|
|
|
7-ші Халықаралық Қаржылық Есептіліктің Стандарты (ІFRS 7)
Мақсаты1 Осы Стандарттың мақсаты - ұйымдарға өз қаржы есептілігінде пайдаланушыларға мыналарды бағалауға мүмкіндік беретіндей ақпаратты ашып көрсету туралы талаптарды айқындау: (а) ұйым қызметінің қаржылық жағдайы мен қаржы нәтижелері тұрғысында қаржы құралдарының маңызы; және (b) есепті кезең ішінде және есептік кезеңнің соңында ұйым тәуелді болпатын қаржы құралдарынан пайда болатын қауіптердің сипаты мен дәрежесі, сондай-ақ осындай қауіптерден сақтану үшін ұйым қолданатын шаралар. 2 Осы Стандартта тұжырымдалған қағидаттар 32 ХҚЕС Қаржы құралдары: ақпаратты ұсыну (ІAS) және 9 Қаржы құралдары ХҚЕС-тарда(ІFRS) белгіленген қаржы активтері мен қаржы міндеттемелерін тану, бағалау мен ұсыну қағидаттарын толықтырады. Қолдану аясы3 Осы Стандартты барлық ұйымдар қаржы құралдарының барлық түрлеріне қолдануға тиіс, мыналар қосылмайды: (а) 27 Шоғырландырылған және жеке қаржы есептілігі ХҚЕС (ІAS) , 28 Қауымдасқан ұйымдарға салынған инвестициялар ХҚЕС (IAS) немесе 31 Бірлескен қызметке қатысу ХҚЕС (IAS) сәйкес есеп берілетін еншілес ұйымдардағы, қауымдасқан ұйымдар және бірлескен ұйымдардағы қатысу үлестері. Алайда, кейбір жағдайларда, 27 ХҚЕС (IAS) , 28 ХҚЕС (IAS) немесе 9 ХҚЕС (IAS) ұйымға еншілес ұйымдағы, қауымдасқан ұйымдағы немесе бірлескен кәсіпорындардағы қатысу үлесі жөнінде 13 ХҚЕС -ын (ІFRS) Қаржы құралдары стандартын қолдана отырып есеп беруіне рұқсат береді; мұндай жағдайларда ұйымдар осы ХҚЕС-ының (IFRS) талаптарын қолдануы тиіс. Ұйымдар сондай-ақ еншілес ұйымдардағы, қауымдасқан ұйымдардағы немесе бірлескен ұйымдардағы қатысу үлестерімен байланысты барлық туынды құралдарға, егер туынды құрал ХҚЕС-тағы 32 (IAS) үлестік құрал анықтамасына сай келмейтін болса, осы ХҚЕС-ты (IFRS) қолдануға міндетті. (b) 19 Қызметкерлерге берілетін сыйақылар ХҚЕС-қа (IFRS) қатысты қызметкерлерге берілетін сыйақы жоспарларынан пайда болатын жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттемелері. (с) [жойылған] (d) 4 Сақтандыру келісімшарттары ХҚЕС-ына (ІFRS) сәйкес сақтандыру келісімшарттары. Соның өзінде осы Стандарт, егер 9 ХҚЕС (ІFRS) ұйымды есепке алуда оларды жеке көрсетуді талап етсе, сақтандыру шарттарында тізілген туынды құралдарға қолданылады. Оған қоса, егер 9 ХҚЕС -ын (ІFRS) келісімшарттарды тану және бағалауда қолданса, ол осы ХҚЕС-ты (IFRS) қаржылық кепіл келісімшарттарына қолдануы тиіс, алайда 4(d) ХҚЕС-ына (ІFRS) сәйкес эмитенттің шешімімен 4 ХҚЕС-ты (ІFRS) оларды тану және бағалау үшін қолданады (е) оларға 2 Акциялар негізіндегі төлемдер ХҚЕС (ІFRS) қолданылатын үлесті құралдар негізінде төлемдер операциялары шеңберіндегі қаржы құралдары, шарттар мен міндеттемелер. Бірақ осы Стандарт 9 ХҚЕС -тың (ІFRS) аясына жататын шарттарға қолданылатынын ескеру керек. (f) 32 ХҚЕС-тың (IAS) 16A және 16B, 16C және 16D -тармақтарына сәйкес үлестік құрал ретінде жіктелуі талап етілетін құралдар. 4 Осы Стандарт танылған және танылмаған қаржы құралдарына қатысты қолданылады. Танылған қаржы құралдарының қатарына (ІFRS) 9 ХҚЕС -ты қолдану аясындағы қаржы активтері мен қаржы міндеттемелері жатады. Танылмаған қаржы құралдарының қатарына (ІFRS) 9 ХҚЕС қолданыс аясына кірмейтін, осы Стандарттың қолдану аясында тұрған кейбір қаржы құралдары кіреді (мысалы, несие алу туралы кейбір келісімдер). 5 Осы Стандарт (ІFRS) 9 ХҚЕС -тың қолданысына жататын қаржылық емес баптарды сатып алуға немесе сатуға арналған шарттарға қолданылуы тиіс.
Қаржы құралдарының сыныптары және ақпаратты ашып көрсету дәрежесі 6 Осы Стандарт қаржы құралдарын сыныптары бойынша ашып көрсетуді талап еткен жағдайларда, ұйым қаржы құралдарын ашып көрсетілетін ақпараттың сипатына сәйкес келетін және сол қаржы құралдарының сипаттамаларын ескеретін сыныптарға топтастыруға тиіс. Ұйым қаржылық жағдай туралы есептің тиісті желілік баптарымен салыстыру жүргізу үшін жеткілікті түрде ақпарат беруге міндетті. Қаржылық жағдай туралы есеп және ұйым қызметінің нәтижелері тұрғысында қаржы құралдарының маңызы 7 Ұйым қаржы есептілігін пайдаланушылар оның қаржылық жағдайы мен қызмет нәтижелері тұрғысында қаржы құралдарының маңызын бағалауға мүмкіндік беретіндей ақпаратты ашып көрсетуге міндетті. Қаржылық жағдай туралы есеп Қаржы активтері мен қаржы міндеттемелер санаттары 8 Төменде аталған санаттардың әрқайсысы бойынша қаржылық жағдай есебі құны, 9 ХҚЕС -тағы (ІFRS) айқындауға сәйкес, не қаржылық жағдай есебінің өзінде, не ескертулерде ашып көрсетілуі тиіс: (а) пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша бағаланатын қаржы активтері, бастапқы тану кезінде солай деп жіктелгендері (і) және 9 ХҚЕС-қа (ІAS) сәйкес сауда үшін арналғандары ретінде жіктелгендері (іі) жеке көрсетіледі; (b)-(d) [жойылған] (е) пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша бағаланатын қаржылық міндеттемелер, бастапқы тану кезінде осылайша жіктелгендері (і) және 9 ХҚЕС -қа (ІFRS) сәйкес сауда үшін арналғандары ретінде жіктелгендері (іі) жеке көрсетіледі; және (f) амортизациялық құны бойынша бағаланатын қаржылық активтер. (g) амортизациялық құны бойынша бағаланатын қаржылық міндеттемелер. (h) Басқа толық табыс арқылы әділ құн бойынша бағаланатын қаржылық активтер. Пайда немесе залалдың құрамында көрініс табатын әділ құн бойынша бағаланатын қаржы активтері немесе қаржы міндеттемелері 9 Егер ұйым несиені немесе дебиторлық берешекті (немесе несие немесе дебиторлық берешек тобын) пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша бағаланатын ретінде жіктесе, ол мыналарды ашып көрсетуге міндетті: (а) несиелік тәуекелділікке барынша берілу (36 (а)-тармақ, есептік кезең жағдайы бойынша, сондай несие немесе дебиторлық берешек (немесе несие немесе дебиторлық берешек топтары); (b) кез келген тиісінше несиелік туынды құралдар немесе соларға ұқсас құралдар несиелік тәуекелдікке сондай барынша берілгендікті азайтатын шама; (с) кезең ішінде және несиелік тәуекелдіктің өзгеруі себепті несиенің немесе дебиторлық берешектің (немесе несие немесе дебиторлық берешек топтарының) жиынтық әділ құнының өзгеру шамасы, бұлар былайша айқындалады: (і) нарықтық тәуекелдікті туғызған нарық жағдайларындағы өзгерістерге жатқызылмайтын оның әділ құнындағы өзгеріс шамасы; немесе (іі) баламалы әдісті қолдану, ол ұйымның пікірі бойынша, осы активтің несиелік тәуекелдігінің өзгерістеріне жататын әділ құнындағы өзгеріс шамасын анағұрлым шынайы айқындайды. Нарықтық тәуекелдікті туғызған нарық жағдайларының өзгерістері қазіргі пайыз мөлшерлемесінің (бағдарының), тауар бағасының, валюта бағамының, бағалар немесе мөлшерлемелер индексінің өзгерістерін қамтиды. (d) кез келген тиісінше несиелік туынды құралдардың әділ құнындағы өзгеріс шамасы. Ол өзгеріс кезең ішінде және несиені немесе дебиторлық берешекті жіктеу кезінен бастап мұндай өзгерістің жиынтық шамасы орын алған. 10 Егер ұйым 9 ХҚЕС (ІFRS) 4.2.2 -тармағына сәйкес қаржы міндеттемесін әділ құн бойынша бағалап, пайда немесе залал құрамындағы өзгерістер көрсетілсе, онда ұйым жиынтық табыс құрамындағы осы міндеттемелерге қатысты несиелік тәуекел өзгерістерінің әсері жөніндегі ақпаратты ашып көрсетуі тиіс (9 ХҚЕС -тың (IFRS) 5.7.7- тармағын қараңыз): (a) кезең ішінде және сол міндеттеменің несиелік тәуекелдігінің өзгеруі себепті қаржылық міндеттеменің жиынтық әділ құнының өзгеру шамасы (осы міндеттемелер бойынша несиелік тәуекелдігінің өзгеруі себебін анықтау бойынша нұсқау алу үшін 9 ХҚЕС-тың (IFRS) B5.7.13-B5.7.20 тармақтарын қараңыз). (b) қаржылық міндеттеменің қаржылық жағдай есебі құны және ұйым өтеу күніне міндеттемені ұстаушыға шарт бойынша төлеуге тиісті сома арасындағы айырмашылықты. (c) мерзім аралығындағы капитал құрамындағы жиынтық пайда мен залалды өткізудің кез-келген операциясы, сондай-ақ ондай операциялардың себептерін қоса көрсетуге. (d) егер мерзім аралығында міндеттемені тану тоқтатылғандығын, яғни тану нәтижесінде пайда болған басқа да жиынтық табыс құрамындағы соманы (егер ондай жағдай бар болса). 10А Егер ұйым 9 ХҚЕС (ІFRS) 4.2.2 -тармағына сәйкес қаржылық міндеттемені әділ құн бойынша бағалап, ол пайда немесе залал құрамындағы өзгерістер ретінде көрсетілетін болып жіктелсе, онда ұйым осы міндеттемелерге қатысты әділ құнның барлық өзгерістерін көрсетуі тиіс (осы міндеттемлерге қатысты несиелік тәуекелгдің өзгерісінің әсерін қоса алғанда) (9 ХҚЕС -тың (IFRS) 5.7.7- және 5.7.8 -тармақтарын қараңыз): (а) кезең ішінде және сол міндеттеменің несиелік тәуекелдігінің өзгеруі себепті қаржылық міндеттеменің жиынтық әділ құнының өзгеру шамасын (9 ХҚЕС-тың (IFRS) мына тармақтарын қараңыз: B5.7.13-B5.7.20. Осы міндеттемелер бойынша несиелік тәуекелдігінің өзгеруі себебін анықтау бойынша нұсқау алу үшін); және (b) баланстық қаржылық міндеттеменің қаржылық жағдай есебі құны және ұйым өтеу күніне міндеттемені ұстаушыға шарт бойынша төлеуге тиісті сома арасындағы айырмашылықты. 11 Ұйым мыналарды ашып көрсетуге міндетті: (а) 9 ХҚЕС-тың (IFRS) 9 (c), 10(a) және 10A(a) және 5.7.7(a) -тармақтарының талаптарын сай орындау үшін қолданылған әдістерінің толықтай түсіндірмесін; (b) егер ұйым IFRS 9- тың 9(c), 10(a) және 10A(a) және 5.7.7(a) тармақтарының сәйкес ол жүргізген ашып көрсету несиелік тәуекелдік өзгерісіне жататын қаржы активінің немесе қаржы міндеттеменің әділ құнындағы өзгерісті толық көлемде көрсете алмайды деп есептесе, ол мұндай қорытынды үшін негіздемені және өзі маңызды деп есептейтін факторларды. (с) жиынтық табыс құрамындағы міндеттемелер бойынша несиелік тәуекелділік өзгерісінің әсері пайда мен залалды тіркеуде қарама-қайшылыққа немесе оны ұлғайтып көрсетуге әкеліп соғатындығын немесе соқпайтындығын анықтау үшін қолданған әдіснама немесе әдіснамаларды толықтай суреттеп беру (9 ҚЕХТ-тың (IFRS) 5.7.7-және 5.7.8 -тармақтарын қараңыз). Егер ұйым пайда мен залал құрамындағы міндеттемелер бойынша несиелік тәуекелділік өзгерісінің әсері жөнінде ақпаратты ашып көрестуге тиісті болатын болса, онда мұндай ақпаратты ашып көресту 9 ХҚЕС -тың (IFRS) B5.7.6-тармағына сай экономикалық қатынастарды толықтай ашып көрсетуі. Басқа толық табыс арқылы әділ құн бойынша бағаланатын қаржылық активтер 11A Егер ұйымның басқа толық табыс арқылы әділ құн бойынша бағаланатын арнайы жасалған инвестициялары бар болса, 9 ХҚЕС-тың (IFRS) 5.7.5-тармағында рұқсат етілгендей, ол ұйым ашып көрсетуі тиіс: (a) басқа толық табыс арқылы әділ құн бойынша бағаланатындай етіп жасалған меншікті капитал құралдарына тиісті инвестициялардың қайсысы. (b) Осы ұсыныс баламасын пайдалану себептері. (c) осындай әр инвестицияның есептілік мерзімінің аяғындағы әділ құны. (d) Мерзім ішінде танылған дивиденттер, есептілік мерзімі ішінде танылмаған инвестицияларға қатысты және есептілік мерзімінің соңына дейін ұсталатын инвестицияларға қатысты дивиденттерді жекелеп көрсете білгенде. (e) Мерзім ішіндегі меншікті капиталдағы жиынтық табыс пен шығындардың, осы көшірулердің себебін қоса алғанда, көшірілуі. 11B Егер ұйым меншікті капитал құралдарындағы толық табыс арқылы әділ құн бойынша бағаланатын инвестицияларды мерзім ішінде танымаған болса, ол ұйым ашып көрсетуі тиіс: (a) инвестициялардан айырылу себептерін. (b) қаржылық жағдай туралы есептен шығару күніндегі шығарылған инвестициялардың әділ құны. (c) шығару кезіндегі жиынтық табыс немесе шығын. 12A [Жойылған] 12B Егер ұйым ағымдағы немесе алдыңғы есептілік мерзімдерде қаржылық активтерді 9 ХҚЕС(IFRS) 4.4.1 -тармағына сәйкес қайта сыныпталған болса, ол ашып көрсетуі тиіс. Осындай әрбір оқиға үшін ұйым ашып көрсетуі тиіс: (a) қайта жіктеу күнін. (b) бизнес моделіндегі өзгерістің нақтыланған түсіндірілуі және ұйымның қаржылық есептіліктеріне әсерін сапалық сипатта суреттелуі. (c) әр категорияға жіктелегн және категориядан қайта жіктелген. 12C Қаржылық жағдай туралы есептен шығаруға дейін қайта топтастырудан кейінгі әрбір есептілік мерзімі үшін, 9 ХҚЕС(IFRS) 4.4.1 - тармағына сәйкес қайта топтастырылған активтер үшін олар амортизацияланған құн бойынша бағаланғанын ашып көрсетуі тиіс: (a) қайта топтастыру күні анықталған эффективті пайыздық мөлшерлеме; және (b) пайыздық пайда немесе танылған залалдар 12D Егер ұйым соңғы жылдық есептілік күнінен бастап амортизацияланған құн бойынша бағаланатындай етіп қаржылық активтерін қайта топтастырса, ол ашып көрсетуі тиіс: (a) есептілік мерзімінің аяғындағы қаржылық активтердің әділ құны; және (b) қаржылық активтер қайта топтастырылмаған жағдайда есептілік мерзімі ішіндегі табыс немесе шығында танылатын әділ пайда немесе шығын. Қаржылық активтер мен қаржылық мiндеттемелерiнiң өзара төлемi 13А 13В-13Е тармақтарындағы ақпараттардың ашылуы осы ХҚЕС өзге талаптарының ашылуын толықтырады,сонымен қатар 32 ХҚЕС-тың 42 тармағына сәйкес барлық қаржылық құралдарға міндетті болып табылады. Осы ақпараттың ашылуы ұқсас келісімдерінің орындалуына жататын 32 ХҚЕС-тың 42 тармақтарына қарамастан, қаржы активтері мен қаржы міндеттемелерінің өзара төлемдері. 13В Кәсiпорынның қаржылық есеп беруі қолданушыларға кәсiпорынның қаржылық жағдай неттингына ықпал немесе потенциалдық эффектін бағалауына мүмкiндiк беретiн мәлiметтi ашуы керек. Бұл кәсiпорынның 13А тармақтарында танылған қаржы активтерi мен қаржы міндеттемелері шеңберiнде танылған сынақ құқықтары әсері немесе потенциалдық әсер. 13C 13B тармақтарының мақсатына жету үшін, ұйым 13A тармақтар шеңберiнде танылған сандық мәліметтері, қаржылық активтер мен қаржылық мiндеттемелерде есептi мерзiм соңында бөлек ашылуы керек: (a) танылған қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелердің жалпы құны; (b) қаржылық есептілік жағдайында көрсетілген 32 ХҚЕС 42 тармақтарында таза құнды анықтау белгiлермен сәйкес есепке қосылатын сомалар; (c) қаржылық есептілік жағдайында көрсетілген таза сома; (d) 13С (b) тармаққа қосылған ұқсас келiсiмнiң орындалуына жататын сомалар: (i) 32 ХҚЕС 42- тармақтарындағы барлық немесе кейбір белгілердің өтемдері танылған қаржылық құралдармен байланыста сомалар; және (іі) қаржылық қамтамасыз етумен байланысты құралады (сонымен қатар,қаржылық құралдар) және (е) (d) және (c) тармақтарындағы сомасын шегергендегі таза сома Осы тармақтарға қажет ақпараттар, егер басқа үлгілер лайықты болса, қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелер кескін түрінде көрсетілуі керек. 13D 13C(d) тармақтарының ашылуына байланысты сома 13C(c)тармақтарындағы құралдарының шектеуінің жалпы сомасы. 13Е 13C(d) тармақтарына сәйкес кәсiпорын танылған қаржы активтері мен қаржы мiндеттемелерi,сонымен қоса сынаққа ашылу құқық сипаттамасын қосуы керек. 13Ғ 13B-13E тармақтарымен анықталған ақпараттар бірнеше қаржылық есептілік хаттармен ашылады, ұйым осы хаттар арасына әрiлi-берiлi сiлтеме iстеу керек. Кепілді қамтамасыз ету 14 Ұйым мыналарды ашып көрсетуге міндетті: (а) 9 ХҚЕС-тың (IFRS) 3.2.23(a) -тармағына сәйкес қайта жіктелген сомаларды қоса алғанда, міндеттемелерді немесе шартты міндеттемелерді кепілді қамтамасыз ету ретінде оған берілген қаржы активтерінің қаржылық жағдай есебі құнын; және (b) кепілді қамтамасыз етудің жасалуына байланысты шарттар мен жағдайларды. 15 Ұйымда кепілді қамтамасыз ету болғанда (қаржылық немесе қаржылық емес активтер) және оның иесі тарапынан дефолт болмағанда кепіл затын сатуға немесе қайтадан қоюға оған рұқсат берілгенде, ол мыналарды ашып көрсетуі тиіс: (а) кепілді қамтамасыз етудің әділ құнын; (b) сатылған немесе қайта кепілденген кез келген сондай кепілді қамтамасыз етудің әділ құнын, сондай-ақ ұйымда оны қайтару міндеттемесінің болуын; және (с) берілген кепілді қамтамасыз етуді пайдалануға байланысты шарттар мен жағдайларды. Несиелік шығындарды жабуға арналған бағалау резерві 16 Қаржы активтері несиелік шығындар себебінен құнсызданғанда, ұйым осындай құнсыздануды бөлек шотта көрсетеді (мысалы, құнсызданудың жекелеген жағдайларын жазу үшін бағалау резерві шотында немесе активтердің ұжымдық құнсыздануын жазу үшін ұқсас шотта). Бұл жерде активтің қаржылық жағдай есебі құнын тікелей азайтудың орнына ол қаржы активтерінің әрбір сыныбы үшін есепті кезең ішінде мұндай шотта өзгерістерді салыстыру деректерін ашып көрсетуі тиіс. Көптеген орнықтырылған туынды элементтері бар құрамдастырылған қаржы құралдары 17 Егер ұйым оның құрамында міндеттеме де, капитал компоненті бар құрал шығарса (32 ХҚЕС-тың (ІAS) 28-тармағын қараңыз) және сол құралда құны бірімен-бірі байланысты көптеген туынды элементтер тізбектелсе (мысалы, қайтарылатын айырбас борыш құралы), ол мұндай элементтердің болуын ашып көрсетуі тиіс. Міндеттемелердің орындалмауы және бұзылуы 18 Қарыздар бойынша есепті уақыт жағдайында танылған кредиторлық берешекке орай ұйым мыналарды ашып көрсетуге міндетті: (а) борыштың, пайыздардың негізгі сомасын төлеу жөніндегі міндеттемелердің орындалмауының кез келген жағдайлары туралы, сондай-ақ өтеу қоры немесе қарыздар бойынша сондай несиеорлық берешекті есепті кезең ішінде мерзімінен бұрын өтеу жағдайлары жөніндегі егжей-тегжейлі мәліметтерді; (b) есепті уақытқа міндеттемелерді орындамаған кезде қарыздар бойынша несиеқорлық берешектің қаржылық жағдай есебі құнын; және (с) орындалмаған міндеттемелер өтелген немесе шығаруға қаржы есептілігін бекіту уақытына дейін қарыздар бойынша несиеорлық берешектің шарттары жылғы редакция туралы ақпарат. 19 Егер есепті кезең ішінде 18-тармақта жазылғаннан басқа қарыз туралы келісімшарттарының бұзылуы орын алса, егер мұндай бұзушылық қарыз берушіге тездетілген өтеуді талап етуге мүмкіндік туғызса (бұзушылық жойылған немесе есепті уақыт жағдайы бойынша немесе бұл уақыт болғанға дейін қарыз шарттары жылғы редакция жағдайлардан басқа), ұйым 18-тармаққа сәйкес ашып көрсетілуге тиісті сол ақпаратты ашып көрсетуге міндетті. Пайда мен залал туралы есеп Кіріс, шығыс, пайда немесе залал баптары 20 Ұйым толық табыс жөніндегі есебінде не ескертулерде кірістің, шығыстың, пайданың немесе залалдың мынадай баптарын ашып көрсетуге міндетті: (а) таза пайда немесе залалды, төмендігілер бойынша: (і) пайда немесе залал құрамында көрсетілген әділ құн бойынша бағаланған қаржы активтері немесе қаржы міндеттемелерін, сонымен қатар ағашқы танудаылға осы категорияға жатқызылған қаржы активтері немесе қаржы міндеттемелері бойынша таза пайда мен таза залал жеке көрсетіледі және ол 9 ХҚЕС-на (IFRS) сай (мысалы, 9 ХҚЕС-да (IFRS) сату жөніндегі анықтамаға сай келетін қаржы міндеттемелері) міндетті түрде әділ құн бойынша бағалануы тиіс. Пайда немесе залал құрамында көрсетілген әділ құн бойынша бағаланған қаржы міндеттемелеріне қатысты басқада біріккен кіріс құрамындағы танылған пайда мен залал сомасын және пайда мен залал құрамындағы танылған соманы жеке ашып көрсетуі керек. (і) [жойылған] (іі) [жойылған] (ііі) [жойылған] (v) қаржылық міндеттемелердің амортизацияланған құны. (vi) қаржы активтерінің амортизацияланған құны. (vii) басқа жиынтық табыс арқылы әділ құн бойынша бағаланатын қаржылық активтер. (b) пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша бағаланбайтын қаржы активтері мен қаржылық міндеттемелерге орай жиынтықты пайыздық кіріс және жиынтықты пайыздық шығыстар (пайыздың тиімді мөлшерлемесінің әдісі бойынша есептелінетін); (с) мыналарға байланысты пайда болған сыйақылар мен алымдар бойынша кірістер мен шығыстар (пайыздың тиімді мөлшерлемесін айқындау кезінде ескерілетін сомалардан басқа):
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |