|
|
|
«Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтары жүйесін
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 8 қазандағы № 914 Қаулысымен күші жойылды
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтары жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Yкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы № 990 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтары жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Мазмұны
3. Қазақстан Республикасындағы табиғи-қорық ісінің қазіргі жай-күйін талдау 4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттерi 5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігi 5.1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін құру және кеңейту тәртібi 5.2. Заңды тұлғалардың мәртебесі бар қазіргі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды кеңейту және жаңаларын құру 5.2.1. Мемлекеттік табиғи қорықтар 5.2.2. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер 5.2.3. Мемлекеттік табиғи резерваттар 5.3. Заңды тұлғаларды құрмай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру 5.3.1. Мемлекеттік табиғи қаумалдар 5.4. Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жүйесін дамыту 6. Қажетті ресурстар және Бағдарламаны қаржыландыру көздерi 7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер 8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Атауы Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтары жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Бағдарламаны "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" әзірлеу үшін Қазақстан Республикасы Заңының 7-тармағына және негіздеме Қазақстан Республикасының Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын дамыту мен орналастырудың 2030 жылға дейінгi тұжырымдамасына сәйкес
Бағдарламаның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы негізгi министрлігі әзірлеушісi
Бағдарламаның Қазақстан Республикасының барлық табиғи-климаттық мақсаты аймақтарында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін дамыту жолымен табиғи және мәдени мұраны, биологиялық сан алуандылығын, табиғи-қорық қорының объектілерін сақтау Қазақстан Республикасының мемлекеттік табиғи-қорықтық қорының аумағын 1258,66 мың. га кеңейту
Бағдарламаның Қазақстан Республикасындағы биологиялық сан алуандылықтың міндеттері қазіргі аумақтық қорғалуының жай-күйін талдау негізінде оларға ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесін беру үшін бірінші кезектегі табиғи кешендерді анықтау 2007-2009 жылдарға арналған әртүрлі санаттағы және түрдегi кеңейтілетін және жаңадан құрылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды кезең кезеңімен ұйымдастыру тәртібін белгілеу
Бағдарламаны 2007 - 2009 жылдар iске асыру мерзімi
Бағдарламаны Бағдарламаны іске асыруға мынадай қаржылық қаржыландыру шығындар көзделуде: көздерi республикалық бюджеттен: 147,81 млн. теңге, оның ішінде жылдар бойынша: 2007 жылы - 5,5 млн. теңге; 2008 жылы - 72,33 млн. теңге; 2009 жылы - 69,98 млн. теңге; халықаралық гранттар қаражаты есебінен: 9,3 млн. теңге, оның ішінде жылдар бойынша: 2007 жылы - 7,5 млн. теңге; 2008 жылы - 1,8 млн. теңге. 2008-2009-жылдарға арналған шығыс көлемі тиісті қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нақтыланатын болады
Бағдарламаны Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру Қазақстан iске асырудан Республикасы табиғи-қорық қорының аумағын күтілетін нәтиже 1258,66 мың га ұлғайтуға және 2009 жылы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үлесін мемлекет аумағының 1,8 %-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл мемлекеттің ландшафттық және биологиялық сан алуандылығын қорғауды, экологиялық туризмді дамытуды, қоршаған ортаның жағдайы мен халықтың денсаулығын жақсартуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қазақстан аумағы шөл далалардан бастап биік тауларға және ішкі теңіздердің экожүйелеріне дейін ландшафтық кешендердің бірегей жиынтығына ие. Еліміз экономикасы дамуының үдемелі қарқыны және табиғи ресурстарды пайдаланудың күшеюі жағдайында табиғатты аумақтық қорғау жүйесін одан әрі жетілдіру мәселесі көкейтесті сипат алып отыр. Нақ осы жағдайлар мемлекеттің биологиялық сан алуандылықты сақтаудың пәрменді жүйесі ретінде Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын (бұдан әрі - ЕҚТА) одан әрі дамыту қажеттігін айқындайды. Биологиялық сан алуандықты сақтау жөніндегі конвенцияның тарабы ретінде (Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысы) Қазақстанның биологиялық саналуандылықты сақтау жөніндегі өз міндеттемелері бар. ЕҚТА саласындағы заңнама Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 қарашадағы № 1692 қаулысымен бекітілген Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту және орналастырудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына негізделеді. 2004 жылғы наурызда «Мемлекеттік табиғи-қорық қорын дамыту проблемалары мен перспективалары» атты Парламенттік тыңдаулар өткізілуінің қорық ісін дамыту үшін зор маңызы бар, онда Қазақстанда табиғатты аумақтық қорғау жүйесін дамыту проблемалары талқыланды және оларды шешу жолдары айқындалды. 1997 жылы Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы жарияланды, ол Қазақстан 2030 жылға дейін ауасы таза және суы мөлдір, таза және жасыл желекті елге айналуға тиіс екенін паш етті. ЕҚТА-ның жүйесін құру осы мақсаттарға қол жеткізу құралдарының бірі болып табылады. ЕҚТА-ның оңтайлы желісін қалыптастырудың басты міндеті қорықтық ұйытқылар (қорықтар мен ұлттық парктер) өзара күзеті онша қатаң емес аумақтармен (қаумалдар, қорықтық аймақтар), сондай-ақ экологиялық желі элементтерімен - экологиялық дәліздермен, орман алқаптарымен, су қорғау аймақтарымен және жолақтарымен әрі басқа да қорғалатын табиғи аумақтармен қосылатындай олардың біртұтастығын қамтамасыз ету болып табылады. Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының аумағында ЕҚТА орналасуын оның ғаламдық түсінігіндегі "экологиялық желі" ретінде жіктеу қиын. Сонымен бірге, қазір Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы және Алтай өңірінде аймақтық мемлекетішілік экологиялық желілер қалыптасуда. Мемлекетаралық деңгейде де экологиялық желілердің элементтері қалыптасып жатыр, олар - Батыс Тянь-Шань және Алтай-Саян экологиялық өңірлері. Басталған жұмыстар және әзірленіп жатқан көзқарастар экологиялық желіні ұйымдастыру таулы ормандар сияқты көкейтесті сипат алып отырған барлық табиғи кешендер бойынша (орман, дала, орманды дала, шөлдер, жартылай шөлейт жерлер, жағалау және су экожүйелері) жалғастырылуға тиіс. Осынау күрделі міндеттерді орындауды қатаң антропогендік қысым жағдайында шешуге тура келуде. Осындай жағдайларда флора мен фаунаның сирек кездесетін және бірегей түрлерін, жансыз табиғат объектілерін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың оңтайлы жүйесін ұйымдастыру жолымен ғана сақтауға болады.
3. Қазақстан Республикасындағы табиғи-қорық ісінің қазіргі жай-күйін талдау
2006 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда 10 мемлекеттік табиғи қорықтар, 9 мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, 2 мемлекеттік табиғи резерват, 55 мемлекеттік табиғи қаумал, 5 мемлекеттік қорықтық аймақ, 26 республикалық маңызы бар табиғи ескерткіштер қызмет етеді. Республикалық маңызы бар ЕҚТА-ның жалпы алаңы - 21118,7 мың. га, мемлекеттің барлық аумағының, оның ішінде заңды тұлға мәртебесімен 3769,1 мың. га - 1,4 % пайызын құрайды. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан Республикасы орташа-әлемдік деңгейге жете алмайды (жалпыға танылған әлемдік стандарттар жағдайында - 10-12 %). Ресейдің ЕҚТА-ның жалпы алаңы 136,6 млн. га (елдің жалпы алаңының 7,58%-ы) құрайды. Ресейдегі ұлттық парктер мен мемлекеттік табиғи қорықтардың қазіргі жүйесі 85 жылдан артық уақыт қалыптасты және оған: жалпы алаңы 33,5 млн. га 100 мемлекеттік табиғи қорықтары (Ресей Федерациясы алаңының 1,56 %-дан жоғары); алаңы 7 млн. га 35 ұлттық парктері (елдің 0,41% алаңы) кіреді. 1992 жылдан бастап Ресейде 26 жаңа қорық және 18 ұлттық парк құрылды. Бұдан басқа осы уақытта 22 қорық пен 1 ұлттық парктің алаңы кеңейтілді. 2010 жылға дейін Ресей Федерациясының аумағында 9 жаңа қорық пен 12 ұлттық парк ұйымдастырылуына сәйкес Ресей Федерациясы Үкіметінің 2001 жылғы 23 мамырдағы № 725-p өкімімен мемлекеттік табиғи қорықтар мен ұлттық парктерінің тізбесі мақұлданды. Бұдан басқа Ресейде 2003-2010 жылдар кезеңінде қазіргі мемлекеттік табиғи қорықтар аумағын кеңейту бойынша, оның ішінде биосалалық полигон құру жолымен жұмыстар жалғасуы тиіс болатын. 2010 жылдың соңына қарай Ресейде 2015 жылға дейінгі кезеңде мемлекеттік табиғи қорықтар мен ұлттық парктердің желісін дамытудың жаңа перспективалық схемасын бекіту жоспарлануда. Ресейде ЕҚТА-ды құру табиғатты қорғау қызметінің дәстүрлі және аса тиімді нысаны болып табылады. Ресей Федерациясы Үкіметінің 2002 жылғы 22 тамыздағы № 1225-p өкімімен мақұлданған Ресей Федерациясының экологиялық доктринасы экология саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары есебіндегі режим мен әр түрлі деңгейдегі ЕҚТА құру және дамытуды қарастырады. Шаруашылықтық пайдаланудан толық немесе бөлшектеп тартып алынған бұндай аумақтардың биосала негізі секілді биологиялық және ландшафтты сан алуандылықты сақтау үшін ерекше маңызы бар. Бұл ретте осы мақсаттар үшін аса маңыздысы эталонды да, сондай-ақ бірегей табиғи кешендер мен объектілер негізін мемлекеттік табиғи қорықтар мен ұлттық парктер құрайтын нақ осы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың федералды жүйесі ауқымында ұсынылған. Канаданың қорғалатын аумақтар жүйесі 36 ұлттық парктер мен федералды маңызы бар парк резерваты және жалпы алаңы 825 455 шаршы шақырым әртүрлі санаттағы 640 қорғалатын аумақтарды қамтиды, бұл мемлекеттің жалпы алаңының 8,4%-ын құрайды. Канаданың ұлттық парктерін дамытудың жүйелі жоспарының негізіне Канаданың әрбір ландшафтарының айрықша ашық үлгілерін сақтау қағидаты енгізілген. Бұл қағидаттарды жүзеге асыруда физикалық-географиялық және геоботаникалық өлшемдерді пайдалану арқылы аудандастыру өткізілді және 39 "ұлттық парктерді орналастыруға арналған табиғи өңірлер" бөлінді, бұл ұлттық парктер жүйесінде осы аймақтардың әрқайсысы ұсынылуы үшін және әрбір жағдайда мемлекет табиғатының сипатты "кесіндісі" қорғауда болуы үшін қажет. Бүгінгі таңда 39 канадалық табиғи өңірлердің 22-ci кем дегенде бір ұлттық паркке ие. Оған қоса төрт өңірде перспективалы аумақтар бөлінген, ол жерлерде пайдалы қазбаларды табу тоқтатылған және жаңа ұлттық парктердің шекаралары мен режимін жобалау және келісу бойынша жұмыстар аяқталуға жақын. Канаданың ұлттық парктерінің жүйесін дамыту жоспарының бірқатар жетістігі бар: жоспар қорғалатын аумақтарды орналастыруға ғылыми-негіздемелік жақын келуді ұсынады (олардың қауіпті құрылуына қарама-қайшы); жоспар мемлекеттің ұлттық парктер жүйесін аяқталған түрде ұсынуға мүмкіндік береді (жүйенің соңғы параметрлерін айқын анықтау Қаржы департаменті және басқа да мемлекеттік органдарда оның құрылысын аяқтауға қажетті қолдауды алуды жеңілдетеді); жоспар ұлттық парктер жүйесінде мемлекеттің әрбір табиғи аймағын ұсынуға бағытталған даму стратегиясын ұсынады (бұрын ұсынылған өңірлер қайталанбауы үшін) және мамандар тұрақтылығы мен қаржы ресурстарын жоғары нәтижеде пайдалану үшін септігін тигізеді; жоспарды түсіну өте жеңіл, бұл парктерді құру үдерісіндегі қоғамның әртүрлі қабатының саналы қатысуына және мемлекеттік қолдауды алуға септігін тигізеді. Канада жоспарының ерекшеліктерінің бірі оның қарапайымдылығы болып табылады: мемлекеттің қатынасты сан алуан табиғи жағдайына қарамастан, әзірлеушілер аудандастырудың жеңіл сызбасын ұсынды және басты назарды қорғалатын аумақтардың бір санатына ғана аударды. Алайда қандай жағдайда болмасын жоспарлау үдерісін ерте ме, кеш пе мемлекеттің барлық қорғалатын аумақтарына таратуға тура келеді. Ұлттық парктерді дамыту жүйесі бойынша Канаданың тәжірибесі ол жердегі барлық географиялық аймақтардың табиғи кешендердің репрезентативтік өкілеттігін қамтамасыз ететін түрлі санаттар мен түрдегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың барлық жиынтығына таратуды есепке алғанда Қазақстан жағдайы үшін ең қолайлы болып табылады. Канададан ерекшелігі сол, Қазақстандағы қорғалатын аумақтар бүгінгі күнге дейін нақты стратегиясыз, биологиялық сан алуандылық құрылымына қарамастан, министрліктер мен ведомстволар, облыс әкімдері, ғылыми, үкіметтік емес ұйымдар және басқа да жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстары негізінде, табиғи ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелер материалының әзірлеме шаралары бойынша құрылады. Сондықтан бұл Бағдарлама қорғалатын аумақтар жүйесінің даму бағытын анықтауға, табиғи ресурстарды пайдаланудағы кенеттен пайда болған шешімдерден аулақ болуға, олардың алып жатқан аумағы бойынша, сол сияқты табиғи аймақтар мен ландшафтарды иелену спектрі бойынша да репрезентативтілігін қамтамасыз етуге арналған. Қазақстан Республикасының табиғи-қорық қорының қазіргі жай-күйінің талдауы 178 сүтқоректілердің 140-ы (78,6%), қорғалғанын көрсетеді, олардың ішінде 22 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына (1991 жылы шыққан) енгізілген немесе осы кітаптағы жалпы сүтқоректілер тізбесінің 61,1%-ы, құстардың 346 түрі (87,4%), бауырымен жорғалаушылардың 31 түрі (63,2%), балықтың 23 түрі (22,1%), алайда олар Қазақстанның флоралық және фауналық сан алуандылығын сақтау мен табиғи экожүйенің барлық кешенінің тұрақты жағдайын ұстап тұруын қамтамасыз ете алмайды. Алтай, қазақстан, қаратау және қызылқұм арқарлары мекендейтін орындарды сенімді қорғайтын аумақтар қажет. Шөл сүтқоректілері - қарақұйрық, құлан, сабаншы, қарақал, шұбар күзен үшін қорғалатын аумақтар жеткіліксіз екені түсінікті. Тіпті киіктер де сенімді қорғалмаған, осы бағалы тұяқтылардың үйірленетін орындарында көлемі бойынша жеткілікті қорғалатын бірде-бір резерват жоқ. Қорықтық аумақтарда сүтқоректілердің 37 түрі (21,1%), оның ішінде Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген 12 түрі мүлдем кездеспейді. Бұлар Орал өзені аңғарында мекендейтін жұпар тышқан, орман сусары, еуропа қаракүзені, Еділ-Орал құмдарында мекендейтін алып көртышқан және т.б. Осы өңірдегі Батыс Тянь-Шань қызыл кітап эндемигі - көк суыр Ақсу-Жабағылы қорығы аумағында кездеспейді. Республикадағы қорық ұйымдастыру қарқыны өте төмен: соңғы 27 жылда (1978-2005) небәрі 5 - Үстірт, Марқакөл, Батыс-Алтай, Алакөл және Қаратау қорықтары ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілмеген сүтқоректілердің ішінде қорық аумағындағы шөлді аймақтарды мекендейтін көптеген тышқан түрлерінің болмауы көрініс тауып отыр. Қазақстандағы сүтқоректілер класының биологиялық сан алуандылығын сақтау үшін, әртүрлі шөл түрлерінде (құмды, сазды, сортаң топырақты, тасты) олардың әрбірі үшін өз сүтқоректілерін жинақтайтын сенімді қорғалатын резерваттар құру қажет. Батыс өңірге, оның ішінде Орал өзені аңғарына ерекше көңіл бөлген жөн. Соңғы үш жылда ЕҚТА алаңы қазіргі ЕҚТА-ны кеңейту және жаңасын құру есебінен 1507896 га, оның ішінде жылдар бойынша: 2003 жылы 936793 га, 2004 жылы 231137 га, 2005 жылы 339966 га кеңейтілді. 2006 жылы алаңы 161045 га «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркін және алаңы 765278 га Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватын құру жоспарланған. Қазақстан Республикасының географиялық аймағы шегінде қазіргі EҚTA объектілерін бөлудің іс жүзіндегі бейнесі 1-кестеде көрсетілген.
1-кесте
Географиялық аймақтар шегіндегі Қазақстан Республикасының ЕҚТА объектілерi
Республиканың географиялық өңірлері бойынша ЕҚТА-ның бөлінуін талдау елде қорық ісін дамыту дала және шөл аймақтарында ЕҚТА-ға қатысты ірі олқылықтармен жүзеге асырылып келгенін көрсетеді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтары жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) ғаламдық маңызы бар экожүйелер ретінде дала және жартылай шөлейт аймақтарда ЕҚТА жүйесін кеңейтуді көздейді. Қазіргі кезде аса ірі Еуразия құрлығында Қазақстан мен Монғолия ғана өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және қауіп төнген түрлерін қорғау және қалпына келтіру, сондай-ақ тұтастай алғанда экожүйені сақтау үшін перспективалық қаз-қалпындағы дала мен жартылай шөлейт учаскелеріне ие болып отыр. Бұған едәуір дәрежеде «Алтын Дала» ірі мемлекеттік табиғи резерватын құру, Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватын ұйымдастыру, далалық учаскені Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығына қосу, сондай-ақ Орталық Азиядағы ғылыми негізделген экологиялық желілердің базалық ұйытқылары ретінде осы табиғи аймақтардың шегінде басқа да бірқатар ЕҚТА құру жәрдемдесетін болады. Әкімшілік облыстар шегіндегі ЕҚТА объектілері іс жүзінде 2-кестеде ұсынылған.
2-кесте
Әкімшілік облыстар шегінде Қазақстан Республикасының ЕҚТА объектілерi
*- ЕҚТА бірнеше облыс шегінде орналасқан.
Республиканың әкімшілік облыстары шегінде ЕҚТА бөлінуін талдау ЕҚТА-ның көпшілік бөлігі Алматы, Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында орналасқанын көрсетеді. Табиғи қорықтар (жерлері шаруашылық қызметтен толық алынған аумақтар) Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында барынша даму үстінде. Ұлттық парктер (табиғи ресурстары әртүрлі функционалдық мақсатта пайдаланылатын аумақтар) Алматы облысында басым. Таяу уақытқа дейін табиғат ескерткіштерінің ең көп мөлшері бұрынғы Көкшетау облысында орналасқан болатын, ал облыс таратылғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысына берілген болатын. Солтүстік Қазақстан облысының үш ауданын (Еңбекшілдер, Щучье және Зеренді) Ақмола облысының құрамына бергеннен кейін табиғат ескерткіштері негізінен осы облыстарда орналасқан. Қаумалдық режимі бар табиғи қаумалдардың Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында бәрінен көп өкілдігі бар. Бағдарлама өсімдіктердің, жануарлардың биологиялық саналуандылығын, экожүйелердің түр ішіндегі генетикалық сан алуандылығын, биологиялық ресурстардың өздерін қалпына келтіру қабілетін қамтамасыз ететін республикалық маңызы бар ЕҚТА жүйесін кеңейтуді көздейді. Флора мен фаунаның сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген объектілерін қорғау ЕҚТА қызметінің маңызды элементі болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстандағы омыртқалы жануарлардың 126 түріне, омыртқасыздардың 96 түріне және 207 өсімдік түріне ресми құрып кету қаупі төнген.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |