|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
Аудиторлық қызмет туралы Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 20 қарашадағы № 304-I Заңы (2024.01.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы: 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңын қараңыз (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен Заңның мәтіні жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасы 3-1-бап. Аудиторлық қызмет саласындағы реттеудің мақсаттары мен міндеттері 4-бап. Аудиторлық қызметтiң негiзгi принциптерi және аудиттiң стандарттары 5-бап. Аудит және оның түрлерi 7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi 7-1-бап. Аудиторлық қызмет және кәсіби ұйымдар қызметі саласындағы мемлекеттік бақылау 11-бап. Кәсiби ұйымдардың құқықтары мен мiндеттерi 12-бап. Аккредиттеу туралы куәлiктен айыру 13-бап. «Аудитор» бiлiктiлiгiн беруге кандидаттарды аттестаттау 13-2-бап. Кəсіби кеңестің сапаны бақылау жөніндегі комитеті 15-бап. «Аудитор» бiлiктiлiк куәлiгiнiң күшiн жою 16-бап. Аудиторлық қызметтi лицензиялау 18-2-бап. Салықтар бойынша аудиторлық қорытынды 18-3-бап. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу ерекшеліктері 19-бап. Сапаны бақылау және оның түрлерi 20-бап. Аудиторлардың құқықтары мен мiндеттерi 21-бап. Аудиторлық ұйымдардың құқықтары мен мiндеттерi 22-бап. Аудиторлық қызметтi сақтандыру 23-бап. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгi 25-бап. Аудиттелетiн субъектiнiң құқықтары 26-бап. Аудиттелетiн субъектiнiң мiндеттерi 27-бап. Аудиттелетiн субъектiнiң жауапкершiлiгi 30-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «оны кері қайтарып алу», «лицензиясы кері қайтарып алынған», «лицензиясын кері қайтарып алу», «кері қайтарып алуды», «оларды алқалы басқару органдарының шешімімен кері шақырып алу», «Лицензия кері қайтарып алынған», «лицензияны кері қайтарып алу» деген сөздер тиісінше «одан айыру», «лицензиясынан айырылған», «лицензиясынан айыру», «лицензиясынан айыруды», «алқалы басқару органдарының шешімімен олардан айыру», «Лицензиядан айырылған», «лицензиядан айыру» деген сөздермен ауыстырылды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен кіріспе өзгертілді (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Осы Заң Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті жүзеге асыру процесінде мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар, аудиторлар, аудиторлық ұйымдар және кәсіби аудиторлық ұйымдар, кәсiби аудиторлық ұйымдар және аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес арасында туындайтын қатынастарды реттейді.
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйым (бұдан әрі - кәсіби ұйым) - аудиторлар мен аудиторлық ұйымдарды біріктіретін коммерциялық емес ұйым; 2) аккредиттеу - осы Заңда көзделген кәсіби ұйымдардың құқықтылығын уәкілетті мемлекеттік органның ресми тануы; 3) аттестаттау - Біліктілік комиссиясының аудиторларға кандидаттардың білімдері мен дағдыларын айқындауы рәсімі; 4) аудит - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық есептілік және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпарат туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатында тексеру; 5) аудитор - Аудиторларға кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы (бұдан әрі - Біліктілік комиссиясы) аттестаттаған, «аудитор» біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігін алған жеке тұлға; 6) аудиторлық есеп - жүргізілген аудиттің нәтижесі болып табылатын жазбаша ресми құжат; 7) аудиторлық қызмет - осы Заңға сәйкес қаржылық есептіліктің және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпарат аудитін жүргізу және көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі кәсіпкерлік қызмет; 2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) 7-1) аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес (бұдан әрі - кәсіби кеңес) - кәсіби ұйым (кәсіби ұйымдар) құрған, мүшелігі жоқ коммерциялық емес ұйым; 8) аудиторлық ұйым - аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін құрылған және кәсіби ұйымның мүшесі болып табылатын коммерциялық ұйым; 9) аудиттелетін субъект - өзіне қатысты аудит, салықтар бойынша аудит, өзге ақпарат аудиті жүргізілетін заңды тұлға, заңды тұлғаның атынан әрекет ететін оның филиалдары және (немесе) өкілдіктері, дара кәсіпкер; 10) Әдеп кодексі - аудиторлардың, аудиторлық және кәсіби ұйымдардың кәсіптік қызметінің Халықаралық бухгалтерлер федерациясы шығарған және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында қолданылатын әдеп қағидалары жинағы; 11) дұрыс емес аудиторлық есеп - Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын бұза отырып жасалған, қаржылық есептілік туралы және аудит стандарттарында көзделген ақпарат туралы дұрыс емес және (немесе) толық емес, пайдаланушыларды жаңылыстыратын мәліметтерді қамтитын аудиторлық есеп; 12) жер қойнауын пайдаланушының шығыстары туралы мәліметтер аудиті - жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қазбаларды барлау және өндіру жөніндегі операцияға арналған шығыстарының аудиті; 2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) 12-1) кәсіби кеңестің сапаны сыртқы бақылау объектілері - бағалы қағаздары Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржаларының ресми тізіміне енгізілген немесе енгізу жоспарланып отырған эмитенттерге, сондай-ақ қаржы ұйымдарына (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға, жер қойнауын пайдаланушыларға (кең таралған пайдалы қазбаларды өндірушілерден басқа) аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдар; 13) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит - бюджет қаражатын пайдалану мәселесі бойынша аудит; 14) көрінеу дұрыс емес аудиторлық есеп - аудит жүргізілмей жасалған немесе пайдаланушыларды қасақана жаңылыстыратын пікірді қамтитын аудиторлық есеп; 15) мүдделер қақтығысы - аудиторлық ұйымның мүдделілігі оның аудиттелетін субъектінің қаржылық есептілігінің дұрыстығы туралы пікіріне әсер етуі мүмкін жағдай; 16) өзге ақпарат аудиті - «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін бағалауға қатысты, оның ішінде стратегия мен бизнес модельге, корпоративтік басқару жүйесін бағалауға, ақпараттық технологиялардың тәуекелдерін басқару жүйесін бағалауға, ақпараттық қауіпсіздік жүйесінің тиімділігін, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалауға қатысты процестерді және қаржылық есептілікпен байланысты емес ақпаратты тексеру; 17) өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытынды - өзге ақпарат аудитінің нәтижелері бойынша жасалған қорытынды; 2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 17-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) 17-1) практикамен айналыспайтын сарапшы - аудиторлық ұйымның құрылтайшысы (қатысушысы) немесе жұмыскері болып табылмайтын және кәсіби кеңес органдарында тағайындалғанға дейін және олардағы жұмыс кезеңінде онымен азаматтық-құқықтық қатынаста кемінде күнтізбелік бір жыл болмаған жеке тұлға; 18) салықтар бойынша аудит - уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен жүргізілетін, салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрі бойынша есептеу мен төлеудің дұрыстығы, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың және аударудың толықтығы мен уақтылығы, әлеуметтік аударымдарды есептеудің және төлеудің толықтығы мен уақтылығы мәселесі бойынша аудит; 19) салықтар бойынша аудиторлық қорытынды - салықтар бойынша аудит нәтижелері бойынша жасалған қорытынды; 20) салықтар бойынша дұрыс емес аудиторлық қорытынды - аудиторлық ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жасаған, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеудің дұрыстығы, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың және аударудың толықтығы мен уақтылығы, әлеуметтік аударымдарды есептеудің және төлеудің толықтығы мен уақтылығы мәселелері бойынша дұрыс емес және (немесе) толық емес мәліметтерді қамтитын, сондай-ақ салықтар бойынша аудит жүргізілмей жасалған немесе қасақана жаңылыстыратын пікірді қамтитын қорытынды; 21) уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - аудиторлық қызмет саласында реттеуді және аудиторлық қызмет пен кәсіби ұйымдардың қызметі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 22) ұйымдардың стандарттары - аудиторлық ұйымның Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, аудит жүргізу тәртібіне бірыңғай талаптарды белгілейтін ішкі құжаттары; 23) халықаралық аудит стандарттары (бұдан әрі - аудит стандарттары) - Халықаралық бухгалтерлер федерациясы шығарған стандарттар мен құжаттар.
2-бап. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасындағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттардың ережелері қолданылады.
3-бап. Аудиторлық қызмет 1. Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар аудиторлық ұйымдар аудиторлық қызметпен айналысу құқығына ие болады. 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді 2. Аудиторлық ұйымдар мынадай қызметтерді де көрсете алады: 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) аудит стандарттарына сәйкес ілеспе және басқа да көрсетілетін қызметтер; 2) бухгалтерлік есепті қалпына келтіру және жүргізу, қаржылық есептілікті жасау; 3) ішкі аудит; 4) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөніндегі заңнаманы қолдану және салық есебін жүргізу мәселелері бойынша консультация беру; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды 4-1) салықтар бойынша аудит жүргізу және салықтар бойынша аудиторлық қорытынды жасау; 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды 4-2) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу; 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 4-3) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) 4-3) жер қойнауын пайдаланушының шығыстары туралы мәліметтер аудитін жүргізу; 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 4-4) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 4-4) өзге ақпарат аудитін жүргізу және өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытынды жасау; 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5) алғашқы статистикалық деректерді қалыптастыру; 6) қаржы-шаруашылық қызметті талдау және қаржылық жоспарлау, экономикалық, қаржылық және басқарушылық консультация беру; 7) бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау мәселелері бойынша консультация беру; 8) бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау, салық салу, аудит және қаржы-шаруашылық қызметті талдау мен қаржылық жоспарлау бойынша оқыту; 9) бухгалтерлік есепті жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды автоматтандыру жөнінде ұсынымдар беру, бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасауды автоматтандыруға үйрету; 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10) бухгалтерлік есепке алуды жүргізу және қаржылық есептілікті жасау, аудит, қаржылық-шаруашылық қызметті және қаржылық жоспарлауды талдау, аудит стандарттарына сәйкес ілеспе қызметтерді көрсету бойынша әдістемелік құралдар мен ұсынымдар әзірлеу, сондай-ақ оларды тарату; 11) аудиторлық қызметке байланысты заң қызметтерін көрсету; 12) 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) Егер «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы тармақта көзделген жекелеген қызмет түрлерiн көрсету рұқсаттар алуды немесе хабарламалар жіберуді талап етсе, аудиторлық ұйымдар рұқсаттары болмай немесе хабарламаларды жібермей бұл қызметтердi көрсетуге құқылы емес. 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Аудиторлық ұйымдарға кәсіпкерлік қызметтің өзге түрлерімен айналысуға тыйым салынады.
2024.01.07. № 107-VIII ҚР Заңымен 3-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) 3-1-бап. Аудиторлық қызмет саласындағы реттеудің мақсаттары мен міндеттері 1. Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті дамыту және аудиторлық көрсетілетін қызметтердің сапалы болуы үшін жағдайлар жасау аудиторлық қызмет саласындағы реттеудің мақсаттары болып табылады. 2. Аудиторлық қызмет саласындағы реттеудің міндеттері: 1) аудиторлық қызметтің құқықтық негіздерін белгілеу; 2) аудиторлық қызметті жүзеге асырудың негізгі бағыттарын айқындау; 3) аудиторлық қызмет саласында жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау; 4) аудиторлардың кәсіби құзыреттерін арттыру үшін жағдайлар жасау.
4-бап. Аудиторлық қызметтің негізгі принциптері және аудиттің стандарттары 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Аудиторлық қызметтің негізгі принциптері мыналар: тәуелсіздік; объективтілік; кәсіби құзыреттілік; құпиялылық; адалдық; ұйымдардың стандарттарын сақтау; 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді 2. Аудит осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін аудит стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Аудит стандарттарын Қазақстан Республикасында оларды ресми аударуға және (немесе) жариялауға Халықаралық бухгалтерлер федерациясының жазбаша рұқсаты бар ұйым қазақ және орыс тілдерінде жариялауы мүмкін. Осы Заңның 5-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің төртінші, бесінші, алтыншы, сегізінші және он бірінші абзацтарында көрсетілген ұйымдарға аудит жүргізу кезінде аудиторлық ұйым қаржылық есептілікте қамтылған ақпараттың халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес әзірленген нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды 3. Салықтар бойынша аудит Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудиттелетін субъектінің бастамасы бойынша жүзеге асырылады. 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды 4. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5. Өзге ақпарат аудиті қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның талап етуі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
5-бап. Аудит және оның түрлерi 1. Аудиттің түрлері мыналар: 1) міндетті; 2) бастамашылық. 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 128-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.05.01. № 409-VI ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді 2. Міндетті аудитке: акционерлік қоғамдар; қадағалау кеңесі бар, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы шаруашылық жүргізу құқықығындағы мемлекеттік кәсіпорындар; сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру холдингтері және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушысы болып табылатын ұйымдар, сақтандыру брокері; бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар; инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары; «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген жағдайларда, көмірсутектерді барлау мен өндіру немесе пайдалы қатты қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғалар; банктер, ірі қатысушысы банк болып табылатын ұйымдар, банк холдингтері; Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша авиациялық жұмыстарды жүзеге асыратын авиакомпанияларды қоспағанда, азаматтық авиация ұйымдары; астық қабылдау кәсіпорындары; сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры; әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры; инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары; «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылыс салушылар мен уәкілетті компаниялар; «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес арнайы қаржы компаниялары; «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы; «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес уәкілетті экономикалық операторлар; мынадай шарттарды бір мезгілде орындаған кезде: 1) оның құрамында жарғылық капиталына қатысудың он пайыздан кем үлесін иеленетін қатысушылар (құрылтайшылар) бар болған; 2) жұмыскерлердің орташа жылдық саны екі жүз елу адамнан асатын және (немесе) жылдық орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің үш миллион еселенген мөлшерден асатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер жатады. Орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін жылдық қаржылық есептілік аудиті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына қатысудың он пайыздан кем үлесін иеленетін қатысушының (құрылтайшының) талабы бойынша жүргізіледі. Аудит міндетті болып табылатын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылдық қаржылық есептілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайтын ұйымдар жылдық қаржылық есептілікпен бірге аудиторлық есепті де жариялауға міндетті. Осы тармақтың талаптары сот банкрот деп таныған акционерлік қоғамдарға, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган лицензиясынан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату процесінде тұрған банктерге, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды. 3. Бастамашылық аудит аудиттелетін субъектінің не оған қатысушының бастамасы бойынша бастамашы мен аудиторлық ұйымның арасында аудит жүргізуге жасалған шартта көзделген аудиттің нақты міндеттері, мерзімі мен көлемі ескеріле отырып жүргізіледі.
6-бап. 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-бап өзгертілді 7-бап. Уәкілетті органның құзыретi Уәкілетті орган: 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.01.07. № 107-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда 1) аудиторлық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады; 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен бап 1-1) тармақшамен толықтырылды 1-1) аудиторлар тізілімін жүргізеді; 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен бап 1-2) тармақшамен толықтырылды; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 1-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-2) тармақша өзгертілді 1-2) міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең аз талаптарды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді; 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1-3) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-3) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-3) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын өзге ақпарат аудиті шеңберінде тексерілуге жататын мәселелер тізбесін, өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындының мазмұнына, аудиторлық ұйымның оны ұсыну мерзімдеріне қойылатын талаптарды, өзге ақпарат аудитіне тартылатын аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторларға қойылатын талаптарды келіседі;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасы3-бап. Аудиторлық қызмет3-1-бап. Аудиторлық қызмет саласындағы реттеудің мақсаттары мен міндеттері4-бап. Аудиторлық қызметтiң негiзгi принциптерi және аудиттiң стандарттары5-бап. Аудит және оның түрлерi6-бап. Алып тасталды7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi7-1-бап. Аудиторлық қызмет және кәсіби ұйымдар қызметі саласындағы мемлекеттік бақылау8-бап. Аудитор9-бап. Аудиторлық ұйым10-бап. Кәсiби ұйымдар11-бап. Кәсiби ұйымдардың құқықтары мен мiндеттерi12-бап. Аккредиттеу туралы куәлiктен айыру13-бап. «Аудитор» бiлiктiлiгiн беруге кандидаттарды аттестаттау13-1-бап. Кәсіби кеңес13-2-бап. Кəсіби кеңестің сапаны бақылау жөніндегі комитеті14-бап. Біліктілік комиссиясы15-бап. «Аудитор» бiлiктiлiк куәлiгiнiң күшiн жою16-бап. Аудиторлық қызметтi лицензиялау17-бап. Аудит, салықтар бойынша аудит, өзге ақпарат аудитін, аудит стандарттарына сәйкес ілеспе және басқа да көрсетілетін қызметтер жүргізуге арналған шарт18-бап. Аудиторлық есеп18-1-бап. Алып тасталды18-2-бап. Салықтар бойынша аудиторлық қорытынды18-3-бап. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу ерекшеліктері19-бап. Сапаны бақылау және оның түрлерi20-бап. Аудиторлардың құқықтары мен мiндеттерi21-бап. Аудиторлық ұйымдардың құқықтары мен мiндеттерi22-бап. Аудиторлық қызметтi сақтандыру23-бап. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгi24-бап. Аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит, өзге ақпарат аудитін жүргізу құқығын шектеу25-бап. Аудиттелетiн субъектiнiң құқықтары26-бап. Аудиттелетiн субъектiнiң мiндеттерi27-бап. Аудиттелетiн субъектiнiң жауапкершiлiгi28-бап. Дауларды қарау29-бап. Өтпелi ережелер30-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi |