Салық мiндеттемесін орындау бойынша салық қызметінің органдары
ҚР Қаржы Министрлігі Салық комитеті төрағасының 2007.11.03. № 133 Бұйрығымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 31-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған хабарламалардың нысандары бекітілсін: 1) салық органы есептеген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасы туралы; 2) салық тексеруінің нәтижесi бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң және өсімпұлдардың сомасы туралы; 3) мерзiмiнде орындалмаған салық мiндеттемесін орындауды қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шаралар туралы; 4) салық берешегiн мәжбүрлеп өндiрiп алуға қабылданатын шаралар туралы; 5) өндіріп алуды дебиторлардың банктiк шоттарындағы ақшаға айналдыру туралы; 6) камералдық бақылаудың нәтижесi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы; 7) салық төлеушiнiң шағымын қараудың нәтижесi бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң және өсімпұлдардың есептелген сомасы туралы; 8) салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы. 2. Күші жойылды деп танылсын: 1) «Салықтық мiндеттемелердi орындау жөніндегі салық қызмет органдары хабардар етулерiнiң нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 28 қазандағы № 1466 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 2001 жылы 13 желтоқсанда № 1696 болып тіркелген, 2002 жылы наурызда № 11 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдары нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған) бұйрығы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|