|
|
|
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң кейбір мәселелерi (2014.12.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2003 жылғы 23 желтоқсандағы № 1255 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау жөніндегі комитетi (бұдан әрi - Комитет) құрылсын. 2. Қоса берілiп отырған: 1) ҚР Үкіметінің 2005.22.06. № 607 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекiтілсiн. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2005.22.06. № 607 қаулысымен ереже күшін жойды (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 3 наурыздағы № 261 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар 1. ҚР Үкіметінің 2005.22.06. № 607 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 2. ҚР Үкіметінің 2014.12.12. № 1315 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 3. «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған басым iс-шараларының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 2 ақпандағы № 176 қаулысында: 1) 2 және 3-тармақтардағы «Әділет министрлігінiң Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес» деген сөздер «Iшкi iстер министрлігінiң Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 4-тармақ алынып тасталсын; 3) көрсетілген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасында нашақорлыққа қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған басым iс-шараларының жоспарында: «ӘдМ НЕҚК», «ДСА» және «МAКM» деген сөздер «IIМ», «ДСМ» және «Ақпаратминi» деген сөздермен ауыстырылсын.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |