Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылатын бұйымдарды (ҚР Үкіметінің 20.05.03 ж. № 467 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 30 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылатын бұйымдарды дайындау, өндiру әрi сату жөніндегі лицензияланатын қызмет түрiне қойылатын біліктiлiк талаптары бекітілсiн. ҚР Үкіметінің 20.05.03 ж. № 467 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді 2. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгi, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі, Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. ҚР Үкіметінің 20.05.03 ж. № 467 қаулысымен 2-1-тармақпен толықтырылды 2-1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі жарылғыш және пиротехникалық заттарды және олар қолданылатын бұйымдарды дайындау, өндiру әрi сату жөніндегі қызмет түрiнiң лицензияры болып табылады. ҚР Үкіметінің 20.05.03 ж. № 467 қаулысымен 3-тармақтың күші жойылды 3. "Қазақстан Республикасында әскери-техникалық құралдар мен екi рет қолданылатын өнiмдердi дайындау, өндiру, жөндеу және қызмет көрсету тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 12 мамырдағы № 657 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн: 3-қосымшада 8-тармақтың 2-бағаны "Жарылғыш заттар" деген сөздерден кейiн ", өнеркәсiптiк мақсаттағы жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылатын бұйымдардан басқа" деген сөздермен толықтырылсын. 4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінiң және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 5. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап екi ай өткеннен кейiн күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Yкіметінiң 2002 жылғы 11 шілдедегі № 763 қаулысымен бекітілген Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылатын бұйымдарды дайындау, өндiру әрi сату жөніндегi лицензияланатын қызмет түрiне қойылатын біліктiлiк талаптары Бiлiктiлiк талаптары мынадай: жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылатын бұйымдарды жасау; жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылатын бұйымдарды өндiру әрi сату; жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылатын бұйымдарды сату жөніндегі жұмыс түрлерiне лицензия алуға үмiткер заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi - өтiнiш берушi) қолданылады. Азаматтық мақсаттағы пиротехникалық заттар мен олар қолданылатын бұйымдарды қоспағанда, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылатын бұйымдарды жасауға, өндiруге әрi сатуға байланысты қызмет лицензиялау объектiсi болып табылады. 1. Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылатын бұйымдар (бұдан әрi - жарылғыш материалдар) жасауға қойылатын біліктiлiк талаптары 1. Бiлiктiлiк талаптары: 1) жарылғыш материалдарға (компоненттерге) химиялық зерттеулер жүргiзуге арналған зертхананың; 2) өтiнiш берушiде тиiстi білімнiң немесе тиiстi білімi бар білікті мамандардың; 3) жарылғыш материалдарды бақылау сынауларын жүргiзуге арналған арнайы жабдықталған меншiктi немесе жалға алынған аумақтық (үй-жайдың), жарылғыш материалдарды тасымалдау үшiн арнайы автокөлiктiң және сақтау үшiн жабдықталған үй-жайлардың; 4) жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөніндегі нұсқаулықтардың, ережелер мен басқа да нормативтiк-техникалық құжаттардың; 5) ішкi iстер органдарының жарылғыш материалдарды есепке алуды, сақтау және тасымалдау кезiнде белгіленген шарттардың қамтамасыз етiлуiн ұйымдастыру туралы қорытындыларының; 6) Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының мәлiмделген қызмет түрiнiң жүзеге асырылу шарттарының өрт қауiпсiздiгi талаптарына сәйкестiгi туралы қорытындыларының; 7) экологиялық санитарлық және тау-кен-техникалық қадағалау органдары қорытындыларының болуын қамтиды. 2. Жарылғыш заттарды өндіруге әрi сатуға қойылатын біліктiлiк талаптары Бiлiктiлiк талаптары: 1) заңды тұлға үшiн - өтiнiш берушiнiң басшысында (орынбасарында) немесе өтiнiш берушiнiң құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысында (орынбасарында) жоғары немесе орта тау-кен-техникалық білімiнiң, Жарушының бiрыңғай кiтапшасының және Жару жұмыстары кезіндегі қауiпсiздiктiң бiрыңғай ережесіне сәйкес жару жұмыстарына басшылық жасау құқығының; жеке тұлға үшiн - жоғары немесе орта тау-кен-техникалық білімiнiң, Жарушының бiрыңғай кiтапшасының және Жару жұмыстары кезіндегі қауiпсiздiктiң бiрыңғай ережесіне сәйкес жару жұмыстарына басшылық жасау құқығының; 2) тау-кен-техникалық қадағалау органдарында Техникалық пайдалану ережесi мен Қауiпсiздiк ережесін бiлуiне біліктiлiк тексеруiнен өткен мамандардың; 3) жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөніндегі нұсқаулықтардың, ережелер мен басқа да нормативтiк-техникалық құжаттардың; 4) жарылғыш материалдарды өндiруге, сақтауға, жоюға арналған және меншiк және жалға алу құқығындағы мемлекеттік нормативтермен белгiленген талаптарға жауап беретiн тиiстi өндiрiстiк-техникалық базаның (мамандандырылған өндiрiстiк ғимараттар, инженерлiк құрылыстар, машиналар, тетiктер, жабдықтар, газ құбырлары, қазандықтар, ыдыстар, технологиялық желiлер, жайтартқыш); 5) мыналарды: жабдықтарды, тетiктердi, құрылғыларды, жарақтарды, көлiктi, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматиканы пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетудi; еңбек қауiпсiздiгiн, технологиялық регламенттiң орындалуын, периметрдiң күзетiлуiн және қоршаған ортаның қорғалуын бақылауды; метрологиялық қамтамасыз етудi, кіру кезiнде бақылауды және дайын өнiм сапасын қамтамасыз ететiн мамандардың; 6) стандарттау, метрология және сертификаттау органдарында тiркелген, жарылғыш материалдарды (тәжiрибелiк партияны) дайындауға арналған технологиялық процестiң регламентiмен бекітілген техникалық шарттардың және сапа сертификатының; 7) iшкi iстер органдарының жарылғыш материалдарды есепке алуды, сақтау және тасымалдау кезiнде белгiленген шарттардың қамтамасыз етілуiн ұйымдастыру туралы қорытындыларының; 8) Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының мәлiмделген қызмет түрiнiң жүзеге асырылу шарттарының өрт қауiпсiздiгi талаптарына сәйкестiгi туралы қорытындыларының; 9) экологиялық, санитарлық және тау-кен-техникалық қадағалау органдары қорытындыларының болуын қамтиды. 3. Жарылғыш материалдарды сатуға қойылатын біліктiлiк талаптары Білiктілiк талаптары: 1) заңды тұлға үшiн - тау-кен-техникалық қадағалау органдарында жарылғыш материалдармен жұмыс iстеу кезiнде қауiпсiздiк ережелерiн бiлуiне біліктiлiк тексеруден өткен маманның (-дардың); жеке тұлға үшiн - Жарушының бiрыңғай кiтапшасының және Жару жұмыстары кезіндегі қауiпсiздiктiң бiрыңғай ережесіне сәйкес жару жұмыстарына басшылық жасау құқығының; 2) тиiстi лицензиялары бар өтiнiш берушi, жеткiзушi және сатып алушылар арасында жарылғыш материалдарды сатуды көздейтiн шарттардың немесе ниет туралы хаттамалардың; 3) iшкi iстер органдарының жарылғыш материалдарды есепке алуды, тасымалдау кезiнде белгiленген шарттардың қамтамасыз етiлуiн ұйымдастыру туралы қорытындыларының; 4) жару iсi саласындағы мамандандырылған ұйымның Қазақстан Республикасының аумағына әкелу үшiн мәлiмделген жарылғыш материалдардың Қазақстан Республикасында қолдануға ұсынылатын өнеркәсiптiк жарылғыш материалдардың, жару және бақылау аспаптарының тізбесiне сәйкестігi туралы сараптамалық қорытындыларының; 5) тау-кен-техникалық қадағалау органдары қорытындысының болуын қамтиды. Yкіметінiң 2002 жылғы 11 шілдедегі № 763 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің күшi жойылған кейбір шешiмдерiнiң тiзбесi 1. "Қазақстан Республикасында жарылыс iсiн жетiлдiру және үйлестiру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 5 тамыздағы № 658 қаулысының 5, 6, 7-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1992 ж., № 31, 483-құжат). 2. "Өнеркәсiптiк қопарғыш материалдардың экспорты мен импорты туралы ереженi бекіту жайында" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 11 тамыздағы № 691 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., № 32, 370-құжат). 3. "Өнеркәсiптiк жарылғыш материалдар өндiру және онымен Қазақстан Республикасының кәсiпорындарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік реттеу мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 24 қазандағы № 1296 қаулысы. 4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1992 жылғы 10 қаңтардағы № 8 өкімі. |