|
|
|
20-шы Халықаралық Қаржылық Есептілік Стандарты (IAS)
Қолдану аясы 1. Осы Стандарт мемлекеттік субсидиялар туралы ақпараттың есепке алынуы мен ашып көрсетілуі кезінде жəне мемлекеттік көмектің басқа нысандары туралы ақпараттың ашып көрсетілуі кезінде қолданылуға тиіс. 2. Бұл Стандарт төмендегі жағдайларды қарастырмайды: (a) бағалар өзгеруінің əсерін көрсететін қаржылық есептілігінде, немесе ұқсас сипатты қосымша ақпаратта мемлекеттік субсидияларды есепке алу кезінде пайда болатын ерекше мəселелерге; (b) салық салынатын пайда немесе салықтық шығынды анықтағанда қол жеткізуге болатын жеңілдіктер түрінде ұйымға берілген немесе төленетін салық сомасы негізінде анықталатын немесе шектелген мемлекеттік көмек. Осындай жеңілдіктердің мысалдары-табыс салығынан уақытша босату, инвестицияға салықтың азайтылуы, жедел амортизацияға рұқсат беру жəне табыс салығының мөлшеріне жеңілдік. (с) ұйымды иеленуге мемлекеттің қатысу үлесіне. (d) 41-ші Ауылшаруашылығы ХҚЕС (IAS) Халықаралық қаржылық есептіліктің стандартында қаралатын мемлекеттік субсидиялар. Анықтамалар 3. Осы Стандартта төменде көрсетілген мəндерде мына терминдер пайдаланылады: Мемлекет ‑ мемлекет, мемлекеттік органдар жəне сол сияқты ұйымдар, соның ішінде жергілікті, ұлттық жəне халықаралық ұйымдар.
Мемлекеттік көмек ‑ мемлекеттің белгілі бір өлшемдерге сəйкес келетін нақты ұйымға немесе ұйымдар тобына экономикалық тиімділіктер беруге бағытталған іс-қимылдары. Мемлекеттік көмек осы Стандарт контекстінде жұмыс істеудің жалпы жағдайларына, мысалы, дамушы аудандарда инфрақұрылым жасауға немесе бəсекелестер үшін сауда шектеулерін орнатуға ықпал жасау арқылы берілетін жанама тиімділіктерді қамтиды. Мемлекеттік субсидиялар ‑ ұйымның операциялық қызметіне қатысты белгілі шарттарды өткен кезде жəне болашақта орындауға айырбас ретінде ұйымға ресурстар беру түріндегі мемлекеттік көмек. [2]
Мемлекеттік субсидияларға мемлекеттік көмектің негізі түрінде бағалауға болмайтын нысандары, сондай-ақ мемлекетпен жасалатын, ұйымның əдеттегі сауда операцияларынан айырмашылығы жоқ операциялар жатпайды. Активтерге қатысты субсидиялар ‑ ұйымның ұзақ мерзімді активтерді сатып алуға, салуға немесе басқадай жолмен алуға тиіс болуы оған субсидиялар берудің негізгі шарты болып табылатын мемлекеттік субсидиялар. Активтердің түрін немесе орналасқан жерін, немесе олар сатып алынуға, немесе ұстап қалынуға тиісті мерзімдерді шектейтін қосымша шарттар белгіленуі мүмкін. Табысқа қатысты субсидиялар ‑ активтерге жататын мемлекеттік субсидиялардан өзгеше мемлекеттік субсидиялар. Қайтарылмайтын шартты қарыздар - белгілі бір шарт талаптарын орындауы кезінде несиегер өтеуден бас тартатын қарыздар. Əділ құн ‑ жақсы хабардар, мəміле жасауға тілек білдіруші, бір-біріне тəуелді емес тараптар арасында мəміле жасалған кезде активті айырбастауға болатын сома. (13-шы Әділ құнды өлшеу ХҚЕС-ын қараңыз.) 4. Мемлекеттік көмек көрсетілетін көмектің сипаты бойынша да, сондай-ақ оған байланысты шарттар бойынша да айырмашылығы бар түрлі нысандарда болуы мүмкін. Мемлекеттік көмектің мақсаты көмек көрсетілмеген жағдайда, ұйым қабылдамайтын іс-қимыл бағытын қабылдауға оны итермелеуде болуы мүмкін. 5. Ұйымның мемлекеттік көмек алуының қаржылық есептілігін əзірлеу екі себеп бойынша маңызы зор болуы мүмкін. Біріншіден, егер ресурстар берілген болса, ондай беруді есепке алудың тиісті əдісі табылуға тиіс. Екіншіден, ұйымның сондай көмек алудан есепті кезеңде қандай деңгейде пайда алғанын көрсеткен жөн. Оның өзі қаржылық есептілігінің деректерін өткен кезеңдердегі деректермен жəне басқа ұйымдардың қаржылық есептілігімен салыстыруды жеңілдетеді. 6. Мемлекеттік субсидиялар кейде басқа терминдермен, мысалы, дотация, субвенция немесе сыйақы терминдерімен белгіленеді. Мемлекеттік субсидиялар 7. Мемлекеттік субсидиялар, соның ішінде əділ құн бойынша бағаланатын ақшалай емес субсидиялар: (a) ұйым оларға байланысты шарттарды орындалатынында; жəне (b) субсидиялардың алынатынына жеткілікті сенімділік болған кезге дейін танылмауы тиіс. 8. Мемлекеттік субсидия субсидияға байланысты шарттарды ұйымның орындайтынына жəне субсидияның алынатынына жеткілікті сенімділік пайда болатын кезге дейін мойындалмайды. Субсидияның алынуы онымен байланысты шарттардың орындалғанының немесе орындалатынының түпкілікті дəлелі болып табылмайды. 9. Субсидия алу тəсілі субсидия жөнінде қабылданатын есепке алу əдісіне əсер етпейді. Сонымен, субсидия, ақшалай нысанда, немесе мемлекет алдындағы міндеттемені кеміту нысанында алынғанына қарамастан, бірдей ескеріледі. 10. Мемлекеттен алынатын шартты-қайтарылмайтын қарыз, егер қарызды қайтармау шарттарын ұйымның орындайтынына жеткілікті сенімділік бар болса, мемлекеттік субсидия ретінде ескеріледі. 10A Нарықтық деңгейден төмен пайыздық мөлшерлемемен берілетін мемелекеттік несие түріндегі жеңілдік мемелекеттік субсидия деп саналады. Несие 9-шы Қаржылық құралдар ХҚЕС-на (IFRS) сəйкес танылуы жəне бағалануы тиіс. Нарықтық деңгейден төмен пайыздық мөлшерлеме түріндегі жеңілдік 9-шы ХҚЕС -қа (IFRS) сəйкес анықталған несиенің бастапқы қаржылық жағдай туралы есептік құны мен қабылданған түсімнің арасындағы айырмашылық ретінде бағалануы тиіс. Жеңілдік осы Стандартқа сəйкес есептелінеді. Ұйым несие жеңілдігі орнын толтырады деп ұйғарылған шығындарды анықтағанда орындалған немесе орындалуы міндетті шарттарды жəне міндеттемелерді қарастыруы тиіс. 11. Мемлекеттік субсидия мойындалғаннан кейін онымен байланысты кез келген шартты оқиғалар немесе шартты активтер 37-ші Міндеттемелер, шартты міндеттемелер жəне шартты активтер ХҚЕС-ына (IAS) стандартына сəйкес көрініс табады. 12. Мемлекеттік субсидиялар, ұйым субсидиялар өтейді деп ниеттелген ілеспелі шығындарды шығыс ретінде танитын кезеңдер ішінде, жүйелі түрде пайда немесе залал бойынша танылуы тиіс. 13. Мемлекеттік субсидияларды есепке алудың екі негізгі тəсілі бар: капитал тəсілі, оған сəйкес субсидия пайда немесе залалдан тыс танылады, жəне табыс тəсілі, оған сəйкес субсидия бір немесе бірнеше есепті кезеңдердегі пайда немесе залал бойынша танылады. 14. Капитал тəсілін жақтаушылар мынадай дəлелдер ұсынады: (a) мемлекеттік субсидиялар қаржыландыру қаражаты болып табылады жəне пайда немесе залал бойынша танылудың орнына, өздері қаржыландырып отырған шығын баптарын өтеу үшін, шын мəнінде қаржылық жағдай туралы есепте қарастырылуы тиіс. Ешқандай қаражат қайтару күтілмейтіндіктен, осындай субсидиялар кіріс немесе шығыннан тыс танылуы тиіс. (b) мемлекеттік субсидияларды пайда немесе залал туралы есепті тану орынсыз, өйткені олар еңбекпен табылмаған, ол мемлекет беретін, ілеспелі шығынсыз ынталандыру болып табылады. 15. Табыс тəсілін қолдаушылар мынадай дəлелдер ұсынады: (a) мемлекеттік субсидиялар акционерлерден басқа көздерден түсетін түсімдер болып табылатындықтан, олар тікелей үлес бойынша танылмауы тиіс, ал тиісті кезеңдердегі пайда немесе шығын бойынша танылуы тиіс; (b) мемлекеттік субсидиялар сирек жағдайларда өтеусіз болып табылады. Ұйым оларды өздеріне қойылған шарттарды қанағаттандыра жəне көзделген міндеттемелерді орындай отырып табады. Сондықтан мемлекеттік субсидиялар, ұйым субсидиялар өтейді деп ниеттелген ілеспелі шығындарды шығыс ретінде танитын кезеңдер ішінде, табыс немесе шығын бойынша танылуы тиіс. (с) табыстық салық жəне басқа салықтар шығын болып табылатындықтан, сондай-ақ фискальды саясаттың жалғасы болып табылатын мемлекеттік субсидияларды табыс немесе залал бойынша қарастырған жөн. 16. Табыс тəсілі үшін мемлекеттік субсидиялардың, ұйым субсидиялар өтейді деп ниеттелген ілеспелі шығындарды шығыс ретінде танитын кезеңдер ішінде жүйелі түрде кіріс немесе шығын бойынша танылуы маңызды. Мемлекеттік субсидиялардың кіріс немесе шығын бойынша түсім негізінде танылуы есептеу əдісі бойынша есепке алу алғышартына сəйкес келмейді (1-ші Қаржылық есептілігін ұсыну ХҚЕС-ын (IAS) қараңыз) жəне субсидиялар есепті кезеңдерге, ол алынған бір кезеңнен басқасына, бөлуге арналған негіз болмаған жағдайда ғана жарамды. 17. Ұйым мемлекеттік субсидияға байланысты шығындарды немесе залалды танитын кезеңдерді көпшілік жағдайларда оңай анықтауға болады жəне, сөйтіп, айырықша шығындар танылған сəтте субсидиялар қатысы бар шығындар танылған кезеңде пайда немесе залал бойынша танылады. Амортизацияланатын активтерге байланысты субсидиялар да, əдетте, сол активтерге жұмсалған амортизациялық шығыс танылған кезеңдер ішінде жəне сол пропорцияда кіріс немесе шығын бойынша танылады. 18. Амортизацияланбайтын активтерге жататын субсидиялар сондай-ақ белгілі бір міндеттемелердің орындалуын қажет етуі мүмкін, жəне кейін, сол міндеттемелерді орындауға бағытталған нақты шығындар пайда болған кезеңдер ішінде пайда немесе шығын бойынша танылады. Мысалы, жер телімін беру түріндегі субсидия онда ғимарат салу шартымен шектелуі мүмкін, мұндай жағдайда оны ғимарат пайдаланылатын мерзім ішіндегі пайда немесе шығын бойынша тану орынды. 19. Субсидиялар кейде бірқатар шарттар қойылатын қаржы немесе фискальды көмек пакетінің бір бөлігі ретінде беріледі. Мұндай жағдайларда субсидия өз ішінде табылатын кезеңдерде айқындалатын шығындар мен залалдардың пайда болуына əкеліп соғатын жағдайларды ерекше мұқият анықтау қажет. Субсидияның бір бөлігін - бір негізде, екінші бөлігін басқа негізде бөлу орынды болуы мүмкін. 20. Келтірілген шығыстар немесе залалдар үшін өтемақы ретінде немесе ұйымға қандай да болмасын болашақ ілеспелі шығындарсыз жедел қаржылық қолдау көрсету мақсатында ұсынылатын мемлекеттік субсидия алу үшін тағайындалған кезеңнің пайдасы немесе шығыны бойынша танылуы тиіс. 21. Мемлекеттік субсидиялар кейбір жағдайларда ұйымға қандай да болмасын ерекше шығыстардың орнын толтыруға берілетін жеңілдік мақсатында емес, жедел қаржылық көмек көрсету мақсатында ұсынылуы мүмкін. Осындай субсидиялар бір ұйымға берілуі мүмкін, ал басқа барлық санаттағы бенефициарларға қолжетімді болмауы мүмкін. Сол кезеңде субсидияны алғаннан кейінгі нəтижелері айқын болатындығын қамтамасыз ету мақсатында ақпаратты ашып көрсетумен қоса ұйымның субсидияны алуға құқығы бар болса, осы жағдайлар субсидияны пайда немесе залал ретінде тануға негіз бола алады. 22. Ұйым мемлекеттік субсидияны қандай да болмасын алдыңғы кезеңде шыққан шығыстар немесе залалдар үшін өтемақы ретінде алуы мүмкін. Осындай субсидия, ол алу үшін тағайындалған кезеңдегі пайда немесе шығын бойынша, осы субсидияны алу нəтижелерін дұрыс түсінуді қамтамасыз ететін ақпаратты ашып көрсете отырып танылады. Ақшалай емес мемлекеттік субсидиялар 23. Мемлекеттік субсидия жер немесе басқа ресурстар сияқты ақшалай емес активті ұйымның пайдалануы үшін беру нысанында болуы мүмкін. Бұл жағдайларда əдетте ақшалай емес активтің əділ құны бағаланып, субсидия да, актив те сол құн бойынша ескеріледі. Кейде актив те, субсидия да атаулы шама бойынша ескерілетін баламалы тəсілде қолданылады. Активтерге қатысты субсидиялар туралы ақпаратты ұсыну 24. Активтерге жататын мемлекеттік субсидиялар, соның ішінде əділ құн бойынша ақшалай емес субсидиялар қаржылық жағдай туралы есепте не субсидияны болашақ кезең табысы ретінде көрсету жолымен немесе активтің қаржылық жағдай туралы есептік құнын алу үшін оны шегеру жолымен көрсетілуі тиіс. 25. Активтерге жататын субсидияларды (немесе олардың тиісті бөліктерін) қаржылық есептілігінде көрсетудің жарамды баламалары деп саналатын екі əдіс жарамды баламалар деп саналады. 26. Бірінші əдіс бойынша субсидия болашақ кезеңдердегі табыстар ретінде ескеріледі, олар актив тиімді пайдаланылатын мерзім ішінде жүйелі жəне ұтымды негіздегі пайда немесе залал бойынша танылады. 27. Басқа əдіс бойынша субсидия активтің қаржылық жағдай туралы есептік құнын алу үшін есептеу кезінде шегеріледі. Субсидия амортизацияланатын актив тиімді пайдаланылатын мерзім ішінде, əр кезеңде шығысқа жатқызылатын амортизация шамасын кеміту жолымен пайда немесе шығын бойынша танылады. 28. Активтерді сатып алу жəне соған байланысты субсидияларды алу ұйымның ақша қаражаты қозғалысында елеулі өзгерістер пайда болуына əкеліп соғуы мүмкін. Осы себеппен жəне активтерге инвестициялардың жалпы көлемін көрсету мақсатында ондай өзгерістер ақша қаражатының қозғалысы туралы есепте, субсидияның қаржылық жағдай туралы есепте көрсету кезінде тиісті активтен шегерілетініне немесе шегерілмейтініне қарамастан, жеке баптар ретінде жиі ашып көрсетіледі. Табысқа қатысты субсидиялар туралы ақпарат ұсыну 29. Табысқа жататын субсидиялар кейде пайда мен шығын туралы есепте несиелік сомалар ретінде не жеке, не, мысалы, «Өзге табыстар» сияқты жалпы бап құрамында беріледі; баламалы нұсқа кезінде олар пайда мен залал туралы есепте көрсету кезінде тиісті шығыстардан шегеріп тасталады. 29A [Жойылған] 30. Бірінші əдісті жақтаушылар кіріс пен шығыс баптарын өзара есепке алу дұрыс емес екенін жəне субсидияларды шығыстардан бөліп алу субсидия əсер етпеген басқа шығыстармен салыстыруды жеңілдететінін айтуда. Екінші əдісті қорғауға, егер субсидия болмаса, ұйым шығындар шекпес те еді, демек, шығынның субсидияны есепке алмастан көрсетілуі есепті пайдаланушыларды шатастыруы мүмкін екеніне негізделген дəлелдер келтірілуде. 31. Табысқа жататын субсидиялар туралы ақпарат берілген кезде екі əдіс те жарамды деп саналады. Субсидия туралы ақпаратты ашып көрсету қаржылық есептілігін дұрыс түсіну үшін қажет болуы мүмкін. Əдетте, табыстың немесе шығыстың жеке ашып көрсетуді қажет ететін кез келген бабына субсидия алудың нəтижесін ашып көрсету қажет. Мемлекеттік субсидияларды қайтару 32. Қайтарылуға тиісті мемлекеттік субсидиялар есептеу бағасын қайта қарау ретінде ескерілуі тиіс (8-ші Есеп саясаты, бухгалтерлік есеп бағалауларындағы болатын өзгерістер жəне қателер ХҚЕС-ын (IAS) қараңыз). Табысқа жататын субсидияның қайтарылуы, біріншіден, сол субсидия жөнінде жасалған, кейінге қалдырылған түсімнің амортизацияланбаған сомасына жатқызылуы тиіс. Қайтарылатын соманың сондай кейінге қалдырылған түсімнен асып кетуіне қатысты немесе кейінге қалдырылған түсім жоқ болған жағдайда, субсидияның қайтарылуы пайда немесе шығын бойынша дереу танылуы тиіс. Активтерге жататын субсидияның қайтарылуы активтің қаржылық жағдай туралы есептік құнын арттыру немесе алдағы кезеңдердегі табыс сальдосын қайтарылатын сомаға кеміту жолымен ескерілуі тиіс. Субсидия жоқ болған кезде есеп берілетін күні пайда немесе шығын бойынша есептелетін жинақталған қосымша амортизация пайда немесе залал ретінде дереу танылуы тиіс. 33. Активтерге жататын субсидияның қайтарылуына əкеліп соғатын жағдайлар активтің жаңа қаржылық жағдай туралы есептік құнының ықтимал бөлінуінің қаралуын қажет етуі мүмкін. Мемлекет тарапынан көмек 34. 3-тармақта мемлекеттік субсидиялар анықтамасынан мемлекет тарапынан көмектің дəлелді бағалауға болмайтын нысандары жəне мемлекетпен болатын, ұйымның əдеттегі сауда операцияларынан бөліп алуға келмейтін операциялар алып тасталған. 35. Əділ бағалау мүмкін емес көмек мысалдары - техникалық жəне маркетингтік консултьтацияларды тегін жүргізу жəне кепілдіктер беру. Ұйымның əдеттегі сауда операцияларынан бөліп алуға болмайтын көмек мысалы - ұйымның сатылатын өнімінің бір бөлігіне қатысты мемлекеттің сатып алу саясаты. Пайда алынатыны даусыз болуы мүмкін, бірақ сауда қызметін мемлекеттік көмектен бөліп алудың кез келген əрекеті даулы болады. 36. Жоғарыда келтірілген мысалдарда ұйым үшін тиімділік мəнділігі қаржылық есептілігінің пайдаланушыларды шатастырмауы үшін көрсетілетін көмектің сипаты, деңгейі жəне ұзақтығы туралы ақпараттың ашып көрсетілуін қажет ететіндей болуы мүмкін. 38. Осы стандартта мемлекеттік көмекке жалпы тасымал желісі мен коммуникацияларды жақсарту жолымен инфрақұрылымды қамтамасыз ету, сондай-ақ, жақсартылған, мысалы, сол жерде жұрттың бəріне шектеусіз пайда келтіретін ирригация жəне сумен қамтамасыз ету сияқты жүйелер беру қамтылмаған. Ақпаратты ашып көрсету 39. Қаржылық есептілігінде мынадай ақпарат ашып көрсетілуі керек: (a) мемлекеттік субсидиялар үшін қабылданған есеп саясаты, соның ішінде қаржылық есептілігінде қабылданған субсидиялар беру əдістері; (b) қаржылық есептілігінде мойындалатын мемлекеттік субсидиялар сипаты мен мөлшері, сондай-ақ мемлекеттік көмектің ұйым тікелей пайда алған басқа түрлерін көрсету; жəне (с) танылған мемлекеттік көмекке байланысты орындалмаған шарттары жəне басқа да шартты оқиғалар. Өзгерістердің өтуі 40. Стандартты алғаш рет қолданушы ұйым: (a) ақпаратты ашып көрсету жөніндегі талаптарды қажет болған жерде орындауға; жəне (b) немесе: (i) өзінің қаржылық есептілігіне есеп саясатындағы өзгерістерді ескере, 8-ші Есеп саясаты, бухгалтерлік есеп бағалаулардағы өзгерістер жəне қателіктер ХҚЕС (IAS) стандартына сəйкес түзетулер енгізуге; не (ii) Стандартта көрсетілген есепке алу шарттарын тек Стандарт күшіне енген күннен кейін алынуға немесе өтелуге тиісті субсидияларға немесе олардың бөліктеріне қолдануға тиіс. Күшіне ену күні 41. Осы халықаралық қаржылық есептіліктің стандарты 1984 жылғы 1 қаңтардан немесе сол күннен кейін басталатын кезеңдерді қамтитын барлық қаржылық есептіліктерге қатысты және күшіне енеді. 42. 1-ші ХҚЕС (IAS) бойынша (2007 жылғы редакциясы) ХҚЕС-тарында (IFRS) қолданылған терминологияға түзету енгізді. Сонымен бірге 29А тармағы қосылды. Ұйым осы түзетулерді жылдық кезеңдер үшін 2009 жылдың 1 қаңтарынан немесе осы күннен кейін бастап қолдануы тиіс. Егер ұйым 1 ХҚЕС-ын (IAS) (2007 жылғы редакция) ертерек мерзімде қолданса, осы түзетулер сол ертерек мерзім ішінде қолданылуы тиіс. 43. 2008 жылдың мамырында шығарылған ХҚЕС-тарына Жетілдірулер бойынша 37 тармақ алынып тасталды жəне 10А тармағы қосылды. Осы түзетулерді ұйым проспективті түрде қабылданған мемелекеттік несиелерге 2009 жылдың 1 қаңтарынан немесе бұдан кейінгі күннен басталатын кезеңдер үшін қолдануы тиіс. Бұл кезеңнен ертерек қолдану рұқсат етіледі. Егер ұйым түзетулерді ертерек мерзім ішінде қолданса, бұл ақпаратты ашып көрсетуі тиіс. 45. 2011 жылы мамыр айында жарияланған 13 ХҚЕС-ты (IFRS) әділ құн анықтамасының 3 тармағына түзету енгізді. Ұйым жарияланған уақыттан бері 9 ХҚЕС-ын (IFRS) қолдануы тиіс. 46. 2011 жылы маусым айында жарияланған 1-ші Басқа Табыс Түрлерін Ұсыну ХҚЕС-тың (IAS) 29 тармағына түзету енгізді және 29А тармағын жойды. Ұйым 2011 жылы маусым айынан жарияланған уақыттан бері 1-ші ХҚЕС-ын (IAS) қолдануы тиіс. 47. 2013 жылдың қараша айында түзету енгізілген 9 ХҚЕС (IFRS) 10А тармағына түзету енгізіп, 44 тармағын жойды. Ұйым 2013 жылдың қараша айында түзету енгізілген 9 ХҚЕС-ты (IFRS) қолданған кезде, осы түзетулерді қолдануы тиіс.
[1] 2008 жылы мамыр айында шығарылған ХҚЕС-ке енгізілген өзгертулерді Кеңес ХҚЕС-ң басқа терминдеріне қайшы келмес үшін (а) «салық салынатын табыс» «салық салынатын пайда немесе салықтық шығындарға» өзгертілді, (b) «табыс/шығын ретінде танылған» «пайда мен залалда танылғанға» өзгертілді, «акционерлердің пайызы/капиталына тікелей несиеленген» «танылған сыртқы пайда немесе залал» болып, және (d) «бухгалтерлік бағалауды қайта қарастыру» «бухглтерлік бағалаудағы өзгерістер» болып өзгертілді. [2] Сондай-ақ 10-шы Мемлекеттік көмек - Операциялық Қызметпен ТТК Нақты Байланыстың болмауын қараңыз.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |