|
|
|
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы (2014.23.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін. 3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні денсаулық сақтау саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін. 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге енгізсін; 2) Кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 5. Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: 1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) ҚР Үкіметінің 2014.23.09. № 1005 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 3) ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 339 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |