|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1598 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: I. «Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан мұнайдан жасалған тауарларды әкету кезінде кедендік баждарды алу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы. 2005 ж,. № 38. 533-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін: тақырыбындағы «аумағынан» деген сөзден кейін «шикі мұнай мен» деген сөздермен ауыстырылсын; кіріспедегі «Мұнай өнімдерінің» деген сездердің алдынан «Шикі мұнай мен» деген сөздермен толықтырылсын: 1 және 3-тармақтардағы «әкетілетін» деген сөзден кейін «шикі мұнай мен» деген сөздермен толықтырылсын: мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын: «3-1. Осы каулымен белгіленген Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін шикі мұнайға кедендік баж ставкалары шикі мұнайға әкетілетін кедендік баждарды төлеуден босату көзделген жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар бойынша олар өндірген шикі мұнайды жер қойнауын пайдаланушылардың әкетуіне қатысты қолданылмайды.»: көрсетілген қаулыға қосымшада: тақырыбындағы «әкетілетін» деген сөзден кейін «шикі мұнай мен» деген сөздермен толықтырылсын; мына:
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын: «***** - экспортталатын шикі мұнайға. газ конденсатына ренталық салық төлеушілер үшін.»; көрсетілген каулымен бекітілген Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін мұнайдан жасалған тауарларға кедендік баж ставкаларын есептеу ережесінде: тақырыбындағы және 1-тармақтағы «әкетілетін» деген сөзден кейін «шикі мұнай мен» деген сөздермен толықтырылсын; 5-тармақтағы «кезде» деген сөзден кейін «шикі мұнай мен» деген сөздермен толықтырылсын; 6-тармақтың бірінші абзацындағы «кезде» деген сөзден кейін «әкетілетін мұнайдан жасалған тауарларға қатысты» деген сөздермен толықтырылсын; 7-тармақтағы «Кедендік» деген сөздің алдынан «Мұнайдан жасалған тауарларға қатысты» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын: «8. Шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасының бағалар мониторингі кезеңі ішінде әкетілетін шикі мұнайға қатысты кедендік баж ставкалары 1 тонна үшін 138.6 доллардан астам қалыптасқан кезде осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес формулалар бойынша есептеледі.»; көрсетілген Ережеге 1. 2. 3-қосымшалардағы «әкетілетін» деген сөзден кейін «шикі мұнай мен» деген сөздермен толықтырылсын; көрсетілген Ережеге 1-қосымшада Мұнайдан әзірленген тауарлардың тізбесінде: мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
осы қаулыға қосымшаға сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразия экономикалық қоғамдастығының Интеграциялык комитетіне Қазақстан Республикасының Үкіметі кабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабарласын. 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 328 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін шикі мұнаймен мұнайдан жасалған тауарларға кедендік баж ставкаларын есептеу ережесіне 4-қосымша
Әкетілетін шикі мұнайға қатысты кедендік баж ставкаларын есептеу формуласы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |