Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек
Осы редакция 2008 жылғы 11 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Дәрілік құралдардың қауіпсіздігін, тиімділігін және сапасын қамтамасыз ету саласындағы жұмысты жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек дәрілік құралдар орталығы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрілік құралдарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі -Ұлттық орталық) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Ұлттық орталық қызметінің негізгі мәнісі денсаулық сақтау саласында дәрілік құралдардың қауіпсіздігін, тиімділігін және сапасын қамтамасыз ету жөніндегі өндірістік-шаруашылық қызметті, сондай-ақ жаңа бірегей дәрілік құралдарды әзірлеу, фармация, фармакология саласындағы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру деп белгіленсін. 3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық орталықты мемлекеттік басқарушы орган болып белгіленсін. 4. Ұлттық орталыққа қосымшаға сәйкес еншілес мемлекеттік кәсіпорындарды құруға рұқсат берілсін. 5. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Ұлттық орталықтың Жарғысын бекітуді және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бөлімінде: реттік нөмірі 9-31-жол мынадай редакцияда жазылсын: "9-31. Дәрілік құралдарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Алматы қаласы;" 2) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1117 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 2. Мемлекеттік кәсіпорындар бөлімінде: реттік нөмірі 57-жол мынадай редакцияда жазылсын: "57. Дәрілік құралдарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы." 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2002 ж. 2 қазандағы № 1081 қосымша Казақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрілік құралдарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының құрылатын еншілес мемлекеттік кәсіпорыңдарының тізбесі 1. Астана қаласы бойынша Дәрі-дәрмек Астана қаласы; 2. Жезқазған қаласы бойынша Дәрі-дәрмек Жезқазған қаласы; 3. Семей қаласы бойынша Дәрі-дәрмек Семей қаласы; 4. Ақмола облысы бойынша Дәрі-дәрмек Көкшетау қаласы; 5. Ақтөбе облысы бойынша Дәрі-дәрмек Ақтөбе қаласы; 6. Алматы облысы бойынша Дәрі-дәрмек Талдықорган қаласы; 7. Атырау облысы бойынша Дәрі-дәрмек Атырау қаласы; 8. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Дәрі-дәрмек Өскемен қаласы; 9. Жамбыл облысы бойынша Дәрі-дәрмек Тараз қаласы; 10. Батыс Қазақстан облысы бойынша Дәрі-дәрмек Орал қаласы; 11. Қарағанды облысы бойынша Дәрі-дәрмек Қарағанды қаласы; 12. Қостанай облысы бойынша Дәрі-дәрмек Қостанай қаласы; 13. Қызылорда облысы бойынша Дәрі-дәрмек Қызылорда қаласы; 14. Маңғыстау облысы бойынша Дәрі-дөрмек Ақтау қаласы; 15. Павлодар облысы бойынша Дәрі-дәрмек Павлодар қаласы; 16. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Дәрі-дәрмек Петропавл қаласы; 17. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Дәрі-дәрмек Шымкент қаласы. |