|
|
|
4-ші Халықаралық Қаржылық Есептіліктің Стандарты (IFRS 4)
Мақсаты 1 Осы Стандарт мақсаты сақтандыру келісімшарттары бойынша аталған келісімшарттарды шығаруды жүзеге асыратын (берілген Стандартта сақтандырушы деп аталады) ұйымның қаржылық есептілігін басқарма сақтандыру келісімшарты бойынша өз жобасының екінші сатысын аяқтаған сәтке дейін сипаттау болып табылады. Атап айтқанда осы Стандарт мыналарды талап етеді: (а) сақтандыру келісімшарттары бойынша сақтандырушының бухгалтерлік есебіндегі шектеулі жетілдірулерді; (b) сақтандырушының қаржылық есептілігіндегі сақтандыру келісімшарттарына байланысты туындаған сомаларды айқындайтын және түсіндіретін және қаржылық есептіліктің пайдаланушыларына сақтандыру келісімшарттары бойынша болашақ ақша қаражатының көлемін, уақыт бойынша бөлуін және айқындалмауын түсінуге көмектесетінін ашып көрсетуді. Қолдану аясы 2 Ұйым осы Стандартты мыналарға қолдануы тиіс: (а) ұйым шығаратын сақтандыру келісімшарттарына (қайта сақтандыру келісімшарттарын қоса алғанда) және оның иелігіндегі қайта сақтандыру келісімшарттарына; (b) ол қалауы бойынша қатысу құқығымен шығаратын қаржы құралдарына (35-тармақты қараңыз). 7 Қаржы құралдары: ақпаратты ашып көрсету ХҚЕС (IFRS) аталған құқықтары бар қаржы құралдарын қоса алғанда, қаржы құралдары туралы ақпаратты ашып көрсетуді талап етеді. 3 Осы Стандарттың 45-тармақтары өтпелі кезеңнің талаптарын қоспағанда, сақтандырушыларды есепке алу, сақтандырушылардың иелігіндегі қаржы активтерін және сақтандырушылар шығарған қаржы міндеттемелерін (32 ХҚЕС (IАS) Қаржы құралдары: ақпаратты ұсыну және 39 Қаржы құралдары: тану және бағалау ХҚЕС-ты (IАS) және 7 ХҚЕС (IFRS) пен 9 ХҚЕС (IFRS) Қаржы құралдары стандарттарын қараңыз) бухгалтерлік есепке алу сияқты аспектілерін қозғамайды. 4 Ұйым осы Стандартты мыналарға қолданбауы тиіс: (а) тікелей өндірушілер, дилерлер немесе бөлшектеп сатушылар ұсынатын өнімге берілген кепілдікке (18 Табыс ХҚЕС(IАS) және 37 Міндеттемелер, шартты міндеттемелер және шартты активтер (ХҚЕС-ты (IАS) қараңыз); (b) жұмыс берушілердің қызметкерлерге сыйақы жоспарлары бойынша активтері мен міндеттемелеріне (19 Қызметкерлерге берілетін сыйақылар ХҚЕС (IАS) және 2 Акция негізіндегі төлемдер ХҚЕС (IFRS) қараңыз) және белгіленген төлемдерге ие зейнетақы жоспарларының есептілігінде көрсетілген аталған жоспарлар бойынша міндеттемелерге (26 Зейнетақымен қамтамасыздандыру бағдарламалары (зейнетақы жоспарлары) бойынша есеп және есептілік ХҚЕС (IАS) қараңыз); (c) болашақтағы пайдалануға немесе қаржылық емес бапты пайдалану құқығына қатысты келісімшарттық құқықтарға немесе келісімшарттық міндеттемелерге (мысалы, кейбір лицензиялық төлемдер, роялти, келісімшартты жалдау төлемдері және осындай баптар), сондай-ақ қаржылық жалдауда құрылған жалдаушының тарату құнына берілген кепілдікке (17 Жалдау ХҚЕС (IАS), 18 Табыс ХҚЕС (IАS) және 38 Материалдық емес активтер ХҚЕС-ты(IАS) қараңыз); (d) қаржылық кепілдіктер, аккредитивтер немесе сақтандыру келісімшарттары ретінде сипатталатынына не сипатталмайтынына қарамастан, 9 ХҚЕС(IFRS), 32 ХҚЕС(IAS) және 7 ХҚЕС(IFRS) және ұйым беретін немесе берілген стандарт бойынша басқа тарапқа осы Стандартты қолдану аясына кіретін қаржылық активтерді немесе қаржылық міндеттемелерді өткізу кезінде жауапкершілік сақталатын қаржылық кепілдік берулерге қолданбауы тиіс. Эмитент осы таңдауды әрбір жеке келісімшартқа қатысты қолдана алады, бірақ бір рет жасағаннан кейін эмитент одан шегінуге құқылы емес; (e) бизнесті біріктіру барысындағы төлемге немесе алуға кіретін келісімшартты өтемге (3 Бизнес бірлестіктері ХҚЕС (IFRS) қараңыз); (f) ұйым иеленген тікелей сақтандыру келісімшарттарына (яғни, ұйым полисті ұстаушы болып табылатын сақтандыру келісімшарттарына). Дегенмен, цедент осы Стандартты ол иеленген қайта сақтандыру келісімшарттарына қолдануы тиіс. 5 Қолайлылық үшін осы Стандартты сақтандыру келісімшартын шығаратын кез келген ұйым, ол заңды немесе қадағалау мақсаты үшін сақтандырушы болып табылатынына не табылмайтынына қарамастан, сақтандырушы деп атайды. 6 Қайта сақтандыру келісімшарты - бұл сақтандыру келісімшартының түрі. Тиісінше сақтандыру келісімшарттарының осы Стандарт аталған барлық ескертулері де қайта сақтандыру келісімшарттарына жатады. Орнықтырылған туынды құралдар 7 9 ХҚЕС (IFRS) ұйымның негізгі келісімшарттардан кейбір құрылған туынды құралдарды бөлуді, оларды әділ құны бойынша бағалауды және олардың әділ құнының өзгерістерін пайда немесе шығынға енгізуін талап етеді. 9 ХҚЕС (IFRS), құрылған туынды құрал өздігінен сақтандыру келісімшарты болып табылатын жағдайларды қоспағанда, сақтандыру келісімшарттарында құрылған туынды құралдарға қолданылады. 8 9 ХҚЕС (IFRS) талаптардан айырмашылық ретінде сақтандырушыға полисті ұстаушының сақтандыру келісімшартынан белгіленген сома үшін (немесе белгіленген сомаға және пайыздық міндеттеме негізделген сома үшін) бас тарту мүмкіндігін, тіпті егер осы мүмкіндікті пайдалану бағасының негізгі сақтандыру міндеттемесінен айырмашылығы болса да, әділ құны бойынша бөліп көрсету және бағалау қажет емес. Дегенмен 9 ХҚЕС (IFRS) талабы, егер бас тарту бағасы қаржылық айнымалының (үлестік құралдың немесе тауардың бағасы немесе индекс сияқты) немесе келісімшарт бойынша тарапқа жатпайтын қаржылық емес айнымалының өзгеруіне қатысты өзгерсе, сату опционына немесе сақтандыру келісімшартында құрылған ақша қаражатына айырбас ретінде бас тарту мүмкіндігіне жатады. Сонымен бірге, бұл талап сондай-ақ, егер ұстаушының сату опционын немесе ақша қаражатына айырбас ретінде бас тарту мүмкіндігін пайдалану мүмкіндігі осындай айнымалылықтың өзгеруімен (мысалы, егер қор нарығының индексі белгілі бір деңгейге жетсе, сату опционын пайдалануға болады) болса, қолданылады. 9 8-тармақ тең дәрежеде қалауы бойынша күмәнді қатысы бар қаржылық құралдан бас тарту мүмкіндігіне де қолданылады. Депозиттік құрамды бөлу есебі 10 Кейбір сақтандыру келісімшарттарының сақтандыру құрамы және сол сияқты депозиттік құрамы бар. Кейбір жағдайларда сақтандырушыдан осы құрамдарды бөлу талап немесе рұқсат етілген: (а) егер мына екі талап қанағаттандырылса, бөлу талап етіледі: (і) сақтандырушы депозиттік құрамды (бас тартудың құрылған мүмкіндігін қоса алғанда) бөлек (яғни, сақтандыру құрамды есепке алмай) бағалай алады; (іі) сақтандырушының есеп саясаты одан өзгеше түрде депозиттік құрамға байланысты туындаған барлық міндеттемелер мен құқықтарды тану талап етілмейді; (b) егер сақтандырушы депозиттік құрамды (а)(і) тармағындағыдай бөлек бағалау, бөлу рұқсат етілген, бірақ талап етілмейді, бірақ оның есеп саясаты одан депозиттік құрамға байланысты туындаған барлық міндеттемелер мен құқықтарды, осы құқықтар мен міндеттемелерді бағалау үшін қандай негіз пайдаланылатына қарамастан, тануды талап етеді; (с) егер сақтандырушы депозиттік құрамды (а)(і) тармағындағыдай бағалау алмаса, бөлуге тиым салынған; 11 Бұдан әрі сақтандырушының есеп саясаты одан депозиттік құрамға байланысты туындаған барлық міндеттемелерді талап етпейтін жағдайдың мысалы келтіріледі. Цедент қайта сақтандырушыдан шығындар өтемін алады, бірақ келісімшарт цедентті болашақ жылдары осы өтемді кері төлеуге міндеттейді. Бұл міндеттеме депозиттік құрамға байланысты туындайды. Егер цеденттің есеп саясаты керісінше жағдайда оған осы өтемді туындайтын міндеттемелерді танусыз кіріс ретінде тануға рұқсат етсе, онда бөлу талап етіледі. 12 Келісімшартты бөлу үшін сақтандырушы: (а) осы Стандартты сақтандыру құрамына қолдануы; (b) 9 ХҚЕС (IFRS) депозиттік құрамына қолдануы тиіс.
Тану және бағалау Басқа Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарынан уақытша босату 13 8 Есеп саясаты, бухгалтерлік есеп бағалауларында болатын өзгерістер және қателіктер ХҚЕС (IАS) 10-12-тармақтары бапқа тікелей қолданылатын Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттары болмағанда ұйым есеп саясатын әзірлеу кезінде пайдалануы үшін қажетті талаптарды белгілейді. Дегенмен осы Стандарт сақтандырушыны аталған талаптарды өзінің есеп саясатында қолданудан босатады: (а) ол шығаратын сақтандыру келісімшарттарына қатысты (сатып алуға арналған тиісті шығындарды және 31 және 32-тармақтарда жазылған материалдық емес активтерді қоса алғанда); және (b) ол иеленген сақтандыру келісімшарттарына. 14 Сонымен бірге осы Стандарт сақтандырушыны 8 ХҚЕС-тың (IАS) 10-12-тармақтарындағы кейбір талаптарының ықпалынан босатпайды. Атап айтқанда сақтандырушы: (а) сақтандыру келісімшарттары бойынша туындайтын, есепті күні болмаған ықтимал болашақ шағымдар бойынша кез келген бағалау резервтерін міндеттеме ретінде танымауы тиіс (апаттық тәуекелдіктер бойынша бағалау резервтері және шығындылықтың өзгеру резервтері сияқты); (b) 15-19-тармақтарда жазылған міндеттемелердің баламалығын тексеруі тиіс; (c) сақтандыру міндеттемесін (немесе сақтандыру міндеттемесінің бір бөлігін) қаржылық жағдай туралы есептен, тек ол өтелген кезде, яғни келісімшартта көрсетілген міндеттеме орындалған немесе жойылған немесе оның қолданылу мерзімі аяқталған кезде ғана алып тастауы тиіс; (d) мыналарды есепке алуы тиіс емес: (і) қайта сақтандыруға байланысты, тиісті сақтандыру міндеттемелері бар активтерді; немесе (іі) тиісті сақтандыру келісімшарттары бойынша шығыстары немесе кірістері бар қайта сақтандыру келісімшарттары бойынша кірістерді немесе шығыстарды; (е) қайта сақтандыруға байланысты активтердің құнсызданғанын не құнсызданбағанын талдауы тиіс (20-тармақты қараңыз). Міндеттемелердің жеткіліктілігін тексеру 15 Сақтандырушы әрбір есепті күні оның сақтандыру міндеттемелерінің тепе-тең болып табыла ма әлде жоқ па екенін өзінің сақтандыру келісімшарттары бойынша ақша қаражатының болашақ ағындарының ағымдағы есептік бағалауын пайдалана отырып бағалауы тиіс. Егер осындай бағалау оның сақтандыру міндеттемелерінің қаржылық жағдай есебі құны (мысалы, 31 және 32-тармақтарда жазылған сияқты сатып алу және материалдық емес активтер үшін бөлінген тиісті шығындарды шегергенде) ақша қаражатының болашақ ағымдарының осындай есептері кезінде балама болмаса, онда айырманы толық көлемде пайдада немесе залалда таныған жөн. 16 Егер сақтандырушы міндеттемелердің тепе-теңдігін тексерсе және ол белгілі бір ең төменгі талаптарды қанағаттандырса, онда осы Стандарт қосымша талаптар жүктемейді. Ең төменгі талаптар төменде келтірілген: (а) тексеру кезінде келісімшарт бойынша ақша қаражатының барлық ағындарының және ақша қаражатының шағымдарды қарау бойынша шығыстар сияқты тиісті ағындарының, сондай-ақ ақша қаражатының жан-жақты опциондардан және кепілдік берулерден туындайтын ағындарының ағымдағы есептік бағалауы ескерілуі тиіс; (b) егер тексеру міндеттеменің баламалы емес екенін көрсетсе, онда айырма толық көлемде пайда немесе залал ретінде танылады. 17 Егер сақтандырушының есеп саясаты міндеттемелердің 16-тармақтағы ең төменгі талаптарды қанағаттандыратын баламалығын тексеруді талап етпесе, онда сақтандырушы: (а) тиісті сақтандыру міндеттемелерінің[1] қаржылық жағдай есебі құнын мыналардың қаржылық жағдай есебі құнын шегере отырып айқындауы тиіс: (і) сату үшін бөлінген тиісті шығындардың; және (іі) бизнесті біріктіру немесе портфельді өткізу кезінде сатып алынатын тиісті материалдық емес активтердің (31 және 32-тармақтарды қараңыз). Дегенмен қайта сақтандыруға байланысты тиісті активтер қаралмайды, себебі сақтандырушы оларды жеке есепке алады (20-тармақты қараңыз); (b) егер тиісті сақтандыру міндеттемелері 37 Міндеттемелер, шартты міндеттемелер және шартты активтер ХҚЕС (IАS) қолдану аясына кірсе, (а) тармағында жазылған сома қажетті болатын қаржылық жағдай есебі құнына қарағанда аз ба және жоқ па екенін айқындауы тиіс. Егер ол аз болса, онда сақтандырушы айырманы толық көлемде пайдада немесе залал тануы тиіс және сатып алу немесе тиісті материалдық емес активтер үшін бөлінген тиісті шығыстардың қаржылық жағдай есебі құнын азайтуы немесе тиісті сақтандыру міндеттемелерінің қаржылық жағдай есебі құнын ұлғайтуы тиіс. 18 Егер міндеттемелердің тепе-теңдігін тексеру 16-тармақтағы ең төменгі талаптарды қанағаттандырса, онда сақтандырушы оны осы тексеру үшін көрсетілетін қорыту деңгейі үшін жүргізуі тиіс. Егер міндеттемелердің тепе-теңдігін тексеру осы ең төменгі талаптарды қанағаттандырмаса, онда 17-тармақта жазылған салыстыруды олар ұқсас тәуекелдіктермен иеленген және бірге бірыңғай портфель ретінде басқарылатын келісімшарттар портфелінің деңгейі үшін жүргізуі қажет. 19 17(b)-тармақта жазылған сома (яғни 37 ХҚЕС (IАS) қолдану нәтижесі) 17(а)-тармақта жазылған сома да осы маржаны көрсететін жағдайларда ғана болашақ инвестициялық болашақ пайданы (27-29-тармақтарды қараңыз) көрсетуі тиіс. Қайта сақтандыруға байланысты активтердің құнсыздануы 20 Егер цеденттің қайта сақтандыруға байланысты активі құнсызданса, онда цедент тиісті түрде оның қаржылық жағдай есебі құнын азайтуы және құнсыздандудан болған осы залалды пайдада немесе залалда тануы тиіс. Қайта сақтандыруға байланысты актив, егер: (а) қайта сақтандыруға байланысты активті бастапқы танығаннан кейін болған, цедент келісімшарттың талаптары бойынша оған тиесілі барлық соманы ала алмайтын оқиғаның нәтижесінде туындаған объективті куәлік болса; және (b) осындай оқиғаның цеденттің қайта сақтандырушыдан алатын сомаларына әсерін шынайы бағалауға болса, құнсызданады. Есеп саясатындағы өзгерістер 21 22-30-тармақтар ХҚЕС (IFRS) қолданып отырған сақтандырушы жасаған өзгерістерге де және ХҚЕС-ты (IFRS) бірінші рет қолданып отырған сақтандырушы жасаған өзгерістерге де қолданылады. 22 Сақтандырушы өзінің есеп саясатын сақтандыру келісімшарттарына қатысты өзгеріс қаржылық есептілікті пайдаланушылардың экономикалық шешімдер қабылдауы үшін неғұрлым орынды етіп, оның сенімділігін төмендетпей, немесе оны неғұрылым сенімді жасап, оның осы мақсаттар үшін қолайлығын төмендетпей жасаған жағдайда ғана өзгертеді. Сақтандырушы 8 ХҚЕС (IАS) талаптары негізінде орындылық және сенімділік туралы талқылауы тиіс. 23 Есеп саясатының сақтандыру келісімшарттарына қатысты өзгерісін негіздеу үшін сақтандырушы осы өзгерістің қаржылық есептіліктің 8 ХҚЕС (IАS) талаптарға көп сәйкес келетініне әкеп соғатынын, бірақ осы өзгерістің осы талаптарға толық сәйкес келтіру талап етілмейтінін көрсетуі тиіс. Бұдан әрі мынадай нақты мәселелер талқыланады: (а) ағымдағы пайыздық мөлшерлемелер (24-тармақты қараңыз); (b) бар іс-тәжірибені пайдалануды жалғастыру (25-тармақты қараңыз); (c) сақтық (26-тармақ); (d) болашақ инвестициялық пайда (27-29-тармақтар); және (e) балама есепке алу (30-тармақ). Ағымдағы нарықтық пайыз мөлшерлемелері 24 Сақтандырушыға есеп саясатын белгілі бір сақтандыру міндеттемелерін[2] ағымдағы нарықтық мөлшерлемелерді көрсету және осы міндеттемелердің өзгерісін пайдада немесе залал тану үшін қайтадан бағаланатындай түрде өзгертуге рұқсат етілгенімен талап етілмейді. Осы уақытта ол сондай-ақ есеп саясатының белгілі бір міндеттемелерге қатысты ағымдағы басқа бағалауларды және жорамалдарды қолдануды талап ететін аспектілерін қабылдайды. Осы тармақтағы таңдау мүмкіндігі сақтандырушыға өзінің есеп саясатын белгілі бір міндеттемелерге қатысты, оны барлық ұқсас міндеттемелерге жүйелі түрде қолданбай, керісінше жағдайда 8 ХҚЕС (IАS) талап ететіндей өзгерту мүмкіндігі беріледі. Егер сақтандырушы осы мүмкіндікті пайдаланса және міндеттемелерді айқындаса, онда ол ағымдағы нарықтық пайыздық мөлшерлемелерді (және егер қолданылатын болса, ағымдағы басқа бағалаулар мен жорамалдарды) барлық кезеңдерде барлық міндеттемелерге, олар өтеліп болғанша жүйелі түрде пайдалануды жалғастыруы тиіс. Қолданыстағы тәжірибені пайдалануды жалғастыру 25 Сақтандырушы мынадай тәжірибені пайдалануды жалғастыра алады, бірақ оны бастауды 22-тармаққа қайшы келетіндіктен, бірінші рет қолдана алмайды: (а) сақтандыру міндеттемелерін дисконтталмаған негізде бағалау; (b) ұқсас қызмет түрлері үшін нарықтың басқа қатысушылары алатын ағымдағы сыйақылармен салыстыру арқылы алынған әділ құннан асатын сомадағы инвестицияларды басқару үшін болашақ сыйақыларға келісімшарттық құқықтарын өзгерту. Әділ құнның осы келісімшарттық құқықтар туындаған кезде дайындық жұмыстарының төленген шығындары, инвестицияларды басқару үшін болашақ сыйақылар және оларға байланысты шығындар нарықтық салыстырма деректермен сәйкес келмейтін жағдайларды қоспағанда тең болуы ықтимал; (с) 24-тармақта рұқсат етілген жағдайларды қоспағанда, еншілес ұйымдардың сақтандыру келісімшарттарына (және егер бар болса, сатып алу және материалдық емес активтер үшін тиісті бөлінген шығыстарға) қатысты бірдей емес есеп саясатын пайдалану. Егер аталған есеп саясаты бірдей болмаса, онда сақтанушы оны, егер өзгеріс есеп саясатындағы тағыда үлкен айырмашылыққа әкелмесе, ал осы Стандарттың басқа талаптарын қанағаттандырған жағдайда өзгерте алады. Сақтық 26 Сақтандырушыдан артық сақтық жасауды болдырмас үшін өзінің есеп саясатын сақтандыру келісімшарттарына қатысты өзгерту талап етілмейді. Дегенмен, егер сақтандырушы өзінің сақтандыру келісімшарттарын жеткілікті сақтықпен бағаласа, онда ол оны ұлғайтпауы тиіс. Болашақ инвестициялық табыс 27 Сақтандырушыдан болашақ инвестициялық табысты болдырмас үшін өзінің есеп саясатын сақтандыру келісімшарттарына қатысты өзгерту талап етілмейді. Дегенмен, егер сақтандырушы табыстылық келісімшарттар бойынша төлемдерге ықпал ететін жағдайларды қоспағанда, сақтандыру келісімшарттарын өзгерту кезінде болашақ инвестициялық табысты көрсететін есеп саясатын қабылдаса, сақтандырушының қаржылық есептілігінің орындылығы және сенімділігі аз болады деген жорамал бар. Осындай маржаны көрсететін есеп саясатының екі мысалы: (а) сақтандырушы активтерінің есептік кірістілігін көрсететін дисконттау мөлшерлемесін пайдалану; немесе (b) осындай активтер бойынша кірістіліктің есеп айырысу мөлшерлемесі бойынша кірістерін болжау, басқа мөлшерлеме бойынша болжанатын кірістерді дисконттау және нәтижені міндеттемелерді бағалауға енгізу. 28 Сақтандырушы, егер есеп саясатының басқа аспектілері оның қаржы есептілігінің орындылығын және сенімділігін мұның орындылық пен сенімділіктің болашақ инвестициялық табыстылықты енгізуге байланысты туындаған азаюынан асып түсетіндей дәрежеге дейін ұлғайтатын болса ғана, 27-тармақта жазылған теріске шығарылатын жорамалды назарға алмайды. Мысалы, сақтандыру келісімшартына қатысты есеп саясатына оларды жасау кезінде қабылданған, артық сақтық жасалатын жорамал және реттеуші орган нарықтық талаптарды ескермей, сондай-ақ кейбір тысқары опциондар мен кепілдіктерді елемей ұйғарған дисконттау мөлшерлемесі кіреді деп айталық. Сақтандырушы өзінің қаржылық есептілігінің орындылығын оның сенімділігін азайтпай, инвесторға бағдарланған, кеңінен қолданылатын және мыналар кіретін кешендік есепке алуға өту арқылы ұлғайта алады: (а) ағымдағы бағалаулар және жорамалдар; (b) тәуекелдікті және айқындалмаушылықты көрсету үшін қисынды (бірақ аса сақтықпен емес) түзету; (c) орнықтырылған опциондар мен кепілдіктердің ішкі және сол сияқты уақытша құнын көрсететін бағалау; және (d) егер тіпті дисконттау мөлшерлемесі сақтандырушы активтерінің есептік кірістілігін көрсетсе, дисконттаудың ағымдағы нарықтық мөлшерлемесі. 29 Бағалаудың кебір тәсілдері дисконттау мөлшерлемелері пайданың болашақ маржасының келтірілген құнын айқындау үшін пайдаланылады. Одан кейін пайданың табыстылығы формулаға сәйкес жекелеген кезеңдер арасында бөлінеді. Осы тәсілдер дисконттау мөлшерлемесі міндеттемені бағалауға тек жанама ықпал етеді. Атап айтқанда, сәйкес келмейтін дисконттау мөлшерлемесін пайдаланудың шектеулі ықпал етуі бар немесе туындаған кезде міндеттемені бағалауға ықпал етпейді. Дегенмен басқа тәсілдерде дисконттау мөлшерлемесін міндеттемелерді бағалауға тікелей ықпал етеді. Соңғы жағдайда активтерге негізделген дисконттау мөлшерлемесін қолданудың неғұрлым шамалы ықпалы бар, мүмкін, сақтандырушы 27-тармақта жазылған теріске шығарылатын жорамалды ескермейтін болады. Балама есепке алу 30 Есепке алудың кейбір үлгілерінде сақтандырушының активтері бойынша іске асырылған пайдалар немесе залалдар (а) оның сақтандыру міндеттемелерінің, (b) 31 және 32-тармақтарда жазылған сияқты сатып алу және (с) материалдық емес активтер үшін тиісті бөлінген тиісті шығыстардың бір бөлігін немесе барлығын өзгертуге тікелей ықпал етеді. Сақтандырушыға есеп саясатын актив бойынша танылған, бірақ іске асырылмаған пайда немесе залалын осындай өзгертуге оларға іске асырылған пайда немесе залалын ықпал еткендей ықпал ететін түрде өзгеруге рұқсат етілген, бірақ талап етілмеді. Сақтандыру міндеттемесін (немесе сату немесе материалдық емес активтер үшін бөлінген шығыстарды) тиісті түзету басқа толық табыс арқылы, егер іске асырылмаған пайда немесе залалын тікелей басқа толық табыс арқылы танылса ғана, танылуы тиіс. Осындай тәжірибені кейде «балама есепке алу» деп айтады. Бизнесті біріктіру немесе портфельді беру кезінде сатып алынған сақтандыру келісімшарттары 31 Бизнесті біріктіру кезінде 3 Бизнес бірлестіктері ХҚЕС-ын (IFRS) сақтау үшін сақтандырушы сатып алу күніне әділ құн бойынша қолданылатын сақтандыру міндеттемелерін және сақтандыруға байланысты сатып алынатын активтерді бағалауы тиіс. Дегенмен сақтандырушыға сатып алынған келісімшарттардың әділ құны екі құрамға бөлінетін кеңейтілген көріністі пайдалануға рұқсат етіледі, бірақ талап етілмейді:
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |