байланыс; сым арқылы радиохабар тарату; байланыс арналарын жалға беру қызметтерiн көрсетедi. "Қазақтелеком" АҚ-на 2003 жылғы 25 ақпанда берiлген N ДС 0001890 лицензия оған 2011 жылға дейiн жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялар желісі үшiн Қазақстандағы халықаралық және қалааралық қызмет көрсететiн айрықша провайдер болу құқығын бередi. "Қазақтелеком" АҚ жарғылық капиталының мөлшерi бiр акция үшiн әрқайсысының номиналы 1000 теңге 10 922 876 жай акциялары (дауыс беретiн) және 1 213 653 дауыс бермейтiн артықшылықты акцияларды құрайды. Дауыс беру құқығынсыз артықшылықты акциялардың үлесi жарғылық қордың 10 пайызын құрайды. Артықшылықты акцияларға иелiк ететiн акционерлердiң дивидендтер алу және Қоғамды тарату кезiнде артықшылықтары бар. Акциялардың мемлекеттік пакетi 50 пайыз болады, Central Asian Industrial Investments Holding N.V. акциялардың 30 пайызына иелiк етедi, акциялардың 10 пайызы The Bank of New Yоrk, AIG Silk Road Fund Limited, Бителеком жекеменшiк компанияларының иелiгiнде. "Қазақтелеком" АҚ - өз құрамында мынадай оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары) бар, орталықтандырылған басқаруы бар заңды тұлға: 14 облыстық телекоммуникациялар дирекциялары; "Астанателеком" қалалық телекоммуникациялар орталығы; "Алматытелеком" қалалық телекоммуникациялар орталығы; Корпоративтiк сату дирекциясы; "Алыс байланыс" бiрлестiгi; Радиоландыру орталығы; Радиотехникалық бiрлестiк; Телекоммуникациялар және инфрақұрылым объектiлерiнiң құрылысы жөніндегі дирекция; Пайдалану-шаруашылық бiрлестiгі; "Телеком-комплект" дирекциясы; Бiлiктiлiктi арттыру орталығы; Магистралдық байланыс желiлерi мен теледидардың № 4 техникалық торабы; Магистралдық байланыс желiлерi мен теледидардың № 13 техникалық торабы; "Қазақтелеком" АҚ-тың Мәскеу қаласында өкiлдiгi. "Қазақтелеком" АҚ "Алтел" АҚ-тың 50% акциясын иеленедi, "GSM Қазақстан "Қазақтелеком" АҚ" ЖШС-нда 49% үлестiк қатысы бар, "Нұрсат" ЖАҚ-ның 41,25% акциясын иеленедi. "Алтел" АҚ AMPS және СDМА стандартындағы ұялы байланыс операторы болып табылады. "Қазақтелеком" АҚ GSM Қазақстан" ЖШС GSM стандартының ұялы байланыс қызметiн көрсетедi. "Нұрсат" ЖАҚ деректер беру желісі рыногында қызмет көрсетумен айналысады. Корпоративтiк басқарудың жаңа үлгiсi акционерлік қоғам болып қайта құрылумен бiр мезгілде енгізiлген болатын, соның нәтижесiнде "Қазақтелеком" АҚ-ын басқаруды мынадай негізгі үш орган жүзеге асырады: Жоғары орган - Акционерлердiң жалпы жиналысы; Басқару органы - Директорлар кеңесi; Алқалық Атқарушы орган - Басқарма. "ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ" АҚ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫНЫҢ ҰЙЫМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ ┌───────────────────┐ ┌──────────────┐ ┌─────────────────────┐ │ Вице-президент ├──┬─┤ Президент ├┬──┤Корпоративтік мәсе- │ │ (Астана қаласы) │ │ └──────┬───────┘│ │ лелер жөніндегі │ └───────────────────┘ │ │ │ │ атқарушы директор │ ┌───────────────────┐ │ │ │ ├─────────────────────┤ │Құқықтық мәселелер │ │ │ │ │Үлестес компаниялар- │ │жөніндегі атқарушы ├──┤ │ ├──┤ дың жұмыс мәселелері│ │ директор │ │ │ │┌─┤ жөніндегі атқарушы │ └───────────────────┤ │ │ ││ │ директор │ ┌─────────────────┐ │ │ │ ││ ├─────────────────────┤ │ Заң департаменті├─┘ │ │ ││ │Үлестес компаниялар- │ └─────────────────┘ │ │ │├─┤дың қаржылық жұмысы- │ │ │ ││ │ның мониторингі және │ │ │ ││ │ талдау қызметі │ │ │ ││ ├─────────────────────┤ │ │ │└─┤Үлестес компанияларда│ │ │ │ │ бизнесті дамыту │ Техникалық бақылау │ │ │ │ қызметі │ блогы │ │ │ └─────────────────────┘ ┌────────────────────┐ │ │ │ ┌───────────────────────┐ │ Стратегиялық даму │ │ │ │_│Сыртқы байланыс қызметі│ │ бойынша атқарушы ├─┤ │ │ ├───────────────────────┤ │ директор │ │ │ │_│ Ішкі аудит қызметі │ ├──────────────────┬─┤ │ │ │ ├───────────────────────┤ │Жетілдіру және да-├─┤ │ │ │ │ Мемлекеттік құпиялар │ │мыту департаменті │ │ │ │ │_│мен арнаулы жұмыстарды │ ├──────────────────┤ │ │ │ │ │қорғау жөніндегі қызмет│ │Жобаларды басқару ├─┤ │ │ │ ├───────────────────────┤ │ орталығы │ │ │ │ │_│ Логистика қызметі │ ├──────────────────┤ │ │ │ │ ├───────────────────────┤ │Жаңа қызмет көрсе-│ │ │ │ │_│ Президент кеңесшілері │ │тулерді техникалық├─┘ │ │ │ ├───────────────────────┤ │ жасау қызметі │ │ │ └─┤ Президент көмекшілері │ ├──────────────────┤ │ │ └───────────────────────┘ │ Сыртқы байланыс ├───┘ │ │ қызметі │ │ └──────────────────┘ │ ┌───────────────┬────┴─────┬──────────┬──────────┐ │ │ │ │ │ Әкімшілік │ Коммер- Қаржы- Пайда- │ блок │ циялық экономика лану │ │ блок блогы блогы СТ │ ┌─────────┐ ┌─────────┐┌─────────┐┌─────────┐┌─────────┐ │ │Вице-Пре-│ │Бас әкім-││Вице-Пре-││Вице-Пре-││Вице-Пре-│ │ │зидент- ├┬┤шілік ди-││зидент- ││зидент- ││зидент- │ │ │Бас әкім-│││ректоры- ││Бас ком- ││Бас ││Бас тех- │ │ │ шілік │││ның орын-││мерциялық││қаржы ││никалық │ │ │директор │││басары ││директор ││директоры││директоры│ │ ├─────────┤││ ┌───────┤├───────┐ │├───────┐ │├─────┐ │ │ │Менедж- │││ │Әкімші-││Атқару-│ ││Атқару-│ ││БТД │ │ │ │ментті да││├─┤лік ││шы ди- │ ││шы ди- │ ││орын-├─┤ │ │мыту жө- │││ │депар ││ректор-│ ││ректор-│_││ба- │ │ │ │ніндегі │││ │тамент ││Депар- │_││БҚД │ ││сары │ │ │ │атқарушы │││ ├───────┤│тамент │ ││орын- │ │├─────┤ │ │ │директор │││ │Ақпа- ││дирек- │ ││басары │ ││Пай- │ │ │ ├────────┬┘││ │раттық ││торы │ │├───────┤ ││да- │ │ │ │Менедж- │ ││ │қолдау ││Марке- │ ││Эконо- │ ││лану │ │ │ │ментті │ │├─┤және ││тинг │ ││мика │ ││жө- ├─┘ │ │дамыту │ ││ │қауіп- ││депар- │ ││депар- │ ││нін- │ │ │және ├─┤│ │сіздік ││таменті│ ││таменті│ ││дегі │ │ │корпо- │ ││ │орта- │├───────┤ │├───────┤ ││атқа-│ │ │ративтік│ ││ │лығы ││Атқару-│ ││Қаржы │ ││рушы │ │ │саясат │ ││ ├───────┤│шы ди- │ ││депар- ├─┤│дир- │ │ │қызметі │ ││ │Атқару-││ректор-│ ││таменті│ ││ектор├─┐ │ ├────────┤ ││ │шы ди- ││Депар- │_│├───────┤ │├─────┤ │ │ │Аутсор- │ │├─┤ректор-││тамент │ ││Бухал- │ ││Теле-│ │ │ │синг │ ││ │Депар- ││дирек- │ ││терлік ├─┤│ком- │ │ │ │техноло-├─┤│ │тамент ││торы │ ││есеп │ ││муни-│ │ │ │гиясын │ ││ │дирек- ││Сату │ ││және │ ││кация│ │ │ │дамыту │ ││ │торы ││депар- │ ││есеп │ ││желі-│ │ │ │қызметі │ ││ ├───────┤│таменті│ ││беру │ ││лерін│ │ │ ├────────┤ ││ │Ұйым- │├───────┤ ││депар- │ ││жалпы├─┤ │ │Сапа │ ││ │дасты- ││Корпо- │ ││таменті│ ││тех- │ │ │ │менедж- ├─┘├─┤ру-ба- ││ратив- │ │├───────┤ ││ника-│ │ │ │менті │ │ │қылау ││тік │ ││Жобалық│ ││лық │ │ │ │қызметі │ │ │депар- ││имиджді│ ││қаржы- │ ││қол- │ │ │ └────────┘ │ │таменті││дамыту │ ││ландыру├─┤│дау │ │ │ │ ├───────┤│жөнін- │_││депар- │ ││қыз- │ │ │ │ │Қызмет-││дегі │ ││таменті│ ││меті │ │ │ └─┤керлер-││атқару-│ │├───────┤ │├─────┤ │ │ │ді бас-││шы ди- │ ││Қаржы- │ ││Тех- │ │ │ │қару ││ректор │ ││лық ба-├─┘│ника-│ │ │ │қызметі│├───────┤ ││қылау │ │лық │ │ │ └───────┘│Баспа- │ ││депар- │ │пай- │ │ │ │сөз │ ││таменті│ │да- │ │ │ │қызметі│ │└───────┘ │лану ├─┤ │ ├───────┤ │ │орта-│ │ │ │Жарнама│ │ │лығы │ │ │ │және │ │ ├─────┤ │ │ │қызмет │ │ │ҚТЖ ├─┤ │ │көрсе- │ │ │БО │ │ │ │туді │ │ │_____│ │ │ │қолдау │ │ │Тех- │ │ │ │қызметі│ │ │ника-│ │ │ ├───────┤ │ │лық ├─┤ │ │Қызмет │ │ │инсп-│ │ │ │көрсету│ │ │екция│ │ │ │сапасын├─┘ ├─────┤ │ │ │бақылау│ │Ең- │ │ │ │қызметі│ │бекті│ │ │ └───────┘ │қор- │ │ │ │ғау │─┘ │ │және │ │ │ҚТ │ │ │қыз- │ │ │меті │ │ └─────┘ Бизнесті дамыту блогы ┌───────────────┐ │Бизнесті дамыту│ │ жөніндегі │ │Вице-Президент │ └──────┬────────┘ ┌──────┐ │ ┌──────────┐ │Атқа- │ │ │Оператор- │ │рушы- │ │ │лармен │ │дирек-│ │ │жұмыс іс- │ ┌──┤тор- ├─┼──┤теу жөні- ├─┐ │ │АТД │ │ │ндегі ат- │ │ │ │дирек-│ │ │қарушы │ │ │ │торы │ │ │директор │ │ │ │Ақпа- │ │ │Байланыс │ │ │ │раттық│ │ │оператор- │ │ │ │техно-│ │ │ларымен │ │ │ │логия-│ │ │келісім │ │ │ │лар │ │ │жасау де- │ │ │ │депар-│ │ │партаменті│ │ │ │тамен-│ │ ├──────────┤ │ │ │ті │ │ │Халықара- │ │ │ ├──────┤ │ │лық келі- ├─┘ │ │КАЖ │ │ │сім депар-│ │ │пайда-│ │ │таменті │ ├──┤лану │ │ ├──────────┤ │ │орта- │ │ │Атқарушы │ │ │лығы │ ├──┤директор- │ │ ├──────┤ │ │қызмет │ │ │Корпо-│ │ │басшысы │ │ │ратив-│ │ ├──────────┤ │ │тік │ │ │Сыртқы ак-│ ├──│ақпа- │ │ │тивтерді │ │ │раттық│ │ │басқару │ │ │жүйені│ │ │жөніндегі │ │ │қорғау│ │ │қызмет │ │ │қыз- │ │ ├──────────┤ │ │меті │ │ │Қоғамның │ │ ├──────┤ └──┤шетелдегі │ │ │Дерек-│ │өкілдігі │ └──┤терді │ └──────────┘ │өңдеу │ │қыз- │ │меті │ └──────┘ Корпоративтiк басқарудың басты мiндетi "Қазақтелеком" АҚ жұмысын тұтастай алғанда акционерлер мен қоғам мүддесi үшiн ұйымдастырудан тұрады. "Қазақтелеком" АҚ-ның ойдағыдай жемiстi қаржылық қызметiне ағымдағы жұмыс сияқты, негiзiнде және елiмiздiң әлеуметтiк-экономикалық дамуын сипаттайтын макроэкономикалық көрсеткiштердiң ықпалын ескере отырып, iшкi факторларды, телекоммуникациялар рыногы дамуының сыртқы беталысын талдау жасалатын ұзақ мерзiмдiк стратегия мәселелерi бойынша да дер кезiнде қабылданған шешiмдерден туындайды. Озық ақпараттық технологияларды пайдалануға негiзделген шоғырландырылған есептiлiк беру қаржы тәртібін нығайтуға, тұтастай бүкiл "Қазақтелеком" АҚ сияқты, оның әрбiр филиалының да қызметiнiң шынайы бейнесiн назарда ұстауға, қаражатты перспективалық бағыттарына инвестициялауға мүмкiндiк бередi. "Қазақтелеком" АҚ-ты стратегиялық басқару барлық қорларды: материалдық, қаржылық, еңбек ресурстарын, озық технологияларды тиiмдi бөлу мен пайдалануды және соның негізiнде - рыноктағы, бәсекелестiк ортадағы тұрақты жағдайды қамтамасыз етедi. 2. Қызмет саласы рыногын талдау Бағалау бойынша 2002 жылы телекоммуникациялар қызметiн көрсетудiң қазақстандық рыногының көлемi 2001 жылмен салыстырғанда 25% өсiп, 90 млрд. теңгеден асты. Рынок құрылымының өзгеруi ұялы байланыс рыногы үлесiнiң өсуi есебiнен болып отыр. Телекоммуникациялар рыногының жалпы көлеміндегі халықаралық, қалааралық және ұялы байланыс қызметiн көрсетудiң үлесi шамамен бiрдей екендiгiн атап өту керек (бағалау бойынша - 25-28%). Қалған үлестi жергiлiктi байланыс, деректер беру қызметiн көрсету мен Интернет желісі алып отыр.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |