|
|
|
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек дәрілік құралдар орталығы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жекелеген мәселелері
Дәрілік құралдардың қауіпсіздігін, тиімділігін және сапасын қамтамасыз ету саласындағы жұмысты жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек дәрілік құралдар орталығы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрілік құралдарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі -Ұлттық орталық) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Ұлттық орталық қызметінің негізгі мәнісі денсаулық сақтау саласында дәрілік құралдардың қауіпсіздігін, тиімділігін және сапасын қамтамасыз ету жөніндегі өндірістік-шаруашылық қызметті, сондай-ақ жаңа бірегей дәрілік құралдарды әзірлеу, фармация, фармакология саласындағы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру деп белгіленсін. 3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық орталықты мемлекеттік басқарушы орган болып белгіленсін. 4. ҚР Үкіметінің 2008.11.09. № 837 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Ұлттық орталықтың Жарғысын бекітуді және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 6. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қосымша ҚР Үкіметінің 2008.11.09. № 837 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |