Отандық өндірушілерден ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуды, сондай-ақ оны сақтау, (2008.27.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 23 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Отандық өндірушілерден ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуды, сондай-ақ оны сақтау, қайта өңдеу, тасымалдау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың (агенттердің) тізбесі бекітілсін. 2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы № 1106 Қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2008.27.08. № 776 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Отандық өндірушілерден ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуды,сондай-ақ оны сақтау, қайта өңдеу, тасымалдау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың (агенттердің) тізбесі
1. «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы; 2. «Мал өнімдері корпорациясы» акционерлік қоғамы.
|