|
|
|
23-ші Халықаралық Қаржылық Есептілік Стандарты (IAS 23)
Негізгі қағидаттары 1. Белгілі бір талаптарға сай келетін активті сатып алуға, салуға немесе өндіруге тікелей қатысты қарыздар бойынша шығындар сол активтің құнының бөлігін құрайды. Басқа қарыздар бойынша шығындар шығыс ретінде танылады. Қолдану аясы 2. Осы Стандарт қарыздар бойынша шығындарды есепке алу үшін қолданылуға тиіс. 3. Осы Стандарт міндеттемелер ретінде жіктелмеген артықшылығы бар акцияларды қоса алғанда нақты жəне міндеттелмеген меншік шығындарды қарастырмайды. 4. Ұйымның осы Стандартты төмендегілерді сатып алуға, салуға немесе өндіруге тікелей қатысты қарыз шығындарына қолдануы талап етілмейді: (a) əділ құнымен бағаланған талаптарға сай актив, мысалы биологиялық актив; немесе (b) қайталанбалы түрде көп мөлшерде жасалып шығарылатын немесе басқаша өндірілетін босалқылар. Анықтамалар 5. Төмендегі терминдер осы Стандартта аталған мəндерде пайдаланылады: Қарыздар бойынша шығындар - ұйым қарыз қаражатын алуға байланысты жұмсаған пайыздық жəне басқа шығыстар. Белгілі бір талаптарға сай келетін актив - болжалды пайдалануға немесе сату үшін əзірлеу елеулі уақытты қажет ететін актив. 6. Қарыздар бойынша шығындар болуы мүкін: (a) 39 Қаржылық құралдар: Тану жəне Бағалау ХҚЕС-та (IAS) сипатталған тиімді пайыздық мөлшерлеме тəсілін қолданып есептелген пайыз бойынша шығындар; (b) [жойылған] (c) [жойылған] (d) 17 Жалдау ХҚЕС-қа (IAS) сəйкес танылған қаржылық жалдауға қатысты кредиттің толық құны; жəне (e) шетелдік валютадағы қарыздардан пайыз шығындарына түзетулер деп саналатын дəрежеде туындайтын бағамдық айырмашылықтар пайыздар төлеу жөніндегі шығындар. 7. Жағдайларға қарай, төмендегілердің кез келгені талаптарға сай активтер бола алады: (a) босалқылар (b) өндірістік зауыттар (c) электр энергиясын өндіретін станциялар (d) материалдық емес активтер (e) инвестициялық жылжымайтын мүліктер. Қысқа уақыт ішінде жасалып шығарылатын, немесе басқаша өндірілетін қаржылық активтер, жəне босалқылар талаптарға сай келетін активтер болып табылмайды. Сатып алу кезінде ниеттелген қолданысқа немесе сатуға əзір активтер де талаптарға сай келетін активтерге жатпайды. Тану 8. Белгілі бір талаптарға сай келетін активті сатып алуға, салуға немесе өндіруге тікелей қатысты қарыздар бойынша шығындар сол активтің құнына қосу жолымен капиталдандырылуға тиіс. Ұйым басқа қарыз шығындарын шығыс ретінде жұмсаған кезеңінде тануы тиіс. 9. Белгілі бір талаптарға сай келетін активті сатып алуға, салуға немесе өндіруге тікелей қатысты қарыздар бойынша шығындар сол активтің құнына кіреді. Қарыздар бойынша ондай шығындар, ұйымның болашақта экономикалық тиімділіктер алуы мүмкін жəне шығындарды сенімді түрде өлшеуге болатын жағдайларда актив құнына қосу жолымен капиталдандырылады. Ұйым 29 Гиперинфляциялық экономикаларда қаржылық есеп беру ХҚЕС-ын (IAS) қолданғанда, ол сол Стандарттың 21-тармағына сəйкес, қарыз шығындарының сол кезең ішіндегі инфляцияны өтейтін бөлігін шығыс ретінде таниды. Қарыздар бойынша капиталдандыру үшін рұқсат етілген шығындар 10. Қарыздар бойынша белгілі бір талаптарға сай келетін активті сатып алуға, салуға немесе өндіруге тікелей байланысты шығындар - тиісті активке шығындар жұмсалмаған болса, қарыздар бойынша жол бермеуге болатын шығындар. Ұйым қаражатты тек белгілі бір талаптарға сай келетін нақты активті сатып алу үшін қарызға алатын болса, сол активке тікелей байланысты қарыздар бойынша шығындарды айқын анықтауға болады. 11. Нақты қарыздар мен белгілі бір талаптарға сай келетін актив арасындағы тікелей байланысты табу жəне анықтау басқа жағдайда жол бермеуге болатын қарыздарды анықтау қиыншылық туғызуы мүмкін. Ондай қиыншылықтар, мысалы, ұйымның қаржы қызметі орталықтан үйлестірілетін кезде пайда болады. Қиыншылықтар ұйымдар тобы түрлі пайыздық мөлшерлемелер бойынша қарыз қаражатын алу үшін бірқатар қарыз міндеттемелерін пайдаланатын жəне сол қаражатты топқа кіретін ұйымдарға түрлі негіздерде қарызға беретін кезде де пайда болады. Валюта бағамдарының ауытқулары, сондай-ақ топтың шетелдік валютада көрсетілген немесе жоғары инфляция жағдайларында онымен байланыстырылған несиелерді пайдалануы жағдайды қосымша қиындатады. Соның нəтижесінде белгілі бір талаптарға сай келетін активті сатып алуға тікелей байланысты қарыз қаражатын пайдалану жөніндегі шығындар мөлшерін анықтау қиындайды жəне субъективті баға беруді қажет етеді. 12. Қаражат белгілі бір талаптарға сай келетін активті сатып алу үшін арнайы қарызға алынған шектерде қарыздар бойынша шығындардың сол активке капиталдандыру үшін рұқсат етілген сомасы осы қарыз бойынша кезең ішінде жұмсалған нақты шығындар ретінде, осы қарыз қаражатын қысқа мерзімді инвестициялаудан түсетін кез келген инвестициялық табысты шегере анықтауы тиіс. 13. Белгілі бір талаптарға сай келетін активті қаржыландыру жөніндегі уағдаластықтар ұйымның қарыз қаражатын алуына жəне сол қаражаттың бір бөлігі немесе ол түгелдей сол активке жұмсалатын шығын ретінде пайдаланылудан бұрын қарыздар бойынша оған байланысты шығындардың пайда болуына əкеліп соғуы мүмкін. Мұндай жағдайларда қаражатты ол жұмсалғанға дейін белгілі бір талаптарға сай келетін активке уақытша инвестициялауға болады. Кезең ішінде капиталдандыру үшін рұқсат етілген қарыздар бойынша шығындар сомасын анықтау кезінде сондай қаражат бойынша алынған кез келген табыс қарыздар бойынша шеккен шығындар сомасынан шегеріледі. 14. Қаражат жалпы мақсаттарда қарызға алынған жəне белгілі бір талаптарға сай келетін активті сатып алу үшін пайдаланылған шектерде қарыздар бойынша капиталдандыру үшін рұқсат етілген сома сол активке шығындарға капиталдандыру мөлшерлемесін қолдану жолымен анықталуға тиіс. Капиталдандыру мөлшерлемесі қарыздар бойынша шығындардың ұйымның кезең ішінде өтелмей қалған қарыздарына, белгілі бір талаптарға сай келетін активті сатып алу үшін арнайы алынған қарыздардан басқасына қатысты өлшенген орташа мəні болуға тиіс. Кезең ішінде капиталдандырылған қарыздар бойынша шығындар сомасы қарыздар бойынша сол кезең ішінде жұмсалған шығындар сомасынан аспауы тиіс. 15. Кейбір жағдайларда қарыздар бойынша шығындардың өлшенген орташа мəнін есептеу кезінде бас ұйым мен еншілес ұйымдардың барлық қарыздарын қосқан жөн; басқа жағдайларда əрбір еншілес ұйым үшін қарыздар бойынша шығындардың өлшенген орташа мəнін оның өз қарыздарына қатысты пайдалану дұрыс болады. Белгілі бір талаптарға сай келетін активтің қаржылық жағдай туралы есептік құнының өтелетін сомадан асып кетуі 16. Белгілі бір талаптарға сай келетін активтің қаржылық жағдай туралы есептік құны немесе болжамды түпкілікті құны өтелетін сомадан немесе сатудың ықтимал таза бағасынан асып кетсе, қаржылық жағдай туралы есептік құн басқа Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарының талаптарына сəйкес ішінара немесе толық есептен шығарылады. Белгілі бір жағдайларда ішінара немесе толық есептен шығару мөлшері сол Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына сəйкес қалпына келтіріледі. Капиталдандырудың басталуы 17. Қарыздар бойынша шығындарды белгілі бір талаптарға сай келетін актив құнының бір бөлігі ретінде капиталдандыруды ұйым белгілі бір күні бастауы тиіс. Бұл күн ұйымның келесі жағдайларға сәйкес келсе, қарыздар бойынша шығындарды капиталдандырылу күні болып есептеледі: (a) сол актив бойынша шығындар пайда болған; (b) қарыздар бойынша шығындар пайда болған; жəне (c) активті мақсаты бойынша пайдалануға немесе сатуға əзірлеу үшін қажетті жұмыстар қолға алынған кезде басталуы тиіс. 18. Белгілі бір талаптарға сай келетін активке жұмсалатын шығындарға ақшалай төлемдерде, басқа активтердің аударымдарында немесе пайыздық міндеттемелер қабылдануында білдірілетін шығындар ғана жатады. Шығындар сол активке байланысты алынған кез келген төлемдер мен субсидиялар мөлшеріне кемітіледі (20 Мемлекеттік субсидияларды есепке алу жəне мемлекеттік көмек туралы ақпаратты ашып көрсету ХҚЕС-ын (IAS) қараңыз). Активтің кезең ішіндегі орташа қаржылық жағдай туралы есептік құны, соның ішінде қарыздар бойынша бұрын капиталдандырылған шығындар, əдетте сол кезеңдегі капиталдандыру мөлшерлемесі қолданылатын шығындардың негізделген болжалды мəніне теңеледі. 19. Активті мақсаты бойынша пайдалануға немесе сатуға дайындау үшін қажетті қызметке активті нақтылай жасау ғана қамтылмайды. Оған активті нақтылай жасау алдындағы техникалық жəне əкімшілік жұмыстары, мысалы, құрылыс бастау үшін қажетті рұқсаттар алуға байланысты қызмет жатады. Алайда, оның күйін өзгертетін өндіріс немесе түрлендіру жоқ болса, активті иелену ондай қызметке жатпайды. Мысалы, құрылыс үшін жерге орналастыру жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде қарыздар бойынша жұмсалған шығындар тиісті жұмыстар жүргізілетін кезең ішінде капиталдандырылады. Алайда, кейінгі құрылыс үшін сатып алынған жер ондағы əлдебір əзірлік жұмыстарынсыз иелікте қалатын кезде жұмсалған шығындар капиталдандыруға жатпайды. Капиталдандыруды тоқтата тұру 20. Қаражат қарыздары бойынша шығындарды капиталдандыру объектіні түрлендіру жөніндегі белсенді жұмыста үзіліс болатын ұзақ кезеңдер ішінде уақытша тоқтатыла тұруы тиіс. 21. Қарыздар бойынша шығындар активті мақсаты бойынша пайдалануға немесе сатуға дайындау үшін қажетті қызметте үзіліс болатын ұзақ кезең ішінде жұмсалуы мүмкін. Ондай шығындарға аяқталмаған объектілерді ұстауға жұмсалатын шығындар жатады. Мұндай шығындар капиталдандыруға жатпайды. Алайда қарыздар бойынша шығындарды капиталдандыру əдетте елеулі техникалық жəне əкімшілік жұмыстар жүзеге асырылатын кезең ішінде уақытша тоқтатыла тұрмайды. Қарыздар бойынша шығындарды капиталдандыру сондай-ақ уақытша кідіріс активті мақсаты бойынша пайдалануға немесе сатуға дайындау үрдісінің қажетті бөлігі болып табылатын кезде де уақытша тоқтатыла тұрмайды. Мысалы, капиталдандыру қорларды қажетті кондицияға жеткізу үшін қажетті ұзақ кезең ішінде, немесе судың жоғары деңгейі көпір салынуын кешеуілдететін ұзақ кезең ішінде, судың жоғары деңгейі сол географиялық аймақ үшін құрылыс салу кезеңі ішінде əдетті болса, капиталдандыру жалғастырылатын болады. Капиталдандыруды тоқтату 22. Қарыздар бойынша шығындарды капиталдандыру белгілі бір талаптарға сай келетін активті мақсаты бойынша пайдалануға немесе сатуға дайындау үшін қажетті барлық жұмыстар іс жүзінде аяқталған кезде тоқтатылуы тиіс. 23. Объектінің нақты құрылысы аяқталған кезде, күнделікті əкімшілік жұмыстарының одан əрі жалғастырыла беруі мүмкін екеніне қарамастан, ол əдетте мақсаты бойынша пайдалануға немесе сатуға дайын деп саналады. Егер объектіні сатып алушының немесе пайдаланушының талаптарына сəйкес ресімдеу секілді кішігірім жұмыста ғана қалса, оның өзі жұмыстардың іс жүзінде толық аяқталғанын білдіреді. 24. Белгілі бір талаптарға сай келетін актив құрылысының бөліктері аяқталып, əрбір бөлікті басқа бөліктердің құрылысы жалғасып жатқан кезде пайдалануға болатын болса, қарыздар бойынша шығындарды капиталдандыру активтің сол бөлігін мақсаты бойынша пайдалануға немесе сатуға дайындау үшін қажетті барлық жұмыстар негізінен аяқталған кезде тоқтатылуы тиіс. 25. Əрқайсысы жеке пайдалануға жарамды бірнеше ғимараттардан тұратын бизнес-орталығы - басқа құрамдас бөліктер құрылысы одан əрі жалғастырылып жатқан кезде əрбір бөлікті пайдалануға болатын белгілі бір талаптарға сай келетін активтің мысалы. Өзінің кез келген құрамдас бөлігі пайдаланылардан бұрын толық аяқталуға тиіс белгілі бір талаптарға сай келетін актив мысалы ұйымның бір алаңда орналасқан түрлі цехтарында рет-ретімен жүзеге асырылатын бірнеше өндірістік үдерістерді біріктіретін өнеркəсіп ұйымы, болат илектеу өндірісі болып табылады. Ақпаратты ашып көрсету 26. Ұйым мынадай ақпаратты ашып көрсетуі тиіс: (a) қарыздар бойынша шығындардың кезең ішінде капиталдандырылған сомасы; жəне (b) қарыздар бойынша капиталдандыру жарамды шығындар мөлшерін анықтау үшін пайдаланылған капиталдандыру мөлшерлемесі. Өтпелі кезең шарттары 27. Осы стандарттың қолданылуы есеп саясатының өзгеруіне себеп болса, ұйым осы Стандартты капитализациясының басталу күні күшіне ену күнінде немесе одан кейін болатын сəйкес активтерге қатысты қарыз шығындарына қолдануы тиіс. 28. Дегенмен, ұйым күшіне ену күніне дейінгі кез-келген күнді көрсетуіне болады жəне осы Стандартты капитализациясының басталу күні күшіне ену күнінде немесе одан кейін болатын барлық сəйкес активтерге қатысты қарыз шығындарына қолдануы тиіс. Күшіне ену күні 29. Осы Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарты 2009 жылғы 1 қаңтардан немесе сол күннен кейін басталатын кезеңдерді қамтитын қаржы есептілігіне қатысты күшіне енеді. Бұдан ертерек қолданысқа рұқсат етіледі. Егер ұйым осы Стандартты 2009 жылғы 1 қаңтардан ертерек мерзім ішінде қолданса, бұл деректі ашып көрсетуі тиіс. 29A 2008 жылдың мамырында шығарылған ХҚЕС-тарына Жетілдірулер бойынша 6 тармаққа түзетулер енгізілді. Осы түзетулерді ұйым 2009 жылдың 1 қаңтарынан немесе бұдан кейінгі күннен бастап жылдық кезеңдер үшін қолдануы тиіс. Бұдан ертерек қолданысқа рұқсат етіледі. Егер ұйым түзетулерді ертерек мерзім ішінде қолданса,бұл деректі ашып көрсету тиіс. 23-ші ХҚЕС-ның (IAS) күшін жою (1993 жылғы редакция) 30. Осы Стандарт 1993 жылғы редакциядағы 23 Қарыздар бойынша шығындар ХҚЕС-ын (IAS) алмастырады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |