«Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы
акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қарашадағы № 1036 Қаулысы
(2008.28.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 2 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы директорлар кеңесін сайлауды қамтамасыз етсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2008.28.01. № 71 Қаулысымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 2 қарашадағы
№ 1036 қаулысына
Қосымша
«Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы»
акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің
Құрамы
Оразбақов Ғалым Ізбасарұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі |
Ноғаев Нұрлан Асқарұлы | - Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары |
Өмірзақов Ізбақ Қуанышұлы | - Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары |
Тәшенов Бақытбек Хәкімұлы | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендірукомитеті төрағасының орынбасары |
Шоқпытов Андар Мәулешұлы | - «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарматөрағасы |
Бейсенбетов Ескендір Қалыбетұлы | - Қазақстан-Британ техникалық универститетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, тәуелсіз директор |
Марченко Анатолий Николаевич | - «Ақтөбе облысының Кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің одағы» қоғамдық ұйымының директоры, «Атамекен Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының мүшесі, тәуелсіз директор |
Мұхитденнов Марат Зайләгиұлы | - «Дастан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының мүшесі,тәуелсіз директор». |