«Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесін қуру туралы» (2006.17.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 ж. 20 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылға 13 сәуірдегі Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған: 1) Үйлестіру кеңесі туралы ереже; 2) Үйлестіру кеңесінің құрамы бекітілсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1266 қаулысымен бекітілген
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесі туралы ереже
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) қызметінің міндеттерін, функцияларын, құқықтық және ұйымдық негіздерін айқындайды.
1. Үйлестіру кеңесі мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу, мүгедектерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету, олардың тыныс-тіршілігі мен қоғамға етене араласуы үшін тең мүмкіндіктер жасау мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында құрылды. 2. Үйлестіру кеңесі Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 3. Үйлестіру кеңесінің құрамына Үйлестіру кеңесіне жүктелген міндеттерді заңнамаға сәйкес шешу құзыретіне енетін министрліктердің, ведомстволар мен ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ мүгедектердің қоғамдық ұйымдарының өкілдері олармен келісім бойынша енгізіледі. 4. Үйлестіру кеңесі өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
2. Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеттері мен функциялары
5. Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеті: Мүгедектерді оңалту бағдарламасында (бұдан әрі - Бағдарлама) көзделген іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету; мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру; орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша халықаралық және өзге де ұйымдармен, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау болып табылады. 6. Үйлестіру кеңесінің негізгі функциялары: Бағдарлама іс-шараларының орындалуы жөніндегі істің жай-күйін талдау; мыналарды: мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерді; мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдардың мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы қызметін; мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің өзара іс-қимылын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
3. Үйлестіру кеңесінің құқықтары
7. Өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және функцияларды жүзеге асыру мақсатында Үйлестіру кеңесінің: орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға; орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдардан Үйлестіру кеңесінің міндеттерін іске асыру үшін қажетті ақпаратты заңнамада белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға; мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша Үйлестіру кеңесінің отырыстарына шақыруға және тыңдауға; Үйлестіру кеңесінің құзыретіне енетін мәселелер бойынша ұсынымдар әзірлеуге және ұсыныстар енгізуге; Бағдарламада көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуы жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізуге; мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы іс-шараларды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауға байланысты өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқығы бар.
4. Үйлестіру кеңесінің қызметін ұйымдастыру
ҚР Үкіметінің 2006.07.07. № 644 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 8. Үйлестіру кеңесін төраға басқарады. Төраға Үйлестіру кеңесінің қызметіне басшылық жасайды, оның отырыстарында төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, шешімдердің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және Үйлестіру кеңесі жүзеге асыратын қызмет, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестіру үшін және Үйлестіру кеңесі әзірлейтін шешімдер үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес дербес жауап береді. Төраға болмаған кезде оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды. 9. Жұмысты ұйымдастыруды, тиісті материалдарды, Үйлестіру кеңесінің ұсынымдарын дайындауды Үйлестіру кеңесінің хатшысы жүзеге асырады. Үйлестіру кеңесі өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асырады. 10. Үйлестіру кеңесінің отырыстарын төраға немесе оның тапсырмасы бойынша - төрағаның орынбасары қажеттілігіне қарай, бірақ жарты жылда кемінде бір рет шақырады. Үйлестіру кеңесінің мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, Үйлестіру кеңесінің отырысы заңды деп есептеледі. 11. Үйлестіру кеңесінің шешімдері ашық дауыспен қабылданады және егер оған Үйлестіру кеңесінің мүшелері жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. ҚР Үкіметінің 2006.07.07. № 644 қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 12. Үйлестіру кеңесінің отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша міндетті түрде оның барлық мүшелері қол қоятын хаттама жасалады. Үйлестіру кеңесінің шешімдері ұсынымдық сипатта болады. 13. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Үйлестіру кеңесінің жұмыс органы болып табылады.
Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1266 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2006.07.07. № 644 (бұр.ред.қара); 2006.17.11. № 1088 (бұр.ред.қара) қаулыларымен құрам өзгертілді
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің құрамы
Әбдіхалықова Гүлшара Наушақызы - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, төрайымның орынбасары
Байсеркин - Қазақстан Республикасы Денсаулық Бауыржан Сәтжанұлы сақтау министрлігі Емдеу-алдын алу жұмысы департаментінің директоры
Рамазанова - Қазақстан Республикасы Еңбек және Динара Қайырбекқызы халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік нормативтер және мүгедектерді оңалту департаменті мүгедектерді оңалту және әлеуметтік қызметтерді дамыту бөлімінің бастығы, хатшы;
Қарақұсова - Қазақстан Республикасының Еңбек және Гүлжан Жанпейісқызы халықты әлеуметтік қорғау министрі, төрайым
Манабаева - Қазақстан Республикасы Еңбек және Қайни Алдабергенқызы халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік нормативтер және мүгедектерді оңалту департаментінің директоры
Дүйсенова - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Тамара Босымбекқызы
Бекбатыров - "Қазақ саңыраулар қоғамы" қоғамдық Жангелді Рахманұлы бірлестігі Ақмола филиалының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Бойко - "Қостанай қалалық мүгедектердің ерікті Сергей Алексеевич қоғамы" қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Жолмағамбетов - "Қазақ зағиптар қоғамының Ақтөбе Сапарғали Шабайұлы оқу-өндірістік кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша)
Ивкин - "Қарағанды облыстық мүгедектердің Александр Михайлович ерікті қоғамы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)
Иманәлиев Қайрат - "Намыс" қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)
Қалтаева - "Шырақ" мүгедек әйелдер қауымдастығы" Ләззат Молдабекқызы қоғамдық бірлестігінің төрайымы (келісім бойынша)
Сисекенова - "Алпамыс" қоғамдық бірлестігінің бас Райхан Маратқызы директоры (келісім бойынша)
Четвериков - "Павлодар қалалық мүгедектердің ерікті Георгий Михайлович қоғамы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша) Әбдімомынов - Қазақстан Республикасының Білім Азамат Құрманбекұлы және ғылым вице-министрi
Құсайынов - Қазақстан Республикасының Экономика Марат Әпсеметұлы және бюджеттік жоспарлау вице-министрi
Қажыкен - Қазақстан Республикасы Индустрия Мейрам Зекешұлы және сауда министрлігі Өнеркәсіп және ғылыми-техникалық дамыту комитетінің төрағасы
Кәкен - Қазақстан Республикасы Көлік және Қарлығаш Ғазизқызы коммуникациялар министрлігі Әкімшілік департаментінің директоры
Әубәкіров - «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық Байболат Абайұлы бірлестігі орталық басқармасының төрағасы
Исай - «Қазақ саңыраулар қоғамы» қоғамдық Тезекбай Ділдәбекұлы бірлестігінің президенті
|