|
|
|
Мемлекеттiк кiтапханалар мен мемлекеттiк мұражай-қорықтар ұсынатын тауарларды сатудан және қызметтер көрсетуден түскен қаражатты пайдалану ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 8 тамыздағы N 884 қаулысы Осы редакция ҚР Үкіметінің 18.08.03 ж. N 820 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк кiтапханалар мен мемлекеттiк мұражай-қорықтар ұсынатын тауарларды сатудан және қызметтер көрсетуден түскен қаражатты пайдалану ережесi бекiтiлсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 тамыздағы N 884 қаулысымен бекітілген Мемлекеттiк кiтапханалар мен мемлекеттік мұражай-қорықтар ұсынатын тауарларды сатудан және қызметтер көрсетуден түскен қаражатты пайдалану ЕРЕЖЕСI 1. Тауарларды сатудан және қызметтер көрсетуден түскен қаражатты пайдалану тәртiбi 1. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттiк кiтапханалар ұсынатын тауарларды сатудан және қызметтер көрсетуден түскен қаражат мынадай бағыттар бойынша пайдаланылады: мемлекеттiк кiтапхана мекемелерiнiң материалдық-техникалық базаларын нығайтуға; қызметтер көрсету үшiн тартылатын мамандар еңбегiне ақы төлеуге; шаруашылық шығыстарға (жылуға, электр энергиясына, сумен жабдықтауға ақы төлеу, байланыс қызметтерiн көрсетуге ақы төлеу және басқа да коммуналдық шығыстар, ағымдағы мақсаттар үшiн заттар мен материалдар сатып алу, көлiктiк қызметтер көрсетуге ақы төлеу); кiтапхана қорларын толықтыру үшiн әдебиеттер сатып алуға; кiтап қорының, оқу социологиясының сақталуы мәселелерi бойынша ғылыми және әдiстемелiк әдебиеттер шығаруға; жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтiнiмдерi) бойынша оқыту жүргiзу үшiн оқу құралдарын, көрнекi материалдар сатып алуға; жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтiнiмдерi) бойынша өткiзiлетiн оқыту тренингтерiне, семинарларына, конференцияларына; бұқаралық iс-шараларды өткiзуге (әдеби кештер, көрмелер, тұсаукесер рәсiмдер, конкурстар, кiтап күндерi, фестивальдар); бланк өнiмдерiн, брошюраларды, авторефераттарды, оқу билеттерiн, талап парақшаларын жасауға және көбейтуге, мұқабаларды басып шығаруға, тарақты түптеуге; кiтапханалар басылымдарын, дыбыс жазбалар, бейнефильмдер, фонограммалар көшiрмелерiн сатуға; кiтаптарды, журналдарды жөндеуге, қалпына келтiруге және түптеуге, фото, кино, бейне түсiрiмдерiне, кiтаптардан, журналдардан, газеттерден алынған жекелеген мақалалардың, материалдардың микрокөшiрмесiн алуға пайдаланылады. 2. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мұражай-қорықтар ұсынатын тауарларды сатудан және қызметтер көрсетуден түскен қаражат мынадай бағыттар бойынша пайдаланылады: мемлекеттiк мұражай-қорықтың материалдық-техникалық базасын нығайтуға; ақылы қызметтер көрсету үшiн тартылатын мамандар еңбегiне ақы төлеуге; шаруашылық шығыстарға (жылуға, электр энергиясына, сумен жабдықтауға ақы төлеу, байланыс қызметтерiн көрсетуге ақы төлеу және басқа да коммуналдық шығыстар, ағымдағы мақсаттар үшiн заттар мен материалдар сатып алу, көлiктiк қызметтер көрсетуге ақы төлеу); жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтiнiмдерi) бойынша оқыту жүргiзу үшiн үй-жайларды жалдауға және оқу құралдарын, көрнекi материалдар сатып алуға. 2. Есепке алу және есептiлiк тәртiбi 3. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік кiтапханалар мен мемлекеттiк мұражай-қорықтар ұсынатын тауарларға және қызметтер көрсетуге тарифтердi табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi мемлекеттiк (уәкiлеттi) органның келiсiмi бойынша мәдениет саласындағы Қазақстан Республикасының уәкiлеттi орталық атқарушы органы; табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi аумақтық органдардың келiсiмi бойынша жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер - аумақтық мәдениет органдары бекiтедi. 4. Мемлекеттiк мекемелер қызметтер көрсетудi сатудан алатын қаражат мемлекеттiк мекеменiң "Ақылы қызметтерден түскен қаражат" ағымдағы шотына есепке алынады және қатаң түрде мақсатына сай жұмсалады, бюджет қаражатына иелiк ету құқығы берiлген мемлекеттік мекеменiң басшысы оларға иелiк етушi болып табылады. 5. Қызметтер көрсетудi сатудан түскен қаражатты есепке алу мен, оның есептiлiгі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 6. Қызметтер көрсетудi сатудан түскен қаражатты жұмсау үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлейтiн тәртiппен шығыстар сметасы жасалады және бекiтiледi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |