Салықтық мiндеттемелердi орындау жөніндегі салық қызмет органдары ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 23.12.04 ж. № 660 бұйрығымен күші жойылды "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 31-бабын iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берiлiп отырған хабардар ету нысандары бекітілсiн: 1) салық органы есептеген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасы туралы; 2) салықтық тексерудiң нәтижелерi бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, өсiмақылардың және айыппұлдардың сомасы туралы; 3) ҚР ҚМ СК Төрағасының 16.06.04 ж. № 300 бұйрығымен алынып тасталды (бұр. ред. қара) 4) мерзiмiнде орындалмаған салықтық мiндеттеменi орындауды қамтамасыз ету жөнiнде қабылданатын шаралар туралы; 5) салық берешегiн мәжбүрлi өндiрiп алуға қабылданатын шаралар туралы; 6) дебиторлардың банктiк шоттарындағы ақшаны өндiрiп алудың айналымы туралы; 7) камералдық бақылаудың нәтижелерi бойынша анықталған жолсыздықтарды жою туралы; 8) салық төлеушiнiң шағымдарын қараудың нәтижелерi бойынша салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, өсiмақылардың және айыппұлдардың есептелген сомасы туралы; 9) салық заңнамасының жолсыздықтарын жою туралы. 2. Заң департаментi осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне мемлекеттік тiркеуге жiберсiн. 3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|