Маңызды стратегиялық мәнi бар мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1341 қаулысы
(2005.03.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2006 ж. 25 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2005.03.10. № 994 қаулысымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес заңды тұлғалар мүгедек адамдарды оларды сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар протездiк-ортопедиялық және есту протездеу көмегiмен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтердi берушілер болып белгiленсiн.
2. Жергіліктi атқарушы органдар заңнамада белгiленген тәртiппен:
осы қаулыға қосымшада көрсетiлген кәсiпорындармен мүгедектердi протездiк-ортопедиялық және есту-протездеу көмегiмен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтердi көрсету бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды;
қызметтердi мемлекеттік сатып алу үшiн осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын сақтауды, сондай-ақ "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 3, 4-тармақтарын орындауды қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1341 қаулысына
қосымша
Мүгедек адамдарды протездiк-ортопедиялық
және есту-протездеу көмегiмен қамтамасыз ету жөніндегі
қызметтердi беруші заңды тұлғалардың тiзбесi
N Қызметтердi берушінiң атауы | Әкiмшілiк-аумақтық бiрлiктер |
1 2 | 3 |
1. "Қазақстан Республикасы Еңбек Ақмола облысы және халықты әлеуметтiк қорғау Солтүстiк Қазақстан облысы министрлігінiң Петропавл протездiк- Қарағанды облысы ортопедиялық орталығы" Қостанай облысы республикалық мемлекеттік Астана қаласы кәсiпорны |
2. "Қазақстан Республикасы Еңбек Шығыс Қазақстан облысы және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң Семей протездiк- ортопедиялық орталығы", республикалық мемлекеттік кәсiпорны, "Шығыс Қазақстан облыстық протездiк-ортопедиялық орталығы" коммуналдық мемлекеттік кәсiпорны |
3. "Қазақстан Республикасы Еңбек Павлодар облысы және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң Семей протездiк- ортопедиялық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны |
4. "Қазақстан Республикасы Еңбек Ақтөбе облысы және халықты әлеуметтік қорғау Алматы облысы министрлігінiң Алматы протездiк- Атырау облысы ортопедиялық орталығы" Жамбыл облысы республикалық мемлекеттік Батыс Қазақстан облысы кәсiпорны Қызылорда облысы Маңғыстау облысы Оңтүстiк Қазақстан облысы Алматы қаласы |
5. "Қазақстан Республикасы Еңбек Ақмола облысы және халықты әлеуметтiк қорғау Ақтөбе облысы министрлігінiң республикалық есту Алматы облысы қабiлетiн түзеу орталығы" Атырау облысы республикалық мемлекеттік Шығыс Қазақстан облысы қазыналық кәсiпорны Жамбыл облысы Батыс Қазақстан облысы Қарағанды облысы Қостанай облысы Қызылорда облысы Солтүстiк Қазақстан облысы Павлодар облысы Маңғыстау облысы Оңтүстiк Қазақстан облысы Астана қаласы Алматы қаласы |