Техникалық құралдардың өлшем құралдарына тиістілігін белгілеу ережесін бекіту туралы (2013.28.01. берілген өзгерістермен)
ҚР Сауда және интеграция министрінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 143 бұйрығымен күші жойылды
«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңының 5-бабы 2-тармағы 16) тармақшасын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берілген Техникалық құралдардың өлшем құралдарына тиістілігін белгілеудің ережелері бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті: 1) белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін; 2) мемлекеттік тіркеуден кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Төрағасы Ғ.М. Мұхамбетовке жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Индустрия және сауда министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы № 312 бұйрығымен бекітілген
Техникалық құралдардың өлшем құралдарына тиістілігін белгілеу ережелері
Осы Техникалық құралдардың өлшем құралдарына тиістілігін белгілеу ережелері «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес әзірленген және техникалық құралдардың өлшем құралдарына тиістілігін белгілеу тәртібін (бұдан әрі - Ережелер) анықтайды және техникалық құралдардың өндірушілері, жеткізушілері және пайдаланушылары болып табылатын жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|