|
|
|
Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кіріс туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 404 қаулысы (ҚР Үкіметінің 19.08.03 ж. N 828; 30.09.03 ж. N 1002; 20.03.04 ж. N 364; 29.05.04 ж. N 599;11.08.04 ж. N 840 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция 2005 ж. 28 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Мемлекеттік меншікті басқарудың тиімділігін арттыру мен республикалық бюджеттің кіріс бөлігін толтыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 19.08.03 ж. N 828 (бұрынғы ред. қара); 30.09.03 ж. N 1002;29.05.04 ж. N 599; 11.08.04 ж. N 840 қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді 1. Мыналар: 1) осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген акционерлік қоғамдар - ұлттық компаниялар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен дамудың орташа мерзімді жоспарларына сәйкес акцияларға, оның ішінде акциялардың мемлекеттік пакетінде дивидендтердің есептелуін жүзеге асырады және оларды акционерлерге, оның ішінде акционерлердің жылдық жалпы жиналысы анықтайтын мерзімдерде, не бірден бір акционер ретінде шешім қабылдау құқығы бар мемлекеттік органның шешімімен республикалық бюджетке аударады; 2) осы қаулыға 2-қосымшада көрсетiлген стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншiктегi акционерлiк қоғам мен осы қаулыға 3-қосымшада көрсетiлген мерзiмдi баспасөз басылымдарын, теле-, радиобағдарламаларды шығаруды жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншiктегi акционерлiк қоғамдар таза кiрiстiң 10 (он) пайызын дивидендтердi төлеуге жұмсайды; 2-1) Ауыл кредит серіктестіктеріне кредит беруді жүзеге асыратын және ауыл кредит серіктестіктерінің жарғылық капиталына қатысатын акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі "Аграрлық кредит корпорациясы" акционерлік қоғамы резервтік капитал толық қалыптасқанға дейін қоғамның жарғылық капиталынан 10 пайыз мөлшерде акциялардың мемлекеттік пакеті бойынша дивидендтерді төлеуден босатылады; 3) осы қаулыға 1, 2, 3 және 4-қосымшаларда көрсетілмеген акционерлік қоғамдар мен мемлекеттік қатысу үлесі бар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер дивидендтер мен таза кірістің бөлігін есептеу және аудару акционерлердің, қатысушылардың жылдық жалпы жиналысының шешіміне сәйкес жүзеге асырылады. 4) осы қаулыға 4-қосымшада көрсетiлген Қазақстан Республикасында тiркелген дипломатиялық корпусқа қызмет көрсетудi жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншiктегi акционерлiк қоғам таза кiрiстiң 20 (жиырма) пайызын дивидендтердi төлеуге жұмсайды деп белгiленсiн; ҚР Үкіметінің 19.08.03 ж. N 828 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара); ҚР Үкіметінің 30.09.03 ж. N 1002; 20.03.04 ж. N 364 қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді 2. Қазақстан Республикасының Ақпарат, Индустрия және сауда, Сыртқы iстер министрлiктерi осы қаулыға 2, 3 және 4-қосымшаларда көрсетiлген акционерлiк қоғамдардың иеленуiнде қалған таза кірiстiң бiр бөлiгiн олардың материалдық-техникалық базасын дамытуға және жетiлдiруге жұмсауды қамтамасыз етсiн. ҚР Үкіметінің 30.09.03 ж. N 1002 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді 3. Осы қаулыға 1, 2, 3 және 4-қосымшаларда көрсетілмеген акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде мемлекеттік қатысу үлесін иелену құқығы мен пайдалануды жүзеге асыратын министрліктер мен ведомстволар белгіленген тәртіппен дивидендтер және қатысу үлесінен табыстарға таза кірістің кемінде 50 (елу) пайызын жұмсау және оларды уақытылы аудару үшін акционерлердің, қатысушылардың жылдық жалпы жиналысын өткізу кезінде барлық қажетті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін. 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің: 1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістің мәселелері туралы" 1999 жылғы 13 тамыздағы N 1159 (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 40, 356-құжат); 2) "Мерзімді баспасөз басылымдарын шығаруды жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншік иелігіндегі акционерлік қоғамдарда дивидендтерді есептеу мәселелері туралы" 2001 жылғы 28 қазандағы N 1367 (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 36-37, 477-құжат) қаулыларының күші жойылды деп танылсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 404 қаулысына 1-қосымша Ұлттық компаниялардың тізбесі 1. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" ЖАҚ 2. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" ЖАҚ 3. "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ЖАҚ 4. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" ЖАҚ 5. "Қазатомпром" ұлттық атом компаниясы" ЖАҚ 6. "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ 7. "Қазақтелеком" ААҚ 8. "Эйр Қазақстан" ЖАҚ 9. "Қазпочта" ААҚ 10. "Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания" ААҚ 11. "Қазақ ақпарат агенттігі (Қазақпарат) ұлттық компаниясы" ААҚ 12. "Астана халықаралық әуежайы" ЖАҚ 13. "Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы" (Kazakhstan engineering) ААҚ ҚР Үкіметінің 19.08.03 ж. N 828 қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 404 қаулысына 2-қосымша Стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншiктегi акционерлiк қоғам "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" ААҚ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 404 қаулысына 3-қосымша ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 29 мамырдағы N 599 қаулысымен 3-қосымша өзгертілді Мерзімді баспасөз басылымдарын, теле-, радиобағдарламаларды шығаруды жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі акционерлік қоғамдардың тізбесі 1. "Жас өркен" ААҚ 2. "Қазақ газеттері" ЖАҚ 3. "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" ААҚ 4. "Казахстанская правда" республикалық газеті" ААҚ 5. "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 404 қаулысына 4-қосымша ҚР Үкіметінің 30.09.03 ж. N 1002 қаулысымен 4-қосымшамен толықтырылды Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық корпусқа қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі акционерлік қоғам "Дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету жөніндегі басқарма" ЖАҚ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |