| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы (2010.20.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін. 2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2340 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2010 — 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
I. Миссиясы мен пайымдауы
Миссиясы Туризм, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында тиімді мемлекеттік басқаруды және салааралық, өңіраралық үйлестіруді қамтамасыз ету. Пайымдауы Қазақстанның халықаралық туристік қоғамдастыққа Орталық Азия өңіріндегі туризмнің көшбасшысы ретінде бірігуі және бәсекеге қабілетті спорттық ұлтты қалыптастыру.
2008 жылы министрліктің қызметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын, Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бағытталды. Туризм саласында Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың бірінші жылының қорытындысы бойынша туристік қызмет көрсеткіштерінің тұрақты өсу үрдісінің сақталғаны байқалады. Айталық, 2008 жылдың қорытындысы бойынша 2007 жылмен салыстырғанда тұтастай республика бойынша туристердің саны 3,1 %-ға көбейді. Туризм түрлері бойынша туристік индустрияның түрлі бағыттағы даму үрдістері байқалады: 2007 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда сыртқа шығушы туристер саны 15,4 %-ға артты және 5 242,6 мың адамды құрады, ішкі туризмдегі келушілер саны 8,2 %-ға артты және 4 254,1 мың адамды құрады. Көрсетілген қызметтердің жалпы көлемі 22,6 %-ға артты және 66 045,9 млн. теңгені құрады, сатылған жолдамалар құны 16 926, 8 млн. теңгені құрады. Есепті кезеңде туристік қызметпен айналысатын 1163 туристік фирма және 64 жеке кәсіпкер 497,1 мың келушіге қызмет көрсетті, бұл экономикадағы әлемдік жағдайдың салдарынан 2007 жылғы деңгеймен салыстырғанда 12,3 %-ға кем. Туристік индустрия субъектілерінің туристік қызметінен түскен жалпы табыс 2008 жылы 66,6 млрд. теңгені құрады және бюджетке аударылған салық сомасы 9,3 млрд. теңгені құрады. Республикада қолданыстағы қонақ үй шаруашылығының 1149 кәсіпорны 2 576,2 мың адамға қызмет көрсетті және 50 559,4 млн. теңгеге қызмет көрсетті. Есепті кезеңнің қорытындылары бойынша орналастыру объектілерінде 29 504 нөмір бар, олардың біржолғы сыйымдылығы 64 377 төсек-орынды құрады. Алайда, әлемдік экономикалық дағдарыс және әлеуетті туристердің сатып алу мүмкіндігінің төмендеуі республикаға келу санына кері әсерін тигізді, осылайша, 2008 жылдың қорытындысы бойынша 2007 жылмен салыстырғанда сырттан келушілер туризмі 11,1 %-ға азайды және 4 721,5 мың адамды құрады. Елімізде қазақстандық және шетелдік азаматтардың әр түрлі туристік қызметтерге деген сұраныстарын қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы аса тиімді және бәсекеге қабілетті туристік кешенді іске асыруға жағдай жасалып жатыр, ұлттық туристік өнімнің сапасын қамтамасыз ету үшін стандарттар әзірленді және қабылданды. Қазақстан Республикасында туризмнің материалдық-техникалық базасын дамытуға инвестиция тарту үшін шарттар анықталды. Туризм және спорт саласының аясында ерлер және әйелдердің тең құқығы және тең мүмкіндіктері олардың өзіндік ерекшеліктері есепке алына отырып, табысты іске асып жатқандығын атап өткен жөн: туризм индустриясында туристік ұйымдардың басшылығында және қызмет көрсету аясында әйелдер көбірек еңбекпен қамтылған (барлық еңбекпен қамтылғандар санының 98 %-ға жуығы). Спортта әдетте ерлер көш бастап жүрген спорт түрлерін көптеген әйел азаматтар белсенді игеріп жатыр. Бұдан басқа, бүгінде бірқатар проблемалық мәселелер туындап отыр, олардың шешу көзделген мақсатқа - Қазақстанды Орталық Азия өңіріндегі туризм орталығы ретінде қалыптастыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді. 1. Туристік және көліктік инфрақұрылымдардың жеткіліксіз дамуы Қонақ үйлерді, пансионаттарды, демалыс үйлері мен базаларын қоса алғанда, орналасу объектілерінің, сонымен қатар санаторийлік-курорттық мекемелердің материалдық базасы жоғары дәрежеде моральдық және физикалық тозғандығымен сипатталады. Бүгінгі таңда туризм ауқымы, сапа түрлері және туристер үшін ұсынылатын тұратын жерлер халықаралық талаптарға сай емес. 2. Қызмет көрсетудің төмен сапасы және Ұлы Жібек жолының қазақстандық бөлігінде таңбалы тарихи орындардың қиындық тудыруы қазақстандық та, шетелдік те туристерді қызықтырмайды. Біздің тарихи мұрамыздың туристік бағдарламаларын халықаралық насихаттау мен жылжыту да сапалы түрде қайта қарауды талап етеді. Туризмді дамыту көлік инфрақұрылымының жағдайымен тікелей байланысты болғандықтан, әуе және темір жол тасымалы географиясының шектеулілігі, ішкі және сыртқы туристердің топтық сапарлары үшін көліктің барлық түріне жол жүру билеттеріне жеңілдіктер жүйесінің болмауы маңызды проблемаға айналып отыр. 3. Кадрларды даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың төмен деңгейі және туризмнің ғылыми базасының жоқтығы Туризмді дамытуға кедергі жасайтын негізгі проблемалардың бірі қызмет көрсететін салада мамандандырылған туристік кадрлардың болмауы болып табылады. Бұл туризм индустриясы объектілерінде білікті мамандардың болмауы проблемасына ғана емес, сонымен қатар туристік сала үшін кадрлар даярлау сапасына да қатысты. 4. Туристік индустрияда ұсынылатын қызметтердің төмен сапасы Бұл мәселе жоғарыда аталған мәселемен өзара байланысты, өйткені қызмет көрсету саласындағы төменгі сапа туризм индустриясы объектілерінде көрсетілетін қызметтер сапасының төмендеуіне әкеп соқтырады. Сонымен қоса, бұл Қазақстанда туристік визаларды рәсімдеу мерзіміне, шетелдік туристерді тіркеу процедураларына, кедендік және паспорттық бақылауға қатысты. 5. Туризм елі ретінде Қазақстанның жеткіліксіз деңгейдегі тартымдылығы Елдің оң туристік имиджін жылжыту жөніндегі іс-шаралар жүйесіз сипатта, туризм жөніндегі көрмелерге қатысу мемлекеттің жарнамалық қызметінің тиімділігін толық өлшемде қамтамасыз етпейді. Осы уақытқа дейін туристерді тартуда Қазақстан үшін бірінші басымдықты нарықтар болып табылатын елдер - Германияда, Ұлыбританияда, Оңтүстік Кореяда туристік өкілдіктер (шетелдердегі мекемелер жанынан туризм бөлімдерін) ашу және олардың қызметін қамтамасыз ету мәселесі шешілмей отыр. Сонымен қатар, жыл сайын орасан көп туристерді қабылдайтын, туризм саласында дамыған елдердің (Франция, Испания, Германия) тәжірибесі аталған мәселені шешу қажеттігін куәландырады. Қазақстан туризмінің әлемдік туристік нарықтағы қалыптасқан бәсекеге қабілеттілік деңгейі сақталған жағдайда отандық туристік нарықты дамыту мүмкіндігі өмір деңгейін жақсарту және халықтың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету үшін, сапалы туристік қызметтерге деген артып келе жатқан сұранысты қанағаттандыру және елде туризмді тұрақты дамытуға жағдайлар жасау үшін жеткіліксіз болады. Спорт саласында Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі халықаралық стандарттарға жақындау мақсатында 2008 жылы спорттың инфрақұрылымын одан әрі дамытуға және республика спортының материалдық-техникалық базасын жақсартуға бағытталған бірқатар ұйымдастыру шараларын жүзеге асырды. 2008 жылы спорт құрылыстарының саны бүкіл республика бойынша 29 847 бірлікті құрады, олардың ішінде 19341 бірлік ауылдық жерде орналасқан, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 249 бірлікке (1,2 %) артық, оның ішінде: жүзу бассейндерінің саны 12 бірлікке артты (2007 жылы - 186 болса, 2008 жылы - 198 болды); 2008 жылы Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында екі стадион салынды (2007 жылы - 240 бірлік болса, 2008 жылы - 242 болды); спорт залдарының саны 119 бірлікке көбейіп, 2007 жылы - 6 715 бірлік болса, 2008 жылы - 6 834-ті құрады; 20 бірлікке теннис корты көбейді. Егер 2007 жылы олардың саны - 221 болса, 2008 жылы - 241-ді құрады (6 - Астанада, 5 - Алматы облысында, 3 - Оңтүстік Қазақстан, 2 - Атырау облыстарында және 1 - Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай облыстарында). - хоккей корты 2008 жылы 36 бірлікке көбейді, егер 2007 жылы олардың саны 275 бірлік болса, 2008 жылы - 311-ді құрады (32 - Солтүстік Қазақстан облысында және 4 - Павлодар облысында). Астана және Алматы қалаларындағы 7-ші қысқы Азия ойындарын дайындау мен өткізу шеңберінде заманауи спорт объектілері салынатын болады. «30 корпоративтік көшбасшы» бағдарламасына енген «Медеу - Шымбұлақ» «серпінді» жобасын іске асыру мақсатында спорт инфрақұрылымын дамыту үшін мемлекеттік-жеке серіктестік шеңберінде жұмыс жүргізілуде. Республикада 11 өңірлік спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат жұмыс істейді, оларда 2811 болашағы бар оқушылар оқиды. Өңірлерде жоғарғы нәтижелерге жету үшін жағдай жасаған. Барлық облыстарда және Астана мен Алматы қалаларында 16 олимпиада резервін даярлау орталығы бар, онда 1128 спортшы шеберліктерін көтереді. Республикада 7 мамандандырылған олимпиадалық даярлау орталығы жұмыс істейді, оларда 904 спортшы спорт шеберлігін шың және орталық спортшылардың 95 %-ы Қазақстан құрамы командасының негізгі Жастар және жасөспірімдер құрамаларының санында өнер көрсетеді. Пекинде өткен 29 жазғы Олимпиада ойындарының қорытындысында әртүрлі дәрежеде 13 медаль иеленді, соның ішінде 2 алтын, 4 күміс және 7 қола медаль, жалпы командалық 29 орынды иеленді. Дамудың оң тенденцияларымен қатар, отандық спорттың дамуын тежеп отырған проблемалар да бар: 1. Материалдық-техникалық базаның және спорт инфрақұрылымының төмен деңгейі 1) қазіргі қызмет ететін олимпиадалық даярлық орталықтары мен олимпиадалық даярлық резерві орталықтарындағы жоғары жетістіктер спортында өзіндік материалдық-техникалық базасы жоқ; 2) ауылда спортты дамыту проблемасы бәрінен бұрын материалдық-техникалық базаның жоқтығынан айрықша өткір болып тұр. Ауылдық жерлердегі 4169 спорт залының 3639-ы жалпы білім беру мектептерінде орналасқан және оқу сабақтарын өткізу үшін пайдаланылады. Спорт ғимараттарының тек 12,0 %-ында ғана барлық халықтың дене шынықтырумен айналысуына мүмкіндік бар. Спорттық ғимараттардың ғана емес, сонымен бірге ұйымдарда, оқу орындарында, халықтың тұратын жері мен бұқаралық демалыс орындарында спорттық мүкәммал мен жабдықтың да жетіспеуі сезіледі. Республикалық олимпиадалық даярлық орталықтары мен өңірлік олимпиадалық резервті даярлау орталықтарының өзіндік спорттық базалары жоқ. Спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың және жоғары спорт шеберлігі мектептерінің спорттық базалары да талаптарға сәйкес келмейді. Жоғары спорт шеберлігі мектептерінің проблемалары да осы деңгейде оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру жеткілікті қаржыландырылмайды, соның салдарынан жоспарланған жарыстар мен жиындарды өткізуге, үй-жайларды жалдауға қаражат жетіспейді. Қазіргі қызмет ететін спорттық ғимараттардың басым көпшілігі техникалық пайдалану жөніндегі жетілдірілген нормативтер мен талаптарға, халықаралық регламенттерге және жарыстар мен оқу-жаттығу процесін өткізу ережелеріне сәйкес келмейді. 2. Бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортының нашар дамуы 1991 жылдан бастап дене шынықтыру және спорт саласында біршама өзгерістер болды, олар республикалық ерікті дене шынықтыру-спорттық қоғамдары, дене шынықтыру ұжымдары, балалар мен жасөспірімдер мектептері, тұрғылықты жері бойынша жеткіншектер клубтары желілерінің күрт қысқаруына әкелді. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің желісі қазіргі уақытта республиканың мектеп жасындағы балаларының 6 %-ының ғана айналысуына мүмкіндік тудыра алады. Төмен деңгейдегі материалдық-техникалық база, сапалы спорттық мүкәммал мен жабдықтың болмауы спорт резервін жоғары деңгейде дайындауды ұйымдастыруға және халықаралық дәрежедегі спортшыларды тәрбиелеуге мүмкіндік бермейді. Халықтың тұрғылықты жері бойынша да жұмыс дұрыс жолға қойылмаған, жеткіншіктер клубтарының желісі жеткіліксіз дамыған, қарапайым спорт алаңдары мен тұрғылықты жерлерде және бұқаралық демалыс орындарында спорт ғимараттары жоқтың қасы. Ауылда спортты дамыту проблемасы ерекше өткір болып отыр. Елдің төрт облысының ауылдық жерлерінде бір де бір жүзу бассейні жоқ, республиканың 13 ауданында балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептері жоқ, соған байланысты ауылда спортпен айналысушы балалар мен жеткіншектердің саны жалпы республикалық көрсеткіштен екі есе төмен. 3. Қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін ғылыми базаның болмауы, білікті мамандар тапшылығы 1) спорт саласында білікті мамандардың өткір жетіспеуі байқалады. Жоғары шеберлік спортында республиканың жетекші жаттықтырушыларының көпшілігі орта жаста, ал олардың орнын толық ауыстыратын мамандар жоқ. Сонымен қатар, ауылдық жерлердегі жалпы білім беру мектептерінің 25 %-ның дене шынықтыру мұғалімдері жоқ, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің оқытушылық құрамының 30 %-ның арнаулы білім жоқ; 2) спорттық ғимараттарды техникалық пайдалану мамандары жоқ, Спорт және туризм академиясының спорт түрлері бойынша түлектерінің дайындық деңгейі қазіргі заманғы талаптарға жауап бермейді. Спорт саласы жоғары бәсекелі болып табылады және оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру, спортшылардың функционалдық және физикалық мүмкіндіктерін арттыру, оларды оңалту және қалыпқа келтіру әдістемесіндегі барлық жаңаша әзірлемелер стратегиялық материалдар болып табылады, оларды басқа елдердің иеленуі мүмкін болмайды. Бүгін біздің жаттықтырушылар Бүкілодақтық дене шынықтыру ғылыми-зерттеу институты 1983 - 1985 жылдары әзірлеген бағдарламалар мен әдістемелер бойынша жұмыс істейді. Қазақстан өзінің ғылыми базасын құрмай, бүгінде заманауи ғылыми әдістемелерсіз қалып отыр. Сол себепті республиканың спорт мектептерінде спорт түрлерінен бірыңғай оқу бағдарламаларын енгізу мүмкін болмай отыр, ал ол спорт резерві мен халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлаудың жүйелі жолын қамтамасыз етуге кедергі келтіріп отыр.
ҚР Үкіметінің 2010.14.06. № 571 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.20.11. № 1227 Қаулысымен (бұр.ред.қара) ІІІ бөлім өзгертілді ІІІ. Қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері және көрсеткіштері
IV. Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||