Зеленов, Теректі, Тасқала және Бөрлі аудандарының аумағында карантин аймағын белгілеу туралы (2007.11.06. берілген өзгерістермен)
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 14 тамыздағы № 187 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және «Өсімдіктер карантині туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, Зеленов, Теректі, Тасқала және Бөрлі аудандары аумағында карантиндік арам-шөп ошақтарын оқшаулау және жою мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2007.11.06. № 104 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Осы қаулыға қосымшадағыға сәйкес Зеленов, Теректі, Тасқала, Бөрлі және Сырым аудандарының ауылдық округтері аумағындағы карантиндік арам-шөп ошақтарында карантин аймағы белгіленсін. Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2007.11.06. № 104 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді 2. Зеленов, Теректі, Тасқала, Бөрлі және Сырым аудандарының карантин аймағынан тыс жерлерге зақымдалған карантинге жататын өсімдік тектес өнімдерді әкетуге шектеу қойылсын. Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2007.11.06. № 104 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді 3. Зеленов, Теректі, Тасқала, Бөрлі және Сырым аудандарының әкімдері мыналарды қамтамасыз етсін: 1) тұрғындарға және ауылшаруашылығы құрылымдарының басшыларына карантин режимі жарияланғандығы және карантиндік объектілерді жою жөніндегі шаралар туралы хабарласын; 2) аудандардың тиісті аумақтарында карантиндік іс-шараларды ұйымдастырсын және жүргізсін; 3) өсімдік карантині мамандарына анықталған ошақтарды зерттеу, оқшаулау және жою жөніндегі шараларды жүргізуде көмек көрсетсін; 4) осы қаулыны іске асыру жөнінде басқа да қажетті шараларды алсын. 4. Облыс әкімдігінің «Зеленов ауданының аумағында карантин аймағын белгілеу туралы» 2005 жылғы 25 мамырдағы № 171 қаулысы бұзылсын. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б. С. Садықовқа жүктелсін.
Облыс әкімінің міндетін атқарушы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|