Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн есепке алу-бақылау (2007.11.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 жылғы 28 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2005.23.05. № 495 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара) "Салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексi), "Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған Шарап материалдары мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнiмiн есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау ережесi бекітілсiн. 2. 2004 жылғы 10 желтоқсаннан бастап осы қаулыға қосымшаға сәйкес тiзбе бойынша шарап материалдары мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнiмiн (бұдан әрi - алкоголь өнiмi) есепке алу-бақылау таңбаларымен мiндетті түрде таңбалау енгiзiлсiн. ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 11 наурыздағы № 177 Қаулысымен 2-1 тармақпен толықтырылды 2-1. 2007 жылғы 15 сәуірден бастап алкогольдік өнімді жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау енгізілсін. ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 11 наурыздағы № 177 Қаулысымен 2-2 тармақпен толықтырылды 2-2. Ескі үлгідегі есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау 2007 жылғы 1 маусымға дейін жүргізіледі. ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 11 наурыздағы № 177 Қаулысымен 3 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 3. Алкоголь өнімін өндірушілер мен импорттаушылар, алкоголь өнімін сақтауды және сатуды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ банкроттың мүлкін (активтерін) сататын конкурстық басқарушылар отандық және импорттық өндірістің алкоголь өнімін ескі үлгідегі есепке алу-бақылау таңбаларымен сатуды 2007 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүзеге асырады деп белгіленсін. ҚР Үкіметінің 2005.23.05. № 495 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 4. Алкоголь өнiмiн есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалауды алкоголь өнiмiн отандық өндiрушiлер, банкроттың мүлкiн (активтерiн) сататын конкурстық басқарушылар мен импорттаушылар жүзеге асырады деп белгiленсiн. 5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Салық комитетi: ҚР Үкіметінің 2005.23.05. № 495 Қаулысымен (бұр. ред. қара) ; ҚР Үкіметінің 2007.11.03 № 177 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 1) тармақша өзгертілді 1) импортталатын алкоголь өнiмi бойынша келісім-шарттардың есебiн міндеттi түрде жүргiзе отырып, алкоголь өнiмiн өндiрушілерден, банкроттың мүлкiн (активтерiн) сататын конкурстық басқарушылардан және импорттаушылардан жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау таңбаларын сатып алуға өтiнiмдер жинауды қамтамасыз етсiн; ҚР Үкіметінің 2007.11.03 № 177 Қаулысымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 2) 2007 жылғы 1 мамырға дейін есепке алу-бақылау таңбаларын дайындайтын ұйымды айқындайтын тендер өткізсін және тендердің жеңімпазымен есепке алу-бақылау таңбаларын дайындауға шарт жасассын; ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 11 наурыздағы № 177 Қаулысымен 2-1 тармақшамен толықтырылды 2-1) есепке алу-бақылау таңбаларын пайдалана отырып, алкоголь өнімінің өндірілуі мен айналымына бақылау жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуі мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Банкнот фабрикасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен есепке алу-бақылау таңбаларын дайындауға тендердің жеңімпазынан алкоголь өніміне арналған есепке алу-бақылау таңбаларының бірінші легі алынғанға дейін есепке алу-бақылау таңбаларын дайындауға шарт (келісім) жасассын; 3) есепке алу-бақылау таңбаларын алу, есепке алу, сақтау және беру тәртібін әзiрлесiн және бекiтсiн. 6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 3 желтоқсандағы № 1254 қаулысымен бекітілген Шарап материалдары мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнiмiн есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау ережесi 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже "Салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексі) сәйкес әзiрлендi және шарап материалдары мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнiмiн (бұдан әрі - алкоголь өнiмi) есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау тәртібін айқындайды. 2. Алкоголь өнiмiн есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау тәртібі 2. Есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалауға нормативтiк-техникалық құжаттамаға сәйкес тұтынушы ыдысына құйылған алкоголь өнiмi жатады. 3. Алкоголь өнiмiн өндiрушiлер есепке алу-бақылау таңбаларын Қазақстан Республикасының аумағында сатуға арналған дайын өнiмге желiмдеудi өндiрiс процесiнде не өзiнiң аумағындағы басқа оқшауланған орында таңбалау үшiн белгiленген технология бойынша жүргiзедi. 4. Тауарларды еркiн айналыс үшiн шығару кеден режимiне сәйкес Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелiнетiн алкоголь өнiмiн есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерде не Қазақстан Республикасының кеден органдары белгiлеген орында жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 2005.23.05. № 495 Қаулысымен 4-1-тармақпен толықтырылды 4-1. Банкроттың мүлкiн (активтерiн) сататын конкурстық басқарушылар конкурстық массаға енгiзiлген акцизделетiн тауарларды есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалауды өзiнiң аумағындағы оқшауланған орында таңбалау үшiн белгiленген технология бойынша жүргiзедi. ҚР Үкіметінің 2007.11.03 № 177 Қаулысымен 5 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 5. Есепке алу-бақылау таңбаларымен міндетті түрде таңбалауға жататын алкоголь өнімі есепке алу-бақылау таңбаларымен осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша таңбаланады. ҚР Үкіметінің 2005.23.05. № 495 Қаулысымен 6- тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 6. Мыналар: Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге экспортталған; Қазақстан Республикасының кедендік аумағына "бажсыз сауда дүкенi", "кеден қоймасы" кедендік режимдерiнде әкелiнген; Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына "тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкелу" және "тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкету" кедендiк режимiнде, жалғыз даналарда жарнама және (немесе) көрсету мақсатында әкелiнген; "тауарлар транзитi" кедендiк режимiнде Қазақстан Республикасының кедендiк аумағы арқылы өткiзiлген; Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген акцизсiз әкелу нормалары шегiнде жеке тұлғалар әкелген (жiберген) алкоголь өнiмi есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалануға жатпайды. 7. Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелiнген және есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалауды көздемейтiн кедендiк режимдерде ресiмделген алкоголь өнiмi олар Қазақстан Республикасының кеден аумағында сатылған жағдайда есепке алу-бақылау таңбаларымен мiндеттi түрде таңбалануға жатады. ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 904 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 8. Есепке алу-бақылау таңбасы сыйымдылықтың бүйiр бетiне, ол сыйымдылыққа қиғаштыққа, бүгілуге жол берiлмейтiндей етiп жақсы жабысатындай түрде желiмделедi, жеңiл сәйкестендiрудi және штрих-кодтық ақпаратты оқитын құрылғымен тұрақты түрде оқуды қамтамасыз етуi тиiс.
ҚР Үкіметінің 2007.11.03 № 177 Қаулысымен қосымшамен толықтырылды Шарап материалдары мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау ережесіне қосымша
Алкоголь өніміне арналған есепке алу-бақылау таңбасының нысаны
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 3 желтоқсандағы № 1254 қаулысына қосымша Есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалануға жататын алкоголь өнiмiнiң тiзбесi
Ескерту. Алкоголь өнiмiнiң номенклатурасы сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының кодымен де, алкоголь өнiмiнiң атауымен де айқындалады. |