|
|
|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалануға жер учаскелерін беру туралы (2015.04.09. берілген өзгерістермен)
Ерекше қорғауды талап ететін Қазақстанның бірегей табиғи объектілері ретінде Шығыс Қазақстан облысының флорасы мен фаунасының бағалы түрлерін, экологиялық жүйелерін сақтау мақсатында және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Жалпы алаңы 30044 гектар жер учаскелері Риддер және Зырян мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелерінің мемлекеттік орман қоры жерінің санатынан алынып, олар осы қаулыға қосымшаға сәйкес тұрақты жер пайдалануға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - мекеме) берілсін. 2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелері мемлекеттік орман қоры жерлерінен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерінің санатына көшірілсін, ал осы аумақта бар ормандар «мемлекеттік табиғи қорықтар ормандары» қорғаныштық санатына жатқызылсын. 3. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті жердегі мекеме жерінің шекарасын белгілесін. 4. Шығыс Қазақстан облысының әкімі мекеме жерінің төңірегінде күзет аймағын белгілеп, осы аймақ шегінде осы аумақтың экологиялық жүйесінің жай-күйіне және оны қалпына келтіруге және онда орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілеріне теріс әсер ететін кез келген қызметке тыйым салсын. 5. ҚР Үкіметінің 2015.04.09. № 745 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 6. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 7 қарашадағы № 1054 қаулысына Қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалануға Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласы мен Зырян ауданының аумағында берілетін жерлердің экспликациясы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |