Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және (2008.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 10 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бөлім. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс (1 - 36 баптар) қызметін мемлекеттік реттеу 1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 6 баптар) 2-тарау. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін (7 - 13 баптар) жүзеге асырған кезде мекендейтін және тіршілік ететін қолайлы ортаны қамтамасыз ету 3-тарау. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі (14 - 17 баптар) субъектілерінің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі 4-тарау. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс (18 - 27 баптар) саласындағы мемлекеттік басқару 5-тарау. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс (28 - 30 баптар) саласындағы мемлекеттік нормативтер 6-тарау. Сәулет-құрылыс бақылауы (31 - 36 баптар) 2-бөлім. Сәулет және қала құрылысы (37 - 64 баптар) 7-тарау. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры (37 - 40 баптар) 8-тарау. Аумақтарды дамытудың және оларға құрылыс (41 - 59 баптар) салудың қала құрылысын жоспарлау 9-тарау. Қала құрылысы және сәулет-құрылыс (60 - 64 баптар) құжаттамасы 3-бөлiм. Құрылыс (65 - 79 баптар) 10-тарау. Құрылыс процесін мемлекеттік реттеу (65 - 72 баптар) 11-тарау. Құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдау (73 - 79 баптар) Осы Заң Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың арасында туындайтын қатынастарды реттейді және адамның мекендейтін және тіршілік ететін толымды ортасын қалыптастыруға, елді мекендер мен қонысаралық аумақтарды тұрақты дамытуға бағытталған.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік реттеу
1-тарау. Жалпы ережелер
2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2005.12.04. № 38-III Заңдарымен 1-бап өзгертілді ; 2006.11.12. № 204-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) ; 2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) авторлық қадағалау - бұл автордың: сәулет және қала құрылысы туындысының авторы (авторлары) жүзеге асыратын құрылыс жобасының (құрылыс құжаттамасының) әзірленуіне; сәулет немесе қала құрылысы туындысының авторын (авторларын) қоса алғанда, әзірлеушілер жүзеге асыратын құрылыс жобасының іске асырылуына бақылау жүргізуді жүзеге асыру жөніндегі құқықтылығы. Авторлық бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады; 2) адам мекендейтін орта - адам тұратын орта. Мекендеу ортасы мыналарды қамтиды: қоршаған орта - атмосфералық ауаны, Жердің озон қабатын, жер беті мен жер асты суларын, жерді, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ олардың өзара әрекетіндегі климатты қоса алғанда, табиғи және жасанды объектілер жиынтығы; сәулеттік-ландшафтық орта - адам шаруашылық қызметті және басқа да функцияларды жүзеге асыратын, табиғи жағдайлар мен сәулеттік нысандар ұштастырылған кеңістік. Әдетте, бұл елді мекендер ортасы, ол адамның өмір сүру жағдайлары мен психикалық-физикалық жай-күйін айқындайды; ішкі орта - тұрғын үй-жайлардағы өмір сүру жағдайларының және жұмыс (өндіріс) үй-жайларындағы еңбек жағдайларының кешені, ол әлеуметтік, эстетикалық, биологиялық, психологиялық және физикалық-химиялық факторларды, соның ішінде табиғи радиацияны, сыртқы шуды, биотикалық төңіректі, ауаның ластануын, ылғалдылығын, құрамы мен ауысуын, иістерді, жанған өнімдерді, табиғи және жасанды жарықты, судың тазалығын және басқаларды қамтиды; 3) айрықша реттеу және қала құрылысын регламенттеу объектілері - аумақтарды, елді мекеннің, жылжымайтын мүліктің жекелеген объектісінің аумағын пайдаланудың арнаулы ережелері (тәртібі) енгізілмей, жалпыға бірдей қабылданған ережелерге (тәртіпке) ерекшеліктер белгіленбей не оларға толықтырулар енгізілмей жүзеге асырылуы қиындаған немесе мүмкін болмайтын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің объектілері; 4) антропогендік әсер ету - табиғатқа, қоршаған ортаға, елді мекенге адам қызметінің түрлі ықпал ету нәтижесінде туындаған оң және теріс әсер етулер. Теріс әсер тигізілген жағдайда табиғат қорғау шараларын қолдану қажеттігі туындайды; 5) аумақтарды аймақтарға бөлу - қала құрылысын жоспарлау кезінде жекелеген аймақтарды қала құрылысына пайдалану түрлері мен оларды пайдалану жөніндегі мүмкін болатын шектеулерді белгілей отырып аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлу; 6) аяқталмаған құрылыс - пайдалануға беру үшін тапсырысшы белгіленген тәртіппен қабылдамаған және мақсатына қарай (тұру, қызмет көрсету, өнім шығару, пайда алу және пайдаланудың басқа да түрлері) пайдаланылмайтын құрылыс объeктici; 7) ғимарат - табиғи немесе жасанды кеңістік шекаралары бар және өндірістік процестерді орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға немесе адамдарды, жүктерді уақытша орналастыруға (орын ауыстыруға), сондай-ақ жабдықтарды немесе коммуникацияларды орналастыруға (төсеуге, жүргізуге) арналған жасанды жасалған ауқымды, тегістікті немесе желілік объект (жер үсті, су беті және (немесе) жер асты, су асты). Ғимарат көркемдік-эстетикалық, әшекей-қолданбалы не мемориалдық мақсатта да болуы мүмкін; 8) елді мекеннің аумағы - қалалық немесе селолық елді мекеннің белгіленген шекара (ішкі аумағы) шегіндегі кеңістік; 9) елді мекеннің бас жоспары - аймақтарға бөлуді, оның аумағының жоспарлы құрылымы мен функционалдық ұйымдастыруды, көлік және инженерлік коммуникацияларды, көгалдандыру мен абаттандыру жүйелерін белгілейтін, қаланы, кентті, ауылды (селоны) не басқа да қонысты дамыту мен салуды кешенді жоспарлаудың қала құрылысы жобасы; 10) жергілікті маңызы бар объект - қаржыландыру көздеріне қарамастан, жоспарлануы, жобалануы және құрылысы аталған облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) міндеттерін орындаумен байланысты және стратегиялық немесе өзге де маңызды жалпымемлекеттік міндеттерді шешу мақсаты жоқ объект; 11) жоба - жеке және заңды тұлғалардың немесе мемлекеттің сәулет, қала құрылысы және құрылыс құжаттамасы (сызбалар, графикалық және мәтіндік материалдар, инженерлік және сметалық есептеулер) нысанында ұсынған, адамның мекендеуі мен тіршілік етуінің қажетті жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі түпкі ойы; 12) жобалау алдындағы құжаттама - қала құрылысы, сәулет жобаларын, құрылыс жобасын әзірлеу алдында жасалатын және бағдарламаларды, есеп берулерді, құрылыстың техникалық-экономикалық негіздемелерін, техникалық-экономикалық есептерді, ғылыми зерттеулер мен инженерлік ізденістер нәтижелерін, технологиялық және конструкциялық есептерді, нобайларды, макеттерді, өлшемдер мен объектілерді зерттеу нәтижелерін, сондай-ақ жобалау құжаттамасын әзірлеу және жобаларды кейіннен іске асыру туралы шешімдер қабылдауға қажетті өзге де бастапқы деректер мен материалдарды қамтитын құжаттама; 13) жобалау құжаттамасы: аумақты көгалдандыру жобаларын, оны сыртқы безендіруді, монументтік немесе әшекей өнер туындыларын орналастыруды және орнатуды (тұрғызуды); қала құрылысының жобаларын - аумақтар мен елді мекендерді немесе олардың бөліктерін ұйымдастыруды, дамыту мен салуды кешенді қала құрылысын жоспарлау жөніндегі түпкі ойдан (Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы, аумақты дамытудың аймақаралық схемалары, аумақтарды қала құрылысына жоспарлаудың кешенді схемалары, елді мекендердің бас жоспарлары, нақты жоспарлау жобалары, өнеркәсіп аймақтарын жоспарлау жобалары, құрылыс салу жобалары, объектілер мен кешендердің бас жоспарлары, абаттандыру және көгалдандыру жобалары, өзге де жоспарлау жобалары) тұратын жобаларды; құрылыс жобасын (құрылыстық жобаны) - көлемдік-жоспарлық, конструкциялық, технологиялық, инженерлік, табиғат қорғау, экономикалық және өзге де шешімдерді қамтитын жобалау (жобалау-смета) құжаттамасын, сондай-ақ құрылысты ұйымдастыру мен жүргізуге, аумақты инженерлік жағынан дайындауға, абаттандыруға арналған сметалық есептеулерді қамтиды. Құрылыс жобаларына аяқталмаған объектілер құрылысын консервациялау және өз ресурсын тауысқан объектілерді кейіннен кәдеге жарату жобалары да жатады; сәулеттік түпкі ойы бар сәулет жобасын - жобалауға сәулетшінің қатысуы қажет болатын ғимарат (монумент) тұрғызудың жеке жобасын немесе объектінің сәулет-көркемдік, композициялық және көлемдік-жоспарлау шешімдерін қамтитын, әлеуметтік, экономикалық, функционалдық, технологиялық, инженерлік-техникалық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы, санитарлық-гигиеналық, экологиялық және өзге де талаптарды ескеретін және құрылыс жобасын немесе құрылыс объектісіне арналған өзге де құжаттаманы әзірлеу үшін қажетті көлемде орындалған жобалау (жобалау-смета) құжаттамасының бір бөлігін қамтиды; 14) жобалардың мемлекетаралық сараптамасы - объектінің құрылысы туралы халықаралық шартқа қатысушы екі және одан да көп мемлекеттің мүддесін білдіретін жобаларды сараптаудың міндетті нысаны; 15) жобалардың мемлекеттік сараптамасы - жобаларды (жобалау алдындағы немесе жобалау-смета құжаттамасын) кешенді бағалаудың міндетті нысаны, ол функцияларын қайталауға жол бермейтін бірыңғай мемлекеттік жүйе болып табылады. Жобалардың мемлекеттік сараптамасын Қазақстан Республикасының Yкіметі қандай да бір өзге қызметті жүзеге асыру құқығынсыз уәкілеттік берген заңды тұлға жүзеге асырады; 16) жобалар сараптамасы - тапсырысшының (инвестордың) жобаны инвестициялаудың орындылығы және оны іске асыру туралы шешім қабылдауының алдындағы жобалаудан бұрынғы немесе жобалау құжаттамасын әзірлеу кезеңі. Сараптама инвестициялар құжаттамасына талдау жүргізуге және оның тиімділігін белгілеуге, сондай-ақ жобалардың сапасын олардың мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделерді, адамның тіршілік етуіне қолайлы және қауіпсіз жағдайлар жасауды, жобаланып отырған объектілердің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік нормативтердің шарттары мен талаптарына сәйкестігін не сәйкес еместігін белгілеу жолымен бағалауға келіп саяды; 17) жұмыс комиссиясы - нәтижелерін мемлекеттік қабылдау комиссиясына ұсыну үшін объектінің дайындығына кешенді тексеру жүргізетін уақытша алқалы орган; 18) инженерлік инфрақұрылым - адамдардың тіршілік етуі, сондай-ақ өндірістің немесе тауарлар мен көрсетілетін қызмет айналымының тұрақты жұмыс істеуі үшін қалыпты жағдай туғызатын кәсіпорындардың (ұйымдардың), объектілердің (ғимараттар мен құрылыстардың), инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету коммуникацияларының және желілерінің жиынтығы; 19) көлік инфрақұрылымы - көпір, тоннель және өзге де көлік құрылыстарының, жол тарамдары мен жол өткізгіштерінің, реттеуші белгі беру құрылғыларының, байланыстың, көлік жұмысының инженерлік қамтамасыз ету, жүктерді, жолаушыларды тасымалдайтын көлік құралдарына қызмет көрсету, өндірістік және қызмет көрсетуші адамдардың функционалдық қызметін қамтамасыз ететін объектілердің, қойма үй-жайлары мен аумақтардың, санитарлық-қорғаныш және күзет алаңдарының, сондай-ақ көрсетілген бағыттағы жолдарға және жылжымайтын мүлік объектілерін қамтитын объектілерге заңдарда бекітілген жерлердің кешені бар жерүсті (автомобиль және (немесе) темір) жолдарының, су (теңіз және (немесе) өзен) жолдарының жиынтығы; 20) қабылдау комиссиясы - объектінің (кешеннің) дайындығына кешенді тексеру, технологиялық жабдықтар мен инженерлік жүйелерге бақылаушылық сынақ жүргізетін және салынған объектіні пайдалануға қабылдайтын уақытша алқалы орган; 21) қалалық аймақтарға бөлу - елді мекеннің аумағын олардың функционалдық мақсатына сәйкес бөлу (тұрғын, қоғамдық, өнеркәсіптік, рекреациялық және басқа да функционалдық аймақтар); 22) қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасы - аумақтарды ұйымдастыру, аумақтар мен елді мекендерді дамыту мен салудың қала құрылысын жоспарлау, объектілерді салу (кеңейту, жаңғырту, техникамен қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына келтіру, күрделі жөндеу, консервациялау және кейіннен кәдеге жарату), сондай-ақ құрылысты ұйымдастыру, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру, көгалдандыру, сыртқы безендіру үшін қажетті (жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын, мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттарды қоса алғанда) өзара байланысты құжаттардың жүйесі; 23) қала құрылысы кадастрының есептеу бірліктері - тұтастай Қазақстан Республикасы, облыстар, аудандар, елді мекендер аумағының, ауқымды, жайпақ және желілік құрылыстардың барлық түрлерін қоса алғанда, жылжымайтын мүлік объектілерінің ұйымдастырылған және пайдаланылған элементтері; 24) қала құрылысының кеңістігі - адамның (ел, аймақ, елді мекен, елді мекен бөлігі халқының) мекендейтін және тіршілік ететін материалдық ортасы қалыптасатын қала құрылысын реттеу аумағы; 25) қала құрылысы қызметі (бұдан әрі - қала құрылысы) - қала құрылысын жоспарлаудағы қала құрылысы кеңістігін қалыптастырудың, қала құрылысы жобасын жасаудың, қала құрылысы құжаттамасының барлық сабақтас бөлімдерін үйлестірудің шығармашылық процесін қамтитын, аумақтар мен елді мекендерді ұйымдастыру мен дамыту, аумақтарды қала құрылысына пайдалану түрлерін анықтау, қалалар мен селолық елді мекендерді кешенді жоспарлау жөніндегі қызмет; 26) қала құрылысының регламенттері - аумақтарды (жер учаскелерін) және басқа да жылжымайтын мүлік объектілерін пайдаланудың, сондай-ақ олардың жай-күйінің заңнамада белгіленген тәртіппен жол берілетін кез келген өзгерістерінің режимдері, рұқсаттары, шектеулері (ауыртпалық салуды, тыйым салу мен сервитуттарды қоса алғанда). Қала құрылысының регламенттері мемлекеттік нормативтерге сәйкес орындалған қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасымен белгіленеді. Қала құрылысы регламенттерінің қолданылуы олар үшін белгіленген мерзім шегінде шектеледі; 27) қала құрылысын реттеу аумағы - шегінде қандай да болсын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі жүзеге асырылатын аумақ; 28) қаупі ықтимал құрылыс объектілері - функционалдық мақсаты, технологиялық өндірістік процестері, пайдалану сипаттамалары бойынша адам өмірі мен денсаулығына зиян, орны толмас нұқсан келтіретін, басқа да объектілердің тұрақты жұмыс істеуін бұзатын техногендік және (немесе) экологиялық зілзалалар (авариялар) қатері бар объектілер; 29) қонысаралық аумақтар - елді мекендердің шекарасынан (шегінен) тыс жатқан аумақтар; 30) қоныстану аумағы - тұрғын үй, қоғамдық (қоғамдық-іскерлік) және рекреациялық аймақтарды, сондай-ақ инженерлік және көлік инфрақұрылымдарының жекелеген бөліктерін, басқа да объектілерді орналастыруға арналған, орналастырылуы мен қызметі арнаулы санитарлық-қорғаныш аймақтарын талап ететіндей әсер етпейтін елді мекен аумағының бір бөлігі; 31) құрылыс қызметі (бұдан әрі - құрылыс) - жаңа объектілер салу және (немесе) бар объектілерді (үйлерді, ғимараттар мен олардың кешендерін, коммуникацияларды) өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникамен қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына келтіру, күрделі жөндеу), олармен байланысты технологиялық және инженерлік жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу), құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларын дайындау (өндіру), сондай-ақ аяқталмаған объектілер құрылысын консервациялау мен өз ресурстарын тауысқан объектілерді кейіннен кәдеге жарату жұмыстарын жүзеге асыру жолымен өндірістік және өндірістік емес негізгі қорларды құру жөніндегі қызмет; 32) құрылыс-монтаж жұмыстары - құрылыс қызметі, ол: жер жұмыстарын және топырақтағы арнаулы жұмыстарды; үйлер мен ғимараттардың (оның ішінде көпірлер, көлік эстакадалары, тоннельдер мен метрополитендер, жол құбырлары, құбыр өткізгіштер, өзге де жасанды құрылыстар) тіреу және (немесе) қоршау конструкцияларын салуды; желілік құрылыстарды төсеу жөніндегі арнаулы құрылыс және монтаж жұмыстарын; сыртқы инженерлік желілер мен құрылыстар, сондай-ақ ішкі инженерлік жүйелер орнатуды; конструкциялар мен жабдықтарды қорғау және өңдеу жөніндегі жұмыстарды; автомобиль және темір жол құрылысын; технологиялық жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу), іске қосу-жөндеу жөніндегі жұмыстарды қамтиды; 33) құрылыс өнімі - сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметінің аралық және (немесе) түпкілікті нәтижесі; 34) құрылыс өнімінің сапасы (объектінің сапасы) - қызметтің (пайдалануға берудің, пайдаланудың, қолданудың) бүкіл мерзімі бойында меншік иелерінің (пайдаланушылардың) және тұтас алғанда қоғамның мүдделері мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған талаптарды білдіретін, тұтынушыларға жеткізілген түпкілікті құрылыс өнімі сипаттамаларының (эстетикалық сипаттаманы қоса алғанда) жиынтығы; 35) құрылыс салуды реттейтін сызық (құрылыс салу сызығы) - қызыл және сары сызықтардан немесе жер учаскесі шекарасынан шегіндіре отырып, үйлерді (ғимараттарды, құрылғыларды) орналастыру кезінде белгіленетін құрылыс салу шекарасы; 36) қызыл сызық - елді мекендерді жоспарлау құрылымындағы кварталдардың, шағын аудандардың, өзге элементтердің аумағын көшеден (жолдардан, алаңдардан) бөліп тұратын шекара. Әдетте қызыл сызық құрылыс салу шекарасын реттеу үшін қолданылады; 37) макет - жоспарланып отырған аумақтардың, жобаланып отырған объектілердің, олардың жекелеген элементтерінің, сондай-ақ үй-жайлар интерьерлерінің кеңістіктегі өлшемдестігін немесе құрылыстардың ішкі кеңістігін белгілеу мақсатында көлемді нысандағы (түгелдей көрсете отырып немесе шартты түрде) масштабқа қатаң сәйкес келетін етіп орындалған иллюстрациялық (көрнекі) материал. Макет ретінде компьютерлік кеңістіктік модельдеудің бейнематериалдары пайдаланылуы мүмкін; 38) мемлекеттік қала құрылысы кадастры - қала құрылысы регламенттерін, қала құрылысы, сәулет және құрылыс қызметі аумағын оның пайдаланылу режимінің әлеуметтік-құқықтық белгілері, инженерлік-техникалық қамтамасыз етілу деңгейі, онда орналасқан объектілердің параметрлері мен жай-күйі, сондай-ақ табиғи-климаттық жағдайлары мен экологиялық жай-күйі бойынша сипаттайтын картографиялық, статистикалық және мәтіндік ақпаратты қамтитын сан және сапа көрсеткіштерінің мемлекеттік жүйесі; 39) мемлекеттік нормативтер (мемлекеттік нормативтік құжаттар) - адамның мекендеуі мен тіршілік етуіне қолайлы, қауіпсіз және басқа да қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілер, нормативтік-техникалық құжаттар, өзге де міндетті талаптар, шарттар мен шектеулер жүйесі; 40) нобай (нобайлық жоба) - жобалық (жоспарлық, кеңістіктік, сәулеттік, технологиялық, конструкциялық, инженерлік, әшекейлік немесе басқа) шешімнің оңайлатылған, схема, сызба, бастапқы сұлба (сурет) нысанында орындалған және осы шешімнің түпкі ойын түсіндіретін түрі; 41) объектінің бас жоспары - құрылыс объектісі (үй, ғимарат, кешен) жобасының оны аумаққа (учаскеге) орналастыру, көлік коммуникацияларын, инженерлік желілерді төсеу (жүргізу), учаскені инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, шаруашылық қызметін көрсетуді ұйымдастыру мәселелерін және жобаланып отырған объектінің орналасатын жеріне байланысты өзге де іс-шараларды кешенді шешу қамтылатын бөлігі; 42) объектіні кейіннен кәдеге жарату - күрделі құрылыстың (үйдің, ғимараттың, кешеннің) пайдаланылуы (пайдалану, қолдану) тоқтатылғаннан кейін кәдеге асатын элементтерін (конструкцияларды, материалдарды, жабдықтарды) бір мезгілде қалпына келтіріп және қайталап пайдаланып, сондай-ақ кәдеге аспайтын элементтер мен қалдықтарды өңдей отырып, бөлшектеп алу және бұзу жөніндегі жұмыстар кешені; 43) объектілер мониторингі - сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерінің жай-күйі мен өзгерістерін байқау жүйесі; 44) объектінің техникалық күрделілігі - объектінің функционалдық қызметіне, оның тірек және қоршау конструкцияларының ерекшеліктеріне, қабаттар (конструкциялық қатарлар) санына, сейсмикалық қауіптілігіне немесе салынатын жерінің (ауданының) өзге де айрықша геологиялық, гидрогеологиялық, геотехникалық жағдайларына қарай мемлекеттік және (немесе) мемлекетаралық (халықаралық) нормативтермен белгіленетін, табандары мен конструкцияларының сенімділігі мен беріктігіне қойылатын техникалық талаптардың дәрежесі бойынша құрылыс объектісінің жауапкершілік деңгейі, олар: жауапкершіліктің бірінші деңгейі - күшейтілген; жауапкершіліктің екінші деңгейі - қалыпты; жауапкершіліктің үшінші деңгейі - төмендетілген болып бөлінеді; 45) республикалық маңызы бар объект - жоспарлануы, жобалануы және салынуы қаржыландыру көздеріне қарамастан, облысаралық, жалпы республикалық, мемлекетаралық (халықаралық) маңызы бар және екі және одан көп облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мүдделерін немесе Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің мүдделерін қозғайтын, стратегиялық немесе өзге де маңызды жалпымемлекеттік міндеттерді шешумен байланысты объект; 46) салынып жатқан объектілерді консервациялау - құрылысы аяқталмаған объект конструкцияларының, материалдары мен жабдықтарының оны салудың уақытша тоқтатылуы кезеңінде сақталуы мен сапалық сипаттамаларын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешені; 47) санитарлық-қорғаныш аймағы - арнаулы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ өнеркәсіп орындары мен елді мекендегі басқа да өндірістік, коммуналдық және қоймалық объектілерді жақын маңдағы қоныстану аумақтарынан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы үйлер мен ғимараттардан оларға қолайсыз факторлардың әсер етуін әлсірету мақсатында бөліп тұратын аумақ; 48) сары сызық - жойқын жер сілкіністері, өзге де табиғи немесе техногендік сипаттағы зілзалалардың салдарынан үйлердің (ғимараттардың, құрылыстардың) үйінділерге (қиратындыларға) айналуы барынша мүмкін болатын аймақтар шекарасы. Әдетте сары сызық үйлер мен ғимараттар арасындағы қашықтықты реттеу үшін қолданылады; 49) сәулет-жоспарлау тапсырмасы - объектінің мақсатына, негізгі өлшемдеріне және оны нақты жер учаскесіне (алаңға, трассаға) орналастыруға қойылатын талаптар кешені, сондай-ақ осы елді мекен үшін қала құрылысының регламенттеріне сәйкес белгіленетін, жобалау мен құрылысқа қойылатын міндетті талаптар, шарттар мен шектеулер. Бұл ретте, түсі жөніндегі шешім мен үйлердің (ғимараттардың) қасбеттерін әрлеу материалдарын пайдалану, көлемдік-кеңістіктегі шешім бойынша талаптар белгілеуге жол берілмейді; 50) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік қызметтер көрсету - оңтайлы жобалық көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатымен құрылыстың дайындығын және жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін қызметтер кешенін көрсету; |