|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы (2024.01.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы: 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңын қараңыз (2024 ж. 21 желтоқсаннан, 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 3-бап. Кредиттік тарихты қалыптастыру және ақпаратты пайдалану принциптері 3-тарау. Кредиттік бюроларды құру, олардың қызметін жүзеге асыру және тоқтату 6-бап. Кредиттiк бюролар және олардың құрылтайшылары 7-бап. Кредиттік бюролар жүзеге асыратын қызмет түрлерi 8-1-бап. Кредиттік бюроны құру тәртібі 9-бап. Рұқсат алу үшін қажетті құжаттар және оларды қарау мерзімдері 10-бaп. Рұқсат беруден бас тарту 11-бап. Жазбаша ұйғарым және санкциялар 12-бап. Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру 14-бап. Кредиттiк бюроның құжаттары мен ақпаратын сақтау 15-бап. Кредиттік бюроларды қайта ұйымдастыру және тарату 16-бап. Кредиттiк бюроның құқықтары 17-бап. Кредиттiк бюроның міндеттері 19-бап. Ақпарат берушінің құқықтары мен міндеттері 20-бап. Кредиттік есептi алушы 21-бап. Кредиттік есептi алушының құқықтары мен міндеттері 22-бап. Кредиттiк тарих субъектiсiнің құқықтары 5-тарау. Кредиттік бюроларға ақпарат беру 23-бап. Кредиттік бюроларға ақпарат берудiң жалпы шарттары 24-бап. Кредиттік бюроларға берiлетін ақпарат 25-бап. Кредиттік тарих субъектісінің ақпарат беруге және кредиттік есепті беруге келісімін ресімдеу 26-бап. Ақпаратты және кредиттiк есептердi пайдалану негiздемелерi мен мақсаттары 6-тарау. Кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жөніндегі қатынастар 27-бап. Ақпарат берушiлермен және кредиттік есептерді алушылармен жасалатын шарттар 28-бап. Кредиттiк есептi алушы ретiнде кредиттiк бюрода тiркеу 30-бап. Ақпаратты және кредиттiк есептердi беру жөнiндегі көрсетiлетiн қызметтерге ақы төлеу 30-1-бап. Кредиттік бюроға банк кепілдіктері мен кепілгерліктері жөнінде ақпарат беру 30-2-бап. Банк кепілдігі мен кепілгерлігі туралы кредиттік есепті қалыптастыру 30-3-бап. Банк кепілдігі мен кепілгерлігі туралы кредиттік есепті беру тәртібі 31-бап. Дауларды шешу ерекшелiктерi
Осы Заң Қазақстан Республикасында кредиттiк тарихты қалыптастырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негiздерін, кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесiне қатысушылардың құқықтық жағдайын айқындайды, кредиттiк бюроларды құруға, олардың қызметін жүзеге асыруға және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды, осы саладағы мемлекеттік реттеу, бақылау мен қадағалау ерекшелiктерiн реттейдi.
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2) ақпарат беру туралы шарт— осы Заңда көзделген талаптарда және тәртіппен кредиттік бюро мен ақпарат беруші арасында жасалатын шарт; 3) ақпарат беруші — кредиттік бюроға ақпарат беруші жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға; 4) ақпарат берушінің кредиттік тарихтың деректер базасын жасауға және қорғауға қатысу жөніндегі қызметі— ақпарат берушінің осы Заңның талаптарына сәйкес кредиттік тарих субъектілерінен алынған мәліметтерді ресімдеу (өңдеу), сақтау және кредиттік бюроларға беру жөніндегі іс-әрекеттері; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді 5) жазбаша нұсқама - уәкілетті органның кредиттік бюроға, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымға, коллекторлық агенттікке қолданатын ықпал ету шарасы; 6) кредиттік бюро — кредиттік тарихты қалыптастыруды, кредиттік есептер беруді және өзге де қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйым; 7) кредиттік есеп — кредиттік тарихта қамтылған ақпаратты толық немесе ішінара беру нысаны; 8) кредиттік есептерді алу туралы шарт - осы Заңмен көзделген талаптарда және тәртіппен кредиттік бюро мен кредиттік есептерді алушы арасында жасалатын шарт; 9) кредиттік есепті алушы — кредиттік есепті алуға құқығы бар тұлға; 10) кредиттік есепті беру — кредиттік бюроның кредиттік тарихта қамтылған ақпаратты беру жөніндегі қызметі; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды 10-1) кредиттік скоринг - сапа мен сан сипаттамаларына негізделген математикалық және (немесе) статистикалық модельдің көмегімен есептелетін, кредиттік тарих субъектісінің кредит өтеу қабілетін және қарыз шарттары бойынша міндеттемелерін орындау ықтималдығын, күтілетін кредиттік шығасыларды бағалау; 11) кредиттік тарих — кредиттік тарих субъектісі туралы ақпарат жиынтығы; 12) кредиттік тарих субъектісі — өздеріне қатысты кредиттік тарих қалыптастырылатын жеке немесе заңды тұлға; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13) тармақша жаңа редакцияда 13) кредиттік тарих субъектісінің келісімі - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сəйкес ресімделетін, кредиттік тарих субъектісінің осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) жəне 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерге өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге арналған рұқсаты не кредиттік тарих субъектісінің кредиттік бюродан өзі туралы кредиттік есепті басқа тұлғаларға беруге арналған рұқсаты; 2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13-1) тармақша жаңа редакцияда 13-1) кредиттік тарих субъектісі туралы ақпарат (бұдан әрі - ақпарат) - кредиттік тарихты қалыптастыру және оларды пайдалану жүйесіне қатысушылар беретін, қажет болған кезде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылатын, кредиттік тарих субъектілеріне қатысты электрондық нысандағы және қағаз жеткізгіштегі мәліметтер; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 13-2) тармақшамен толықтырылды; 2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 13-2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13-2) кредиттік тарих субъектісі туралы теріс ақпарат - заңды тұлға болып табылатын кредиттік тарих субъектісінің сот шешімімен таратылуы туралы немесе кредиттік тарих субъектісінің күнтізбелік тоқсан күннен асатын мерзімі өтіп кеткен берешегінің болуы туралы немесе кредиттік тарих субъектісінің «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банкрот деп танылғаны туралы мәліметтерді қамтитын, кредиттік тарих субъектісі туралы кредиттік есептің қысқаша нысаны; 14) кредиттік тарихты қалыптастыру— кредиттік бюро осы Заңға сәйкес ақпарат берушілерден алған ақпаратқа қатысты жүзеге асыратын, оны сақтау, құпиялылығын қамтамасыз ету, мониторинг жасау, нақтылау және жаңарту жөніндегі іс-әрекет немесе іс-әрекеттер жиынтығы; 15) кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесінің қатысушылары — кредиттік тарих субъектілері, ақпарат берушілер, кредиттік бюролар, кредиттік есептерді алушылар; 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 16) кредиттік тарихтың деректер базасы — Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін ақпараттық жүйелерге және ақпараттық процестерге негізделген кредиттік бюроның электрондық ақпараттық ресурстары; 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен бап 16-1) тармақшамен толықтырылды; 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16-1) тармақша жаңа редакцияда 16-1) нақты уақыт режимі - əрекет дереу немесе бір сағаттан аспайтын мерзімде жүзеге асырылуға тиіс уақыт кезеңі; 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 16-2) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) 16-2) өтініш беруші - кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат жəне кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау жəне олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға жəне үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сəйкестігі туралы актіні (бұдан əрі - рұқсат) алу мақсатында уəкілетті органға құжаттар ұсынған заңды тұлға; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 17) уәкілетті орган - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 18) шартты және ықтимал міндеттемелер — өтелмеген аккредитивтер, шығарылған немесе расталған кепілдіктер, вексельдер және кепілдемелер.
2-бап. Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңдары 1. Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Осы Заң кредиттiк тарихты қалыптастыру және кредиттік есептер беру, кредиттiк бюроларды құру, олардың жұмыс iстеуi және қызметiн тоқтатуы, ақпарат берушiлердiң кредиттiк тарихтың деректер базасын құру мен қорғауға қатысу жөніндегі қызметін жүзеге асыру кезiнде туындайтын қатынастарға қолданылады. Қазақстан Республикасының өзге де заң актілері қолданылатын салаға жататын қатынастар осы Заңда реттелмеген қатынастар бөлігінде сол актілермен реттеледi. 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-1. Кредиттік бюроларға және «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілген ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын кредиттік бюроларға және өзге заңды тұлғаларға осы Заңның және уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы Заңға сәйкес қабылданатын нормативтік құқықтық актілерінің нормалары ерекше реттеу режимінің шарттарында көзделген шектерде қолданылады. 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап және қолданысқа енгізілді) 2-2. Осы Заңның банктерге қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына қолданылады. 3. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзге ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 3-бап. Кредиттік тарихты қалыптастыру және ақпаратты пайдалану принциптері Кредиттiк тарихты қалыптастыру және ақпаратты пайдалану мына принциптер ескерiле отырып жүзеге асырылады: 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда 1) осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттік тарих субъектісінің осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) жəне 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерге өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келісімінің не кредиттік тарих субъектісінің кредиттік бюродан өзі туралы кредиттік есепті басқа тұлғаларға беруге келісімінің болуы; 2) барлық кредиттiк тарих субъектілерiнiң теңдігі; 3) ақпаратты, кредиттiк тарихтың деректер базасын және ақпараттық жүйенi мақсатты пайдалану; 4) ақпараттың құпиялылығы; 5) кредиттiк тарихтың деректер базасын және тиiстi ақпараттық жүйелердi қорғауды қамтамасыз ету; 6) азаматтардың жеке өмiрiне қол сұғылмауы, азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғау. 2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды 7) кредиттік тарихтың деректер базасын қалыптастырудың дұрыстығы мен өзектілігі.
2-тарау. Кредиттік бюролардың қызметі және кредиттік тарихты қалыптастыру саласындағы мемлекеттік реттеу, бақылау мен қадағалау
4-бап. Кредиттік бюролардың қызметін реттеуді, бақылауды және қадағалауды, ақпарат берушiлер мен кредиттік есептерді алушылардың қызметін бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 1. Кредиттік бюролардың қызметін және кредиттік тарихты қалыптастыруды мемлекеттік реттеу мен қадағалауды уәкілетті орган жүзеге асырады. Осы мақсатта уәкілетті орган жеке және заңды тұлғалардан, оның ішінде кредиттік бюролардан өзінің қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты алуға құқылы, бұл ретте, осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, алынған мәліметтер жариялауға жатпайды. Уәкілетті орган кредиттік тарихтың дерекқорындағы ақпараттың толық болуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет қатысатын кредиттік бюроға ақпарат ұсынуға құқылы. Уәкілетті органның қызметкерлері өздерінің қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында алған қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді жариялағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. 2. Уәкiлеттi органның құзыретiне: 1) осы Заңға сәйкес кредиттiк бюролардың қызметi мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер қабылдау; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) осы Заңда көзделген жағдайды қоспағанда, рұқсаттар беру; 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 3) Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңдарының сақталу мәселелерi бойынша кредиттік бюролар қызметiне тексерулер жүргiзу; 2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 4) тармақша өзгертілді 4) Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңдарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы кредиттiк бюроларғ, банктерге, банктік қарыз операцияларын жүргізуге лицензиясы бар заңды тұлғаларға (бұдан әрі - банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар), сондай-ақ белгіленген мерзімдерде ақпарат берілмеген жағдайда жазбаша ұйғарымдар жiберу; 2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 5) кредиттiк бюроларға және олардың лауазымды адамдарына санкциялар қолдану; 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді 6) кредиттiк бюролардың қызметiне, соның iшiнде кредиттiк тарихты қалыптастыруға байланысты мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау; 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады. 3. 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілді 5-бап. Уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерді қабылдау жөніндегі өкiлеттiктерi Уәкiлеттi орган кредиттік бюролардың қызметi, кредиттік тарихтарды қалыптастыру және оларды пайдалану мәселелерi бойынша мынадай: 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) ақпарат берушілердің кредиттік бюроларға ақпарат беру тəртібінің шарттары мен ең төмен талаптары туралы (осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2), 3) жəне 3-1) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер үшін); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) 1-1) ақпарат берушілер кредиттік бюроларға беретін мəліметтердің тізбесі туралы (осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) жəне 1-1) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер үшін); 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда 2) кредиттік тарих субъектілерінің осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) жəне 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерге өздері туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келісімін ресімдеу, кредиттік бюродан өзі туралы кредиттік есепті басқа тұлғаларға беруге келісімді ресімдеу тəртібі туралы; 3) кредиттiк есептi берудiң шарттары мен тәртiбi туралы; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды 3-1) кредиттік бюроның кредиттік скорингті есептеу шарттары мен тәртібі туралы; 4) осы Заңда көзделген жағдайды қоспағанда, рұқсат беру шарттары мен тәртiбi туралы; 5) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда 6) кредиттік бюролардың, осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) жəне 1-1) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілердің жəне осы Заңның 20-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген кредиттік есептерді алушылардың қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға жəне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар туралы, сондай-ақ кредиттік бюролардың осы Заңның 27-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына жəне 3-тармағының 9) тармақшасына сəйкес ақпаратты өзге берушілерге жəне кредиттік есептерді алушыларға қойылатын талаптар туралы нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды. Есептіліктің тізбесі, нысандары, кредиттік бюроның оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну мерзімдері мен тәртібі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
3-тарау. Кредиттік бюроларды құру, олардың қызметін жүзеге асыру және тоқтату
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 6-бап. Кредиттiк бюролар 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда, кредиттік бюролар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылатын және жұмыс істейтін коммерциялық ұйымдар болып табылады. Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі жалғыз мамандандырылған коммерциялық емес ұйым мемлекет қатысатын кредиттік бюро болып табылады. 2. 2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Рұқсатты уәкілетті орган осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен береді. Мемлекет қатысатын кредиттік бюроның қызметі уәкілетті органның рұқсат беру рәсіміне жатпайды. 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен бап 4-тармақпен толықтырылды 4. Кредиттік бюроның атауында «кредиттік бюро» деген сөздер немесе солардан туындайтын сөздер болуға тиіс.
7-бап. Кредиттік бюролар жүзеге асыратын қызмет түрлерi 1. Кредиттiк бюролар қызметiнiң негiзгi түрлері кредиттік тарихты қалыптастыру және кредиттік есептер беру болып табылады. 2. Кредиттік бюро қызметінің қосымша түрлеріне: 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) кредиттік тарихты қалыптастыру және оларды пайдалану жүйесіне қатысушылардың қызметін автоматтандыру үшін мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды ұсыну бойынша қызметтер көрсету; 2) кредиттiк бюроның қызметiне қатысты арнаулы әдебиеттi және өзге де ақпараттық материалдарды өткізу; 3) кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесiне қатысушыларды ақпараттық қамтамасыз етуге байланысты консультациялық қызметтер көрсету; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4) кредиттік тарих субъектілерінің кредиттік скорингін есептеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсыну; 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) 4-1) банк жəне микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңы операторының қызметі (банк жəне микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңы операторы қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат болған кезде); 2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді 5) маркетингтік және статистикалық зерттеулер; 6) 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) 7) кредиттік тарих субъектілерін кредиттік есепті сұратқан кредиттік есептерді алушылар, кредиттік тарих субъектісінің кредиттік тарихын нақты уақыт режимінде өзгерту туралы хабардар ету жөніндегі қызметтер; 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) 8) осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілерді жеке тұлғаның банктік қарыздарды, микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тартуын нақты уақыт режимінде белгілегені не алып тастағаны туралы хабардар ету жөніндегі қызметтер жатады. 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) 2-1. Мемлекет қатысатын кредиттік бюро «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру жөніндегі дерекқор қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңдары3-бап. Кредиттік тарихты қалыптастыру және ақпаратты пайдалану принциптері 2-тарау. Кредиттік бюролардың қызметі және кредиттік тарихты қалыптастыру саласындағы мемлекеттік реттеу, бақылау менқадағалау4-бап. Кредиттік бюролардың қызметін реттеуді, бақылауды және қадағалауды, ақпарат берушiлер мен кредиттік есептерді алушылардың қызметін бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар5-бап. Уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерді қабылдау жөніндегі өкiлеттiктерi 3-тарау. Кредиттік бюроларды құру, олардың қызметін жүзеге асыру және тоқтату6-бап. Кредиттiк бюролар және олардың құрылтайшылары7-бап. Кредиттік бюролар жүзеге асыратын қызмет түрлерi7-1-бап. Кредиттік скоринг8-бап. Кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөнінде кредиттiк бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптар8-1-бап. Кредиттік бюроны құру тәртібі9-бап. Рұқсат алу үшін қажетті құжаттар және оларды қарау мерзімдері 10-бaп. Рұқсат беруден бас тарту11-бап. Жазбаша ұйғарым және санкциялар12-бап. Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру13-бап. Рұқсаттан айыру14-бап. Кредиттiк бюроның құжаттары мен ақпаратын сақтау15-бап. Кредиттік бюроларды қайта ұйымдастыру және тарату 4-тарау. Кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері16-бап. Кредиттiк бюроның құқықтары17-бап. Кредиттiк бюроның міндеттері18-бап. Ақпарат берушілер19-бап. Ақпарат берушінің құқықтары мен міндеттері20-бап. Кредиттік есептi алушы21-бап. Кредиттік есептi алушының құқықтары мен міндеттері22-бап. Кредиттiк тарих субъектiсiнің құқықтары 5-тарау. Кредиттік бюроларға ақпарат беру23-бап. Кредиттік бюроларға ақпарат берудiң жалпы шарттары24-бап. Кредиттік бюроларға берiлетін ақпарат25-бап. Кредиттік тарих субъектісінің ақпарат беруге және кредиттік есепті беруге келісімін ресімдеу26-бап. Ақпаратты және кредиттiк есептердi пайдалану негiздемелерi мен мақсаттары 6-тарау. Кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жөніндегі қатынастар27-бап. Ақпарат берушiлермен және кредиттік есептерді алушылармен жасалатын шарттар28-бап. Кредиттiк есептi алушы ретiнде кредиттiк бюрода тiркеу29-бап. Кредиттік есептi беру30-бап. Ақпаратты және кредиттiк есептердi беру жөнiндегі көрсетiлетiн қызметтерге ақы төлеу 6-1-тарау. Банк кепілдіктері мен кепілгерліктері жөнінде ақпарат берудің және кредиттік есепті алудың ерекшеліктері30-1-бап. Кредиттік бюроға банк кепілдіктері мен кепілгерліктері жөнінде ақпарат беру30-2-бап. Банк кепілдігі мен кепілгерлігі туралы кредиттік есепті қалыптастыру30-3-бап. Банк кепілдігі мен кепілгерлігі туралы кредиттік есепті беру тәртібі 7-тарау. Қорытынды ережелер |