Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінің Жол полициясы Осы редакция 2005 ж. 22 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 24-бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы № 931 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Жол полициясы комитетi (бұдан әрi - Комитет) оның мүлiктi басқару жөніндегі функциялары мен өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігіне берiле отырып таратылсын. 2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі Жол полициясы комитетiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Жол қозғалысы қауiпсiздiгiнiң ғылыми-өндiрiстiк орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны таратылсын. 3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Комитеттiң таратылуын жүзеге асырсын; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгізілсiн: 1) "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде: "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі" деген бөлiмдегi "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінің Жол полициясы комитетi" деген кiшi бөлiм және реттік нөмiрi 461-14-жол алынып тасталсын; 2) "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 31 наурыздағы № 329 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 11, 100-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі туралы ережеде: 1-тармақтың екiншi абзацындағы "Жол полициясы комитетi" деген сөздер алынып тасталсын. 5. Мыналардың: 1) "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі Жол полициясы комитетiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 8 маусымдағы № 777 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 21, 262-құжат) 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8-тармақтарының; 2) "Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық және мелиоративтiк техниканың есебiн жүргiзу, оны мемлекеттік тiркеу және техникалық жай-күйiн тексеру мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 30 шілдедегi № 846 қаулысының 1-тармағы 2) тармақшасының күшi жойылды деп танылсын. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
ъ |