Электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді Осы редакция Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1175 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған: Электр энергиясын пайдалану ережесі; Жылу энергиясын пайдалану ережесі; Коммуналдық қызмет көрсетулерді ұсыну ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі бұрын қабылданған нормативтік құқықтық кесімдерді осы қаулыға сәйкес келтірсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2000 жылғы 7 желтоқсандағы № 1822 қаулысымен бекітілген Электр энергиясын пайдалану ережелері 1. Жалпы ережелер 1. Осы ереже энергия өндiретiн, энергиямен жабдықтайтын және энергия беретiн ұғымдардың энергияны тұтынушылармен арадағы қарым-қатынасын және рыноктағы қуатты айқындайды. 2. Тұрмыстық тұтынушылар мен кондоминиум объектілерін энергиямен жабдықтауға байланысты мәселелер коммуналдық қызмет көрсету ережелерiмен реттеледi. Коммуналдық қызмет көрсету ережелерiнде қамтылмаған, тұрмыстық тұтынушылар мен кондоминиум объектілерін энергиямен жабдықтауға байланысты мәселелер осы Ереженiң тиiстi баптарымен және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актілерімен реттеледi. Ереже рыноктың барлық қатысушылары үшiн, олардың меншiк нысаны мен ведомстволық бағыныштылығына қарамастан, мiндеттi. Электр қуаты мен электр энергиясы рыноктағы тауар болып табылады. 3. Ережеде қолданылатын негiзгi ұғымдар: Энергиямен қамтитын ұйымның абонентi - электр қондырғылары энергия беретiн ұйымның желiлерiне тiкелей қосылған, электр желілерiнiң баланстық бағыныштылығы жағынан онымен шекарасы бар, электр энергиясын пайдалану құқығы мен шарттары энергиямен жабдықтайтын ұйыммен шартталған тұтынушы (жеке және заңды тұлға). Авариялық бронь - электрмен үздiксiз жабдықтау объектілеріне берiлуi олар үшiн қондырғыларды сақтайтын және объектiлердiң жұмысының бұзылуын болдырмайтын, сондай-ақ апаттық, экологиялық, әлеуметтiк немесе экономикалық зардаптардың немесе адам өлiмiне жол бермейтiн ең аз қажеттi электр қуаты. Энергожүйенің электр энергиясының балансы - энергожүйедегі электр энергиясын тұтынудың, электр желiлеріндегі оның өз мұқтаждарына кететiн шығынының басқа энергожүйелерден қуаттың ағып келуiн есепке алғандағы энергожүйедегi электр энергиясын өндiру мөлшерiне сәйкестiлiгiн сипаттайтын көрсеткiштер жүйесi. Блок-станция - электр жүйесiнде жұмыс істейтiн және оның диспетчерлiк қызметiн жедел басқаратын, бірақ ведомстволық бағыныштылығы бойынша кәсiпорындар жүйесінiң қатарына кiрмейтiн электр станциясы. Электр желісінiң баланстық бағыныштылық шекарасы энергия беретiн ұйымдар мен абонент арасындағы электр желісін бөлетiн, электр желісінiң баланстық бағыныштылығы немесе шартпен айқындалатын нүкте. Тұтынушының энергоқондырғысын жүктеу кестесi - тұтынушының электр қондырғысының уақыт iшіндегі қисық өзгеруi. Технологиялық бронь - технологиялық процестердi аяқтау үшiн тұтынушыға қажеттi қуаты. Шартты қуат - энергиямен жабдықтаушы ұйымның энергиямен қамтуы шегiне жеткен кезеңдегi абоненттің электрмен жабдықтаушы ұйыммен келісілген есептiк сағаттық қуаты. Есепке алудың бақылау құралы - көрсеткіштерi негiзiнде сол желi нүктесіндегі бақылау үшiн пайдаланылатын электр энергиясының шығыны айқындалатын есепке алу құралы. Энергоқондырғының (энергоқондырғылардың топтары) жүктеме шегi - энергоқондырғының тұтынушыны (энергоқондырғылардың топтары) белгiленген уақыт аралығында жабдықтауының барынша мәнi. Ескерту: белгiленген уақыт аралығына күн, апта, ай, жыл алынады. Энергожүйенiң жүктеме шегi - белгiлi бір уақыт кезеңiнде энергожүйенi белсендi түрде жүктеудiң барынша жоғары мәнi. Электр қондырғыларының қуаты (электр қондырғылардың топтары) - электр қондырғылардың (электр қондырғы тобының) электр энергиясын қабылдаушыларға, электр желiлеріндегі шығынды қосқанда, сол уақыт ішінде беретiн барлық белсендi қуаты. Үздiксiз электрмен жабдықтау объектiлерi (ҮЭО) - технологиялық себептермен байланысты үздiксiз электрмен жабдықтауды керек ететiн шаруашылық инфрақұрылымның объектілерi, оларды ажыратып тастау адам өлiмiне, өмiршең объектiлердiң жұмысының бұзылуына, апаттық экологиялық, әлеуметтiк немесе экономикалық зардаптарға әкелiп соғады. Жергiлiкті мәндегi үздiксiз электрмен жабдықтау объектiлерi тiзбесiн облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi бекiтетiн, және авариялық бронь мөлшерiнде электр энергиясын берiп отыру үшiн төлемдi жергiлiктi бюджеттің есебінен жүзеге асырылатын мемлекеттік нысандағы үздiксiз электрмен жабдықтау объектiлерi. Республикалық мәндегi үздiксiз электрмен жабдықтау объектілерi тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiтетiн, авариялық бронь мөлшерiнде электр энергиясын берiп отыру үшiн төлемдi республикалық бюджеттің қаражаты есебiнен оларға электр энергиясын тұтыну бойынша шығыстарға арналып бөлiнген сома шегiнде министрлiктер мен ведомстволар бюджеттік бағдарламалар әкiмшілiктерi жүзеге асыратын мемлекеттік нысандағы үздіксiз электрмен жабдықтау объектiлерi. Электр энергетикасы объектiлерi - электр қуаты мен электр энергиясын өндiруге, беруге, бөлуге арналған электр станциясы, қосалқы станция, электр өткізу желiлерi. Ақырғы есеп - пайдаланылған электр энергиясы мен қуаты үшiн есептесу мерзiмiнiң бiтуiне қарай абонентпен есептесу. Кондоминиум объектiсiн басқару органы - бөлме (пәтер) меншiк иелерiнің кооперативi, тұрғын үй, тұрғын үй - құрылыс кооперативтерi және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн осындай ұйымдардың басқа да нысандары. Төлем құжаты - энергиямен жабдықтайтын ұйымның немесе абоненттiң есеп шотына ақшалай қаражатты аударуға негiз болатын төлем талабы, төлем тапсырмасы, төлеу туралы есеп, абоненттiк кiтапша, сондай-ақ қолма-қол төлеу жүзеге асырылатын шақыру қағазы. Тұтынушы - электр энергиясын шарттық негiзде пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға. Тұтынушы-жүктеменi реттеушi - жұмыс режимi энергетикалық жүйенi немесе электр станциясын энергиямен жабдықтау кестесiн теңестiру және ең аз сағатта жабдықтау мөлшерiн көбейту үшiн максимум сағат iшiнде электр тұтынуды шектеу мүмкiндiгiн қарастыратын электр энергиясын тұтынушы. Коммерциялық есеп жүргiзу аспабы (есеп жүргiзудiң есептеу құралы) электр қуатын, электр және жылу энергиясын коммерциялық тұрғыда есептеуге арналған, белгіленген тәртiппен пайдалануға рұқсат етiлген техникалық қондырғы. Электр энергиясын қабылдаушы - электр энергиясын қабылдау және пайдалану үшiн арналған қондырғы немесе құрал. Тұтынушының электр қондырғыларының жалғанған қуаты - электр желiлерiне тікелей жалғанған трансформаторлар мен электр энергиясын тұтынушының қабылдағыштарының атаулы қуаттарының сомасы. Аралық есеп - есептеу мерзiмi ішіндегi пайдаланылған электр энергиясы мен қуатына абоненттің ішінара ақы төлеуi. Есептеу кезеңi - абонент пайдаланған электр энергиясы мен қуат үшiн ақы төленуi және ескерiлуi тиiс уақыт кезеңi. Реттеушi орган - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағаны (тарифтi) мемлекеттік реттеудi жүзеге асыратын өкiлетті мемлекеттік орган. Сараптама ұйымы - электр энергетикасы және энергия үнемдеу мәселелерi бойынша энергетикалық сараптаманы жүргiзу үшін белгіленген тәртiппен тiркелген ұйым. Электр энергиясының рыногы - энергия өндiрушi, энергия берушi, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен тұтынушы арасындағы шарт негiзiнде жұмыс iстейтiн, электр қуаты мен электр энергиясын сатып алу-сату және беру жөніндегі қарым-қатынастар жүйесi. Электр тұтыну құрылымы - бүкiл электр тұтынуды тұтынушылардың тұрпаты бойынша үлеспен бөлу. Энергиямен жабдықтаушы ұйымның қосалқы абонент - энергиямен жабдықтаушы ұйым абонентiнiң электр желiсіне тiкелей жалғанған тұтынушы. Электр энергиясына тариф - пайдаланылған электр энергиясына ақы алу үшiн белгіленген ставкалардың жүйесi. Электр энергиясы шығынын есепке алу нүктесi - электрмен жабдықтау схемасының нүктесi, мұнда өлшеуiш құралдың (есептеу құралы, есепке алу жүйесi және т.б.) көмегiмен немесе басқа да тәсiлмен коммерциялық есептер кезiнде пайдаланылатын электр энергиясы мен қуат шығынының мәнi айқындалады. Есепке алу нүктесi, әдетте, электр желісінiң баланстық бағыныштылық шекарасына сәйкес келуi тиiс және энергиямен жабдықтау мен электр энергиясын тасымалдауға жасалған шартта көрсетiлуi тиiс. Электр қондырғылардың белгiленген қуаты - техникалық шарттарға немесе жабдыққа берiлген төлқұжатқа сәйкес электр қондырғы демалмастан ұзақ жұмыс iстейтiн барынша белсендi электр қуаты. Электр қондырғы - электр энергиясын өндiретiн, жасайтын, беретiн, бөлетiн, тұтынатын қондырғы. Электр энергетикасы - электр қуаты мен электр энергиясын өндiру, беру, бөлу, пайдалану саласы. Энергия берушi ұйым - өзiне қарайтын электр желiстеріне электр қуаты мен электр энергиясын беру мен бөлудi жүзеге асыратын ұйым. Энергия өндiрушi ұйым - электр энергиясын өндiрудi жүзеге асыратын ұйым. Энергияны үнемдеу - отын-энергетикалық ресурстарды тиiмдi және үнемдеп пайдалануға бағытталған қызмет (ұйымдық, ғылыми, практикалық, ақпараттық). Энергиямен жабдықтайтын ұйым - өндiрiлген немесе сатып алынған электр қуаты мен электр энергиясын тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын ұйым. 2. Электрмен жабдықтауды ұйымдастыру 4. Электр қуаты мен электр энергиясы рыногында электр энергиясын сатып алу-сату электр желiлерi және/немесе электр қондырғылары энергиямен жабдықтаушы немесе энергия берушi ұйымның электр желiлерiне жалғанған тұтынушы мен энергиямен жабдықтаушы ұйымның арасында жасалған энергиямен жабдықтау шартының негiзiнде жүзеге асырылады. 5. Электр энергиясына рыногына қатысушылардың аймақтық және/немесе жергiлiкті деңгейдегі электр еркін кірiп-шығуын қамтамасыз ету және рынок субъектiлерi арасында аталған желiлер бойынша мәмiле жасау кезіндегі қарым-қатынасты реттеу аймақтық және/немесе жергiлiкті деңгейдегi электр желiлерi бойынша электр беру ережелерi арқылы реттеледi. 6. Тұтынушы мен энергия өндiрушi, энергиямен жабдықтаушы, энергия берушi ұйымдар арасында туындайтын пiкiр қайшылықтары белгiленген тәртiппен сотта шешiледi. 7. Тұтынушының электр энергиясын пайдалануына тек қана энергиямен жабдықтаушы ұйым мен тұтынушы (абонент) арасында жасалған шарт негiзiнде жол берiледі. Шартқа тұтынушы жалғанған электр желiлерiнiң баланстық бағыныштылық жігiн бөлу, екі жақтың тұтыну жауапкершiлiктерiнiң актiсi, авариялық және технологиялық бронь актiсi және белгiленген тәртiппен жасалған басқа да құжаттар тiркеледi. 8. Электрмен жабдықтау туралы авариялық және технологиялық бронь актісi абонентпен және энергиямен жабдықтаушы ұйыммен бірлесе отырып жасалады. Тұтынушы энергиямен жабдықтаушы ұйымға авариялық және технологиялық бронь бойынша алатын электр энергиясы үшiн ақы төлеуге кепiлдiк бередi, ал энергиямен жабдықтаушы ұйым - авариялық және технологиялық бронь тiзбесiне кiретiн объектiлердi электрмен үздiксіз жабдықтауға. 9. Тараптардың келiсуi бойынша субабонент энергиямен жабдықтаушы ұйыммен энергия жабдығына бір уақытта көпжақты шартқа отыра алады, ал абонентпен - оның техникалық мүмкiндiктерi толық болған жағдайда абонент желілерi бойынша энергияны тасымалдауға. 10. Көпжақты шартта абонент пен қосалқы абоненттiң мәлiметтері: аты, қуаты, электр тұтынуы, тұтынушылардың тарификациялық топтары және басқа да мәлiметтер. Абонент техникалық мүмкiндiктерi бола тұра өз желілерi бойынша электр энергиясын тасымалдауға субабонент пен энергиямен ұйым арасында шарттың жасалуына кедергi келтiре алмайды. 11. Абонент тұтынатын электр қуатын шартта көрсетiлген мәннен (техникалық ережелерi бойынша қуат шеңберiнде) көтеру, сондай-ақ жаңа субабоненттердi қосуға тек қана энергиямен қамтамасыз етушi ұйымның рұқсатымен энергия жабдығына тиiстi өзгерістер енгiзiлгеннен кейiн ғана рұқсат етiледi. 12. Абонент өзiне қарайтын желiлерге 1000 В дейiнгi кернеудегi электр қондырғыларын шартта көрсетiлген қуат шеңберінде, энергиямен жабдықтаушы ұйымның қосымша рұқсатынсыз-ақ қоса алады, ал 1000 В жоғары болса - жалғанған қуатқа қарамастан, тек қана энергиямен жабдықтаушы ұйымның рұқсатымен ғана. 13. Тұтынушы, егер де бұл заңға қайшы келмесе, электр өндiрушi ұйыммен тiкелей электр энергиясының жеткiзiлуiне шарт жасаса алады. Мұндай жағдайда электр энергиясын энергия беретiн ұйымдардың желілерi арқылы жіберу электр энергиясын тасымалдауға арналған жекелеген шарттар негiзiнде жүзеге асырылады. 3. Тұтынушылардың электр қондырғыларын жалғауға арналған техникалық ережелер 14. Электр желісiне жаңа қуаттарды қосуға арналған техникалық ережелердi тұтынушының жазбаша өтiніш бойынша желi иелерi бередi. Тұтынушының өтiнiшiнде мыналар болуы керек: 1) салынып жатқан (қайта жөнделiп жатқан) объектiнiң толық аты және ситуациялық жоспары тiркелген мекен-жайы; 2) объектiнiң ең жоғары жүктемесi, оның сипаты - тұрақты, уақытша, маусымды; 3) жылдар бойынша электр жүктемесiн енгізу мерзімдері; 4) толық және жекелеген технологиялық қондырғылардағы электр қабылдағыштардың электр жабдықтау сенiмдiлiгi жөніндегі санаты; 5) өтiнiш жасалған қуатты негiздеу; 6) техникалық ережелердiң ықпал ету мерзiмi. 15. Электр желiлерiнiң иелерi тұтынушыдан немесе оның тапсырмасы бойынша жобалау ұйымынан өтiнiш алғаннан кейiн екi апта iшiнде қайта құрылатын немесе кеңейтiлетiн iстеп тұрған кәсiпорындарды, құрылыстарды немесе жекелеген өндiрiстердi энергиямен жабдықтауға алдын ала ережелер бередi. Алдын ала ережелер жалғанатын объектiлердiң барлық қосылғандағы қуаты 1000 кВт асқан жағдайда берiледi. 16. Объектiнi электр желiлерiне қосуға арналған алдын ала жағдайларда объектiнi қоректендiретiн әуе және кабельдiк желiлер жұмыс iстейтiн қосу нүктелерi (қосалқы станция, электр станциясы, электр өткiзгiш желiлер), кернеу, нүктелердегi кернеyдiң күтiлген деңгейi көрсетiледi. 17. Тұтынушылардың жаңа кәсiпорындарды, ғимараттарды, жекелеген өндiрiстерде немесе сырттан энергиямен жабдықтау схемасын өзгертудi қажет ететiн кеңейтiлетiн және қайта жөнделетiн пайдаланып жүрген объектiлердi энергиямен жабдықтау жөніндегі жоба шешiмдерiн келiсу тұтынушы жалғанған желiнiң иесiмен жүргiзіледi. 18. Кәсiпорындарды, ғимараттарды, құрылыстарды, олардың кезектерiн немесе жекелеген өндiрiстердi электр желiлерiне қосуға техникалық ережелердi тұтынушыға желілердің иесi құрылыс үшiн алаң бөлу туралы акт бекiтілгеннен кейiн бір ай мерзiм iшiнде бередi. 19. Қуаттың көп жұмсалуын болдырмайтын, бірақ тұтынушыны энергиямен сырттан жабдықтау схемасын өзгертетiн энергиямен жабдықтау сенiмдiлiгi жөніндегі санаттылықты қайта жөндеген немесе өзгерткен жағдайда соңғысы желiлерінiң иесiнен бұған техникалық ережелерiн алуы тиiс. 20. Электрмен жабдықтайтын ұйымның абонентiнiң желiлерiнен қоректенетiн қосалқы абоненттер, электр қондырғылар техникалық ережелердi абоненттерден алады. 21. Электр желiлерiне абоненттi қосуға арналған техникалық ережелердi мыналар көрсетiледi: 1) объектiнi қоректендiретiн әуе және кабельдiк желілер жұмыс iстейтiн қосу нүктелерi (қосалқы станция, электр станциясы, электр өткiзгiш желiлер), кернеу, нүктелердегi кернеудiң күтiлген деңгейi көрсетiледi; 2) жаңа тұтынушының пайда болуымен байланысты - сымдардың қиылысуын көбейту, трансформаторлардың қуатын ауыстыру немесе арттыру, бөлу қондырғыларының қосымша әшiкшелерiн салу және т.б.) қазiргi желiлердi күшейту жөніндегі негiзделген талаптар; 3) қысқа уақыт шалынысатын тоқты есептеу мәнi, релейлiк қорғауға, автоматикаға, телемеханикаға, байланысқа, оқшаулауға және кернеуден асып кетуден қорғауға қойылатын талаптар; 4) реактивтi қуатты өтеу электр энергиясының сапасын бақылау мен есепке алу, желiге жалғанған нүктедегi электр энергиясының сапасына тұтынушының ықпал ету дәрежесi жөніндегі, тұтынушыны энергиямен қамтудың тәулiктiк кестесiн реттеу жөніндегі талаптар; 5) субабоненттердiң, тұтынушының желiсіне жалғанған, олардың жүктемесi мен электр энергиясын тұтынуы туралы алдағы мәлiметтерi көрсетiлген тiзiмi; 6) пайдалануға рұқсат етiлген қуат; 7) техникалық ережелердiң әсер ету мерзiмi. 22. Тұтынушы объектіде құрылыс жұмысы басталғанға дейiн кәсiпорынның, ғимараттың, очередьтiң немесе жекелеген өндiрiс жобаларының тиiсті бөлiмдерi мен белгiленген тәртiппен бекітілген жұмысшы сызбаларды сараптау жүргізетін өкілетті органның арнайы рұқсаты бар, он күн мерзім ішінде қабылданған жоба шешімдерінің техникалық ережелер мен қолданылып жүрген нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкестігін тексеретін және қорытынды беретін сараптау ұйымдарын таныстырады. Жекелеген жағдайларда, егер қосымша сараптаушыларды тарту талап етілсе, аталған жобалық құжатты қарау мерзімін бір айға дейін ұзартуға болады. Абоненттен техникалық ережелерді алған қосалқы абонент энергияны өткізуші ұйыммен келісу үшін абонентке оның желілеріне кәсіпорындарды, ғимараттарды, құрылыстарды жалғауға арналған жоба құжатын көрсетеді. 23. Объект иесі өзгерген жағдайда энергиямен жабдықтауға шартты қайта жасасу қажет және техникалық ережелерді де қайта рәсімдеу керек. 24. Тұтынушы жалғанған желілердің иесі берген техникалық ережелердің орындалуы тұтынушылар мен олардың жобалау ұйымдары үшін міндетті. 25. Бұрын жұмыс істеген ұйымдардың базасында қайта құрылған және қайта құрылатын ұйымдар үшін техникалық ережелерді алу міндетті. Техникалық ережелерді беру және қайта рәсімдеу үшін ақы алынбайды. 4. Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалануға жіберу 26. Барлық қайта жалғанатын және қайта жөнделетін электр қондырғылары нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес болуы тиіс, жобалау, техникалық қабылдау-тапсыру құжаттарымен қамтамасыз етілуі тиіс. 27. Пайдалануға жіберілгенге дейін электр қондырғылар қабылдау-тапсыру сынағынан өтуі керек және оны тұтынушы монтаждау ұйымынан акт бойынша қабылдап алуы тиіс. Энергия беруші ұйымдар, тұтынушылар табылған кемшіліктерді жойғаннан және Уәкілетті органның сараптау өткізуге белгіленген тәртіппен сараптау ұйымның қорытындысын алғаннан кейін тұрақты пайдалануға тұтынушының электр қондырғыларын өздерінің электр желілеріне қосып алады. Қысым беру Мемлекеттік энергетикалық қадағалау органдарының рұқсатымен жүзеге асырылады. 28. Электр қондырғыларға маусымдық сипаттағы жұмыспен кернеу беруді техникалық тексеруден кейін желілерінің иесі жүргізеді. 29. Электр қондырғыларды пайдалануға жіберу тәртібі қосалқы абоненттердің қайта жөнделген және қайта құрастырылған қондырғыларына жүреді. 30. Электр қондырғылар меншік түріне қарамастан, тұтынушыда электр техникалық қызметші мен электр шаруашылығына жауапты тұлға және сараптау жүргізуге өкілетті органның арнайы рұқсаты бар сараптау ұйымының қорытындысы болған жағдайда ғана пайдалануға жіберіледі. Объектіні (бөлмені) жалға берген жағдайда электр шаруашылығы үшін жауапкершілік жалға беруші тарапынан электр шаруашылығына жауап беретін тұлғаға, егер шартта басқаша көзделмесе, жүктеледі. 31. Тұтынушылардың электр қондырғыларында монтаж жетіспеушілігі, жалғауға берілген техникалық ережелерден және талаптар нормативтік-техникалық құжаттардан ауытқушылық байқалса, сондай-ақ бұл қондырғылармен жұмыс істейтін қызметшілер дайындықсыз болса, оларды пайдалануға жіберуге рұқсат етілмейді. 32. Электр қондырғының иесі ауысқан жағдайда, оны жұмысқа қосуға рұқсат белгіленген тәртіппен электрмен жабдықтауға шарт жасалғаннан кейін беріледі. 5. Электр энергиясын тұтыну ережелері мен режимі 33. Барлық тұтынушыларға, меншік нысанына қарамастан, электр энергиясын жіберу жылдық, тоқсандық, айлық жоспарларға және энергиямен жабдықтауға жасалған шартқа сәйкес тұтынушыға электр энергиясын жіберудің күндік кестесіне сәйкес энергиямен жабдықтайтын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Энергиямен жабдықтаушы ұйым электр энергетикасы объектілерінің ерекше жұмыс режимін енгізу және тұтынушыларға электр энергиясын берудің Бас диспетчерлік басқармасы жүйелік оператормен бірлесіп бекіткен тәртібіне сәйкес электр энергиясы мен қуатты тұтыну кестесін өзгертуі мүмкін. 34. Шартта абоненттің өзі пайдаланатын электр энергиясының мөлшерін өзгерте алу құқығы көзделуі тиіс, сондай-ақ электр энергиясының қосымша мөлшерін беруді энергиямен қамтамасыз етумен жабдықтаушы ұйым отырғызған шығынның орнын абоненттің толтыруы тиіс екендігі айтылады. 35. Абонентте өзінің жеке электр станциясы (блок-станция) болған жағдайда энергиямен жабдықтайтын ұйымнан және блок-станция арқылы электр энергиясын өндіруден электр энергиясын жіберу шамасы көрсетіле отырып, электрді тұтынудың шарттық шамасы белгіленеді. 36. Өнеркәсіптік, оған теңестірілген тұтынушылар мен ауылшаруашылық тұтынушылар міндетті: 1) электр энергиясына деген алдағы сұранымды анықтау мақсатында бір жылға электр балансты және одан арғы болашақты құру; 2) электр желілеріндегі авариялық жағдайларда энергиямен жабдықтайтын ұйымның жүктемені азайту (ажыратып тастау) немесе белгіленген тәртіппен бекітілген энергияны тұтынуды шектеу мен ажыратып тастау кестесіне сәйкес электрді тұтынуды шектеу туралы талаптарын орындау; 3) электр желісінің баланстық бағыныштылық шекарасында энергиямен жабдықтаушы және/немесе энергия беруші ұйымдармен жасалған шарттарға сәйкес тұтынушының электр қабылдағыштарының жұмысымен байланысты электр энергиясының сапасы көрсеткіштерінің мәнін қолдау; 4) электр қондырғылардағы шартта айтылғандай реактивтік қуатты өтеу деңгейін қолдау; 5) жұмыс күндері мен демалыс күндеріне арналған электр жүктемелерінің күндік кестесін жасап, энергиямен жабдықтайтын ұйымға беру. 37. Электр энергиямен тұтынудың белгіленген шарттық режимдері бұзылған жағдайда тұтынушыларға мынадай ықпал ету шаралары қолданылады: 1) электрді тұтыну мен қуат режимдерін сақтамаған жағдайда осы ереженің 68-тармағына сәйкес электр энергиясын жіберуді мәжбүрлікпен шектеу; 2) электр энергиясы мен қуаттың бес есе құнынан аспайтын шамада тұтынушыға айыппұл салу. Қуаттың шарттық шамасы көтерілгені үшін ақы төлеу, егер де шартқа тиісті өзгерістер енгізілмесе, тұтынушыға шарттан асып кететін қуат шамасын одан әрі пайдалануға құқық бермейді; 3) Энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымның баланстық шекарасында тұтынушының кінәсінен электр энергиясының сапасы төмендеп кеткен жағдайда тарифке үстеме қосу. Үстеме жазу жасалған шартқа сәйкес әрбір сапа көрсеткіш бойынша жүргізілуі мүмкін. 6. Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі тараптардың жауапкершілігі мен міндеттемелері 38. Электр қондырғыларының иелері арасындағы электр қондырғылардың жайы мен олардың қызметі үшін жауапкершіліктің аражігі баланстық бағыныштылығымен және шартпен айқындалады және энергия жабдығы туралы шартқа тіркелетін, электр желілердің баланстық бағыныштылығы мен тараптардың пайдалану жауапкершілігін бөлетін актіде белгіленеді. 39. Кернеуі 1000 В және одан да жоғары электр қондырғылардың жағдайы мен қызметі үшін жауапкершілік аражігі мыналарға белгіленеді: 1) сырт жақтағы әуе желісінің өтпелi изоляторының жалғағышында, жабық бөлу қондырғылары мен ашық бөлу қондырғылары изоляторларының созылған портальды тізбегiнiң керiлген қысқышынан жасалған сымның шығар жерiнде; 2) жабдықтаушы және ығыстырылған желiлердiң кабельдiк немесе әуемен кірер ұшында. Бұл жерде 1) және 2) тармақшалардағы жалғағыштардың жай-күйi үшiн жауапкершiлiкті қосалқы станцияны пайдаланатын ұйым арқалайды. Дәнекерi кеткен, әртүрлi ұйымдарға жататын 1000 В жоғары кернеулi электр беретін желiлердiң жай-күйi мен қызметiне жауапкершiлiктiң аражігі дәнекерi кеткен негізгi желiнiң тіреуішінде белгiленедi. Дәнекерi кеткен жерлердi жалғастырушы қысқыштардың жайына қарамағына негізгi желi кiретін ұйым жауап бередi. Тараптардың келісімi бойынша шарт арқылы электр қондырғыларды пайдалану ерекшелiктерiмен шартталған басқа да негiзделген жауапкершiлiк аражiгі белгiленуi мүмкiн. 40. Тұтынушы мен энергиямен жабдықтаушы ұйым арасындағы 1000 В дейiнгі кернеудегі электр қондырғыларының күйi мен қызметi үшiн жауапкершiлiк аражігі мына жағдайларға байланысты белгiленедi: 1) ғимаратқа орнатылған бірiншi изолятордағы жабдықтаушы желiнi жалғайтын жерде - әуеде тармақтанғанда; 2) ғимаратқа кiрердегi жабдықтаушы кабельдiң ұштарында кабель енетiн жерде. Кондоминиум объектiсi болып табылатын үйлердегi, сондай-ақ мекемелер мен басқа да өндiрiстiк емес тұтынушыларға қарайтын үйлердегі электр желілердiң баланстық бағыныштылық шекарасындағы жалғағыштардың күйi үшiн жауапкершiлiк энергия берушi ұйымға жүктеледi. |