Аймақтық саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны (2007.27.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 жылғы 15 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 желтоқсандағы № 1598 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы аймақтық саясатының 2002-2006 жылдарға арналған тұжырымдамасын және «Ішкі және сыртқы саясаттың 2003 жылғы негізгі бағыттары туралы» Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының ережелерін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. 1-қосымшаға сәйкес құрамда Аймақтық саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған Аймақтық саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін. 3. 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 28 мамырдағы № 581 қаулысына 1-қосымша ҚР Үкіметінің 14.11.02 ж. № 1209 қаулысына сәйкес комиссияның құрамы жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара); 17.10.03 ж. № 1061; 03.02.04 ж. № 129 ; 2005.22.02. № 156 (бұр. ред. қара); 2006.13.07. № 668 (бұр. ред. қара); 2007.27.03. № 233 (бұр. ред. қара) қаулыларымен өзгертілді
Аймақтық саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы Мусин - Қазақстан Республикасы Премьер- Аслан Есболайұлы Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, төраға
Супрун - Қазақстан Республикасының Виктор Васильевич Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, төрағаның орынбасары
Ахметжанова - Қазақстан Республикасы Экономика Гүлнар Тұрдыбекқызы және бюджеттік жоспарлау министрлігi Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаменті директорының орынбасары, хатшы
Комиссия мүшелерi:
Әбдімомынов - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Азамат Құрманбекұлы вице-министрi
Әйтекенов - Қазақстан Республикасының Туризм Қайрат Медібайұлы және спорт вице-министрi
Бабақұмаров - Қазақстан Республикасының Мәдениет Ержан Жалбақұлы және ақпарат вице-министрi
Баталов - Қазақстан Республикасының Индустрия және Асқар Болатұлы сауда вице-министрi
Бірәлиев - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны Әлжан Хамидоллаұлы қорғау вице-министрі
Тұңғышбеков - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Котенко - Қазақстан Республикасы
Райымбеков - Қазақстан Республикасы
Нұриманов - Қазақстан Республикасының Ұлттық Мақсат Әнуарбекұлы қауіпсiздiк комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша) Құсайынов - Қазақстан Республикасының Көлік Әбілғазы Қалиақпарұлы және коммуникация вице-министрi
Нұғманов - Қазақстан Республикасының Әділет Серік Пикұлы вице-министрi Белоног - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Анатолий Александрович министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Тортаев - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігi Бауыржан Қадырұлы төрағасының орынбасары; Әбдіхалықова - Қазақстан Республикасының Еңбек Гүлшара Наушақызы және халықты әлеуметтік қорғау вице- министрi
Ерғожин - Қазақстан Республикасының Қаржы Дәулет Еділұлы вице-министрi
Күрішбаев - Қазақстан Республикасының Ауыл Ақылбек Қажығұлұлы шаруашылығы вице-министрi
Сәтқалиев - Қазақстан Республикасының Алмасадам Майданұлы Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi
Баймұхамбетова - Қазақстан Республикасы Премьер- Кәмила Мақсұтқызы Министрінің Кеңсесі Әлеуметтік- мәдени бөлімінің меңгерушісi Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 28 мамырдағы № 581 қаулысымен бекітілген Аймақтық саясат мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ереже 1. Аймақтық саясат мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әpi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 7 желтоқсандағы № 1598 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы аймақтық саясатының 2002-2006 жылдарға арналған тұжырымдамасын iске асыру мақсатында құрылды. 2. Комиссия Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. 3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының заңдарын, басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 2. Комиссияның мiндеттерi мен функциялары 4. Комиссияның негiзгi мiндеттерi: 1) аймақтар арасында әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейiнде орын алған айырмашылықтарды төмендетуге бағытталған мемлекеттік аймақтық саясатты "Iшкi және сыртқы саясаттың 2003 жылғы негiзгi бағыттары туралы" Президенттiң Қазақстан халқына Жолдауының ережелерiн есепке ала отырып, жетiлдiру жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу; 2) проблемалық аймақтарды мемлекеттік қолдау жөніндегі нормативтiк құқықтық кесiмдердi жетiлдiру жөніндегі ұсынымдарды әзiрлеу болып табылады. 5. Өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес Комиссияның функциялары: 1) мемлекеттік аймақтық саясатты одан әрi жетiлдiру; 2) әкімшілік-аумақтық бірліктерді, оның ішiнде шағын қалалар мен ауылдық аудандарды тоқырауға ұшырағандар қатарына жатқызу өлшемдерінің құрамы; 3) мемлекеттік қолдау көрсету үшін нақты әкiмшілік-аумақтық бiрліктерді, оның ішінде тоқырауға ұшыраған қалалар мен ауылдық аудандарды іpіктey; 4) экономикасы тоқырауға ұшыраған аймақтарға мемлекеттік қолдау көрсету; 5) проблемалық аймақтарды қолдау саласында орталық және жергілікті мемлекеттік органдарды, қоғамдық бірлестіктер мен халықаралық ұйымдарды іс-қимылдарын үйлестiрудің ұсыныстарын дайындау болып табылады. 6. Комиссия өз міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін: 1) орталық және жергілікті атқарушы органдардан және өзге де ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды заңнамада белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға; 2) проблемалық аймақтардағы ахуалды талдау және зерделеу үшiн мемлекеттік органдарды және мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандарын қажеттілігіне қарай тартуға; 3) Комиссия мәжілістерiнде Комиссияның құзырына беретiн мәселелер бойынша орталық және жергіліктi атқарушы органдардың және өзге де ұйымдарының өкілдерін тыңдауға құқығы бap. 4. Комиссия қызметін ұйымдастыру 7. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, оның мәжілістерінде төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және оны қызметiне жауапты болады. Tөpaғa болмаған уақытта оның функциясын орынбасары атқарады. 8. Комиссия хатшысы Комиссия мәжілісінің күн тәртiбі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындауды және мәжілістен кейін хаттама ресімдеуді жүзеге асырады. 9. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады. 10. Комиссия мәжілістерi оның мүшелерiнiң ең кемi үштен екiсi болған жағдайда, қажеттiлiгiне қарай, бiрақ жарты жылда кемiнде бiр рет өткiзiледi. 11. Комиссия төрағасы Комиссия мүшелерiмен келісім бойынша мәжілістердiң күн тәртібін, сондай-ақ оларды өткізу уақыты мен орнын айқындайды және нақтылайды. 12. Комиссия шешiмдерi ашық дауыспен қабылданады және оларға комиссия мүшелерi жалпы санының көпшiлiк дауысы берiлсе, қабылданды деп. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi. 13. Комиссия шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi және ұсынымдық сипатта болады. 5. Комиссияның қызметiн тоқтату 14. Мыналар: 1) Комиссияға жүктелген мiндеттердiң орындалуы; 2) Комиссияға бұрын жүктелген мiндеттердi жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды немесе өзге де комиссияны құру; 3) Комиссияның мiндеттерi орындалмайтын не олардың орындалуын орынсыз ететiн өзге жағдайлар Комиссия қызметiн тоқтатудың негiздерi бола алады. Қазақстан Республикасы Yкіметiнің 2002 жылғы 28 мамырдағы № 581 қаулысына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Yкіметінің күшiн жойған кейбір шешiмдерiнiң ТIЗБЕСI 1. "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанынан Шағын және орташа қалалардың проблемалары жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1996 жылғы 3 шiлдедегi № 841 қаулысы. 2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 3 шiлдедегi № 841 қаулысына өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 6 тамыздағы № 970 қаулысы. 3. "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 3 шiлдедегi № 841 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 20 ақпандағы № 242 қаулысы. 4. "Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1996 жылғы 3 шiлдедегi № 841 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 29 қыркүйектегi № 1380 қаулысы. |