|
|
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң кейбір республикалық мемлекеттік кәсiпорындарын қайта ұйымдастыру туралы (2022.19.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының ?кіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: ҚР Үкіметінің 2006.18.08. № 785 Қаулысымен 1-тармақ толықтырылды 1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «Қазақ мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпарат ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны және оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындары және «Республикалық ғылыми-техникалық кiтапхана» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны қосу және қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта ұйымдастырылсын. ҚР Үкіметінің 2006.18.08. № 785 Қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды 1-1. Кәсіпорынға осы қаулыға қосымшаға сәйкес еншілес мемлекеттік кәсіпорындар құруға рұқсат берілсін. 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін. 3. Кәсiпорын қызметiнің негiзгi мәнi ғылым саласындағы өндiрiстік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсiн. 4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгiленген тәртіппен: 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетіне Кәсiпорынның жарғысын бекітуге ұсынсын; 2) Кәсiпорынды әдiлет органдарында мемлекеттік тiркеудi қамтамасыз етсiн; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 5. Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбір шешімдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) ҚР Үкіметінің 2022.19.08. № 581 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 3) «Қазақстан Республикасында жүргiзiлетін, басталған, жалғастырылып жатқан және аяқталған мемлекеттік құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды мемлекеттік тіркеудің тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1998 жылғы 11 наурыздағы № 198 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 8, 51-құжат): 3-тармақтағы «Республикалық мемлекеттік ғылыми мекеме - Салааралық ақпарат ғылыми-техникалық орталығында» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасында басталған, жалғастырылып жатқан және аяқталған мемлекеттік құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды мемлекеттік тiркеудiң тәртібінде: мәтiн бойынша «САҒТО» деген аббревиатура «ҚР ҰҒТАО» деген аббревиатурамен ауыстырылсын; 3-тармақтағы «Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорынға - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгінің Салааралық ақпарат ғылыми-техникалық орталығына (бұдан әрi - САҒТО)»деген сөздер «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» (бұдан әрi - ҚР ҰҒТАО) шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына» деген сөздермен ауыстырылсын. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2006.18.08. № 785 Қаулысымен қосымшамен толықтырылды
Үкіметінің 2005 жылғы 20 қыркүйектегі № 929 қаулысына Қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны құратын еншілес мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі
1. «Ақмола ғылыми-техникалық ақпарат Астана қаласы орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны 2. «Республикалық ғылыми-техникалық Алматы қаласы кітапхана» еншілес мемлекеттік кәсіпорны және оның филиалдары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |