|
|
|
Қазақстан Республикасының
1-бап. «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., №15, 87-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) ақпарат — кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесінің қатысушылары беретін, қажет болған жағдайда электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылатын, электрондық және қағаз жеткізгіштердегі кредиттік тарих субъектілеріне қатысты мәліметтер; 2) ақпарат беру туралы шарт — осы Заңда көзделген талаптарда және тәртіппен кредиттік бюро мен ақпарат беруші арасында жасалатын шарт; 3) ақпарат беруші — кредиттік бюроға ақпарат беруші жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға; 4) ақпарат берушінің кредиттік тарихтың деректер базасын жасауға және қорғауға қатысу жөніндегі қызметі — ақпарат берушінің осы Заңның талаптарына сәйкес кредиттік тарих субъектілерінен алынған мәліметтерді ресімдеу (өңдеу), сақтау және кредиттік бюроларға беру жөніндегі іс-әрекеттері; 5) жазбаша ұйғарым - анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімде жоюға бағытталған, орындалуы міндетті түзету шараларын қабылдау туралы кредиттік бюроға нұсқама; 6) кредиттік бюро — кредиттік тарихты қалыптастыруды, кредиттік есептер беруді және өзге де қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын коммерциялық ұйым; 7) кредиттік есеп — кредиттік тарихта қамтылған ақпаратты толық немесе ішінара беру нысаны; 8) кредиттік есептерді алу туралы шарт - осы Заңмен көзделген талаптарда және тәртіппен кредиттік бюро мен кредиттік есептерді алушы арасында жасалатын шарт; 9) кредиттік есепті алушы — кредиттік есепті алуға құқығы бар тұлға; 10) кредиттік есепті беру — кредиттік бюроның кредиттік тарихта қамтылған ақпаратты беру жөніндегі қызметі; 11) кредиттік тарих — кредиттік тарих субъектісі туралы ақпарат жиынтығы; 12) кредиттік тарих субъектісі — өздеріне қатысты кредиттік тарих қалыптастырылатын жеке немесе заңды тұлға; 13) кредиттік тарих субъектісінің келісімі — кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беруге не өзі туралы кредиттік есепті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес ресімделетін басқа тұлғаларға беруге жазбаша рұқсаты; 14) кредиттік тарихты қалыптастыру — кредиттік бюро осы Заңға сәйкес ақпарат берушілерден алған ақпаратқа қатысты жүзеге асыратын, оны сақтау, құпиялылығын қамтамасыз ету, мониторинг жасау, нақтылау және жаңарту жөніндегі іс-әрекет немесе іс-әрекеттер жиынтығы; 15) кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесінің қатысушылары — кредиттік тарих субъектілері, ақпарат берушілер, кредиттік бюролар, кредиттік есептерді алушылар; 16) кредиттік тарихтың деректер базасы — Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін ақпараттық жүйелерге және ақпараттық процестерге негізделген кредиттік бюроның ақпараттық ресурстары; 17) уәкілетті орган — қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 18) шартты және ықтимал міндеттемелер — өтелмеген аккредитивтер, шығарылған немесе расталған кепілдіктер, вексельдер және кепілдемелер.»; 2) 3-бап мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын: «7) кредиттік тарихтың деректер базасын қалыптастырудың дұрыстығы мен өзектілігі.»; 2-тармақта: 4) тармақшадағы «кредиттік бюроларға» деген сөздерден кейін «, банктерге, банктік қарыз операцияларын жүргізуге лицензиясы бар заңды тұлғаларға (бұдан әрі - банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар)» деген сөздермен толықтырылсын; 5) тармақшадағы «(және олардың лауазымды адамдарына)» деген сөздер «және олардың лауазымды адамдарына» деген сөздермен ауыстырылсын; «1-тармақта: 1) тармақшадағы «1) және 2)» деген сөздер «1), 2) және 3)» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) тармақшадағы «туралы нормативтік құқықтық актілер қабылдайды.» деген сөздер «туралы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын: «5) кредиттік бюроның уәкілетті органға ақпараттар мен мәліметтерді ұсыну тәртіптері, мерзімдері және көлемдері туралы нормативтік құқықтық актілер қабылдайды.»; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Уәкілетті орган ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік уәкілетті органмен келісе отырып, кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесіне қатысушылардың қызметіндегі ақпараттық процесті ұйымдастыру, қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру, олардың электрондық жабдықтарына, кредиттік тарих деректері базасының және үй-жайының сақталуына ең төменгі талаптарды белгілеу, сондай-ақ кредиттік бюролардың тізіп көрсетілген талаптарды орындауына бақылау жүргізу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер қабылдайды.»; тақырыптағы «және олардың құрылтайшылары» деген сөздер алып тасталсын; 2-тармақ алып тасталсын; 6) 7-баптың 2-тармағы 5) тармақшадағы «зерттеулер жатады.» деген сөздер «зерттеулер;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын: «6) кредиттік бюроның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарымен жасалған шарттарына сәйкес сақтандыру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру мен жүргізу және оларға шарттар талаптарында ақпарат ұсыну жатады.»; 1-тармақтағы «анықталған бұзушылықтарды жою туралы жазбаша ұйғарым» деген сөздер «, банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға анықталған бұзушылықтарды жою туралы жазбаша ұйғарымдар» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталып, 2) тармақшадағы «тоқтата тұру;» деген сөздер «тоқтата тұру шараларын қолдануға құқылы.» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) тармақша «бірнеше рет» деген сөздерден кейін «(екі және одан көп)» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Соттың кредиттік бюроны лицензиядан айыру туралы шешімді қабылдауы кредиттік бюроны таратуға әкеп соғады.»; 9) 14-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Кредиттік бюро кредиттік тарих субъектісіне қатысты ол туралы соңғы ақпаратты алған күннен кейін он жыл бойы ақпараттың сақталуын қамтамасыз етеді.»; екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Кредиттік бюроны қайта ұйымдастыру кезінде осы кредиттік бюроның кредиттік тарихының деректер базасы қосылу, бірігу, бөлініп шығу немесе қайта құрылу нәтижесінде құрылған құқық мирасқорына не тараптардың келісімі бойынша басқа кредиттік бюроға берілуге тиіс. Кредиттік бюроны бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде осы кредиттік бюроның кредиттік тарихының деректер базасы кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы болған құқық мирасқорына немесе тараптардың келісімі бойынша басқа кредиттік бюроға берілуге тиіс.»; мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын: «Кредиттік бюроны тарату кезінде осы кредиттік бюроның кредиттік тарихының деректер базасы басқа кредиттік бюроға өтемді негізде берілуге тиіс. Кредиттік бюроның кредиттік тарихының деректер базасында қамтылған ақпараттың құпиялылығын сақтауға жауаптылықты қайта ұйымдастыру кезінде - кредиттік бюро мен оның құқық мирасқоры, тарату кезінде - сот немесе оның мүлкінің меншік иесі тағайындаған тарату комиссиясы атқарады. Қайта ұйымдастырылатын немесе таратылатын кредиттік бюроның кредиттік тарихының деректер базасын иеленуге құқық мирасқорының немесе басқа кредиттік бюроның мүдделілігі болмаған жағдайда, ол жойылуға тиіс. Иеленуге ешкім мүдделілік танытпаған қайта ұйымдастырылатын немесе таратылатын кредиттік бюроның деректер базасын жою бойынша міндет қайта ұйымдастырылған кредиттік бюроның құқық мирасқорына немесе тарату комиссиясына жүктеледі. Қайта ұйымдастырылатын немесе таратылатын кредиттік бюроның деректер базасын жою үшін уәкілетті органның және ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік уәкілетті орган өкілдерінің қатысуымен арнаулы комисия құрылады.»; 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) ақпарат берушілермен ақпарат беру туралы және (немесе) кредиттік есептерді алушылармен кредиттік есептерді алу туралы шарттар жасасуға;»; мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: «3-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кредиттік бюродан ақпаратты алуға құқығы бар тұлғаларға кредиттік тарихта қамтылған ақпаратты жария етпестен, кредиттік тарих субъектісінің келісімінсіз кредиттік бюроның деректер базасында субъектінің кредиттік тарихы бар немесе жоқ екендігі туралы ақпаратты ұсынуға;»; 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «4) егер алушыға берілген кредиттік есепте, кредиттік бюро қызметкерлерінің іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі салдарынан, ақпарат берушілер кредиттік бюроға берген ақпаратқа сәйкес келмейтін ақпарат қамтылған жағдайда, кредиттік есепті алушы мен кредиттік тарих субъектісіне аталған сәйкессіздіктер анықталған сәттен бастап бес күн ішінде түзетілген кредиттік есепті беруге міндетті. Ақпарат берушінің кредиттік бюро берген кредиттік есептің сәйкес келмеу фактісін растауы қажет болған жағдайда, кредиттік есепті алушы мен кредиттік тарих субъектісіне түзетілген кредиттік есепті ұсыну мерзімін есептеу кредиттік бюро берушіден тиісті ақпаратты алған сәттен бастап жүзеге асырылады;»; 10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «10) барлық ақпарат берушілер мен қызметінің негізгі түрі бойынша топты құрайтын кредиттік есептерді алушылардың теңдігін қамтамасыз етуге;»; 11) тармақшада: «шартта» деген сөз «шарттарда» деген сөзбен ауыстырылсын; «ақпарат беру» деген сөздер «ақпарат беру туралы» деген сөздермен ауыстырылсын; 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;»; 4) тармақшадағы «және (немесе) кредиттік есептерді алу» деген сөздер алып тасталсын; 1-тармақтың 2) тармақшасында: «шартқа» деген сөз «шарттарға» деген сөзбен ауыстырылсын; «ақпарат беру» деген сөздер «ақпарат беру туралы» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақта: 2) тармақшадағы «және (немесе) кредиттік есептерді алу» деген сөздер алып тасталсын; 3) тармақшада: «шарттарда» деген сөз «шартта» деген сөзбен ауыстырылсын; «және (немесе) кредиттік есептерді алу» деген сөздер алып тасталсын; 7) тармақшадағы «қамтамасыз етуге міндетті.» деген сөздер «қамтамасыз етуге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын: «8) ақпарат беру туралы шартта белгіленген тәртіпте және мерзімде кредиттік тарих субъектісіне қатысты деректердің кез келген өзгерістері туралы кредиттік бюроға хабарлауға міндетті.»; 3-тармақтың 2) тармақшасында: «ақылы негізде» деген сөздер «тегін» деген сөзбен ауыстырылсын; «егер шартта өзгеше көзделмесе,» деген сөздер алып тасталсын; 15) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын: «20-бап. Кредиттік есептерді алушылар 1. Мыналар: 1) банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар; 2) жүйелендірілген белгілерін Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын тауарларды және көрсетілетін қызметтерді кредитке өткізетін не төлемдердің мерзімін ұзартатын жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға; 3) ақпаратты ұсыну шарттары негізінде өзге де тұлғалар; 4) кредиттік тарих субъектісі кредиттік есептерді алушылар болып табылады. Осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген кредиттік есепті алушылар тек өздері туралы кредиттік есеп алуға құқылы. Кредиттік есептерді осы тармақта көрсетілмеген тұлғаларға беруге жол берілмейді. 2. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар кредиттік есептерді алу туралы шарт жасасқаннан кейін кредиттік есептерді алушылар ретінде кредиттік бюрода тіркелуге тиіс.»; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Кредиттік тарих субъектісі, осы Заңның 17-бабының 4) тармақшасында көзделген, субъектіге түзетілген кредиттік есеп берілетін жағдайды қоспағанда, өзі туралы кредиттік есепті күнтізбелік жыл ішінде бір рет тегін алуға құқылы.»; 3-тармақтағы «1) және 2) тармақшаларында» деген сөздер «1), 2) және 3) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын; 17) 23 баптың 3-тармағындағы «кредиттік бюромен» деген сөздер «кредиттік бюролармен» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақтың екінші бөлігіндегі «кредит деп» деген сөздерден кейін «банктік» деген сөзбен толықтырылсын; 3-тармақта: «немесе жеке кәсіпкер» деген сөздер алып тасталсын; «тұрғылықты жері,» деген сөздерден кейін «заңдық мекен-жайы,» деген сөздермен толықтырылсын; 4-тармақта мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді; 5-тармақта: 1) тармақшадағы «тұрғылықты жері,» деген сөздерден кейін «заңдық мекен-жайы,» деген сөздермен толықтырылсын; 2) тармақшадағы мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді; 6-тармақтағы «және (немесе) кредиттік есепті алу» деген сөздер алып тасталсын; 19) 26-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: «4. Уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу жөніндегі келісім болған кезде, кредиттік бюро шет мемлекеттердің кредиттік бюроларына субъектінің кредиттік тарихы бар немесе жоқ екендігі туралы ақпарат беруге және олардан ақпарат алуға құқылы.»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер ақпарат беру жөніндегі өз міндеттемелерін орындау мақсатында кредиттік бюроның қызметін жүзеге асыру құқығына уәкілетті орган лицензия берген және (немесе), егер ақпарат берушінің қызметін лицензиялау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген болса, ол лицензияны алған күннен бастап күнтізбелік 180 күн ішінде барлық кредиттік бюролармен ақпарат беру туралы шарттар жасасуға міндетті.»; 2-тармақта: бірінші бөлігіндегі «және (немесе) кредиттік есептерді алу» деген сөздер алып тасталсын; 1) тармақшадағы «тұрғылықты жері немесе орналасқан жері» деген сөздер «тұрғылықты жері, заңдық мекен-жайы немесе орналасқан жері» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) тармақшадағы «және (немесе) кредиттік тарих субъектісінің кредиттік есепті алушыға өзі туралы кредиттік есепті беруге келісімін алу» деген сөздер алып тасталсын; 7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «7) ақпарат берушінің кредиттік бюроға жіберілетін барлық ақпаратқа қатысты құпиялылық режимін сақтауы туралы міндеттемесі;»; 8) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын: «3. Кредиттік есептерді алу туралы шартта мынадай талаптар: 1) жеке тұлғаның деректері немесе тараптардың толық атауы, олардың тұрғылықты жері, заңдық мекен-жайы немесе орналасқан жері, банк деректемелері туралы ақпарат; 2) шарттың қолданылу мерзімі, оны өзгерту, тоқтату және біржақты тәртіппен бұзу негіздері мен тәртібі, сондай-ақ шарт бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін айыппұлдардың мөлшері; 3) кредиттік тарих субъектісінің кредиттік есепті алушыға өзі туралы кредиттік есепті беруге келісімін міндетті түрде алу; 4) кредиттік есептерде қамтылған ақпараттың көлемі және кредиттік есептерді алу тәртібі; 5) кредиттік есептерді алушының кредиттік есептерде қамтылған ақпаратты таратпау туралы міндеттемесі; 6) кредиттік есепті алушының берілетін ақпаратты тек осы Заңмен көзделген мақсаттарға сәйкес пайдалануы туралы міндеттемесі; 7) тараптардың жауапкершілігі қамтылуға тиіс. 4. Уәкілетті органның кредиттік тарихты қалыптастыру жүйесі қатысушыларының қызметін қамтамасыз етуге қоятын талаптарына ақпарат берушінің сәйкес келуін растайтын құжаттың болуы ақпарат беру туралы шартты жасасудың міндетті талабы болып табылады.»; 21) 28-баптың бірінші бөлігінде «1) және 2) тармақшаларында» деген сөздер «1), 2) және 3) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын; 22) 29-бап мынадай мазмұндағы 3-1 тармақпен толықтырылсын: «3.1. Кредиттік тарих субъектілерінің өздері жөніндегі кредиттік есепті қағаз жеткізгіште беру туралы келісімін кредиттік есептерді алушылар кредиттік тарих субъектісінің келісімін алған күннен бастап кемінде он жыл сақтауға тиіс.»; 23) 30-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Кредиттік бюро ақпарат берушілердің кредиттік бюроға ақпарат бергендері үшін ақы алмайды.»; 1-тармақта: ресми тілдегі мәтінге түзету енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді; «тұрғылықты жері» деген сөздерден кейін «, заңдық мекен-жайы» деген сөздермен толықтырылсын; 3-тармақта: «кредиттік бюроға дұрыс ақпаратты беруге міндетті» деген сөздер «жіберілген бұрмалауды анықтаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бұрмалауды анықтаған күнге ақпарат берушіде бар ақпаратты кредиттік бюроға беруге міндетті» деген сөздермен ауыстырылсын; «шыққан шығындарды өтей отырып,» деген сөздер алып тасталсын. 2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2007 жылғы шілденің 27-сі.
№ 317-ІІІ ҚРЗ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |