|
|
|
Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөнінде комиссия құру туралы (2018.26.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 419 Қаулысымен күші жойылды
«Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған: 1) Комиссияның құрамы; 2) Комиссия туралы ереже бекітілсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
ҚР Үкіметінің 2006.30.09. № 948 (бұр. ред. қара); 2007.31.01. № 73 (бұр. ред. қара); 2007.26.07. № 634 (бұр.ред.қара); 2007.02.09 №761 (бұр.ред.қара); 2007.15.10. № 948 (бұр.ред.қара; 2007.03.12. № 1163 (бұр.ред.қара); 2008.26.05. № 499 (бұр.ред.қара); 2008.18.09 № 858 (бұр. ред. қара); 2009.26.06. № 982 (бұр.ред.қара); 2010.18.06. № 612 (бұр.ред.қара); 2011.24.06. № 705 (бұр.ред.қара) қаулыларымен құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 353 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.13.11. № 1445 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.17.06. № 607 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.04.09. № 970 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2017.06.03. № 107 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.26.01. № 34 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам өзгертілді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі № 836 қаулысымен бекітілген
Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, төрағаның орынбасары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі департаментінің директоры, хатшы Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің өкілі (келісім бойынша)
Үкіметінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі № 836 қаулысымен бекітілген
Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөнінде комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 2. Комиссия концессиялық жобаларды қарау және іріктеу үшін құрылады. 3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесімдерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері мен құқықтары
4. Комиссияның негізгі міндеттері: 1) концессиялық жобаларды қарау және іріктеу; 2) конкурсқа қатысушылар берген барлық конкурстық өтінімдерді қарау; 3) концессиялық жобаны және концессия шартының талаптарын нақтылау жөнінде келіссөздер жүргізу; 4) концессионер таңдау жөніндегі конкурстың қорытындылары бойынша концессиялық жобаларды бекіту болып табылады. 5. Комиссия өз міндеттеріне сәйкес: 1) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкілдерін Комиссия отырыстарына шақыруға және тыңдауға; 2) концессиялық жобаларды іріктеудегі проблемалық мәселелерді талдау және зерделеу үшін қажетіне қарай мамандарды, сарапшылар мен ғалымдарды тартуға; 3) мемлекеттік және басқа ұйымдардан Комиссия міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды заңнамада белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға құқылы.
3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
ҚР Үкіметінің 2006.30.09. № 948 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2014.04.09. № 970 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6. Комиссияны төраға - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары басқарады. Комиссия төрағасы Комиссияның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның жұмысын жоспарлайды, қабылданатын шешімдердің сапасын және тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды айқындайды, Комиссияның қызметіне дербес жауаптылықта болады. Төраға болмаған уақытта оның функциясын оның тапсырмасы бойынша орынбасары атқарады. ҚР Үкіметінің 2006.30.09. № 948 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2007.15.10. № 948 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.26.05. № 499 (бұр.ред.қара); 2008.18.09 № 858 (бұр. ред. қара); 2010.18.06. № 612 (бұр.ред.қара) қаулыларымен өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2013.17.06. № 607 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.04.09. № 970 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ жаңа редакцияда 7. «Комиссияның құрамына Ұлттық экономика, Қаржы, Әділет, Инвестициялар және даму, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, Білім және ғылым министрліктері бірінші басшыларының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары (келісім бойынша) және алмастыру құқығынсыз республикалық меншікке иелік ету жөніндегі уәкілетті органның басшысы кіреді. 8. Концессия жөніндегі конкурстың тиісті ұйымдастырушысы Комиссияның жұмыс органы болып табылады. ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9. Комиссияның жұмыс органы комиссияның жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса комиссия мүшелеріне жіберілуге тиіс. ҚР Үкіметінің 2010.18.06. № 612 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.17.06. № 607 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.09.04. № 329 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 10-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2014.04.09. № 970 Қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 10. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің қызметкері Комиссияның хатшысы болып табылады. Комиссия хатшысы отырыс өткізілгеннен кейін хаттама ресімдейді. 11. Комиссияның отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі. Комиссия мyшелерінің жалпы санының кемінде үштен eкici қатысқан кезде Комиссияның отырысы заңды деп саналады. ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 12. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі - Нұсқаулық) сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiр білдірге құқығы бар, оны бiлдiрген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиiс. Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды. Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді. Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не келіспеу туралы себептерін негіздей отырып жауап береді. 13. Комиссия отырыстарының қорытындылары бойынша жұмыс органы мүдделі тұлғаларға қарау нәтижелері туралы хабарлайды. ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 13-1-тармақпен толықтырылды 13-1. Дауыс беру парақтарымен қоса, комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады. 14. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде тоқтатады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |