Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдерге мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы (2007.23.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 жылғы 19 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 43-1-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдерге мониторинг жүргізу ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 817 қаулысымен бекітілген
Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдерге мониторинг жүргізу ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдерге мониторинг жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді. ҚР Үкіметінің 2007.23.07. № 619 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Ереже Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген өз құзыретіне сәйкес қабылдауға құқығы бар және (немесе) олар әзірлеушілері болып табылатын мемлекеттік органдардың (бұдан әрі - уәкілетті органдар) заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдеріне мониторинг жүргізу тәртібін белгілейді. Осы Ереже мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызметтік ақпаратты қамтитын заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдерге немесе олардың жекелеген бөліктеріне қолданылмайды. 3. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдердің (бұдан әрі - заңға тәуелді кесімдер) мониторингі Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін және ескірген құқық нормаларын анықтау, оларды іске асырудың тиімділігін бағалау әрі оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылды деп тану бойынша уақытылы шаралар қабылдау үшін жүргізіледі. ҚР Үкіметінің 2007.23.07. № 619 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Заңға тәуелді кесімдерге мониторингті тиісті уәкілетті орган (оның ішінде іске асыруды уәкілетті орган жүзеге асыратын бұрын қабылданған кесімдер бойынша) әзірлеген және (немесе) қабылдаған заңға тәуелді кесімдерге қатысты уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелері және (немесе) ведомстволары (бұдан әрі - бөлімшелер) тұрақты негізде жүргізеді. 5. Уәкілетті органдарда заңға тәуелді кесімдердің мониторингі бойынша бөлімшелердің қызметін үйлестіруді заң қызметтері (бұдан әрі - заң қызметтері) жүзеге асырады. 6. Заңға тәуелді кесімдердің мониторингі бойынша уәкілетті органдардың қызметін үйлестіруді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2007.23.07. № 619 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 7. Осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген мақсаттарда мониторинг жүргізу кезінде бөлімшелер мыналарды қарайды: 1) тиісті уәкілетті орган әзірлеген және (немесе) қабылдаған (оның ішінде іске асыруды уәкілетті орган жүзеге асыратын бұрын қабылданған кесімдер) заңға тәуелді кесімдерді; 2) қаралатын заңға тәуелді кесімдерді реттеу мәніне байланысты нормативтік құқықтық кесімдерді; 3) заңға тәуелді кесімдерді қолдану практикасына қатысты уәкілетті органға келіп түскен азаматтардың өтініштерін талдау мен қорыту және прокурорлық ден қою актілерін қарау нәтижелерін; 4) заңға тәуелді кесімдерді қолдану туралы мәліметтер (статистикалық деректерді қоса алғанда) және басқа бөлімшелер, сондай-ақ уәкілетті органның сұрау салуы бойынша оның аумақтық органдары және (немесе) мүдделі мемлекеттік органдар беретін оларды жетілдіру туралы ұсыныстарды; 5) заңға тәуелді кесімдердің қабылдануына және қолданылуына қатысты бұқаралық ақпарат құралдарындағы және көпшіліктің қолы жетімді телекоммуникациялық жүйелердегі WEB-сайттардағы жарияланымдарды. 8. Әр тоқсанның соңғы айының бірінші күніне дейін бөлімшелер өзінің уәкілетті органының заң қызметтеріне жүргізілген мониторинг туралы ақпаратты және қажет болған жағдайда анықталған заңға тәуелді кесімдерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу не олардың күші жойылды деп тану туралы ұсыныс береді. 9. Заң қызметтері алынған ақпарат пен ұсыныстарды талдайды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті бөлімшелермен бірлесіп, отырып тиісті заңға тәуелді кесімдердің жобаларын әзірлеу бойынша шаралар қабылдайды. 10. Осы Ереженің 21-тармағына сәйкес әділет органдарына беру үшін уәкілетті органның жүргізген жұмыс қорытындылары бойынша заң қызметтері жылына екі рет қорытылған ақпаратты дайындайды. 11. Мониторинг жүргізу кезінде бөлімшелердің өзара іс-қимыл тәртібін уәкілетті органның басшысы анықтайды.
ҚР Үкіметінің 2007.23.07. № 619 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 12. Мониторинг үшін пайдаланылатын заңға тәуелді кесімдердің жекелеген туралы ақпаратты жинау, есепке алу және сақтау мақсатында заң қызметтері уәкілетті органның заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдер тіркелімдерін (бұдан әрі - тіркелімдер) мынадай заңға тәуелді кесімдердің түрлері бойынша жүргізеді: 1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары; 2) Қазақстан Республикасы министрлерінің және өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары; 3) орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары; 4) орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары; 5) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері. Тіркелімдер осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі. ҚР Үкіметінің 2007.23.07. № 619 Қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 13. Уәкілетті органдарда тіркелімдерді заң қызметі жүргізеді. 14. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелімді министрлік басшысы анықтаған бөлімше маманы жүргізеді. ҚР Үкіметінің 2007.23.07. № 619 Қаулысымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 15. Тіркелімдер журналдарды білдіреді. 16. Тіркелімдердің бір бетіне тек бір нормативтік құқықтық кесім туралы мәліметтер енгізіледі. Бір бетке екі және одан артық нормативтік құқықтық кесімдер туралы мәліметтерді енгізуге жол берілмейді. 17. Тіркелімдер беттерінің нөмірленуі ретті болып табылады. 18. ҚР Үкіметінің 2007.23.07. № 619 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 19. Тіркелімдер мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Іс-қағаздары тек мемлекеттік тілде ғана жүргізілетін әкімшілік-аумақтық бірліктерде тіркелім мемлекеттік тілде ғана жүргізілуі мүмкін. 20. Тіркелімдер қосымша электронды тәсілмен жүргізілуі мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2007.23.07. № 619 Қаулысымен 21-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 21. Уәкілетті органдар жарты жылдың қорытындылары бойынша мониторинг нәтижелері туралы ақпаратты заңға тәуелді кесімдердің түрлері бойынша бөлек 15 қаңтарға және 15 шілдеге қарай осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және осы Ереженің 7-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді әділет органдарына мынадай тәртіппен: орталық мемлекеттік органдар - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне; жергілікті мемлекеттік органдар - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне одан әрі беру үшін аумақтық әділет органдарына ұсынады. 22. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі ұсынылған ақпаратты талдайды және қорытады әрі осы ақпаратты 10 ақпанға және 10 тамызға қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне жолдайды. 23. Осы Ереженің 21 және 22-тармақтарын іске асыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бірыңғай электронды құжат айналымы жүйесін пайдалана отырып жүзеге асырылуы мүмкін. 24. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі өзінің WEB-сайтында жарты жылдың қорытындылары бойынша заңға тәуелді кесімдердің мониторингі туралы уәкілетті органдардың ақпаратын талдау және қорыту нәтижелерін орналастырады. 25. Уәкілетті орган және Әділет министрлігі мүдделі мемлекеттік органдардың сұраулары және азаматтардың өтініштері бойынша заңға тәуелді кесімдердің жүргізілген мониторингі туралы ақпаратты ұсынады.
құқықтық кесімдерге мониторинг жүргізу ережесіне 1-қосымша
Нормативтік құқықтық кесімдердің тізілімі (200__жылғы________________)
кестенің жалғасы
Ескертпе:
тіркелім мөлшері мынадай параметрлерге сәйкес келуі тиіс: көлденеңі 42 см, ұзындығы 25 см.
ҚР Үкіметінің 2007.23.07. № 619 Қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) құқықтық кесімдерге мониторинг жүргізу ережесіне 2-қосымша
1 нысан
Мониторинг нәтижелері___________________________________ (заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесім түрінің атауы) _______________________________________________________________ (уәкілетті органның атауы) (сандық аппарат көрсетіледі)
Ескертпе:
1-жолда негізгі кесімдердің (өзгерістерді және/немесе толықтыруларды есептемей) саны көрсетіледі. Уәкілетті органның басшысы ___________________________ (Т.А.Ә) 200__ жылғы __________ _______________ _____________ (қолы)
№ 2 нысан
Заңнамаға қайшы келетін анықталған_____________________________ (заңға тәуелді кесімнің түрі) жөніндегі және олар бойынша _______________________________________ (уәкілетті органның атауы) қабылданған немесе қабылдайтын шаралар туралы ақпарат (сипаттама ақпарат көрсетіледі)
кестенің жалғасы
№ 3 нысан
________________________ іске асыру тиімділігін бағалау жөніндегі (заңға тәуелді түрі) және олар бойынша _______________________________ қабылданған (уәкілетті органның атауы) шаралар туралы ақпарат (сипаттама ақпарат көрсетіледі)
кестенің жалғасы
Ескертпе: осы нысанды толтырған кезде тек тиімсіз деп танылған және ол бойынша шаралар қабылданған анықталған нормативтік құқықтық кесім бойынша ақпарат енгізіледі Уәкілетті органның басшысы __________________________________ (Т.А.Ә.) 200_ жылғы «__»__________
№ 4 нысан
ескірген норманы қамтитын анықталған _________________________ (заңға тәуелді кесімнің түрі) жөніндегі және олар бойынша __________________________________ (уәкілетті органның атауы) қабылданған немесе қабылдайтын шаралар туралы ақпарат (сипаттама ақпарат көрсетіледі)
кестенің жалғасы
Уәкілетті органның басшысы __________________________________ (Т.А.Ә.) 200_жылғы «__»__________ __________ қолы
|