«Өндiрiстiк кооператив туралы» 1995 жылғы 5 қазандағы № 2486 Осы редакция 2006 ж. 5 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 2 баптар) 2-тарау. Өндiрiстiк кооперативтi құру (3 - 7 баптар) 3-тарау. Өндiрiстiк кооперативке мүшелiк (8 - 14 баптар) 4-тарау. Өндiрiстiк кооперативтi басқару (15 - 19 баптар) 5-тарау. Өндiрiстiк кооператив қызметiнiң (20 - 23 баптар) экономикалық негiздерi 6-тарау. Өндiрiстiк кооперативтi қайта құру (24 - 25 баптар) және тарату ҚР 12.07.01 ж. № 241-II Заңымен тақырыбы және кіріспе өзгертілді Осы Заң өндiрiстiк кооперативтердiң құқықтық жағдайын, оларды құрудың, қызметiнiң, қайта ұйымдастырудың және таратудың ұйымдық, экономикалық және әлеуметтік шарттарын, мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, басқару және бақылау органдарының өкiлеттiгi мен жауапкершiлiгiн айқындайды. Жалпы ережелер
1-бап. Өндiрiстiк кооператив ұғымы 1. Азаматтардың бiрлескен кәсiпкерлiк қызмет үшiн мүшелiк негiзде, олардың жеке еңбегiмен қатысуына және мүшелерiнiң мүлiктiк жарналарын (пайларын) бiрiктiруiне негiзделген ерiктi бiрлестiгi өндiрiстiк кооператив болып танылады. 2. Өндiрiстiк кооператив коммерциялық ұйым болып табылады. 3. Өндiрiстiк кооператив заңды тұлға болып табылады. ҚР 12.07.01 ж. № 241-II Заңымен 1-1-баппен толықтырылды 1-1-бап. Өндiрiстiк кооперативтердi құрудың және оның қызметiнiң негiзгi принциптерi Өндiрiстiк кооперативтер мынадай принциптер негiзiнде жұмыс iстейдi: мүшелiкке кіру мен шығудың еркiндiгi; мүлiктiк (пайлық) жарна енгізу мiндеттiлiгi; басқарудың демократиялылығы; өзара көмек және оның мүшелерi үшiн экономикалық тиiмдiлiктi қамтамасыз ету; өндiрiстiк кооперативтiң қызметi туралы ақпаратқа қол жететiндiгi. ҚР 12.07.01 ж. № 241-II Заңымен 2-бап өзгертілді 2-бап. Өндiрiстiк кооперативтердiң қызметi 1. Өндiрiстiк кооператив жеке кәсiпкерлiк үшiн заң актілерімен тыйым салынбаған кәсiпкерлiк қызметтiң кез-келген түрiн жүзеге асыруға хақылы. 2. Мемлекеттік лицензиялау қолданылатын қызметтi өндiрiстiк кооператив лицензиясы бар болған жағдайда жүзеге асырады. 3. Өндiрiстiк кооперативтiң мақсаты мен мәнiн жарғы анықтайды. 4. Арнайы заңмен реттелетiн қызметтi жүзеге асыру үстiнде өндiрiстiк кооперативтер, сол сияқты осы Заңды да басшылыққа алады. Кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiн арнайы реттейтiн заң актілерінiң нормалары осы Заңның нормаларына қайшы келген жағдайда заң актілерінiң нормалары қолданылады. 2-тарау. Өндiрiстiк кооперативтi құру ҚР 12.07.01 ж. № 241-II Заңымен 3-бап өзгертілді 3-бап. Өндiрiстiк кооперативтi құру тәртібі 1. Өндiрiстiк кооператив құрылтайшы-жеке тұлғалардың жалпы жиналысының шешiмiмен құрылады. Егер өндiрiстiк кооперативтiң құрылтайшысы (мүшесi) шетел азаматы болған жағдайда мұндай кооперативтiң ұйымдастырылуы мен қызметiне "Шетел инвестициялары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, осы Заңның күшi қолданылады. 2. Өндiрiстiк кооперативтiң құрылтайшылары екеуден кем болмауға тиiс. 3. Өндiрiстiк кооператив құрылғаннан кейiн құрылтайшылар кооператив мүшелерi болады және өндiрiстiк кооперативтiң басқа мүшелерiмен бiрдей құқықтар мен мiндеттердi иеленедi. ҚР 19.06.97 ж. № 132-I Заңымен 4-бап өзгертілді; ҚР 18.03.04 ж. № 537-II Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 4-бап. Өндiрiстiк кооперативтiң құрылтай құжаттары Өндiрiстiк кооператив өз қызметiн құрылтай шарты мен жарғының негiзiнде жүзеге асырады. Өндiрiстiк кооперативтiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкіметі мазмұнын белгiлейтiн үлгi жарғының негiзiнде жүзеге асыра алады. ҚР 12.07.01 ж. № 241-II Заңымен 5-бап өзгертілді; ҚР 18.03.04 ж. № 537-II Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 5-бап. Өндiрiстiк кооперативтiң құрылтай шарты 1. Өндiрiстiк кооперативтiң құрылтай шартында мыналар болуға тиіс: 1) өндiрiстiк кооперативтi құру туралы шешiм, оның фирмалық атауы және орналасқан жерi; 2) кооператив мүшелерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi мен туған жерi, сондай-ақ тұрғылықты жерi көрсетiлген дербес құрамы; 3) кооперативтi құру жөніндегі iс-әрекет тәртібі; 4) құрылтайшылардың кооператив меншiгiне беретiн мүлiктiк жарналарының құрамы мен мөлшерi туралы мәлiметтер; 5) iс-әрекетi кооперативтi құру және тiркеу үшiн қажеттi кооперативтiң лауазымды тұлғаларын тағайындау (сайлау) туралы шешiм; 6) кооперативтi құру және оның жұмысын ұйымдастыру мәселелерiн шешуге байланысты аталған тұлғалардың өкiлеттiктерiн белгiлеу; 7) кооперативтiң жарғысын бекіту; 8) таза табыс пен шығынды бөлу тәртібі; 9) құрылтайшылардың кооперативтен шығу тәртібі. Өндiрiстiк кооперативтiң құрылтай шартына құрылтайшылардың шешiмi бойынша осы Заңға қайшы келмейтiн басқа да талаптар енгiзiлуi мүмкiн. 2. Құрылтай шартына құрылтайшылардың бәрi қол қояды. 3. Өндiрiстiк кооперативтiң құрылтай шарты коммерциялық құпия болып табылатын құжаттар құрамына кiредi әрi мемлекеттік және өзге де ресми органдарға, сондай-ақ үшiншi тұлғаларға тек қана кооперативтiң атқарушы органының шешiмi бойынша не заң актілерінде белгiленген жағдайда ұсынылуға тиiс. ҚР 12.07.01 ж. № 241-II Заңымен 6-бап өзгертілді 6-бап. Өндiрiстiк кооперативтiң жарғысы 1. Өндiрiстiк кооперативтiң жарғысында: 1) кооперативтiң фирмалық атауы; 2) кооператив орналасқан жер; 3) өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң қабылдану, шығу және оларды шығару тәртібі, олардың құқықтары мен мiндеттерi; 4) кооперативтiң басқару және бақылау органдарының құрамы мен құзыретi туралы ережелердi қалыптастыру және олардың шешiмдер қабылдау соның iшiнде бiрауыздан немесе басым көпшiлiк дауыспен шешiм қабылданатын мәселелер бойынша шешiмдер қабылдау тәртібі; 5) өндiрiстiк кооперативтiң әрбiр мүшесi пайының мөлшерi, өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң мүлiктiк жарнасының құрамы мен оны енгізу тәртібі және олардың жарна енгізу жөніндегі мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi; 6) кооператив мүшелерiнiң кооператив қызметiне жеке еңбегiмен қатысу сипаты мен тәртібі және олардың жеке еңбегiмен қатысу жөніндегі мiндеттемелерiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi; 7) кооператив пен оның мүшелерi, кооперативтiң атқарушы органы мен қызметкерлердiң еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар; 8) кооперативтiң таза табысы мен шығындарын бөлу тәртібі; 9) кооперативтi қайта ұйымдастыру мен тарату тәртібі туралы мәлiметтер болуға тиiс. Өндiрiстiк кооперативтiң жарғысында осы Заңға қайшы келмейтiн басқа да ережелердiң болуы мүмкiн. 2. Кооперативтiң фирмалық атауында оның аты, сондай-ақ "өндiрiстiк кооператив" деген сөздер болуға тиiс. 3. Жарғы құрылтайшылардың жалпы жиналысында бекітіледi. Жарғы бiрауыздан бекітілуге тиiс. Жарғыға өзгерiс осы Заңның 15-бабында көзделген тәртiппен кооператив мүшелерi жалпы жиналысының шешiмiмен енгiзiледi. Жарғыға кооператив басқармасының төрағасы (кооператив төрағасы) қол қояды. 4. Өндiрiстiк кооперативтiң жарғысы мемлекеттік немесе өзге де ресми органдарға, сондай-ақ кооперативтен шарттық қатынасы бар не онымен осындай қатынасқа енуге тiлек бiлдiрушiлердiң талап етуi бойынша ұсынылады. ҚР 15.07.96 ж . № 30-I; 11.07.97 ж. № 154-I; 12.07.01 ж. № 241-II Заңдарымен 7-бап өзгертілді 7-бап. Кооператив мүшесiнiң мүлiктiк жарнасы 1. Өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң мүлiктiк жарналары бастапқы капиталды қалыптастырады және кооператив қызметiн құру мен ұйымдастыруға, сондай-ақ шығындарды жабуға арналады. 2. Мүлiктiк жарналардың құрамы мен мөлшерi, сондай-ақ оларды енгізу тәртібі, жолдары мен мерзiмi құрылтай шартында немесе жарғыда белгiленедi. 3. Кооперативтiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша кооператив мүшесiнiң қосымша мүлiктiк жарналарды енгізуi көзделуi мүмкiн. Бұл туралы шешiм осы Заңның 15-бабында белгiленген тәртiппен қабылданады. 4. Жаңадан қабылданатын мүшенiң мүлiктiк кіру жарнасы оның кооперативпен келісімiнде белгiленедi және кооператив мүшелерi жалпы жиналысының хаттамасында көрсетiледi. 5. Кооперативтiң әрбiр мүшесiне оның мүлiктiк кіру жарнасының мөлшерi мен түрiн куәландыратын құжат берiледi. 6. Кооперативке енгiзiлетiн мүлiктiк жарна - ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүлiктiк құқықтар, соның iшiнде жер пайдалану құқығы, санаткерлiк меншiк нәтижелерiне құқығы пен өзге де мүлiк болуы мүмкiн. Кооператив мүшелерiнiң мүлiктiк жарнасын ақшалай бағалау тек қана кооператив құрылтайшыларының арасындағы келісім бойынша жүргiзiле алмайды және ол тәуелсiз аудиторлық тексерiстен өтуге тиiс. Коорператив мүшелерiнiң мүлiктiк жарнасы тек ақшадан ғана тұрған жағдайда тәуелсiз аудиторлық тексерiс жүргiзiлмейдi. Өндiрiстiк кооперативтi қайта тiркеген кезде оның мүшесiнiң мүлiктiк жарнасын ақшалай бағалау кооперативтiң бухгалтерлiк құжаттарымен не аудиторлық қорытындымен расталуы мүмкiн. 7. Кооператив мүшесi мүлiктi кооперативке жарна ретiнде тек қана пайдалануға берген жағдайда, жарнаның мөлшерi кооператив мүшелерiнiң келісімiнде белгiленген кезең үшiн есептелген осы мүлiктiң пайдаланылғаны үшiн төленетiн жал төлемiне қарай анықталады. 3-тарау. Өндiрiстiк кооперативке мүшелiк 8-бап. Өндiрiстiк кооператив мүшелерi 1. Кооператив мүшелерi екеуден кем болмауға тиiс. 2. Өндiрiстiк кооперативке жасы он алтыға толған, кооператив мүшесi болуға тiлек бiлдiрген және оның қызметiне жеке еңбегiмен қатысуға қабiлеттi кез-келген жеке тұлға мүше бола алады. 3. Кооперативке мүше болып кіру үшiн негiзгi жұмыс немесе оқу орны бойынша әкiмшiлiктiң (заңды тұлға органының) келісімi талап етiлмейдi. Кәмелетке толмаған азаматтардың кооперативке мүше болып кіруi үшiн олардың ата-анасының, асырап алушылардың немесе қамқоршылардың келісімi талап етiледi. ҚР 12.07.01 ж. № 241-II Заңымен 9-бап өзгертілді 9-бап. Өндiрiстiк кооператив мүшесiнiң құқықтары 1. Өндiрiстiк кооператив мүшесiнiң: 1) осы Заңда және кооперативтiң құрылтай құжаттарында белгiленген тәртiппен кооператив iстерiн басқаруға, сондай-ақ кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысының жұмысына бiр дауыс құқығымен қатысуға; 2) Кооперативтiң басқару органдарына сайлауға және сайлануға, кооператив қызметiн жақсарту, оның органдары мен лауазымды тұлғаларының жұмысындағы кемшiлiктердi жою туралы ұсыныстар енгізуге; 3) кооперативтiң қызметi туралы толық ақпарат алуға, соның iшiнде кооперативтiң бухгалтерлiк және басқа құжаттамаларымен танысуға; 4) кооператив алған таза табысты бөлуге қатысуға; 5) егер құрылтай құжаттарында өзгеше тәртiп көзделмесе, кооператив қызметiне өз еңбегiмен қатысуына сәйкес оның мүшелерi арасында бөлiнуге тиiстi таза табыстан үлесiн алуға; 6) кооперативтегi өз еңбегi үшiн жалақы түрiнде немесе кооператив белгiлеген өзге де түрде ақы алуға; 7) кооператив өзiнiң мүшелерi үшiн көздейтiн жеңiлдiктер мен артықшылықтарды, соның iшiнде өздерi өндiрген тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) бiрiншi кезекте алуға қатысты бөлiгiнде пайдалануға, кооператив мүлкiн тұтынуға, кооперативтен әлеуметтiк көмек алуға; 8) демалуға, сондай-ақ жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын алуға; 9) әлеуметтiк сақтандыруға; 10) белгiленген тәртiппен кооперативтен шығуға құқығы бар. 2. Кооператив мүшесiнiң осы Заңда, өзге де заң актілері мен кооперативтiң құрылтай құжаттарында көзделген басқа да құқықтары болуы мүмкiн. 3. Өндiрiстiк кооператив мүшесi үшiн осы Заң мен басқа да заң актілерінде көзделген құқықтардан бас тартудың немесе оларды шектеудiң, соның iшiнде кооператив мүшелерiнiң келісімi бойынша, күшi жоқ. 10-бап. Өндiрiстiк кооператив мүшесiнiң мiндеттерi 1. Өндiрiстiк кооперативтiң мүшесi: 1) кооперативтiң құрылтай құжаттарында көзделген талаптарды сақтауға; 2) жалпы жиналыстың, кооперативтiң сайланбалы басқару органдарының өз құзыретiне сәйкес қабылдаған шешiмдерiн орындауға; 3) кооперативтiң құрылтай құжаттарында көзделген тәртiппен, жолмен және мөлшерде кооператив мүлкiне мүлiктiк жарна енгізуге; 4) кооператив қызметiне жеке еңбегiне қатысуды жүзеге асыруға; 5) кооператив мiндеттемелерi бойынша мөлшерi мен тәртібі осы Заңда белгiленген мөлшерде және тәртiппен қосымша (жәрдемақылық) жауапкершiлiкте болуға; 6) өндiрiстiк және еңбек тәртібін, еңбектi қорғау ережелерi мен қауiпсiздiк техникасын сақтауға; 7) кооператив өзiнiң коммерциялық құпиясы деп жариялаған мәлiметтердi таратпауға мiндеттi. 2. Кооператив мүшесiнiң осы Заңда, басқа да заң актілері мен құрылтай құжаттарында көзделген өзге де мiндеттерi болуы мүмкiн. ҚР 12.07.01 ж. № 241-II Заңымен 11-бап өзгертілді 11-бап. Өндiрiстiк кооперативке мүшелiктiң тоқтатылуы және оның мүшелерi құрамындағы өзгерістер 1. Кооператив мүшесi кооператив басқармасының төрағасына (кооператив төрағасына) шығуынан екi апта бұрын бұл жайында жазбаша түрде ескерте отырып, өз қалауы бойынша кооперативтен шығуға хақылы. Ескертудiң бұдан ұзағырақ мерзiмi құрылтай құжаттарында көзделуi мүмкiн, бiрақ ол екi айдан аспауға тиiс. Өндiрiстiк кооперативтiң мүшесi осы мерзiмдер өткеннен кейiн кооперативтен шыққан болып есептеледi. 2. Кооператив мүшесi жалпы жиналыстың шешiмi бойынша одан мынадай: 1) өзiне кооператив жарғысымен жүктелген мiндеттердi ұдайы атқармаған немесе ойдағыдай атқармаған жағдайда; 2) осыған ұқсас кооперативке мүше болуына байланысты; 3) құрылтай құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда шығарылуы мүмкiн. Өндiрiстiк кооперативтiң мүшелiгiнен шығару туралы шешiмге сотқа шағым жасалуы мүмкiн. 3. Кооперативке мүшелiк мынадай: 1) кооператив мүшесi қайтыс болған, оны өлдi деп хабарлаған, ол хабарсыз жоқ болып кеттi деп танылған; 2) кооператив мүшесi өз пайын осы баптың 5-тармағында көзделген тәртiппен басқа адамға берген; 3) кредит берушi (кредит берушiлер) кооператив мүшесiнiң пайына айып өндiрiп алған; 3-1) кооператив мүшесi өндiрiстiк кооперативтiң қызметiне жеке еңбегiмен қатысудан бас тартқан жағдайда тоқтатылады. 4. Егер кооператив жарғысында өзгеше көзделмесе, кооператив мүшесi қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлерi кооператив мүшелiгiне қабылдануы мүмкiн. 5. Егер кооперативтiң құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, кооператив мүшесi өз пайын немесе оның бiр бөлiгiн кооперативтiң басқа мүшесiне (мүшелерiне) сатуға немесе өзгеше түрде беруге хақылы. Пайды (оның бiр бөлiгiн) кооперативтiң мүшесi болып табылмайтын азаматқа беруге кооператив мүшелерiнiң келісімiмен ғана жол берiледi. Бұл ретте кооперативтiң басқа мүшелерi осы пайды (оның бiр бөлiгiн) сатып алуға басым құқықты иеленедi. 6. Кооператив мүшесi болып табылмайтын тұлғаға осы бапта белгiленген тәртiппен пай немесе оның бiр бөлiгi берілсе және ол кооперативке кіруге тiлек бiлдiрсе, мүшелiкке қабылдануға тиiс. 7. Зейнет жасына жеткен кооператив мүшелерi кооператив жарғысында көзделген шартпен кооперативке мүшелiгiн сақтап қала алады. 8. Кооперативке жаңа мүшелер қабылдау осы Заңның 15-бабында көзделген тәртiппен кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысында жүргiзiледi. 12-бап. Өндiрiстiк кооператив мүшесiнiң пайынан айып өндiрiп алу 1. Кооператив мүшесiнiң пайынан оның жеке борышы бойынша айып өндiрiп алуға оның осы борышын өтеу үшiн басқа мүлкi жетiспеген жағдайда ғана жол берiледi. Өндiрiстiк кооперативтiң мүшесi осы мерзiмдер өткеннен кейiн кооперативтен шыққан болып есептеледi. 2. Пайынан айып өндiрiп алынған ретте кооператив өзiнiң борышқор мүшесiнiң пайына сәйкес кооператив мүлкіндегі үлесiн бөлiп бередi. Үлестiң мөлшерi кредит берушiнiң (кредит берушiлердiң) талабы келiп түскен күнгi бухгалтерлiк есеп мәлiметтерi бойынша анықталады. Үлес ақшалай немесе заттай түрде бөлiнедi. ҚР 12.07.01 ж. № 241-II; 29.12.03 ж. № 512-II Заңдарымен 13-бап өзгертілді 13-бап. Өндiрiстiк кооперативке мүшелiктiң өзгеруiнiң салдары 1. Кооператив мүшесi өз қалауы бойынша кооперативтен шыққан, сондай-ақ одан шығарылған жағдайда (осы Заңның 11-бабының 1 және 2-тармақтары), кооператив мүшесiне оның пайы төленуге немесе берiлуге, сондай-ақ жарғыда көзделген басқа да төлемдер жасалуға тиiс. Кооперативтен шығатын мүшеге пайын немесе басқа мүлiктi беру қаржы жылы аяқталып, кооперативтiң бухгалтерлiк балансы бекітілгеннен кейiн жүргiзiледi. Кооперативтен шыққан мүшенiң кооперативпен келісім бойынша пайдың құнын төлеу заттай түрде мүлiктi берумен алмастырылуы мүмкiн. Кооперативтен шығатын мүшеге, сондай-ақ кооперативтiң осы жылы алған пайдасынан оған тиесiлi бөлiгi оның бұл жылы кооперативте болған кезеңi үшiн төленедi. 2. Кооператив қызметiне жеке еңбегiмен қатысқаны үшiн төлемдер кооперативке мүшелiк тоқтатылған күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде жасалады. 3. Кооператив қызметiне жеке еңбегiмен қатысуы жөніндегі мiндеттемесiн бұзғаны үшiн кооператив мүшесi одан шығарылған жағдайда кооперативтiң аталған мүшесi, ол осы кооперативте жұмыс iстемеген кезеңде алынған пайданы бөлiсуге қатыспайды. 4. Егер кооперативтiң құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, шығатын мүшенiң кооперативке берген мүлкi сыйақысыз қайтарылады. 4-1. Кооператив мүшесi одан шыққан кезде құқығы (соның iшiнде шартты жер үлесiне құқығы) өндiрiстiк кооперативке жарна ретiнде берiлген жер учаскесiн нақтылы бөлiп шығару Қазақстан Республикасының жер заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. 5. Қайтыс болған кооператив мүшесiнiң мұрагерi кооперативке кіруден бас тартқан не мұрагердi қабылдаудан кооператив бас тартқан ретте оған қайтыс болған кооператив мүшесiнiң пайына сәйкес мүлiктегi үлесi, сондай-ақ кооперативтiң таза табысының қайтыс болған адамға тиесiлi бөлiгi және кооператив қызметiне жеке еңбегiмен қатысқаны үшiн сыйақы төленедi. 6. Кооператив мүшесi (мүшелерi) кооперативтен шыққан мүшенiң пайын немесе пайының бiр бөлiгiн сатып алған ретте сатып алушының кооператив мүлкіндегі үлесi оның пайының ұлғаюына шамалас артады. 7. Кооперативтен шыққан мүшеге немесе оның мұрагерлерiне кооператив пай төлегенде немесе бергенде, сондай-ақ кооператив мүшесiнiң пайынан оның жеке борышы бойынша кредит берушiлер айып өндiрiп алған ретте қалған кооператив мүшелерiнiң үлестерi шығу күнiне белгiленген олардың пайларының мөлшерiне сәйкес ұлғаяды. 8. Кооперативке мүлiктiк жарнасын енгізу арқылы жаңа мүшенi қабылдаған ретте кооператив мүшелерiнiң оның мүлкіндегі үлестерiнiң жаңа мөлшерi белгiленедi. 14-бап. Өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң кооператив мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiгi 1. Кооператив мүшелерiнiң кооператив мiндеттемелерi бойынша қосымша (жәрдемақылық) жауапкершiлiгi болады. 2. Кооператив құрылғаннан кейiн пайдың берiлуi немесе пайға мұрагерлiк ету тәртібімен оған кiрген кооператив мүшесi өзi кооперативке кiргенге дейiн пайда болған мiндеттемелер бойынша да басқа мүшелермен бiрдей жауап бередi. 3. Кооператив құрылғаннан кейiн кiрген кооператив мүшесi өзi кооперативке кiргеннен кейiн пайда болған мiндеттемелер бойынша жауап бередi. 4. Кооперативтен пайын басқа мүшеге немесе үшiншi бiр тұлғаға беру тәртібімен шыққан оның мүшесi, кредит берушi (кредит берушiлер) оның үлесiнен айып өндiрiп алған жағдайда, сондай-ақ қайтыс болған мүшенiң кооператив мүшелiгiне қабылдаудан бас тартылған мұрагерi кооператив мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. 5. Кооператив мүшесiнiң кооператив мiндеттемелерi бойынша қосымша (жәрдемақылық) жауапкершiлiгiнiң шектi мөлшерi құрылтай құжаттарында белгiленедi, бiрақ ол кооператив мүшесiнiң пайы құнының мөлшерiнен төмен болмауға тиiс. Кооператив мүшелерi арасында жауапкершiлiктi бөлу олардың пайларының мөлшерiне сәйкес жүргiзiледi. 4-тарау. Өндiрiстiк кооперативтi басқару ҚР 12.07.01 ж. № 241-II Заңымен 15-бап өзгертілді 15-бап. Өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысы 1. Кооперативтiң жоғары органы оның мүшелерiнiң жалпы жиналысы болып табылады. Мүшелерiнiң саны 100-ден асатын кооперативтерде құрылтай құжаттарымен жоғары органның функцияларын уәкiлдер жиналысына беру көзделуi мүмкiн. 2. Кооператив мүшелерi жалпы жиналысының ерекше құзыретiне мыналар жатады: 1) кооператив жарғысын өзгерту; 1-1) кооператив қызметiнiң негiзгi бағыттарын айқындау; 2) атқарушы, тексерушi органдар мен байқаушы кеңесiн құру және олардың мүшелерiн керi шақырып алу; 3) кооператив қорлары мен резервтерiнiң түрлерi мен мөлшерiн және олардың пайдаланылу бағыттарын анықтау; 4) кооперативтiң iшкi еңбек тәртібі ережелерiн, лауазымды адамдарының, оның мүшелерi мен қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу туралы ережелерді және кооперативтің басқа да актілерін қабылдау және өзгерту; 5) кооперативтiң филиалдары мен өкiлдiктерiн, шаруашылық серiктестiктерiн құру және оларға мүше ретiнде кіру; 6) қосымша пай жарналарын енгізу туралы мәселенi шешу; 7) кооператив мүшелiгiне қабылдау және шығару; 8) кооперативтiң жылдық есептерi мен бухгалтерлiк баланстарын бекіту, оның пайдасын және шығынын бөлу; 9) кооперативтi қайта құру мен тарату туралы шешiм; 10) тексеру комиссиясының есебiн бекіту; 11) кооператив басқармасының (кооператив төрағасының) есебiн тыңдау. 3. Кооперативтiң құрылтай құжаттарымен жалпы жиналыстың ерекше құзыретiне сол сияқты басқа мәселелердi шешу де жатқызылуы мүмкiн. 4. Жалпы жиналыс өзiнiң ерекше құзыретiне жатқызылған мәселелердi кооперативтiң атқарушы органдарының шешуiне бере алмайды. 5. Кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысы кезектi және кезектен тыс болуы мүмкiн. 6. Кезектi жалпы жиналыс кооператив басқармасы (кооператив төрағасы) белгiлеген мерзiмде, бiрақ қаржы жылы аяқталғаннан кейiн үш айдан кешiктiрiлмей өткiзiледi. Кооператив мүшелерiнiң кезектi жалпы жиналысы: 1) кооперативтiң жылдық есебi мен бухгалтерлiк баланстарын, оның пайдасын және шығынын бөлудi бекiтедi; 2) тексеру комиссиясының есебiн бекiтедi; 3) кооператив басқармасының (кооператив төрағасының) есебiн тыңдайды; 4) осы баптың 8-тармағына сәйкес қарауға ұсынылған кооператив қызметiнiң басқа да мәселелерiн шешедi. 7. Кезектен тыс жалпы жиналыс кооператив басқармасының (кооператив төрағасының) өз бастамасымен, байқаушы кеңесiнiң шешiмiмен, тексеру комиссиясының талап етуiмен, сондай-ақ кооператив мүшелерiнiң кемiнде жиырма процентiнiң талап етуiмен шақырылады. Кезектен тыс жалпы жиналысты шақыру туралы басқармаға қойылған талап оның мәлiмделген күнiнен бастап жиырма күн iшiнде орындалуға тиiс. Олай болмаған жағдайда кезектен тыс жалпы жиналысты шақыру туралы талапты қойған кооператив мүшелерi жиналысты өздерi шақыруға хақылы. 8. Кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысының болатын күнi, орны, уақыты және күн тәртібі туралы басқарма төрағасы (кооператив төрағасы) кооператив мүшелерiне жиналыс өткiзiлерден кемiнде жиырма күн бұрын жазбаша хабарлайды. Егер тиiстi кворум болған жағдайда жиналысқа қатысқан кооператив мүшелерi бiрауыздан өзге шешiм қабылдамаса, жалпы жиналыстың күн тәртібіне өзгерістер енгізуге және оған енгiзiлмеген мәселелер бойынша шешiмдер қабылдауға хақы жоқ. Егер кворум болмағандықтан жалпы жиналысты өткізу мерзiмi ауыстырылған болса, оны қайта шақыру нақ осы тәртiппен жүзеге асырылады. 9. Егер жалпы жиналысқа кооператив мүшелерiнiң немесе олардың сенімдi өкiлдерiнiң жартысынан астамы қатысса ол құқылы деп саналады. 10. Жалпы жиналыстың жұмыс регламентi мен дауыс беру тәртібін (ашық немесе жасырын) кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысы белгiлейдi. 11. Жалпы жиналыс шешiмдер қабылдаған кезде кооперативтiң әрбiр мүшесi өз пайының мөлшерiне қарамастан бiр дауысқа ие болады. 12. Егер жалпы жиналыстың шешiмi үшiн жиналысқа қатысқан кооператив мүшелерiнiң немесе олардың сенім бiлдiрген адамдарының жартысынан астамы дауыс берсе, ол қабылданды деп саналады. Осы баптың 2-тармағының 1),6),7) және 9)-тармақшаларында көзделген мәселелер жөніндегі шешiм үшiн кооператив мүшелерiнiң үштен екi бөлiгi дауыс берсе, ол қабылданды деп есептеледi. Кооперативтi шаруашылық серiктестiк етiп өзгерту нысанында қайта құру бiрауыздан қабылданған шешiм негiзiнде жүргiзiледi. |