Өрт қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының (2007.27.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2008 жылғы 26 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 4 баптар) 2-тарау. Мемлекеттік өкімет органдарының өрт (5 - 8 баптар) қауіпсіздігі саласындағы өкілеттігі 3-тарау. Қазақстан Республикасындағы өртке (9 - 13 баптар) қарсы қызмет органдары 4-тарау. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету (14 - 23 баптар) 5-тарау. Өрт қауіпсіздігі саласындағы (24 - 25 баптар) құқықтар мен міндеттер 6-тарау. Өрт қауіпсіздігі саласындағы заңдарды (26 - 28 баптар) бұзғаны үшін жауапкершілік 7-тарау. Қорытынды ережелер (29 - 31 баптар) ҚР 29.12.03 ж. № 511-I Заңымен өзгерістер енгізілді
Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету адамдардың өмiрi мен денсаулығын, меншiктi, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік қызметтiң ажырамас бөлiгi болып табылады. Осы Заң мемлекеттік органдардың, меншiк нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы аумағында өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы құқықтық қатынастарын реттейдi.
2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 1-бап өзгертілді ; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: ерікті өрт сөндіруші - өрттің алдын алу және (немесе) сөндіру жөніндегі қызметке ерікті негізде (еңбек шартын жасаспай) тікелей қатысатын азамат; қоныстану аумағы - елді мекен аумағының тұрғын үй қорын, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ жекелеген коммуналдық және өнеркәсіптік объектілерді орналастыруға арналған бөлігі; мемлекеттік өрт бақылау - өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылау және оларды бұзушылықтың алдын алу мақсатында өртке қарсы қызмет органдарының лауазымды тұлғалары жүзеге асыратын қызмет түрі; өрт - адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне зиян, материалдық залал келтіретін бақылаусыз жану; өртке қарсы ерікті құралымдар - азаматтардың елді мекендерде және ұйымдарда өрттің алдын алу мен оны сөндіруді ұйымдастыруға қатысу нысаны; өртке қарсы қызмет - белгіленген тәртіппен құрылған басқару органдарының, өрт сөндіру органының және оның облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) филиалдарының күштері мен құралдарының, соның ішінде өрттің алдын алу мен оны сөндіруді ұйымдастыруға, олармен байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған өртке қарсы құрылымдардың жиынтығы; өртке қарсы шаралар режимі - өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына жол берілмеуін және өрттің сөндірілуін қамтамасыз ететін азаматтардың мінез-құлық ережелері, өндірістік және шаруашылық қызметін ұйымдастыру тәртібі, құрылыстарды, ғимараттарды, үй-жайларды (аумақтарды), өндірістік және арнаулы жабдықтарды күтіп ұстау шарттары; өрт қауіпсіздігі - адамдардың, мүліктің, меншіктің, қоғам мен мемлекеттің өpттeн қорғалу жай-күйі; өрт қауіпсіздігінің талаптары - өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген әлеуметтік және (немесе) техникалық сипаттағы арнаулы шарттар; өрт қауіпсіздігінің талаптарын бұзу - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нормаларды, ережелер мен нұсқауларды орындамау немесе тиісінше орындамау; өрт қауіпсіздігі шаралары - өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау жөніндегі іс-әрекет; өрт сөндіру-техникалық өнімі - өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған арнаулы техникалық, ғылыми-техникалық және санаткерлік өнімі, соның ішінде өрт сөндіру техникасы мен жабдығы, өрт сөндіру құралдары, от сөндіретін және оттан қорғайтын заттар, арнаулы байланыс және басқару құралдары, электронды есептеу машиналарына арналған бағдарламалар мен деректер базалары, сондай-ақ өрттің алдын алу мен сөндірудің өзге де құралдары; өртті сөндіруге байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстары - адамдарды, мүлікті, меншікті құтқару мен басқа жерге көшіру, өрт кезінде зардап шеккендерге дәрігер келгенге дейінгі алғашқы көмек көрсету жөніндегі жауынгерлік іс-әрекеттері; уәкілетті орган - өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган).
2-бап. Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi мәселелерiн реттейтiн басқа да заңдық және өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
3-бап. Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi: - Өрт қауiпсiздiгi саласында адамдардың өмiрi мен денсаулығын, меншiктi, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау; - ұйымдар мен азаматтардың қызметіндегі қатер деңгейiн алдын-ала анықтау, өрт қауiпсiздiгi саласында сақтандыру шараларына оқытып-үйрету және алдын алу шараларын жүзеге асыру; - өрт сөндiру, бiрiншi кезектегi авариялық-құтқару және басқа қажеттi жұмыстарды жүргiзу мiндеттiлiгi, медициналық көмек көрсету, азаматтарды және зардап шеккен қызметкерлердi әлеуметтiк қорғау, өрт салдарынан азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне, қоршаған орта мен шаруашылық жүргiзушi объектiлерге келтiрiлген зиянның орнын толтыру болып табылады.
2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 4-бап өзгертілді 4-бап. Қазақстан Республикасындағы өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi Қазақстан Республикасындағы өрт қауiпсiздiгi жүйесi - өрттi және одан келетiн залалды болдырмауға бағытталған экономикалық, әлеуметтiк, ұйымдық, ғылыми-техникалық және құқықтық шаралардың, сондай-ақ өртке қарсы қызмет күштерi мен техникалық құралдарының жиынтығы. Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн орталық және жергiлiктi атқарушы органдарды, өртке қарсы қызметтiң, салалық өртке қарсы қызметтiң органдарын, өрттен қорғау-техникалық ғылыми-зерттеу мекемелерiн, өрттен қорғау-техникалық оқу орындарын, өрт сөндiру-техникалық өнiм өндiру кәсiпорындарын қамтиды.
2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 2-тараудың тақырыбы өзгертілді 2-тарау. Мемлекеттік органдардың өрт қауіпсіздігі саласындағы құзыреті
16.07.99 ж. № 437-1; 05.05.00 ж. № 48-II; 29.12.03 ж. № 511-I (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (бұр.ред.қара) ; 2006.29.12. № 209-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 5-бап өзгертілді 5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасы Үкіметі өрт қауiпсiздiгi саласында: - мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шараларды әзiрлейдi және оларды іске асыруды қамтамасыз етеді; - өрт қауiпсiздiгi саласындағы салалық бағдарламаларды бекiтедi; - мемлекеттік органдар қызметiне басшылық жасайды, олардың Қазақстан Республикасы заңдарын, Президентi мен Үкіметінiң актілерін орындауын бақылайды; - өрт қауiпсiздiгi саласында ақпарат беру, білімдi насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету тәртібін белгiлейдi; өртті және оның салдарын мемлекеттік есепке алу тәртібін айқындайды; бюджет қаражаты есебiнен қамтылатын өртке қарсы қызметтiң штат саны лимитiн белгiлейдi; қоныстану аумақтарының және өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын мемлекеттік меншiктегi аса маңызды объектiлердiң тiзбесiн белгiлейдi; - Қазақстан Республикасы аумағында өрттерден сақтандыру мен оларды жою жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады және шетелдiк ұйымдар мен азаматтардың қызмет тәртібін белгiлейдi; - өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының қызмет өткеруі туралы ережені бекітеді. өртке қарсы қызмет міндетті түрде құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін бекітеді. өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерді бекітеді; дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өрт сөндіру мекемелері құрылмаған елді мекендердегі өртті сөндіру тәртібін белгілейді; өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленбеген талаптарды келісу тәртібін белгілейді.
09.12.98 ж. № 307-1; 16.07.99 ж. № 437-1; 05.05.00 ж. № 48-II; 29.12.03 ж. № 511-I (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 6-бап өзгертілді; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (бұр. ред. қара) ; 2006.29.12. № 209-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 6-бап өзгертілді 6-бап. Уәкілетті органның құзыреті Өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган: 1) бiрыңғай мемлекеттік саясатты жүргiзедi, салааралық үйлестiру мен мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 2) нормативтердi, стандарттар мен ережелердi бекiтедi және келiседi, өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттік есепке алуды жүргiзедi; 3) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік өрт бақылауын жүзеге асырады; 4) өрт қауiпсiздiгi саласындағы зерттеу қызметiн, білімдi насихаттауды, азаматтар мен мамандарды оқытып-үйретудi ұйымдастырады; 5) 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред .қара) 6) өз өкiлеттiктерi шегiнде өрттер бойынша анықтауды жүзеге асырады; 7) меншiк нысанына қарамастан өртке қарсы қызметтердiң жұмысын үйлестiредi; 8) Өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының қызмет өткеруi туралы ереженi әзiрлейдi; 9) өз құзыретi шегiнде өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамындағы адамдарды қызметке қабылдауды, қызмет бабында ауыстыруды, қызметтен босатуды, арнаулы атақтар беру мәселелерiн шешудi жүзеге асырады. 10) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді жүзеге асыруды бақылайды; 11) объектілер құрылысына өрт қауіпсіздігінің талаптарын белгілейтін стандарттардың, нормалар мен ережелердің жобаларын келіседі. 12) өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді; 13) өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 7-бап. Орталық мемлекеттік органдардың өрт қауiпсiздiгi саласындағы өкiлеттiктерi Орталық мемлекеттік органдар өз құзыретi шегiнде: 1) өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтердi, стандарттар мен ережелердi әзiрлеп, келiседi, мемлекеттік есепке алуды жүргiзедi және оның деректерiн өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органға бередi; 2) салалық өрттен қорғау-техникалық комиссияларын құрады; 3) мемлекеттік органдардағы өрт қауiпсiздiгiнiң жай-күйiн бақылауды қамтамасыз етедi, өрттiң алдын алу жөніндегі iс-шараларды жүргiзедi.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 8-бап. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарының өрт қауiпсiздiгi саласындағы өкiлеттiктерi Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарының өрт қауiпсiздiгi саласындағы өкiлеттiктерiне мыналар жатады: 1) тұрғын халықты және ұйымдарды өрт қaуiпсiздiгi саласындағы шаралар туралы хабардар ету; 2) өрт салдарынан зардап шеккен азаматтар мен қызметкерлердiң әлеуметтiк қорғалуын өз құзыретi шегiнде қамтамасыз ету, азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзушi объектiлерге келтiрiлген зиянды өтеу.
3-тарау. Қазақстан Республикасындағы өртке қарсы қызмет органдары
2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді; 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9-бап. Өртке қарсы қызмет органдарының мәртебесі және олардың міндеттерi Өртке қарсы қызмет органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өрттің алдын алуды, өрт қауіпсіздігі жағдайын бақылауды және өрт сөндіруді жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік орган болып табылады. Өртке қарсы қызмет органдарының құрамына: басқару органы, күштер мен құралдар, оның ішінде өрттің алдын алуды және оны сөндіруді ұйымдастыруға, бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған өртке қарсы құрамалар, сондай-ақ белгіленген тәртіппен құрылған өрт-техникалық оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелері кіреді. Өртке қарсы қызмет органдарының тулары болады, олардың сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 9-1-баппен толықтырылды; 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 9-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) ; 2006.29.12. № 209-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 9-1-бап өзгертілді 9-1-бап. Өртке қарсы қызмет органдарының құзыретi Өртке қарсы қызмет органдары: 1) мемлекеттік органдарда, ұйымдарда, кәсіпорындарда және тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады; 2) барлық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ азаматтар мен ұйымдардың орындауы үшін міндетті болып табылатын өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерін және, өрт қауіпсіздігі талаптарын белгілейтін техникалық регламенттерді қоспағанда, өрт қауіпсіздігі мәселелерін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді; 3) 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 4) өрт және өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу туралы істер бойынша анықтауды жүзеге асырады; 5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреттер шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді жүзеге асырады; 6) өртке қарсы қызмет бөлімшелерін жұмылдыру дайындығы және бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған кезде жұмылдыру, олардың жұмысының орнықтылығын арттыру жөнінде шаралар әзірлейді, өртке қарсы қызмет органдарының жұмылдыруға ұдайы дайын болуын қамтамасыз етеді; 7) азаматтарға, кәсіпорындардың басшыларына анықталған бұзушылықтарды жою және өртті болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы нұсқамалар береді; 8) елді мекендерде және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан объектілерде өрт сөндіру бөлімшелерінің өртке қарсы күреске дайындығын бақылауды жүзеге асырады; 9) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік объектілерді, мемлекет меншігіндегі тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін өрттен қорғау жөніндегі қызметті қамтамасыз етеді. Ұйымдардың, жекелеген өндірістердің, өндірістік учаскелердің, агрегаттардың жұмысын ішінара немесе толық тоқтата тұруды, субъектілер өрт қауіпсіздігінің нормалары мен ережелерін бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымдарды, объектіні, құрылыстарды, ғимараттарды салу, қайта жаңарту, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезінде жобаларда көзделген өрт қауіпсіздігінің талаптары орындалмағанда ғимараттарды, құрылыстарды, электр желілерін, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт шығу қаупі бар жұмыстарды жүргізуге тыйым салуды уәкілетті органның және облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) аумақтық өртке қарсы қызмет органдарының өтініші бойынша сот жүргізеді. Субъектінің жұмысын ішінара немесе толық тоқтату немесе оған тыйым салу туралы талап-арызды уәкілетті орган және облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) аумақтық өртке қарсы қызмет органдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және негіздерде сотқа жібереді. Қазақстан Республикасының дипломатиялық мекемелерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдегі өкілдіктерінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етілуін бақылау, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 9-2-баппен толықтырылды 9-2-бап. 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 9-3-баппен толықтырылды 9-3-бап. 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 9-4-баппен толықтырылды; 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 9-4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 9-4-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы оқу орындары Өрт қауiпсiздiгi саласындағы оқу орындары өртке қарсы қызмет қызметкерлерiне білім беру және олардың біліктiлiгiн арттыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын мамандықтар бойынша жоғары білімi бар мамандарды даярлау мақсатында құрылады. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы оқу орындарының басты мiндеттерi: 1) өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң кәсiби өсуi мен жетiлуiне жағдай жасау; 2) өртке қарсы қызмет органдары үшiн мамандар даярлау; 3) мамандар даярлау бейiнiне сәйкес қызметтi жетiлдiрудiң өзектi проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзу, алынған зерттеу нәтижелерiн оқу процесiне және практикаға енгізу болып табылады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 9-5-баппен толықтырылды ; 2006.29.12. № 209-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 9-5-бап өзгертілді 9-5-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау Уәкілетті орган өрт қауіпсіздігі саласында жүзеге асыратын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптарын кәсіпкерлік субъектілерінің сақтауын айқындау мақсатында жүргізілетін тексерулер түрінде орындалады. Мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларға: Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторы - уәкілетті органның басшысы; Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторының орынбасарлары - уәкілетті орган басшысының орынбасарлары; Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары - уәкілетті органның барлық санаттағы мамандары; облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторлары - уәкілетті органның аумақтық органдарының басшылары; облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторларының орынбасарлары - уәкілетті органның аумақтық органдары басшыларының орынбасарлары; облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары - уәкілетті органның аумақтық органдарының барлық санаттағы мамандары жатады. Мемлекеттік мекемелердің және басқа да кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін тексеру үшін негіздеме болып табылатын өртке қарсы қызмет органының құжаты тексеру тағайындау туралы нұсқама болып табылады. Тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді: жоспарлы - алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген уақыт аралығы ескеріліп өткізілетін, өртке қарсы қызмет органы жоспарлаған тексеру; жоспардан тыс - жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы өтініштерде және өзге де ақпаратта жазылған фактілер бойынша жеке адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, қоғамдық тәртіпке, ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп-қатерді дереу жоюды талап ететін қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайға, Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылық белгілерінің тікелей анықталуына байланысты, сондай-ақ жоспарлы тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау мақсатында тағайындалатын тексеру; қарсы - тексерілетін кәсіпкерлік субъектісінің шарттық міндеттемелері не өзге де құқықтық қатынастары болған жеке немесе заңды тұлғаға қатысты ұсынылған ақпараттың дұрыстығын қайта тексеру не қосымша ақпарат алу мақсатында өртке қарсы орган жоспардан тыс тәртіппен жүргізетін тексеру; рейдтік - бірнеше кәсіпкерлік субъектісінің өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жекелеген талаптарын сақтауы мәселелері бойынша олардың қызметін бір уақытта қамтитын тексеру.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 9-6-баппен толықтырылды 9-6-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібi 1. Елді мекендердің, сондай-ақ меншік нысандарына қарамастан, барлық ұйымдардың өрт қауіпсіздігі саласындағы нормаларды, ережелер мен стандарттарды сақтауы бақылануға жатады. 2. Өртке қарсы қызмет органдары құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға жоспарлы тексеру жүргізудің жылдық жоспарын ұсынады. Әр айдың соңында меншік нысандарына қарамастан барлық ұйымдардың қызметіне тексерулер тағайындау туралы актілеріне және тексеруді есепке алу карточкаларына салыстыру жүргізіледі. 3. Жоспардан тыс, қарсы, рейдтік тексерулер жүргізу кезінде тексеру тағайындау туралы акт шығарылып, тексерулерді есепке алу карточкасы жасалады және ол шығарылған күні тексерілетін субъектінің орналасқан жері бойынша немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру орны бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық есептілікті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын уәкілетті органға тіркеу үшін табыс етіледі. Тексеру азаматтардың денсаулығы мен өміріне және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне төнген қауіп-қатерді дереу жоюды талап ететін қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты туындаған ерекше жағдайларда, мезгілінен тыс уақытта тексеру жүргізу кезінде, сондай-ақ бұзушылықтардың жасалуы бірден байқалған және дәлелдерді бекіту үшін жедел іс-әрекеттер жүргізу қажет болған жағдайларда тексеруді тағайындау туралы акті мен ақпараттық есеп құжаттары тексеру жүргізу басталғаннан кейінгі келесі жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға ұсынылады. 4. Ұйымдар өздерінің өрт қауіпсіздігі деңгейі бойынша 1, 2, 3 және 4-топтар объектілеріне бөлінеді. Аудандағы объектілер есебін өртке қарсы қызмет органы жүргізеді. 5. 1-топтағы объектілерге: жалпы құрылыс алаңы 3500 шаршы метрден асатын ірі өнеркәсіп орындары және республикалық ғылыми-зерттеу ұйымдары; электр станциялары; әуежайлар; теңіз сауда порттары; театрлар, спорт сарайлары, басқа да мәдени-ойын-сауық ұйымдары, медицина ұйымдары мен сыйымдылығы 800 және одан да көп орынды қонақ үйлер; жалпы алаңы 2500 шаршы метрден асатын сауда объектілері; мұражайлар, сурет галереялары; жалпы алаңы 2500 шаршы метрден асатын кітапханалар; мұнай базалары мен жалпы сыйымдылығы 2000 текше метрден асатын мұнай өнімдерінің қоймалары; газ қоймалары мен сыйымдылығы 1000 текше метрден асатын газ құю станциялары жатады. Бұл объектілерді өртке қарсы қызмет органдары кемінде бес жылда бір рет кешенді тексереді және жыл сайын кешенді тексеру кезеңінде айқындалған өрт қауіпсіздігі саласындағы нормаларды, ережелер мен стандарттарды бұзушылықтарды жоюдың орындалуын бақылауды жүзеге асырады. 6. 2-топтағы объектілерге: бірінші топқа енбеген өнеркәсіп орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдары; балық және өзен порттары; 50 бірліктен астам техникасы бар автокәсіпорындар; темір жол станциялары, локомотивтік, вагон, вагон жөндеу, рефрижератор, жөндеу-жабдықтау деполары; атқарушы және өкілді органдардың ғимараттары; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі банктер; ауысымда 800 және одан да көп оқушылар, студенттер, тыңдаушылар саны бар оқу мекемелері; бірінші топқа енбеген театрлар, спорт сарайлары, басқа да мәдени-ойын-сауық ұйымдары; алаңының көлеміне қарамастан діни мекемелер; жалпы алаңы 1000-нан 2500 шаршы метрге дейінгі сауда объектілері; мұражайлар, сурет галереялары және жалпы алаңы 1000-нан 2500 шаршы метрге дейінгі кітапханалар, сыйымдылығы 400-ден 800 адамға дейінгі медицина ұйымдары мен қонақ үйлер; құрылыстары 1500 шаршы метрден астам жалпы алаңы бар ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы объектілері мен құс фабрикалары жатады. |