Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын өңдеу және тіркеу
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 298 Бұйрығымен күші жойылды
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 8-бабының 6) тармақшасына және 25-бабын жүзеге асыру мақсатында бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын өңдеу және тіркеу (қайта тіркеу) ережесі бекітілсін. 2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2007 жылғы 30 наурыздағы № 136 бұйрығымен бекітілген
Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзірлеу және тіркеу (қайта тіркеу) ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзірлеу және тіркеу (қайта тіркеу) ережесі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес әзірленді және республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың (бұдан әрі - ЕҚТА) паспорттарын әзірлеу және тіркеу (қайта тіркеу) тәртібін регламенттейді. 2. ЕҚТА паспорты мемлекеттік тілде және орыс тілінде үш данада жасалады. Тіркелген ЕҚТА паспорттың әрбір данасы түпнұсқа болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|