Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы (2007.14.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 4 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2005.28.06. № 643 (бұр. ред. қара); 2007.14.05. № 382 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді 1. Қоса беріліп отырған: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулық; Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде есептеу техникасы құралдарын қолдану арқылы іс жүргізу жөніндегі нұсқаулық; Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олардың орындалуын бақылау тәртібі туралы нұсқаулық бекітілсін. ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырлды 1-1. Көрсетілген нұсқаулықтардың талаптары оларға қатысты бөлігінде барлық мемлекеттік органдар үшін міндетті деп белгіленсін. 2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 14 қазандағы № 195 өкімінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап бір ай өтісімен күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысымен БЕКІТІЛГЕН
Нұсқаулық «Қызмет бабында пайдалану үшiн» белгісімен. Деректер базасына енгізілмейді ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысын қара ; ҚР Үкіметінің 2003.01.07. № 635 қаулысын қара; Осы нұсқаулыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын қара
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысымен БЕКІТІЛГЕН
Нұсқаулық «Қызмет бабында пайдалану үшiн» белгісімен. Деректер базасына енгізілмейді ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен нұсқаулық өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2005.28.06. № 643 Қаулысымен нұсқаулық алып тасталды (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде есептеу техникасы құралдарын қолдану арқылы іс жүргізу жөніндегi НҰСҚАУЛЫҚ
Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде, орталық және жергілікті атқарушы органдарда құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚ
1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде
ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді 1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Президентінің және Yкіметінің кесімдерін, Премьер-Министрдің өкімдерін, Президенттің, Президент Әкімшілігі Басшылығының, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының, оның орынбасарларының тапсырмалары бар құжаттардың және Парламент депутаттарының сауал салуларының, депутаттар бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкіметтің қорытындысын беру туралы өтінішпен Парламент Палаталары хаттарының орындалуын бақылауды ұйымдастыруды регламенттейді. ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді 2. Премьер-Министрдің Кеңсесі Қазақстан Республикасы Yкіметінің Регламентіне сәйкес бақылаудағы құжаттардың орындалуын бақылау жөнінде ұйымдастыру және таңдау жұмысын жүзеге асырады, орындаушылық тәртібінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне жүйелі түрде хабарлап отырады. ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді 3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде (бұдан әрі - Кеңсе) бақылау жұмысын үйлестіруді Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жүзеге асырады, ол мынадай құжаттарды (бұдан әрі - бақылаудағы құжаттар) бақылауға алады: 1) Қазақстан Республикасы Президентінің Үкіметке немесе оның басшылығына тапсырма беретін кесімдерін; 2) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тапсырмалары бар Үкіметтің қаулыларын, Үкімет мәжілістерінің хаттамаларын, Премьер-Министрдің өкімдерін; 3) Президенттің Үкіметке немесе оның басшылығына, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Президент Әкімшілігі басшылығының және Кеңсе Басшысының не оны алмастыратын адамның орындалу мерзімдері көрсетілген немесе бақылауға алу туралы нұсқаулары, «шұғыл», «баяндалсын», «ұсыныстар енгізілсін» деген белгілері бар тапсырмалары (соның ішінде мәжілістер хаттамалары мен іс-шаралар жоспарларында қамтылған), сондай-ақ мазмұнынан оларды бақылауға қою қажеттігі туындайтын тапсырмаларды; 4) Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының сауалдары, депутаттар бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкіметтің қорытындысын беру өтінішімен Парламент Палаталарының хаттарын. ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 4-тармақ өзгертілді 4. Бақылаудағы құжаттар олардың орындалуын бақылау үшін Кеңсе Басшысы бекіткен осы бөлімшелер мен олардың функционалдық міндеттері туралы ережелерге сәйкес немесе Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының және оның орынбасарларының (бұдан әрі - Басшылық) тапсырмаларына сәйкес Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне бекітіп беріледі. Қандай да болмасын іс-шаралар жоспарын бекітетін Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің орындалуын бақылау, тұтастай алғанда, осы қаулыны немесе өкімді орындаушыға (қаулы немесе өкім жобасының Кеңседе өтуі үшін жауап беретін Кеңсенің құрылымдық бөлімшесіне) жүктеледі. 5. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары осы бөлімшеге бекітілген әрбір бақылаудағы құжатқа тұтас құжаттың не оның жекелеген тармақтарының орындалуын бақылау оған жүктелетін бөлімшенің қызметкерін (бұдан әрі - орындаушы) айқындайды. 6. Бақылаудағы құжаттардың орындалу мерзімдерін бақылауды Кеңсенің бақылаудағы нақты құжаттар оған бекітіп берілген құрылымдық бөлімшесі мен Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бақылау секторы (бұдан әрі - бақылау секторы) жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 7-тармақ өзгертілді 7. Егер бақылаудағы құжаттарда (Қазақстан Республикасы Президентінің кесімдері мен тапсырмаларынан басқа) орындалу мерзімі нақты көрсетілмесе, онда мұндай құжаттар тапсырма берілген күнінен бастап бір ай мерзімде, ал «шұғыл» немесе «жеделдетілсін» белгісі болса - он күн мерзімде орындалады. Егер Мемлекет басшысының кесімдері мен тапсырмаларында нақты орындалу мерзімі мен орындалуы үшін жауапты адамдар белгіленбесе, онда орындалу мерзімі мен орындаушыларды Президент Әкімшілігі белгілеуі және орындаушыларға жеткізуі мүмкін. Мемлекет басшысының жеке тапсырмалары, егер тапсырмаларда өзгеше белгіленбесе, тапсырма берілген күннен бастап екі апта мерзімде орындалуы тиіс. ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді 8. Егер Басшылық тапсырманы Кеңсенің бірнеше құрылымдық бөлімшесіне берсе, онда орындалуын бақылау және үйлестіру жөніндегі жұмысты тапсырмада бірінші көрсетілген құрылымдық бөлімше не оның атауының жанында "(шақыру)" белгісі бар бөлімше жүзеге асырады. Құрылымдық бөлімшелер - тапсырмаларды бірге орындаушылар жинақтауды жүзеге асыратын бөлімшеге өз ұсыныстарын тапсырманың белгіленген орындалу мерзімі өткенге дейін бір күннен кешіктірмей енгізеді. ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 9-тармақ өзгертілді 9. Егер бақылаудағы құжаттарда Кеңсенің бірнеше құрылымдық бөлімшесінің құзыретіне жататын тапсырма болса, онда құжаттың орындалуын тұтас бақылау бекітілген құрылымдық бөлімше үш күндік мерзімде нақты тармақтарын орындау бекітілетін Кеңсенің басқа құрылымдық бөлімшелерімен (әрбір тармақ бойынша Кеңсенің нақты құрылымдық бөлімшесіндегі орындаушы мен орындау күні көрсетіледі) келіседі және жасайды, оны Кеңсе Басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам бекітеді. Бекітілген бекіменің көшірмелері іске қосылған құрылымдық бөлімшелерге, қызметтік хат-хабар секторына және бақылау секторына жіберіледі. ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 9-1-тармақпен толықтырылды 9-1. Бақылау секторы Үкімет Регламентінде көзделген әр түрлі іс-шаралар жоспарларын бекітуді көздейтін енгізілетін Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын тіркеу алдындағы тексеру барысында жобалардың мәтіндерінде және іс-шаралар жоспарларында келіспеушіліктерді, оның ішінде негізделмеген орындау мерзімін, аяқталу нысанының дұрыс еместігін және орындаушыларды дұрыс белгілемеуді анықтаған кезде бұл жобалар әзірлеушіге тіркеусіз қайтарылады. Кеңседе тіркелген көрсетілген жобалар Басшылықтың қарауына енгізілгенге дейін бақылау секторымен келісілуге (бұрыштама соғылуға) тиіс. Басшылық кеңесшілеріне (көмекшілеріне) және қабылдау бөлмелерінің аға мамандарына мұндай жобаларды бақылау секторының келісімінсіз (бұрыштамасынсыз) қабылдауға тыйым салынады. 10. Орындаушы Президенттің және Yкіметтің бақылауға алынған әрбір кесіміне, Премьер-Министрдің өкіміне жинақтаушы папка (ic) ашады, және тіркеу-бақылау кәртішкесін толтырады. Жинақтаушы папкалардағы құжаттар мынадай тәртіппен топталады: бақылаудағы кесімнің (қаулының, өкімнің) көшірмесі; құжатты бақылаудан алу туралы анықтама; бақылаудағы құжаттың және оның жекелеген тармақтарының орындалу барысы туралы ақпарат пен басқа да құжаттар (хронологиялық тәртіппен орналастырылады). Президенттің кесімдерін, Үкіметтің қаулыларын, Премьер-Министрдің өкімдерін орындау жөніндегі құжаттар бар істер көшірілуі және олар толық шешіліп, бақылаудан алынғанға дейін Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінде сақталуы мүмкін, одан кейін мұрағатқа тапсырылады. ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 11-тармақ өзгертілді 11. Мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан келіп түсетін бақылаудағы құжаттар мен олардың жекелеген тармақтарын орындау туралы есептер Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне, ал олардың көшірмелері бақылау секторына жіберіледі. Бұл ретте есептердің төлнұсқалары құжаттың тұтастай орындалуын бақылау бекітіліп берілген Кеңсенің құрылымдық бөлімшесіне, ал олардың көшірмелері Кеңсе Басшысымен (оның міндетін атқарушы тұлғамен) немесе оның тапсырмасымен бекітілген бекітіп беруге сәйкес бақылаудағы құжаттардың жекелеген тармақтарының орындалуына жауапты құрылымдық бөлімшелерге жіберіледі. Егер орталық немесе жергілікті атқарушы органдар бақылаудағы құжаттың орындалуы туралы есептерді белгіленген мерзімде немесе толық көлемде тапсырмаса, онда нақты құжаттың орындалуын бақылауды жүзеге асыратын Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшесі мемлекеттік органдар үшін белгіленген мерзім өткеннен кейін орындалу мерзімінің бұзылу себептері туралы Басшылыққа хабарлауға және осы бақылаудағы құжаттың одан әрі орындалуы жөнінде ұсыныс енгізуге тиіс. ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300; 2005.14.04. № 358 Қаулыларымен 12-тармақ өзгертілді 12. Тұтастай алғанда, құжаттың немесе оның жекелеген тармақтарын бақылауы үшін жауапты Кеңседегі орындаушы мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан есепті алғаннан кейін құжаттың, сондай-ақ құпия сипаттағының әрбір бақылаудағы тармағы бойынша есептің орындалу уақтылылығы, толықтығы және сапасы мәніне талдау жүргізеді, оның нәтижелері бойынша нақты қорытындылар мен ұсыныстары бар анықтама дайындайды. Есептерге талдауды жүргізу мерзімі олардың Кеңседе тіркелген күнінен бастап 5 күннен аспауы тиіс. Келіп түскен ақпараттың негізінде және талдау нәтижелеріне қарай орындаушы орындалу мерзімі аяқталғанға дейін үш күннен кешіктірмей Басшылыққа: 1) Президенттің кесімдері мен тапсырмалары бойынша - оларды бақылаудан алу туралы не орындау мерзімін ұзарту туралы, не құжаттарды Үкіметтің және/немесе Премьер-Министр Кеңсесінің жұмыс бабындағы бақылауына көшіру туралы Үкіметтің Басшылығы немесе Кеңсесінің Басшысы (ол болмаса - оның міндетін атқарушы адамның) атынан Президенттің Әкімшілігіне белгіленген тәртіппен әзірленіп, негізделген хат жобасын; 2) үкіметтік шешімдер, хаттамалық шешімдер және Басшылықтың тапсырмалары бойынша - оларды бақылаудан алу, орындау мерзімін ұзарту немесе Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшесінің жұмыс бабындағы бақылауына көшіру үшін талдау нәтижелері бойынша анықтаманы және Басшылықтың тиісті қарарының жобасын әзірлеп, ұсынады. Көрсетілген құжаттардың көшірмелері оларға Басшылық қол қойғаннан кейін міндетті түрде бақылау секторына тапсырылады. 13. Оларға Басшылықтың қарарлары бар, орындалу мерзімі көрсетілген құжаттарды, соның ішінде «шұғыл» немесе «жеделдетілсін» белгісімен, не оны бақылауға қою туралы нұсқау болса немесе «баяндалсын», «ұсыныс енгізілсін» және т.с.с. белгілері бар құжаттар адресаттарға жіберілуден бұрын міндетті түрде бақылау секторына тапсырылады да, ол құжатқа «БАҚЫЛАУҒА» немесе «БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ» мөртабанын қояды да, одан кейін құжаттар нысанасына қарай жіберу үшін қызметтік хат-хабар секторына тапсырылады. ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 14-тармақ өзгертілді 14. Үкімет мәжілістері хаттамаларының жекелеген тармақтарын бақылауға қоюды Кеңсе Басшылығымен келіскеннен кейін бақылау секторы жүзеге асырады. Премьер-Министрде өткен мәжіліс хаттамаларының тармақтарын бақылауға қоюды Кеңсе Басшылығымен келісілген Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстары бойынша, ал Премьер-Министрдің орынбасарларында, Кеңсе Басшысында және оның орынбасарларында өткен мәжілістердің хаттамаларын Кеңсе Басшысының тиісті орынбасарымен келісілген ұсыныстар бойынша бақылау секторы жүзеге асырады. Бұл ретте Премьер-Министрде өткен мәжілістер хаттамаларының тармақтарын бақылауға қою туралы ұсыныстар бақылау секторына ақпаратты қағаз және магнитті (дискета) жеткізгіштерде құрылымдық бөлімшелер басшыларының (құрылымдық бөлімшелер басшыларының міндетін атқарушы тұлғалардың) қолы қойылып енгізіледі. ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 14-1-тармақпен толықтырылды 14-1. Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларын, Үкімет Бағдарламасын, Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін республиканың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша Үкімет мәжілістерінің хаттамаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын бекіту туралы Үкімет қаулыларының орындалуын бақылауды, тұтастай алғанда, Жиынтық талдау бөлімі жүзеге асырады. 15. Басшылықтың аймақтар әкімдеріне берген тапсырмаларының орындалуын бақылауды Аймақтық даму бөлімі жүзеге асырады. 16. Құпия құжаттардың орындалу мерзімдерін бақылауды Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің құпиялы іс жүргізу секторы жүзеге асырады. 17. Басшылықтың азаматтардың хаттары мен өтініштері бойынша тапсырмаларының мерзімдерін бақылауды Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің азаматтардың хаттары мен қабылдау секторы жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 17-1-тармақпен толықтырылды 17-1. Орындау мерзімі ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан бастап келесі жылдың 5 қаңтарына дейін қоса алғанда аяқталатын Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларын орындау туралы есептер (Президент Әкімшілігі Басшылығының тапсырмасына жауаптар) белгіленген тәртіппен дайындалуы және оларды Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері ағымдағы жылдың 25 желтоқсанына дейінгі мерзімде Президент Әкімшілігіне жіберуі тиіс. 18. Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі Кеңсенің Басшысымен келісім бойынша осы Нұсқаулықтың орындалуына тексеру жүргізуге және бұзылуы анықталған фактілер туралы шешім қабылдау үшін Басшылыққа баяндауға құқылы.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдарда
19. Бақылаудағы құжаттардың уақытылы әрі сапалы орындалуына, заңнамалық және нормативтік құқықтық кесімдер жобаларының әзірленуіне, олардың Қазақстан Республикасының Президенті мен Премьер-Министрдің қарауына ұсынылуы үшін жауапкершілік орталық атқарушы органдардың бірінші басшыларына, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне жүктеледі. Бұл ретте, көрсетілген органдардың басшылары бақылау жұмысын ұйымдастыруға жауапты бөлімшелер мен лауазымды адамдарды белгілейді. ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 20-тармақ өзгертілді 20. Тапсырмаларды бірнеше мемлекеттік орган орындаған жағдайда атауының жанында «(шақыру)» белгісі бар орган жауапты болып табылады. Ол қосарлы орындаушылармен келіскеннен кейін ғана орындау мерзімін ауыстыру туралы ұсыныс енгізуге құқылы. Бұл ретте, қосарлы орындаушылар оған шақыру бекітілген жауапты органға, егер тиісті тапсырмамен өзгеше белгіленбесе, ол үшін белгіленген орындау мерзіміне дейін кемінде 3 күн бұрын, ал орындау мерзімі 5 күннен кем тапсырмалар бойынша - тапсырма келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өз ұсыныстарын енгізеді. Ал, тапсырмада жауапты орындаушы белгіленбеген жағдайда, яғни «(шақыру)» белгісі болмаса, тапсырмада аталған барлық органдар тапсырма берушіге өз жауаптарын жібереді. ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 20-1-тармақпен толықтырылды 20-1. Бақылаудағы құжаттарды орындау үшін дайындалған құжаттар оларды Кеңсеге енгізгенге дейін ведомстволық бақылау қызметтерімен оларда Басшылық тапсырмаларына сілтемелердің болуы, олардың ресімделуінің дұрыстығы, сондай-ақ Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдері жобаларының мәтіндерінде және оларда бекітілетін іс-шаралар жоспарларында келіспеушіліктердің жоқтығы мәніне келісілуі (бұрыштама қойылуы) тиіс. ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 20-2-тармақпен толықтырылды 20-2. Үкімет мәжілістерінің және Премьер-Министрде өтетін кеңестердің хаттамаларындағы тапсырмаларды орындау туралы есептерді мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар, егер тапсырмада өзгеше белгіленбесе, оларды орындау мерзімі аяқталғанға дейін 3 күннен кешіктірмей, ал орындау мерзімі 5 күннен кем тапсырмалар бойынша - тиісті хаттама келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Кеңсеге ұсынады. ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 20-3-тармақпен толықтырылды 20-3. Орындау мерзімі ағымдағы жылдың 20 желтоқсанынан бастап келесі жылдың 5 қаңтарына дейін қоса алғандағы кезеңде аяқталатын бақылаудағы құжаттардың орындалуы туралы есептер Кеңсеге ағымдағы жылдың 20 желтоқсанына дейінгі мерзімде ұсынылуы тиіс. ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен 21-тармақ жаңа редакцияда 21. Бақылаудағы құжаттарды бақылаудан алу, орындалу мерзімдерін ұзарту мен орындалуы туралы жауаптарды (есептерді) ұсыну Қазақстан Республикасы Yкіметінің Регламентіне сәйкес жүзеге асырылады. 22. ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен алып тасталды 23. ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен алып тасталды 24. ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен алып тасталды 25. ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен алып тасталды
Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысымен БЕКІТІЛГЕН
ҚР Үкіметінің 2007.05.14. № 382 қаулысымен мәтін және тақырыб өзгертілді (бұр.ред.қара)
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олардың орындалуын бақылау тәртібі туралы НҰСҚАУЛЫҚ
ҚР Үкіметінің 2007.05.14. № 382 қаулысымен 1-тармақ өгертілді (бұр.ред.қара) 1. Осы Нұсқаулық «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне (бұдан әрі - Кеңсе) келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін реттейді. 2. Осы Нұсқаулықтың сақталуын бақылауды Кеңсенің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2007.05.14. № 382 қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін өтініштер Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінде (бұдан әрі - Бөлім) тіркеледі және өз құзыреті шегінде құқықтық статистика мен арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгіленген тәртіппен есепке алуға (бұдан әрі - Есепке алу ережесі) жатады. ҚР Үкіметінің 2007.05.14. № 382 қаулысымен 4-тармақ өгертілді (бұр.ред.қара) 4. Бөлімде Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының (бұдан әрі - депутаттар) қоса жеке және заңды тұлғалардың хаттары тіркеліп, оларды қарау туралы өтінімі бар жазбаша өтініштері ғана тіркеледі. 5. Егер бірінші хатты тіркеген уақыттан бастап заңнамада белгіленген қарау мерзімі аяқталса немесе өтініш беруші өзінің хаты бойынша шешім қабылданғанмен келіспесе, сол адамнан сол бір мәселе бойынша келіп түскен хат қайталама болып саналады. Сол автордың әр түрлі мәселелер бойынша хаттары бастапқы болып саналады. Олар бойынша авторға толымды жауап берілген сол бір мәселе бойынша көп мәрте келген хаттар қайталама болып саналмайды және қаралмайды. Автор күнтізбелік бір жылдың ішінде сол бір мәселені қоятын қайталама өтініштерге «екінші», «үшінші» деп және одан әрі көрсетіле отырып, бастапқы өтініштің тіркеу нөмірі қойылады, ал «қайталама» деген белгісі бар есеп кәртішкесі бастапқысы мен бірге ағымдағы жылдың картотекасына орналастырылады. Қайталама өтініштерге оның алдындағы өтініштерді қарау материалдары қосып қойылады. Кеңсенің Бөлімде немесе құрылымдық бөлімшелерінде толымды жауаптары бар бұрын қаралған қайталама хаттар қосымша қарауға жатпайды, өтініш берушіге бес күндік мерзімде бұл туралы хабарланады. ҚР Үкіметінің 2007.05.14. № 382 қаулысымен 6-тармақ өгертілді (бұр.ред.қара) 6. Хаттар мазмұнына қарай Премьер-Министрге, оның орынбасарларына, Кеңсе Басшысына немесе оның орынбасарларына (бұдан әрі - Басшылық) баяндалады немесе Бөлім алдын ала қарау және Басшылық қарарын дайындау үшін Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріне береді не олардың құзыретіне сәйкес орталық және жергілікті атқарушы және өзге да органдардың атына жолдайды. Жеке және заңды тұлғалардың хаттарын Кеңсенің бір құрылымдық бөлімшесінен екіншісіне беру тек олардың басшыларының келісімі бойынша есеп кәртішкесінде тиісті белгі жасалып, Бөлім арқылы жүргізіледі. ҚР Үкіметінің 2007.05.14. № 382 қаулысымен 7-тармақ өгертілді (бұр.ред.қара) 7. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері орталық және жергілікті атқарушы және өзге де органдардың атына олар құзыретіне сәйкес қарауы үшін Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі немесе оның орынбасары қол қойған ілеспе хатпен бірге дереу жіберіледі. ҚР Үкіметінің 2007.05.14. № 382 қаулысымен 8-тармақ өгертілді (бұр.ред.қара) 8. Жеке және заңды тұлғалардың хаттары Басшылықтың оларға тапсырмаларымен бірге тиісті орындаушылардың мекен-жайына жіберілер алдында хат пен тапсырмалардың түпнұсқалары Бөлімге беріледі, ал қажет болған жағдайда оларды бақылауға алады. Бөлім Басшылықтың жеке және заңды тұлғалардың хаттарына Кеңсеге жауап ұсынуды талап ететін «баяндалсын», «хабарласын» деген және басқа да нақты мерзімдері көрсетілген белгісі бар тапсырмаларын бақылауға алады, бұл ретте хаттар мен кәртішкелерге «БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ («Взято на контроль») және «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жауаппен бірге қайтарылуға жатады» («Подлежит возврату в Канцелярию Премьер-Министра Республики Казахстан вместе с ответом») деген мөртабандар қойылады. 9. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріне жіберілген хаттардың орындалуын бақылау олардың басшыларына жүктеледі. Егер хатты қарау Кеңсенің бірнеше құрылымдық бөлімшелеріне тапсырылса, онда қарарда бірінші көрсетілген не атауының тұсында «(шақыру)» деген белгі тұрған бөлімше орындалуын бақылау үшін жауапты болып табылады. 10. Басшылық нұсқауы бойынша хатты қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, ол қосымша бақылауға алынады, хат есеп кәртішкесінің тыс жағына Бөлім бұл туралы белгі қояды және компьютерлік дерекқорға тиісті түзету енгізіледі. ҚР Үкіметінің 2007.05.14. № 382 қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 11. Жеке және заңды тұлғалардың хаттарына Басшылық тапсырмаларының орындалу мерзімі олардың Кеңседе тіркелген күнінен бастап есептеледі және былайша белгіленеді: 1) 15 күнтізбелік күннен аспайды, мемлекеттік органдардан мемлекет жүз пайыз қатысатын немесе мемлекеттік тапсырыстың және (немесе) мемлекеттік сатып алудың шарттарына сәйкес (бұдан әрі - субъектілер) тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) ұсынатын заңды тұлғалардан ақпарат алуды не жергілікті жерлерге барып тексеру жүргізуді талап етпейтін; |