Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2007 жылғы 12 қазандағы № 288 бұйрығына 3-қосымша
ҚР Әділет министрінің 2010 жылғы 30 наурыздағы № 91 Бұйрығымен күші жойылды
Мемлекеттік қызмет көрсетудің
«Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» (2009.12.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1. Жалпы ережелер
1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу (бұдан әрі - мемлекеттік тіркеу) - жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарды) туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын және құқықтық кадастрдағы мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілерін мемлекеттің тануы мен растауының міндетті рәсімі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет). 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызмет «Жылжымайтын мүлікке құықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң), «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркегенi үшін алым ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 мамырдағы № 454 қаулысы негізінде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызмет аумақтық әділет органдарымен (бұдан әрі - уәкілетті орган) халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетіледі. 5. Мемлекеттік қызметті көрсетудің аяқтау нысаны жүргізілген тіркеу туралы белгісі бар құқық белгілейтін құжатты, не Заңда көзделген негіздер бойынша мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы құжатты беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|