ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2011.31.03. № 336 Қаулысымен стандарт жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 140 қаулысымен бекітілген
«Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты (2011.01.12. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызмет осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес Астана қаласының білім басқармасы, қаланың және аудандық білім бөлімдері (бұдан әрі - білім бөлімдері) арқылы көрсетіледі. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 100 - 111-баптары, «Адамдардың бала асырап алуына, оны қамқоршылыққа (қорғаншылыққа), патронатқа алуына болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 маусымдағы № 842 қаулысы негізінде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызмет тәртібі туралы толық ақпарат тізбесі осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген білім бөлімдері фойесінде, сондай-ақ көрсетілген ұйымдардың интернет-ресурстарында орналасады. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны 3-қосымшаға сәйкес жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу (бұдан әрі - үзінді көшірме) не қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабын ұсыну болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері: 1) тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап отыз жұмыс күнін (құжаттарды қабылдаған күн және берген күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) құрайды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|