|
|
|
18-ші Халықаралық Қаржылық Есептілік Стандарты (IAS 18)
Мақсаты Қаржылық есептілікті дайындау және таныстыру концепциясында1 капитал мүшелерінің салымдарына қатысы жоқ капиталдың көбеюіне әкеліп соқтырған есепті кезеңнің ішіндегі активтердің көбеюі немесе міндеттемелердің азаюы түрінде туындаған табыс экономикалық пайданың ұлғаюы түрінде танылады. Табысқа ұйымның табысы да, басқа кірістер де кіреді. Ұйымның табысы - оның қызметінің әдеттегі түрлерінен келіп түсетін кіріс, оның ішінде сату, сыйақы, пайыздар, дивидендтер және лицензиялық төлемдер түрінде болуы мүмкін. Осы стандарттың мақсаты белгілі бір операциялардың және жағдайлардың түрлерінен пайда болатын табысты есептеу тәртібін анықтау болып табылады. Табысты есепке алу кезіндегі басты мәселе оны тану кезеңін анықтаудан тұрады. Табыс ұйымның сенімді түрде өлшенетін болашақ пайданы алу мүмкіндігі болған жағдайда танылады. Осы Стандарт аталған белгілерді қанағаттандыратын жағдайларды анықтайды және осылайша табыс танылады. Сонымен қатар, оның ішінде бұл белгілерді қолдану бойынша тәжірибелік нұсқаулар берілген. Қолдану аясы 1. Осы стандарт есептілікте мынадай операциялар мен жағдайлардан пайда болатын табысты есептеуде қолданылуы керек: (a) тауарларды сатудан; (b) қызметтер көрсетуден; және (c) ұйым активтерін басқа жақтардың пайдалануынан алынатын пайыздар, лицензияланған төлемдер және дивидендтер. 2. Осы Стандарт 1982 жылы бекітілген 18-ші Табыс ХҚЕС-ын (IAS) алмастырады. 3. Тауарларға ұйымның сату үшін шығарған, немесе қайта сату үшін сатып алған өнімі кіреді, оның ішінде, бөлшек саудамен айналысатын саудагердің қайта сату үшін сатып алған тауарлары немесе жер және басқа да мүлік жатады. 4. Қызмет көрсетуге ұйымның белгілі бір мерзім ішінде келісімшартта бекітілген міндеттерін атқаруы кіреді. Қызметтер бір кез немесе одан да көп кезеңдерді қамтуы мүмкін. Қызмет көрсетуге арналған кейбір шарттар құрылыс шарттарымен тікелей байланысты, мысалы, жоба жетекшілері және архитекторларға қызмет көрсетуге арналған шарттар. Бұл келісімшарттардан келетін табыс осы Стандартта қарастырылмайды, бірақ 11-ші Құрылыс жұмыстарына жасалған келісімшарт ХҚЕС-мен (IAS) белгіленген құрылысқа жасалған келісімшарттарының талаптарына сәйкес көрініс табады. 5. Ұйым активтерін басқа ұйымдардың пайдалануы табыстың мынадай нысандарда пайда болуына әкеліп соқтырады: (a) пайыздар—ақша қаражатын немесе оның баламаларын немесе ұйымға тиесілі соманы пайдаланғаны үшін төлемдер; (b) роялтилер—ұйымның ұзақ мерзімді активтерін, мысалы, патенттерді, тауар белгілерін, авторлық құқықтарды және компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланғаны үшін төлемдер; және (c) дивидендтер—пайданы акционерлік капиталды иеленушілер арасында олардың белгілі бір сыныптың капитал түріне қатысуына қарай тең етіп бөлу. 6. Осы Стандарт төмендегілерден алынатын табыстарға қатысты: (a) жалдау шарттарынан (17-ші Жалдау ХҚЕС-ын (IAS) қараңыз); (b) үлестік қатысу бойынша есептеу әдісіне сәйкес есептелетін инвестициялаудан дивидендтер (28-ші Қауымдасқан ұйымдарға салынған инвестициялар ХҚЕС-ын (IAS) қараңыз); (c) 4-ші Сақтандыру келісімшарттары ХҚЕС-ын (IFRS) қолдану аясындағы сақтандыру шарттарынан; (d) қаржылық активтердің және қаржылық міндеттемелердің әділ құнындағы немесе оларды өткізудегі өзгерістерден (9-шы Қаржы құралдары ХҚЕС-ын (IFRS) қараңыз); (е) басқа қысқа мерзімді актив құнының өзгеруінен; (f) ауылшаруашылық бағыттағы биологиялық активтердің әділ құнының алғашқы танылуынан және өзгеруінен (41-ші Ауылшаруашылығы ХҚЕС-ын (IAS) қараңыз); (g) ауылшаруашылық өнімінің алғашқы танылуынан (41-ші ХҚЕС-ын (IAS) қараңыз); және (h) пайдалы қазбаларды өндіруден. Анықтамалар 7. Мынадай терминдер осы Стандартта көрсетілген мағыналарда пайдаланылады: Табыс - ұйымның әдеттегі қызметі барысында, акционерлердің жарналары есебінен болатын капитал ұлғаюларына әкелетін кезең ішіндегі экономикалық пайданың жалпы ағыны. Әділ құн - осындай мәмілені жасауды қалайтын және жақсы хабардар бір-біріне тәуелсіз тараптар арасында мәміле жасағанда активке ауыстыруға болатын немесе міндеттемені реттеуге болатын сома. (13-ші Әділ құнды өлшеу ХҚЕС-ын (IFRS) қараңыз.) 8. Табысқа тек ұйыммен алынған және оның тек өз жеке шотына түсуге тиісті экономикалық түсімінің жалпы кірісі кіреді. Үшінші тараптың пайдасына түскен сатылым салығы, тауарлар және қызметтерден алынатын салық және қосымша құн салығы сияқты сомалар ұйымға түсетін экономикалық пайда болып табылмайды, және жеке капиталдың өсуіне әкелмейді. Сондықтан олар табыстан шегеріледі. Агенттік қарым-қатынас кезінде тап осылай экономикалық пайданың жалпы ағыны ұйымның меншікті капиталының ұлғаюына әкеліп соқтырмайтын принципал пайдасына жиналатын сомасынан тұрады. Принципал пайдасына алынған сомалар табыс болып табылмайды. Табыс делдалдық сыйақы сомасы болып табылады. Табысты бағалау 9. Табыс алынған немесе алынуға тиіс қарама-қарсы ұсынудың әділ құнымен бағалануы тиіс.2 10. Операциядан пайда болатын табыс сомасы, әдетте, ұйым және сатып алушы немесе акцияны пайдаланушы арасындағы шартпен анықталады. Ол ұйыммен ұсынылатын қандай да бір сауда жеңілдігінің сомасы немесе санға жеңілдіктерді ескере отырып, алынған немесе алынуға тиіс қарама-қарсы ұсыну әділ құны бойынша бағаланады. 11. Көптеген жағдайларда қарама-қарсы ұсыну ақша қаражаты немесе оның баламалары нысанында ұсынылады, ал табыс сомасы - алынған немесе алынуы күтілетін ақша қаражаттарының немесе оның баламаларының сомасы болып табылады. Алайда, ақша қаражаттарын немесе оның баламаларының табысын кейінгіге қалдырған жағдайда қарама-қарсы ұсынудың әділ құны алынған немесе алынуы күтілетін ақша қаражаттарының номиналды сомасынан азырақ болуы мүмкін. Мысалы, ұйым сатып алушыға пайызсыз кредит ұсынуы мүмкін немесе тауарларды сату кезінде қарама- қарсы ұсыну ретінде одан нарықтағыдан төмен пайыз мөлшерлемесін алуға вексель қабылдай алады. Шарт шын мәнінде қаржылық операция ретінде орын алса, қарама- қарсы ұсынудың әділ құны шартты пайыз мөлшерлемесінің көмегімен барлық болашақ табыстардың дисконттау арқылы анықталады. Пайыздың енгізілген мөлшерлемесі: (a) ұқсас төлем қабілеттілік рейтингі мен эмитенттің бірдей қаржылық құралына арналған басым мөлшерлемеден; немесе (b) қаржылық құралдарының тауар мен қызмет көрсетуінің ағымдағы қысқа мерзім ақшалай сату бағасының номиналдық бағасын дисконттау пайызы. Әділ құн мен тиісті қарама-қарсы ұсынудың номиналдық сомасы арасындағы айырма 29 және 30-тармақтарға, сонымен қоса 9 ХҚЕС-қа (IFRS) сәйкес пайыздық кіріс ретінде қабылданады. 12. Тауарлар немесе қызметтер сипаты және көлемі жағынан бірдей тауарлар немесе қызметтерге айырбасталған жағдайда, айырбас табыс пайда болатын операция ретінде қаралмайды. Бұл белгілі бір жерде уақытша негізде сұранысты қанағаттандыру үшін әртүрлі жерлерде жабдықтаушылар қорды ауыстырған кезде май немесе сүт өнімдерінде жиі болады. Ерекшеленетін тауарлар немесе қызметтер тауарлар сатылғанда немесе қызметтер көрсетілгенде айырбасталса, онда айырбас табыс туындататын операция ретінде қарастырылады. Табыс ауыстырылған қаржы құралдары немесе оның баламасы сомасына түзетілген алынған тауарлар немесе қызметтердің әділ құны бойынша өлшенеді. Алынған тауарлардың немесе қызметтердің әділ құны сенімді өлшене алмаған жағдайда, табыс ауыстырылған қаржы құралдары немесе оның баламасы сомасына берілген тауарлардың немесе қызметтердің әділ құны бойынша өлшенеді. Операцияны анықтау 13. Осы Стандартта ұсынылған тану талаптары әдетте әр операцияда бөлек қолданылады. Алайда белгілі бір жағдайда оның мазмұнын көрсету үшін операцияның бөлек бөлінген элементтеріне қолданылу керек. Мысалы, тауардың сату бағасы әрі қарайғы қызмет көрсетуі үшін белгілі бір сомаға ие болған жағдайда, бұл сома қызмет көрсетілу кезеңінің ішінде табыс ретінде тасымалданады және танылады. Және керісінше, тану критерийлері олардың байланысы коммерциялық тиімділігі жалпы мәміле топтамасына сілтемесінсіз анықталуы мүмкін болған жағдайда екі немесе одан да көп мәмілелерге бірдей қолданыла алады. Мысалы, ұйым тауарды сатып, осы уақытта болашақта тауарларды сатып алуға бөлек мәміле жасай алады, осылай бірінші операцияның нәтижесін төмендетеді; осындай жағдайда екі мәміле бірге қаралады. Тауарларды сату 14. Тауарларды сатудан түскен табыс келесі талаптар қанағаттандырылғаннан кейін танылуы тиіс: (a) ұйым сатып алушыға тауарларды иеленумен байланысты елеулі тәуекелдіктерді және сыйақыларды аударғанда; (b) ұйымның әдетте иелену құқығымен байланысты қауымдасатын және сатылған тауарларды бақыламайтын дәрежеде басқаруға қатыспағанда; (c) табыс сомасы сенімді өлшенгенде; (d) ұйымға операциямен байланысты экономикалық тиімділіктің пайда болуы ықтимал болып табылғанда; және (е) операциямен байланысты кеткен немесе күтілетін шығындарсенімді өлшенуі мүмкін болғанда. 15. Ұйымның сатып алушыға иеленумен байланысты елеулі тәуекелдіктерін және сыйақыларын аудару кезеңін бағалау мәміленің шарттарымен танысуын талап етеді. Көптеген жағдайда иеленумен байланысты елеулі тәуекелдіктерді және сыйақыларды аудару сатып алушыға меншік құқығын берумен немесе меншікті берумен сәйкес келеді. Бұл көбіне бөлшек саудада болады. Иеленумен байланысты елеулі тәуекелдіктерді және сыйақыларды аударумен байланысты басқа жағдайларда бір уақытта сатып алушыға меншік құқығын немесе меншікті берумен сәйкес келмейді. 16. Егер ұйым иеленудің елеулі тәуекелдіктерін сақтап қалса, мәміле сату болып табылмайды және ол бойынша табыс танылмайды. Ұйым бірқатар жағдайда иеленудің елеулі тәуекелдігін сақтай алады. Ұйымның иеленумен байланысты елеулі тәуекелдіктерді және сыйақыларды сақтап қалу жағдайларына мысалдар: (a) стандартты кепілдеме міндеттерімен өтелмейтін қанағаттандырылмаған қызмет үшін жауапкершілікті сақтап қалғанда; (b) нақты сатудан алынған табыстар тауарларын сату нәтижесінде сатып алушымен алған табысымен байланысты болғанда; (c) жіберілген тауарлардың орнықтырылуы міндетті болғанда, ал орнықтыру ұйыммен орындалмаған шарттың айтарлықтай бөлігін алып отырған жағдайда; және (d) сатып алушы сату шартында анықталған себептермен және ұйымның пайда алуына сенімі болмаған жағдайда сату мәмілесін бұзуына құқығы бар. 17. Егер ұйым иеленумен байланысты елеусіз тәуекелдіктерін сақтап қалса, мәміле сату болып табылады және ол бойынша табыс танылады. Мысалы, сатушы оған тиесілі соманың жинақталуын қамтамасыз ету үшін өзіне меншік құқығын қалдыруы мүмкін. Осындай жағдайда егер ұйым иеленумен байланысты елеулі тәуекелдіктерін және сыйақыларын аударса, мәміле сату болып табылады және табыс танылады. Иеленудің елеусіз тәуекелдігін сақтайтын ұйымның тағы бір мысалы ретінде, клиенттің сатып алғанына қанағаттанбаған жағдайда, ақшаның қайтарылуына кепіл болатын бөлшек сауда дүкені бола алады. Егер сатушы болашақ қайтарымдарды сенімді бағалай алса және алдыңғы тәжірибе мен басқа да елеулі факторлар негізінде қайтару бойынша міндеттемені өзіне алса, мұндай жағдайларда табыс сату кезінде танылады. 18. Табыс ұйымға экономикалық пайданың мәмілемен байланысты тиісті ағынының пайда болуы ықтимал болған жағдайда ғана танылады. Кейбір жағдайларда қарама-қарсы ұсыныс алмағанға дейін немесе барлық белгісіздіктер анықталмайынша ол ықтимал бола алмайды. Мұндай белгісіздік, мысалы, осы шетел мемлекетінде жүзеге асырылған сату бойынша тиісті қарама-қарсы ұсыныстарды жіберуге шетел мемлекеттерінің органдары рұқсат беруіне қатысты болуы мүмкін. Рұқсат берілгеннен кейін белгісіздік жойылады және табыс тиісінше танылады. Алайда табысқа қосылып кеткен соманы инкассациялау туралы белгісіздік пайда болған кезде соңына дейін алынбаған сома, немесе алынуы ықтимал болған сома басынан танылған табыс сомасының түзетуі сияқты емес, шығыс ретінде танылады. 19. Бір мәмілеге немесе басқа жағдайға қатысты табыстар және шығыстар бір кезеңде танылады; бұл процесс әдетте табыс және шығыстың сәйкестігі деп аталады. Егер табыстың танылуы үшін керекті басқа талаптар орындалса, шығыстар, соның ішінде кепілдік міндеттемелері және тауарларды тиеп жөнелтуден кейін пайда болған басқа шығындар сенімді бағалануы мүмкін. Алайда шығындардың сенімді бағаланбауы жағдайында табыс таныла алмайды, мұндай жағдайда тауарды сатқаннан кейін алынған кез келген қарама-қарсы ұсыну міндеттеме ретінде танылады. Қызметтер көрсету 20. Болжанатын мәміленің нәтижесі сенімді бағалана алатын болса, қызмет көрсетуге байланысты мәміле бойынша табыс есеп беру күніне мәміленің аяқталу сатысына қатысты танылуы тиіс. Мынадай талаптар орындалса, мәміленің нәтижесі сенімді бағалануы мүмкін: (a) табыс сомасы сенімді өлшенсе; (b) ұйымға операциямен байланысты экономикалық пайда ағынының туындауы ықтимал болса; (c) есеп беру күніне операцияның аяқталу сатысы сенімді өлшенетін болса; және (d) операцияны жүзеге асыру үшін жұмсалған шығынды және оны аяқтау үшін қажетті шығынды сенімді өлшеу мүмкіндігі болса.3 21. Табысты операцияның аяқталу кезеңі бойынша тану көбінесе «дайын болуына қарай» әдісі деп атайды. Осы әдіске сәйкес табыс қызмет көрсету кезінде танылады. Табысты осының негізінде тану қызмет көрсету бойынша қызмет масштабы туралы және есепті кезең ішіндегі қызмет нәтижелері туралы маңызды ақпаратпен қамтамасыз етеді. 11-ші Құрылыс жұмыстарына жасалған келісімшарттар ХҚЕС-та (IAS) табыстың тануын осы негізде қажет етеді. Аталған Стандарттың талаптары жалпы табысты және қызмет көрсетуді болжап отырған мәміле бойынша тиісті шығыстарды тану үшін қолдануға болады. 22. Сәйкес келетін ағым бойынша табыс ұйымға мәмілемен байланысты экономикалық пайданың шығуы ықтимал болған кезде ғана танылады. Алайда, табысқа кірген соманың инкассациялануы жөнінде белгісіздік туған жағдайда, соңына дейін алынбаған сома немесе өтелу мүмкіндігі жойылған сома, басынан танылған табыс сомасының түзетуі сияқты емес, шығыс ретінде танылады. 23. Ұйым қызметке қатысқан басқа жақтармен келесілерді келістіргеннен кейін, әдетте сенімді бағаларды құрайды: (a) ұсынылуы және тараптардың алуы тиіс қызметіне қатысты әрбір жақтың пікір білдіру құқығын; (b) болжанып отырған қарама-қарсы ұсынуды; және (c) өзара есеп айырысу тәртібін және талаптарын келісіп бекіткеннен кейін сенімді бағалауды жүзеге асыра алады. Ұйымда әдетте қаржылық жоспарлау мен есептіліктің тиімді ішкі жүйесі болуға тиісті. Ол келісімшарт бойынша қызметтерді орындалуына қарай табыс пен шығындарды бағалауды тексереді және қажеттілігіне қарай қайта қарайды. Мұндай қайта қараулардың қажеттілігі операцияның нәтижесі сенімді түрде бағалана алмайтынын білдірмейді. 24. Келісімнің аяқталу сатысы әртүрлі тәсілдермен анықталуы мүмкін. Ұйым орындалған жұмыстың жоғары дәрежеде сенімді өлшенуін қамтамасыз ететінін әдісті қолданады. Мәміленің сипатына қарай мынадай әдістер қолданады: (a) орындалған жұмысты бақылау; (b) есеп беру күніне ұсынылған қызметтердің қызметтің жалпы көлеміне пайыздық арқатынасы, не (c) шарт бойынша есептілікті құру күніне кеткен шығынның мәміле бойынша бағаланған жалпы шығындар шамасына пайыздық арақатынасы. Есептілікті әзірлеу күніне келетін шығындарға тек осы күнге дейін көрсетілген қызмет бойынша шыққан шығындар жатады. Шарт бойынша бағаланатын жалпы шығындарға тек көрсетілген немесе көрсетілуге тиісті қызметтерді бейнелейтін шығындар кіреді. Тапсырыс берушілерден алынған аралық төлемдер және аванстар қызметтің көрсетілгенін білдірмейді. 25. Тәжірибелік мақсат үшін, белгілі бір кезең аралығында қызметтер саны белгісіз мөлшерде көрсетілсе, егер қандай да болмасын басқа бір әдіс аяқталу сатысын жақсырақ көрсеткені туралы дәлелдеме болмаса, белгілі бір кезең ішінде табыс түзу сызықты әдіс негізінде танылады. Белгілі бір әрекет басқаға қарағанда маңызды болып саналса, табысты тану осы әрекетті жүзеге асырғанға дейін кейінге қалдырылады. 26. Көрсетілген қызмет бойынша операция нәтижесі сенімді бағалана алмаған кезде табыс тек өтелген шығыстардың тану шамасына ғана танылады. 27. Операцияны орындаудың бастапқы кездерінде оның нәтижесін сенімді бағалау көбінесе күрделі болып келеді. Соған қарамастан, ұйымның операцияны жүзеге асыру барысында жұмсалған шығындарды өтеу ықтималдығы болуы мүмкін. Сондықтан шарт бойынша жұмсалған шығындардың орнын толтырудың күтілетін деңгейі қаншалықты болса, табыс соншалықты танылады. Мәміле нәтижесін сенімді бағалау мүмкін болмағандықтан, пайда танылмайды. 28. Операция нәтижесі сенімді бағалана алмаса және жұмсалған шығындардың өтелуі ықтимал болған жағдайда, табыс танылмайды, ал жұмсалған шығындар шығыс ретінде танылады. Келісімшарт нәтижесін сенімді бағалауға кедергі болған белгісіздік жойылған кезде табыс 26-тармаққа сәйкес емес, 20-тармаққа сәйкес танылады. Пайыздар, роялти және дивидендтер 29. Басқа ұйымдардың пайыздар, роялтилер және дивидендтер әкелетін ұйым активтерін пайдалануынан болатын табыс 30-тармақта белгіленген мынадай жағдайларда пайда болады: (a) операциямен байланысты экономикалық пайданың ұйымға түсуі ықтимал болғанда; және (b) табыс сомасының сенімді бағалану жағдайының негізінде танылуы тиіс. 30. Табыс мынадай негізде танылуы тиіс: (a) пайыздық табыс 39 Халықаралық қаржылық есептіліктің стандартының ХҚЕС (IAS) 9 және AG5-AG8 тармақтарында белгіленгендей пайыздық мөлшерлемеде әдісі негізінде танылуға жатады; (b) роялти тиісті шарттың мазмұнына сәйкес есептеу әдісі бойынша танылуы тиіс; және (c) дивидендтер акционерлерге төлемді алу құқығы берілгенде ғана танылуы тиіс. 32. Пайыздық табыс беретін инвестицияны иеленудің алдында төленбеген пайыз жиналып қалса, кезектегі пайыз кірісі иеленудің алдындағы және иеленуден кейінгі кезеңдер арасында бөлінеді, тек иеленудің соңғы бөлігі табыс ретінде танылады. 33. Егер шарт мазмұнын ескере отырып табысты тану үшін басқа сәйкес келетін жүйелі ұтымды негіз болмаса ғана, роялти тиісті шарттардың талаптарына сәйкес жинақталады және әдетте осы негізде танылады. 34. Ұйымға экономикалық пайданың операциямен байланысты тиісті ағынның туындауы ықтимал болған жағдайда ғана табыс танылады. Алайда, табысқа кірген соманың инкассациялануы жөнінде белгісіздік туған жағдайда, бұрын танылған табыс сомасы соңына дейін алынбаған немесе өтелу мүмкіндігі жойылған сомаға түзетілмей, шығыс ретінде танылады. Ақпаратты ашып көрсету 35. Ұйымдар мынадай ақпаратты ашып көрсетуі керек: (a) табысты тану бойынша есеп саясатын, соның ішінде, қызметтерді көрсетумен байланысты операциялардың аяқталу сатысын анықтау үшін пайдаланылатын әдістерді; (b) кезең ішінде танылған табыстың әрбір маңызды санаты бойынша сомасын, соның ішінде, мыналардан: (i) тауарларды сатудан; (ii) қызмет көрсетуден; (iii) пайыздардан; (iv) роялтиден; (v) дивиденттерден келетін табыстарды; және (d) табыстың әрбір маңызды санатына қосылған тауарларды немесе қызметтерді айырбастаудан алынатын табыс сомасын. 36. Ұйым кез келген шартты міндеттемелерді және шартты активтерді 37-ші Міндеттемелер, шартты міндеттемелер және шартты активтер ХҚЕС-ына (IAS) сәйкес ашады. Шартты міндеттемелер және шартты активтер кепілдік жөндеуге жұмсалған шығындар, шағымдар, айыппұлдар және ықтимал ысырап сияқты баптарға байланысты туындауы мүмкін. Күшіне ену күні 37. Осы Халықаралық Қаржылық есептіліктің стандарты 1995 жылдың 1 қаңтарынан басталатын немесе сол күннен кейінгі кезеңдерді қамтитын қаржылық есептігіне қатысты кезеңде күшіне енеді. 38. 2008 жылдың маусымында шығарылған Еншілес ұйымға, бірлесіп басқарылатын ұйым немесе қауымдасқан ұйымдарға салынған инвестиция құны (1-ші Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарын бастапқы қолдану ХҚЕС-қа (IFRS) және 27-ші Шоғырландырылған және жеке қаржылық есептілігі ХҚЕС-қа (IAS) түзетулер) бойынша 32- тармаққа түзетулер енгізілді. Осы түзетулерді ұйым 2009 жылдың 1 қаңтарынан немесе бұдан кейінгі күннен бастап жылдық кезеңдер үшін проспективті түрде қолдануы тиіс. Бұдан ертерек қолданысқа рұқсат етіледі. Егер ұйым 27-ші ХҚЕС-тың (IAS) 4- және 38А тармақтарындағы түзетулерді ертерек мерзім ішінде қолданса, 32-тармақтағы түзетулерді сол ертерек қолданылған мерзім ішінде қолдануы тиіс. 41. 2011 жылдың мамыр айында шығарылған 11-ші Бірлескен қызмет ХҚЕС-ы (IFRS) 6(b) тармағына түзетулер енгізілді. Ұйым 11-ші ХҚЕС-ты (IFRS) қолданғанда, осы түзетулерді ескеруі тиіс. 42. 2011 жылдың мамыр айында шығарылған 13-шы ХҚЕС-тың (IFRS) 7 тармағындағы әділ құн анықтамасына түзетулер енгізілді. Ұйым 13-шы ХҚЕС-ты (IFRS) қолданғанда, осы түзетулерді ескеруі тиіс. 43. 2013 жылдың қараша айында түзету енгізілген 9 ХҚЕС (IFRS) 6(d) және 11 тармақтарын түзетіп, 39 және 40 тармақтарын жойды. Ұйым 2013 жылдың қараша айында түзету енгізілген 9 ҚЕХС-ты (IFRS) қолданғанда, осы түзетулерді ескеруі тиіс.
1 2001 жылы ХҚЕС Кеңесі тарапынан Қаржылық Есебін Даярлау мен Тапсырудың Негізі қабылданды. 2010 жылы қыркүйекте ХҚЕСК-да Ережелер деген сөз Қаржылық Есебін Даярлау мен Тапсырудың Концептуалды Негізі деген сөзбен ауыстырылды. 2 Сонымен қоса SIC-31 Түсіндірмесін қараңыз: Табыс—жарнама қызметтері де кіретін бартерлік операциялар. 3 Сонымен қоса SIC-27 Жалға алудың заңды нысанына қатысты операциялардың негізін бағалау және SIC-31 Табыс—жарнама қызметтері де кіретін бартерлік операцияларды қараңыз.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |