Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және Осы редакция ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы 2002 жылғы 28 тамыздағы № 931 Жарлығына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 7 қазандағы № 1096 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң құрылымы; 3) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi; 4) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерістер мен толықтырулар бекiтілсін. 2. Мыналар: 1) 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң ормандарды және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерi (бұдан әрі Мекемелер) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын олардың ұйымдық-құқықтық нысанын, функциялары мен өкiлеттiктерiн сақтау шартымен, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншiкке беру құқығынсыз облыстардың коммуналдық меншігіне; 2) "Солтүстiк Каспий биоресурстарды қорғау жөніндегі аймақтық мекемесi" және "Балқаш биоресурстарды қорғау жөніндегі аймақтық мекемесi" мемлекеттік мекемелерi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң қарауына; 3) Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Қызыл жиде" республикалық мемлекеттік табиғат қорғау мекемесi" мемлекеттік мекемесi Алматы облысының коммуналдық меншiгiне берiлсiн. 3. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Жасыл Аймақ" республикалық мемлекеттік кәсiпорны оған Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Ақмола ормандарды және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi" мемлекеттік мекемесiн қосу жолымен; 2) "Ақсу Жабағылы" мемлекеттік табиғи қорығы" мекемесi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Ақсу Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттік мекемесi етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 4. Мына мемлекеттік мекемелер: 1) Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Сандықтау ормандарды және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi" Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Сандықтау оқу-өндiрiстiк орман шаруашылығы"; 2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Талдықорған аудандық аумақтық басқармасы" "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Ескелдi аудандық аумақтық басқармасы" болып қайта аталсын. 5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі және Қаржы министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) облыс әкiмдерiмен бірлесiп, 1-қосымшада көрсетiлген мемлекеттік мекемелердi қабылдау-беру жөнiнде қажеттi ұйымдастыру iс-шараларын жүзеге асырсын; 2) Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен бірге "Солтүстiк Каспий биоресурстарды қорғау жөніндегі аймақтық мекемесi" және "Балқаш биоресурстарды қорғау жөніндегі аймақтық мекемесi" мемлекеттік мекемелерiн қабылдау-беру және Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттік бақылау облыстық аумақтық басқармаларын қайта ұйымдастыру жөнiнде қажеттi ұйымдастыру iс-шараларын жүзеге асырсын. 6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, облыстардың әкiмдерi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шараларды қабылдасын. 7. 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2002 жылғы 22 қарашадағы № 1239 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің құзыретi шегiнде орман және аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады. Комитеттің аумақтық органдары - облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармалары бар. 2. Комитет өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкіметінiң кесімдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегi бланкiлерi, сондай-ақ бюджеттiң атқарылуы жөнiндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнде және банктерде шоттары болады. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi. Комитеттiң, егер оған заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 4. Комитеттiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. 5. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 31. 6. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті" мемлекеттік мекемесi. 7. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады. 8. Комитеттi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Комитетке өз функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру жөніндегі құқықтар берілген жағдайда, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберіледi. 2. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi, функциялары және құқықтары 9. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi: 1) орман және аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерi жөніндегі мемлекеттік саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу; 2) орман және аңшылық ресурстарын, өсiмдiктер және жануарлар дүниесiнiң өзге де ресурстарын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану саласында мемлекеттік реттеу; 3) орман ресурстарының және жануарлар дүниесi ресурстарының қорғалуын, өсiмiнiң молайтылуын және пайдаланылуын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйiн және қызметiн мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 4) өсiмдiктер және жануарлар дүниесiнiң, үлгілік, бірегей және сирек ландшафттардың биологиялық алуан түрлілiгiн сақтау болып табылады. ҚР Үкіметінің 18.07.03 ж. № 714 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 02.10.03 ж. № 1018 қаулысымен 10-тармақ толықтырылды 10. Комитет өз құзыретi шегiнде заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды: 1) нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеуге қатысады және әзiрлейдi; 2) мемлекетаралық экономикалық байланыстардың басым бағыттарын жасауға қатысады, орман және аңшылық шаруашылығына, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға инвестицияларды тартуға және пайдалануға жәрдемдеседi; 3) орман заңнамасы, жануарлар дүниесi және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңнама талаптарының сақталуын бақылау мен қадағалауды; 4) кеспеағаш есебiн бекiтедi; 4-1) мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөніндегі қызметтi лицензиялауды жүзеге асырады; 5) орман шаруашылығы, жануарлар дүниесiн (балық ресурстарынан және басқа да су жануарларынан басқа) қорғау, олардың өсiмiн молайту және пайдалану, аңшылық шаруашылығын жүргiзу саласындағы ғылыми зерттеулердi және жобалау-iздестiру жұмыстарын ұйымдастырады; 6) орман орналастыруды, аң аулауды экономикалық жағынан зерттеудi және шаруашылықаралық аң аулау жерлерiн орналастыруды, орман қорының мемлекеттік есебiн, орман мониторингiн, мемлекеттік орман кадастрын және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, сирек және құрып кету қаупi төнген жануарлар және өсімдіктер дүниесi түрлерiнiң кадастрларын жүргiзудi, Қызыл Кiтапты шығаруды; 7) жануарлардың (балық ресурстарынан және басқа да су жануарларынан басқа) мемлекеттік есебiн ұйымдастыруды және жануарлар дүниесiнiң (балықтан және басқа да су жануарларынан басқа) мемлекеттік кадастрын жүргiзудi; 8) өзiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға басшылық етедi, оларда заңнамада көзделген барлық қажеттi iс-шараларды жүргiзудi қамтамасыз етедi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желiсiн дамыту жөнiнде ұсыныстар дайындайды; 9) өсiмдiктер және жануарлар дүниесi ресурстарын қорғауды, олардың өсiмiн молайтуды және ұтымды пайдалануды, экологиялық, аңшылық пен балық аулау туризмiн дамытуды қамтамасыз етедi; 10) орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жануарлар дүниесiн (балық ресурстарынан және басқа да су жануарларынан басқа) қорғау, олардың өсімін молайту және пайдалану, биологиялық алуан түрліліктi сақтау саласында халықаралық ынтымақтастыққа қатысады; 11) өзiне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 11. Комитет негiзгi мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшiн өз құзыретi шегiнде заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) Қазақстан Республикасының аумағында мiндеттi күші бар нормативтiк құқықтық кесiмдердi шығаруға; 2) өзiнiң қарауындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың мемлекеттік басқару органы болуға; 3) ормандарды қорғау, күзету, өсіру және Қазақстан Республикасының орман қорының барлық аумағында орманды пайдалану жөніндегі жұмыстар мен iс-шаралардың барлық түрлерiн тексерудi, сондай-ақ орман шаруашылығын жүргiзуге және орманды пайдалануды жүзеге асыруға байланысты емес жұмыстарды ормандарда жүргізудің белгiленген тәртібінiң сақталуын қадағалауды жүзеге асырады; 4) орман шаруашылығын жүргізу, орманды пайдалану, ормандарды өсiру, қорғау және күзету ережелерiн, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнаманы бұзушылықтарды жою туралы орындау үшiн мiндеттi нұсқауларды беруге; 5) ормандарды пайдалану, өсiру, қорғау және күзету ережелерiн бұзған кезде бекітілген ормандарды және кеспеағаш қорын пайдалану құқығын тоқтату және өзгерту туралы тыйым салуға және ұсыныстар енгізуге; 6) Қазақстан Республикасының аумағында тұратын немесе оған келушi азаматтардан, лауазымды тұлғалардан жануарлар дүниесiн пайдалануда белгiленген ережелер мен нормалардың, тыйым салулар мен шектеулердің сақтауын талап етуге, бұзушылықтарды тоқтату туралы орындау үшiн мiндеттi нұсқауларды беруге; 7) жануарлар дүниесiн өз бетінше пайдалануды тоқтатуға, оларды жүргiзу кезiнде жануарлар дүниесiн қорғау, олардың өсiмiн молайту және пайдалану жөніндегі ережелер, нормалар және өзге де талаптар бұзылатын жұмыстарды тоқтатуға; 8) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан өзiнiң функцияларын орындау үшiн қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға; 9) өсiмдiктер және жануарлар дүниесiн, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалануға рұқсат бepугe және шарттар жасасуға; 10) аңшылық билетiн беруге; 11) Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға; 12) Қазақстан Республикасының Үкіметіне: ормандарды қорғалу топтарына және санаттарына жатқызу және оларды бір топтан немесе санаттан екiншiсiне ауыстыру; өсiп тұрған сүрек үшiн, жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшін төлемдердiң ставкалары; жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған лимиттер мен квоталар жөнiнде ұсыныстар енгізуге; 13) тиiстi мемлекеттік органдарға: аңшылық шаруашылығын жүргiзу құқығын беру және аң аулау алқаптарын бекітiп беру; аңшылық атыс қаруы мен оларға оқ-дәрiлердi әкелу мен әкетуге рұқсаттар беру жөнiнде ұсыныстарды енгізуге; 14) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар. 12. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады. Комитеттiң мүлкi мемлекет берген мүлiктiң есебiнен құралады және негiзгi мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Комитеттiң теңгерiмiнде көрсетiлген өзге де мүлiктен тұрады. 13. Комитетке бекiтіліп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады. 14. Комитеттің өзiне бекітіліп берiлген мүлiктi өз бетінше иелiктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. Комитетке заңнамада белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн. 4. Комитеттің қызметін ұйымдастыру 15. Комитеттi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады. Төрағаның оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екi орынбасары, оның iшiнде бір бірiншi орынбасары болады. 16. Төраға Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген мiндеттердің орындалуы мен өз функцияларының жүзеге асырылуы үшін жеке жауап бередi. 1) Комитеттiң қызметкерлерiн, Комитеттiң аумақтық органдары мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 2) өз орынбасарларының, Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдары мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдары басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгiлейдi; 3) заңнамада белгiленген тәртіппен Комитеттiң қызметкерлерiн, Комитеттiң аумақтық органдары мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының басшыларын көтермелейдi және оларға тәртiптiк жаза қолданады; 4) бұйрықтарға қол қояды; 5) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi, сондай-ақ өз құзыретiнiң шегiнде Комитетке ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің ережелерiн бекiтедi; 6) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi; 7) заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 18. Комитет қабылдайтын шешiмдер Комитет төрағасының бұйрықтарымен ресiмделедi. 5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату 19. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Үкіметінiң 2002 жылғы 22 қарашадағы № 1239 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң құрылымы Басшылық Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы реттеу және бақылау басқармасы Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу және бақылау басқармасы Қаржы және ұйымдық жұмыс бөлiмi Үкіметінiң 2002 жылғы 22 қарашадағы № 1239 қаулысымен бекітілген ҚР Үкіметінің 22.01.03 ж. № 75; 23.02.04 ж. № 213; 01.03.04 ж. № 249 қаулыларымен тізбе өзгертілді Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың ТIЗБЕСI 1. "Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттік мекемесi 2. "Алматы мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттік мекемесi 3. "Ақсу Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттік мекемесi 4. "Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттік мекемесi 5. "Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттік мекемесi 6. "Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттік мекемесi 7. "Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттік мекемесi 8. "Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттік мекемесi 9. "Үстiрт мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттік мекемесi 10. "Алтынемел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркi" мемлекеттік мекемесi 11. "Баянауыл мемлекеттік табиғи паркi" мемлекеттік мекемесi 12. "Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркi" мемлекеттік мекемесi 13. "Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркi" мемлекеттік мекемесi 14. "Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркi" мемлекеттік мекемесi 15 "Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркi" мемлекеттік мекемесi 16. "Қазақ мемлекеттік республикалық ағаш тұқымы мекемесi" мемлекеттік мекемесi 17. "Сандықтау оқу-өндiрiстiк орман шаруашылығы" мемлекеттік мекемесi 18. Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақ мемлекеттік орман шаруашылығын жобалау жөніндегі жобалау-iздестіру институты" республикалық мемлекеттік кәсiпорны 19. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Жасыл Аймақ" республикалық мемлекеттік кәсiпорны 20. "Қазақ орман орналастыру кәсiпорны" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны 21. "Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 22. Алматы орман селекциялық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны 23. "Көкшетау орман селекциялық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны 24. "Охотзоопром" ӨБ" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны 25 "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты мемлекеттік мекемесi 26 "Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты мемлекеттік мекемесi 26-1. "Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттік мекемесi 27. Бөкeбaй ормандарды және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi 28. Долон ормандарды және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi 29. Жаңасемей ормандарды және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi 30. Канонер ормандарды және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi 31. Морозов ормандарды және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi 32. Новошульба ормандарды және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi 33. Семей ормандарды және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегі мемлекеттік мекемесi 34. Жарма ормандарды және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi 35. Бесқарағай ормандарды және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi 36. Шалдай ормандарды және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi 37. "Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесі Үкіметінiң 2002 жылғы 22 қарашадағы № 1239 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгізiлетiн өзгерістер мен толықтырулар 1. "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат) мынадай өзгерістер: көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тізбесiнде: "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі" деген бөлiм: мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 44-87, 44-88, 44-89, 44-90, 44-91, 44-92, 44-93, 44-94, 44-95, 44-96, 44-97, 44-98, 44-99, 44-100, 44-101-жолдармен толықтырылсын:
|