|
|
|
Осы редакция ҚР Үкіметінің 19.08.03 ж. N 828 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кіріс туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 404 қаулысы Мемлекеттік меншікті басқарудың тиімділігін арттыру мен республикалық бюджеттің кіріс бөлігін толтыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Мыналар: 1) осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген акционерлік қоғамдар - ұлттық компаниялар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен дамудың орташа мерзімді жоспарларына сәйкес акцияларға, оның ішінде акциялардың мемлекеттік пакетінде дивидендтердің есептелуін жүзеге асырады және оларды акционерлерге, оның ішінде акционерлердің жылдық жалпы жиналысы анықтайтын мерзімдерде, не бірден бір акционер ретінде шешім қабылдау құқығы бар мемлекеттік органның шешімімен республикалық бюджетке аударады; 2) осы қаулыға 2-қосымшада көрсетілген қорғаныс мақсатындағы өнімдер өндіруді жүзеге асыратын, акциялары республикалық меншіктегі акционерлік қоғамдар мен осы қаулыға 3-қосымшада көрсетілген мерзімді баспасөз басылымдарын шығаруды жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі акционерлік қоғамдар таза кірістің 10 (он) пайызын дивидендтерді төлеуге жұмсайды; 3) осы қаулыға 1,2 және 3-қосымшаларда көрсетілмеген акционерлік қоғамдар мен мемлекеттік қатысу үлесі бар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер дивидендтер мен таза кірістің бөлігін есептеу және аудару акционерлердің, қатысушылардың жылдық жалпы жиналысының шешіміне сәйкес жүзеге асырылады. 2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі мен Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Қорғаныс өнеркәсібі комитеті осы қаулыға 2 және 3-қосымшаларда көрсетілген акционерлік қоғамдардың иеленуінде қалған таза кірістің бір бөлігін олардың материалдық-техникалық базасын дамытуға және жетілдіруге жұмсалуын қамтамасыз етеді деп белгіленсін. 3. Осы қаулыға 1, 2 және 3-қосымшаларда көрсетілмеген акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде мемлекеттік қатысу үлесін иелену құқығы мен пайдалануды жүзеге асыратын министрліктер мен ведомстволар белгіленген тәртіппен дивидендтер және қатысу үлесінен табыстарға таза кірістің кемінде 50 (елу) пайызын жұмсау және оларды уақытылы аудару үшін акционерлердің, қатысушылардың жылдық жалпы жиналысын өткізу кезінде барлық қажетті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін. 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің: 1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістің мәселелері туралы" 1999 жылғы 13 тамыздағы N 1159 (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 40, 356-құжат); 2) "Мерзімді баспасөз басылымдарын шығаруды жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншік иелігіндегі акционерлік қоғамдарда дивидендтерді есептеу мәселелері туралы" 2001 жылғы 28 қазандағы N 1367 (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 36-37, 477-құжат) қаулыларының күші жойылды деп танылсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 404 қаулысына 1-қосымша Ұлттық компаниялардың тізбесі 1. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" ЖАҚ 2. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" ЖАҚ 3. "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ЖАҚ 4. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" ЖАҚ 5. "Қазатомпром" ұлттық атом компаниясы" ЖАҚ 6. "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ 7. "Қазақтелеком" ААҚ 8. "Эйр Қазақстан" ЖАҚ 9. "Қазпочта" ААҚ 10. "Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания" ААҚ 11. "Қазақ ақпарат агенттігі (Қазақпарат) ұлттық компаниясы" ААҚ 12. "Астана халықаралық әуежайы" ЖАҚ 13. "Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы" (Kazakhstan engineering) ААҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 404 қаулысына 2-қосымша Қорғаныс мақсатындағы өнімдер өндірісін жүзеге асыратын, акциялары мемлекеттік меншікте болып табылатын акционерлік қоғамдардың тізбесі 1. "С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты" ААҚ (Алматы қаласы) 2. "ЗИКСТО" ААҚ (Петропавл қаласы) 3. "Зенит" Орал зауыты" ААҚ (Орал қаласы) 4. "Металлист" Орал зауыты" ААҚ (Орал қаласы) 5. "Омега" ААҚ (Орал қаласы) 6. "Гидроприбор ҒЗИ" ААҚ (Орал қаласы) 7. "Шельф" ААҚ (Атырау қаласы) 8. "Тыныс" ААҚ (Көкшетау қаласы) 9. "Наука-Восток" ААҚ (Көкшетау қаласы) 10. "Петропавл ауыр машина жасау зауыты" ААҚ (Петропавл қаласы) 11. "С.М. Киров атындағы ӨБ зауыты" ААҚ (Петропавл қаласы) 12. "Семей машина жасау зауыты" ААҚ (Семей қаласы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 404 қаулысына 3-қосымша Мерзімді баспасөз басылымдарын шығаруды жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі акционерлік қоғамдардың тізбесі 1. "Жас өркен" ААҚ 2. "Қазақ газеттері" ЖАҚ 3. "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" ААҚ 4. "Казахстанская правда" республикалық газеті" ААҚ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |