|
|
|
37-ші Халықаралық Қаржылық Есептілік Стандарты
Осы Стандарттың мақсаты - резервтерге, шартты міндеттемелерге және шартты активтерге тиісті мойындау талаптары мен бағалау базаларын қолдануды, сондай-ақ қаржы есептілігін пайдаланушылар олардың сипатын, уақытша өлшемдері мен көлемін түсіну үшін қаржы есептілігіне ескертулерге жеткілікті ақпарат ашуды қамтамасыз ету.
1. Осы Стандартты барлық ұйымдар резервтер, шартты міндеттемелер және шартты активтер бойынша есептілік беруде, төмендегі жағдайлардан басқа кезде қолданылуы тиіс: (a) міндет жүктелген шарттардан басқа, орындалуға тиісті келісімшарттардың нәтижесі болып табылса; және (b) [жойылған] (c) басқа Стандарттарға қарасты болса. 2. Осы Стандарт 9 Қаржы құралдары ХҚЕС-ының (IFRS) қолдану аясындағы қаржы құралдарына (кепілдікті қоса алғанда) қолданылмайды. 3. Орындалу үстіндегі келісімшарттар - тараптардың бір де біреуі міндеттемелерін орындамаған не екі тарап та өз міндеттемелерін ішінара және тең дәрежеде орындаған шарттар. Осы Стандарт міндет жүктелген келісімшарттардан басқа, орындалуға тиісті келісімшарттарға қолданылмайды. 5. Резервтердің, шартты міндеттемелердің және шартты активтердің нақты түрлері басқа Стандартта қаралған жағдайларда, ұйым бұл Стандартты осы Стандарттың орнына пайдаланады. Төменде Халықаралық стандартта қолданылатын бағалау міндеттемелерінің белгіленген түрлері бойынша қаралады: (a) құрылысқа жасалған келісімшарт (11 Құрылысқа жасалган келісімшарттар» ХҚЕС-ын (IAS) қараңыз); (b) пайдаға салынатын салық (12 Пайдага салынатын салықтар ХҚЕС-ын (IAS) қараңыз); (c) жалдау (17 Жалдау ХҚЕС-ын (IAS) қараңыз), бірақ, 17 ХҚЕС (IAS) міндет жүктелген болып саналатын операциялық жалдауды есепке алуға қатысты нақты талаптары болмағандықтан, мұндай жағдайлар осы Стандарттың ережелерін қолдану арқылы қарастырылады; және (d) қызметкерлерге берілетін сыйақылар (19 Қызметкерлерге берілетін сыйақылар ХҚЕС-ты (IAS) қараңыз); (e) сақтандыру келісімшарттары (4 Сақтандыру келісімшарттары ХҚЕС-ын (IFRS) қараңыз). Алайда осы Стандарт 4 ХҚЕС-ының (IFRS) қолдану аясындағы сақтандыру келісімшарттары бойынша оның шарттық міндеттемелері мен құқықтарынан туындайтындарда ерекше сақтандырушының резервтерге, шартты міндеттемелеріне және шартты активтерге қолданылады; және (f) Бизнес бірлестіктеріндегі сатып алушының шартты міндеттемелері (3 Бизнес Бірлестіктері ХҚЕС-ты (IFRS) қараңыз). 6. Резерв болып есептелетін кейбір сомалар кірісті мойындаумен байланысты болуы мүмкін, мәселен, ұйым ақы үшін кепілдікпен қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Осы Стандарт түсімді мойындауға жатпайды. 18 Табыс ХҚЕС (IAS) түсімді мойындау жағдайын айқындайды және мойындау талаптарын қолдану бойынша іс жүзінде нұсқау береді. Осы Стандарт 18 ХҚЕС-ының (IAS) талаптарын өзгертпейді. 7. Осы Стандарт резервтерді белгісіз уақыт пен сомаға байланысты міндеттемелер ретінде айқындайды. Кейбір елдерде «резерв» термині амортизация, активтердің құнсыздануы және күмәнді борыштар сияқты баптармен контексте пайдаланылады: осы баптар активтердің қаржылық жағдай туралы есептік құнына түзетуді білдіреді және осы Стандартта қарастырылмайды. 8. Басқа Халықаралық қаржылық есептіліктің стандартында шығындар активтер ретінде немесе шығыстар ретінде қарастырыла ма, соны көрсетеді. Бұл мәселелер осы Стандартта қарастырылмайды. Тиісінше, осы Стандарт бағалау міндеттемелерін жасау кезінде танылған шығындарды капиталдандыруға тыйым салмайды және қажет етпейді. 9. Осы Стандарт қайта құрылымдау бойынша резервтерге қолданылады (тоқтатылатын қызметті қоса алғанда). Мұнда, қайта құрылымдау тоқтатылатын қызметтің анықтамасына жауап бергенде, 5 Сатуга арналган үзац мерзімді активтер және токтатылган қызмет ХҚЕС (IFRS) ақпаратты қосымша ашуды талап етуі мүмкін.
10. Осы Стандартта төменде көрсетілген мағынада мынадай терминдер қолданылады: Резерв — мөлшері бойынша не орындалу мерзімі бойынша белгісіз міндеттеме. Міндеттемелер - реттеу экономикалық пайдасы бар ресурстарды үйымнан шығаруға себеп болатын өткен кезеңдер оқиғаларының нәтижесі ретінде пайда болған үйымның ағымдағы міндеттемесі. Міндеттейтін оқиға - нәтижесінде ұйымда осы міндеттемені орындаудың нақты баламасы болмайтын заңды түрде немесе міндеттеменің тәжірибесінен пайда болатын оқиға. Заңды міндеттемелер- бүл: (a) шарттан (нақты немесе болжанған жағдайлар негізінде); (b) заңнама; немесе (c) заңның басқа да іс-әрекеттерінен туындайтын міндеттеме. Енгізілген міндеттемелер - үйымның іс-әрекеттерінен пайда болатын міндеттемелер: (a) саясатпен немесе жеткілікті түрде нақты ағымдағы мәлімдемемен жарияланған, бүрынғы қызмет тәжірибесімен қалыптасқан ұйым өзіне жекелеген міндеттерді қабылдайтынын басқа тараптарға көрсетті; және (b) нәтижесінде ұйым өзіне қабылдаған міндеттерді орындайтынын негізделген күтулермен тараптарға сендірді. Шартты міндеттемелер - бұл: (а) бүрынғы оқиғалардан туындайтын және үйымның бақылауында толық болмайтын бір немесе одан да көп белгісіз болашақ оқиғалардың басталуымен немесе басталмауымен расталатын ықтимал міндеттеме; немесе бұрынғы оқиғалардан туындайтын, бірақ танылмайтын себебі: (i) экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығару міндеттемелерді реттеу үшін қажет болатындығына сенімнің жоқтығынан; немесе (ii) міндеттеменің көлемі жеткілікті сенімділікпен өлшенбейтіндіктен, танылмайтын ағымдағы міндеттеме сияқты шартты міндеттемені айқындайды. Шартты актив - бұрынғы оқиғалардан туындайтын және ұйым толық бақыламайтын бір немесе одан да көп белгісіз болашақ оқиғалардың басталуымен немесе басталмауымен расталатын ықтимал актив ретінде айқындалады. Міндет жүктелген келісімшарт - бұл келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау көлемі ол бойынша алатын экономикалық пайдадан асып түсетін шарасыз шығындарды талап ететін келісімшарт. Қайта құрылымдау - жоспарланған және басшылық бақылайтын: (a) ұйымның қызмет аясын; не (b) осы қызметті жүргізу тәсілдерін елеулі түрде өзгертетін бағдарлама ретінде айқындайды. Резервтер және басқа да міндеттемелер 11. Резервтің уақытқа қатысты немесе міндеттемені өтеу үшін қажетті болашақ шығындар сомасына қатысты белгісіздік болғандықтан, сауда кредиторлық берешек және есептеу сияқты басқа міндеттемелерден ерекшелеуге болады. Салыстыру үшін: (a) сауда кредиторлық берешек сатып алынған немесе жеткізілген және шот-фактура жазылған немесе жеткізушімен ресми келісілген тауарлар мен қызмет көрсетулерге ақы төлеу міндеттемесін білдіреді; және (b) есептеу сатып алынған немесе жеткізілген, бірақ ақы төленбеген және шот-фактура жазылмаған немесе жеткізушімен ресми келісілмеген тауарлар мен қызмет көрсетулерге ақы төлеу міндеттемелерін білдіреді; бұған қызметкерлерге тиісті (мысалы, демалысқа ақы төлеуге есептелген сомалар) сомалар кіреді. Кейде есептеу сомасын немесе уақытын бағалау қажет, әдетте бұл жерде резервтерге қарағанда белгісіздік едәуір төмен. Есептеу сауда немесе өзге де кредиторлық берешектің бір бөлігі ретінде есепте жиі көрсетіледі, ал резерві бөлек ұсынылады. Резервтер және шартты міндеттемелердің арасындағы байланыс 12. Жалпы алғанда, барлық бағалау міндеттемелері шартты болып табылады, өйткені оларды уақыт және сомаға бөлу анықталмаған. Алайда осы Стандартта «шартты» термині танылмаған міндеттемелер мен активтерге қолданылады, өйткені олардың болуы ұйым толық бақылауға алмайтын белгісіз болашақ оқиғалардың біреуінің немесе одан да көбінің басталуы не басталмауымен расталады. Бұдан басқа, «шартты міндеттеме» термині мойындау талабына жауап бермейтін міндеттемелерге қолданылады. 13. Осы Стандартта мынадай міндеттемелер арасында ажырату жүргізіледі: (а) міндеттеме ретінде танылатын резервтер (сенімді бағалау жасалады деген үмітпен), өйткені олар ағымдағы міндеттемелер болып танылады және экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығару міндеттемелерді өтеу үшін қажет болуы ықтимал: немесе (b) резерв ретінде танылмайтын шартты міндеттемелер, олар не: (i) ықтимал міндеттеме, өйткені ұйымның экономикалық пайдасы бар ресурстарын шығаруға себеп болатын ағымдағы міндеттемелерінің бар болуын растауы қажет; немесе (ii) осы Стандартта мойындау талаптарына жауап бермейтін ағымдағы міндеттемелер (экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығару міндеттемелерді өтеу үшін қажет болмауынан немесе міндеттеме сомасын барынша сенімді бағалаудың жоқтығынан).
Резервтер 14. Төмендагі жағдайлар орын алғанда резерв танылады: (a) өткен оқиғалар нәтижесінде ұйымның ағымдағы міндеттемелері болғанда (заңды және енгізілген); (b) осы міндеттемелерді орындау үшін ықтимал болып табылатын экономикалық пайдасы бар ресурстарға қандай да бір қажеттілік туындағанда; және (c) міндеттеме сомасына сенімді есеп жасалғанда танылады. Осы шарттар сақталмаған жағдайда ешқандай бағалау міндеттемелері танылмайды. Ағымдағы міндеттемелер 15. Кейбір жағдайларда, ұйымның ағымдағы міндеттемелерінің бар-жоқтығы анық болмайды. Мұндай жағдайларда бұрынғы оқиға, есепті күнгі ағымдағы міндеттемелердің болу ықтималдығы осындай міндеттемелердің болмау мүмкіндігінен асып түскен жағдайда барлық бар куәліктерді ескере отырып, ағымдағы міндеттемелердің пайда болуына алып келеді деп есептеледі. 16. Әдетте, барлық жағдайларда өткен оқиғаның ағымдағы міндеттемелердің пайда болуына әсері анық болады. Сирек жағдайларда ғана, мәселен, сот қарауларында, ағымдағы міндеттемелердің пайда болуына белгілі бір оқиғалардың әсері болған-болмағандығы туралы пікір таластыруға болады. Мұндай жағдайда ұйым, мысалы, сарапшылардың пікірлерін қоса алғанда, барлық мәліметтерді назарға ала отырып, есептік күніне ағымдағы міндеттеменің болғандығын анықтайды. Қаралатын мәліметтерге есептік күнінен кейінгі оқиғаларға байланысты алынған кез келген қосымша деректер де кіреді. Осындай мәліметтер негізінде: (a) есептік күні ағымдағы міндеттеменің болу мүмкіндігі оның болмау мүмкіндігінен жоғары болған жағдайда, ұйым резервті таниды (тану талаптарын сақтаған кезде); және (b) есепті күні ағымдағы міндеттеменің болуына ешқандай негіз жоқ болған жағдайда, ұйым экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығару мүмкіндігі оқшау болған жағдайлардан басқа, шартты міндеттемелерді ашады (86 тармақты қараңыз). Өткен оқиға 17. Ағымдағы міндеттеменің пайда болуына алып келетін өткен оқиға міндеттелген оқиға деп аталады. Міндеттелген оқиға ұйымда осы оқиғаның нәтижесінде пайда болған міндеттемені өтеудің нақты баламасының жоқтығы болып табылады. Бұл: (a) ұйым міндеттемені өтеуге заң бойынша мәжбүр болған жағдайларда ғана жүргізіледі; немесе (b) енгізуден туындаған міндеттеме жағдайында оқиға (ұйымның іс-әрекетімен болуы мүмкін) басқа тараптарда ұйымның өз міндеттемелерін орындағаны туралы негізделген күтулер тудырады. 18. Қаржылық есептілікте есептік кезеңнің соңындағы ұйымның болашақтағы ықтимал жағдайы емес, оның қаржы жағдайы көрсетіледі. Сондықтан болашақта келтірілетін шығындар бойынша ешқаандай бағалау міндеттемелері мойындалмайды. Ұйымның қаржылық жағдай туралы есебінде танылатын жалғыз міндеттеме есептік күнінде болған міндеттемелер болып табылады. 19. Резерв ретінде ұйымның болашақ іс-әрекеттеріне (яғни, өз ісін болашақта жүргізуге) тәуелсіз бұрынғы оқиғалардан пайда болған міндеттемелер ғана танылады. Осындай міндеттемелердің мысалы ретінде айыппұл немесе ұйымның болашақ іс-әрекеттеріне тәуелсіз міндеттемелерді реттеу кезінде экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығаруға әкеп соғатын қоршаған ортаның заңға қарсы ластануы нәтижесінде ауаны тазалауға кеткен шығындарды айтуға болады. Ұйым, сол сияқты, мұнай өңдеу немесе атом электр станциясы ғимараттарын жоюға кеткен шығындар бойынша бағалау міндеттемелерін таниды және ұйым үшін келтірілген зиянды жою міндет болып саналады. Осыған қарама-қарсы нарық конъюктурасының қысымымен немесе заң талаптарына байланысты ұйым болашақта белгілі бір түрде (мысалы, ұйымға белгілі бір түрдегі түтін фильтрлерін орнату) жұмыс істеу үшін шығын шығару қажет болуы мүмкін. Ұйым өз іс-әрекеттерімен болашақ шығындарды болдырмау үшін операцияларды жүргізу әдісін өзгерте отырып, осы болашақ шығындар бойынша ағымдағы міндеттемелерді қабылдамауы мүмкін және ешқандай бағалау міндеттемелері мойындалмайды. 20. Міндеттеме әрқашан алдында міндеттемесі бар басқа тараптарды тартады. Осыған қарамастан, алдында міндеттемесі бар тарапты білу міндет емес, - бұл тұтастай бір қоғам болуы мүмкін. Міндеттеме басқа тараптың алдындағы міндет болғандықтан, басшылықтың немесе директорлар кеңесінің шешімі тәжірибеден туындаған міндеттемелердің есептік күні пайда болуына әкелмейді, бұған осындай шешімге тап болатын тараптар бұл туралы есептік күніне дейін және барынша нақты нысанда ұйымның өз міндеттемелерін орындайтыны туралы негізделген күтулер тараптарда пайда болғандығы хабарланған жағдайлар қосылмайды. 21. Міндеттеменің тез туындауына әкелмейтін оқиғаның басталуы міндеттеменің кейін, мысалы, заңнамаға өзгерістер немесе ұйымның іс-әрекеті (мысалы, нақты ашық мәлімдеме жасау) тәжірибеден туындайтын міндеттемелерге әкелуі нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Мысалы, қоршаған ортаға зиян келтірілген кезде зардаптарды жою жөніндегі міндеттеме болмауы мүмкін. Алайда, жаңа заң бар зиянды жоюды талап еткен немесе ұйым өзіне ашық түрде тәжірибеден туындайтын міндеттеме жасайтын зиянды жоюға жауапкершілік қабылдаған жағдайларда зиян келтіру міндет жүктелген оқиға болады. 22. Егер заңнамаға болжанып отырған өзгеріс әлі де талқылау үстінде болса, өзгеріс қандай түрде ұсынылса, сол түрде қабылданатынына күмән болмаған жағдайда ғана міндеттеме пайда болады. Осы Стандарттың мақсаттары үшін мұндай міндеттеме заңды міндеттеме ретінде қарастырылады. Заң күшіне енген жағдайлардағы айырмашылық заңды енгізу сөзсіз жасайтын бірыңғай оқиғаны көрсетуге мүмкіндік бермейді. Көптеген жағдайларда заңды нақты қабылдағанға дейін оның қабылдануына шын мәнінде сенімді болу мүмкін емес. Экономикалық пайдасы бар ресурстарды ықтимал шығару 23. Міндеттеме мойындау талаптарына сәйкес келуі үшін тек қана ағымдағы міндеттемелер қажет емес, сонымен бірге осы міндеттемені жою үшін экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығару мүмкіндігі де қажет. Осы Стандарттың[1] ресурстарды шығару немесе өзге де оқиғалар ықтимал осындай оқиғалардың басталу мүмкіндігі оның басталмауына қарағанда жоғары. Ағымдағы міндеттеменің барлығына сенім болмаған жағдайда, экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығару мүмкіндігі оқшау болып табылған (86- тармақты қараңыз) жағдайларды қоспағанда, ұйым шартты міндеттемелерді ашады. 24. Бірқатар ұқсас міндеттемелер (мысалы, бұйымның сапа кепілдігі немесе ұқсас шарттар) болғанда міндеттерді өтеуге қажетті ресурстарды шығару мүмкіндігі тұтастай міндеттемелер класын қарау арқылы анықталады. Кез келген бір бап бойынша ресурстарды шығару мүмкіндігі аз болғанына қарамастан, қандай да бір ресурстарды шығару тұтастай міндеттемелер класын өтеу үшін қажет болады. Мұндай жағдайда бағалау міндеттемелері танылады (мойындаудың басқа талаптары сақталған жағдайда). Міндеттемелерді сенімді бағалау 25. Бағалауды пайдалану қаржылық есептілікті дайындаудың елеулі бір бөлігі болып табылады және оның сенімділігін жоймайды. Бұл қаржылық жағдай туралы есептің көптеген басқа баптарына қарағанда өз сипаты бойынша неғұрлым белгісіз болатын резервтерге тән. Өте сирек жағдайларда ғана ұйым ықтимал нәтижелердің диапазонын анықтауға және, тиісінше, бағалау міндеттемелерін мойындау кезінде пайдалану үшін барынша сенімді міндеттемелерді бағалауға кабілетті. 26. Ерекше сирек жағдайларда, сенімді бағалауды жасау мүмкін болмаған жағдайларда, мойындау мүмкін емес міндеттемелер болады. Мұндай міндеттемелер шартты міндеттемелер ретінде ашылады (86- тармақты қараңыз). Шартты міндеттемелер 27. Ұйым шартты міндеттемені танымауға тиіс. 28. Шартты міндеттеме, экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығару мүмкіндігі алыс болып табылған жағдайды қоспағанда, 86 -тармақтың талаптарына сәйкес ашылады. 29. Ұйым міндеттеме бойынша ортақ жауапкершілік атқарған жағдайда, басқа тарап міндеттемелердің бір бөлігін жойса, ол шартты міндеттеме болып есептеледі. Ұйым, сенімді бағалау жасалынбайтын ерекше сирек жағдайларды қоспағанда, экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығару мүмкін міндеттемелердің бір бөлігінде бағалау міндеттемелерін таниды. 30. Шартты міндеттемелер бастапқыда күтілгендей дамымауы мүмкін. Сондықтан экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығару мүмкіндігінің пайда болуын белгілеу үшін олар үздіксіз бағаланады. Егер болашақ экономикалық пайданы шығару бұрын шартты міндеттеме ретінде қарастырылған бап бойынша қажет болатыны мүмкін болса, онда резерві ықтимал өзгеріс болатын кезеңдегі қаржылық есептілікте танылады (сенімді бағалау жасалынбайтын ерекше сирек жағдайларды қоспағанда). Шартты активтер 31. Ұйым шартты активті танымауға тиіс. 32. Шартты активтер әдетте жоспарланбаған немесе күтпеген оқиғалардан пайда болады, олар ұйымға экономикалық пайда әкелу мүмкіндігін туғызады. Оған нәтижесі белгісіз, ұйым сот қарауы арқылы қанағаттанатын талап-арыз мысал бола алады. 33. Шартты активтер қаржылық есептілікте танылмайды, өйткені ол ешқашан іске асырылмайтын кірісті мойындауға алып келуі мүмкін. Алайда, кірісті алу іс жүзінде күмәнсіз болған жағдайда, тиісті актив шартты актив болып табылмайды және оны мойындау орынды. 34. Шартты актив 89- тармақта талап етілгендей, экономикалық пайданың түсуі мүмкін болған жағдайда ашылады. 35. Шартты активтер қаржылық есептілікте тиісті өзгерістерді көрсетуді қамтамасыз ету үшін үздіксіз бағаланады. Егер экономикалық пайданың түсетіні іс жүзінде күмәнсіз болса, онда актив пен тиісті кіріс өзгеріс болған кезең ішіндегі қаржылық есептілікте мойындалады. Егер экономикалық пайданың түсуі мүмкін болса, онда ұйым шартты активті ашады (89-тармақты қараңыз).
Ең дұрыс бағалау 36. Бағалау міндеттемелері ретінде танылған сома есепті күнге ағымдағы міндеттемелерді өтеу үшін қажетті шығындарды ең дұрыс бағалауды білдіреді. 37. Ағымдағы міндеттемелерді өтеу үшін қажетті шығындарды ең дұрыс бағалау - бұл есепті күніне міндеттемелерді өтеу үшін ұйым орынды төлеген немесе осы күнге үшінші тарап аударған сома. Әдетте, есепті күнге міндеттемені өтеу немесе аудару мүмкін емес немесе өте қымбат болады. Алайда, ұйым міндеттемені өтеу немесе аудару үшін дұрыс төлеген соманы бағалау есепті күнгі ағымдағы міндеттемелерді өтеу үшін қажетті шығындардың ең дұрыс бағасын береді. 38. Нәтижелер мен қаржы әсерін бағалау ұйым басшылығының осындай операциялардың тәжірибесімен және кейбір жағдайларда тәуелсіз сарапшылардың есептерімен толықтырылған пікірлері арқылы анықталады. Қаралып отырған мәліметтерге қаржылық жағдай туралы есеп есепті күннен кейінгі оқиғаларға байланысты алынған кез келген қосымша мәліметтер кіреді. 39. Бағалау міндеттемелері ретінде танылған сомаларға қатысты белгісіздік жағдайға байланысты әртүрлі тәсілдермен қарастырылады. Өлшенетін резервтерге баптардың ірі жиынтығы кірген жағдайда, міндеттеме олардың тиісті мүмкіндіктері бойынша барлық ықтимал нәтижелерді салыстыру арқылы бағаланады. Мұндай статистикалық әдіс «күтілген құн» деп аталады. Бағалау міндеттемелері осы соманың, мысалы, 60% немесе 90 % жоғалу мүмкіндігіне байланысты әртүрлі болады. Ықтимал нәтижелердің үздіксіз диапазоны бар жерде, осы диапазонның әрбір нүктесі басқалары сияқты соншалықты ықтимал болғандықтан, диапазонның орташа нүктесі пайдаланылады.
40. Бірыңғай міндеттеме өлшенгенде, жеке, барынша ықтимал нәтиже міндеттеменің ең дұрыс есептік бағалауы болуы мүмкін. Алайда, мұндай жағдайда да ұйым басқа ықтимал нәтижелерді қарастырады. Басқа ықтимал нәтижелер негізінен жоғары немесе төмен болған жағдайда, ең дұрыс есептік бағалау да көп немесе аз сома болады. Ұйым тапсырыс беруші үшін шығарылған негізгі жабдықтағы аздаған ақауды жөндейді деп ойласақ, 1,000 мөлшеріндегі шығындар кезінде бірінші әрекеттен-ақ жөндеу жұмыстарын аяқтау неғұрлым ықтимал нәтиже болып табылады. Егер бірінші әрекеттен ақауды жою мүмкін болмаса, онда резервтің 1,000 асып түсетін сомаға тану керек. 41. Бағалау міндеттемелері салыққа дейін өлшенеді, өйткені бағалау міндеттемелерінің салықтық салдарлары және олардағы өзгерістер 12 Пайдаға салынатын салықтар ХҚЕС-ында (IAS) қаралады. Тәуекелдік және белгісіздік 42. Көптеген оқиғалар мен жағдайлардың сөзсіз болуы тәуекелдіктер мен белгісіздік бағалау міндеттемелері бойынша ең дұрыс есептік бағалауды алу үшін ескерілуі тиіс. 43. Тәуекелдік нәтиженің өзгергіштігін көрсетеді. Тәуекелдіктерге түзету енгізу өлшенетін міндеттеменің сомасын көбейтуі мүмкін. Белгісіздік жағдайында пікір айтқан кезде кірістер мен активтерді көтермеу үшін және шығыстар немесе міндеттемелерді төмендетпеу үшін сақтық керек. Алайда, белгісіздік артық бағалау міндеттемелерін жасауды немесе міндеттемелерді әдейі көтеруді ақтамайды. Мысалы, аса жағымсыз нәтижелердің болжанатын шығындары сақтықпен бағаланса, онда кейін нәтиже шын мәніндегіге қарағанда неғұрлым ықтимал ретінде қарастырылмайды. Тәуекелдік пен белгісіздікке түзету бағалау міндеттемелерін кейін көтеру арқылы қайталанбас үшін сақтық қажет. 44. Шығындар сомасына қатысты белгісіздіктерді ашу 85(b)-тармаққа сәйкес жүргізіледі. Дисконтталған құн 45. Ақшаның уақытша құнына әсер көп болғанда, бағалау міндеттемелерінің сомасы міндеттерді өтеу үшін қажет шығындардың дисконтталған құнын білдіреді. 46. Есептік күнінен кейін пайда болатын ақша қаражаттарының кетуіне жататын бағалау міндеттемелері ақшаның уақытша құнына байланысты неғұрлым қиын болса, осы сомада ақша қаражаттарының кетуі кейінірек пайда болады. Сондықтан, ықпал елеулі болса, бағалау міндеттемелері дисконтталады. 47. Дисконттау бағамы (немесе бағамдары) міндеттемелерге тән ақша мен тәуекелдіктің уақытша қүнының ағымдағы нарықтық бағалауын көрсететін салыққа дейін бағам (немесе бағамдар) болуы тиіс. Дисконттау бағамы (бағамдары) ақша қаражаттарының болашақ тасқындары түзетілген тәуекелдіктерді көрсетпеуге тиіс. Болашақ оқиғалар 48. Міндеттемелерді өтеу үшін қажетті сомаға әсер ететін болашақ оқиғалар олардың болуы туралы жеткілікті объективті растаулар болған жағдайда бағалау міндеттемелері сомасында көрсетіледі. 49. Күтілетін болашақ оқиғалар бағалау міндеттемелерін бағалау кезінде ерекше болуы мүмкін. Мысалы, технологиядағы болашақ өзгерістер нәтижесінде алаңды тазалау бойынша шығындарды ұйым оны пайдалану мерзімінің аяқталуына байланысты төмендеуі мүмкін деп санайды. Танылған сома алаңды тазалау сәтінде қажет болатын технологияға қатысты барлық бар негіздемелерді есепке ала отырып, техникалық білікті объективті бақылаушылардың орынды күтулерін көрсетеді. Сондықтан бар технологияларды қолдану тәжірибесімен немесе тазалау бойынша бұрын оған қолданылған неғұрлым ірі немесе неғұрлым күрделі қолданылып жүрген технологияны қолданудың күтіліп отырған шығындарына байланысты шығындардың күтіліп отырған қысқартуын енгізу орынды. Алайда ұйым бұл барынша объективті негіздемемен расталмайынша тазалау үшін мейлінше жаңа технологияны әзірлеуді күтпейді. 50. Ықтимал жаңа заңнаманың әсері іс жүзінде заңнаманың сөзсіз қабылданатынына жеткілікті объективті негіздеме болған жағдайда, қолданылып жүрген міндеттемелерді бағалау кезіндегі есеп қабылданады. Тәжірибеде пайда болатын міндеттемелердің алуан түрлілігі әрбір жағдайға жеткілікті объективті негіздеме болатын бірыңғай оқиғаны айқындауды қиындатады. Негіздеме болашақ заңнамадағы талаптарға қатысты қаншалықты қажет болса, шын мәнінде ол қабылданып, енгізіле ме деген мәселелерге де қажет. Көптеген жағдайларда жеткілікті объективті негіздеме заңды іс жүзінде қабылдағанға дейін болмайды. Активтердің күтілетін шығарылуы 51. Активтердің күтілетін шығарылуынан түсетін пайда бағалау міндеттемелерін бағалау кезінде есептелмеуге тиіс. 52. Күтілетін шығару бағалау міндеттемелерінің пайда болуына себеп болатын оқиғаларға тығыз байланысты болғанның өзінде, активтердің күтілетін шығаруынан түсетін пайда бағалау міндеттемелерін бағалау кезінде есептелмеуге тиіс. Мұның орнына ұйым тиісті активтерді қарастыратын Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарты белгілеген сәтте активтердің күтілетін шығаруынан болған пайданы таниды.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |